Шоқан Уалиханов – саяхатшы, ғалым



Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Ф – ОБ – 001035

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
Қазақ – Түрік университеті.

Жаратылыстану факультеті.
География кафедрасы.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.

Тақырыбы:Шоқан Уалиханов – саяхатшы, ғалым.

Қабылдаған:
аға .оқыт. Серім А.
Орындаған:
Пазылбаева Л.
Тобы: ЖГА –
615

Түркістан 2009ж.

Ф – ОБ – 001035

ЖОСПАР

Кіріспе.

1.Тарау.Шоқан Уалиханов саяхатшы
ғалым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..4

1. Қамшының сабындай қысқа өмір
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Балхаш –Іле аймағына
саяхаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... 8
3. Ыстықкөлге
саяхаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...12

ІІ.Тарау. Шоқан Уалихановтың Қытай жеріндегі
саяхаты ... ... ... ... ... ... ... .13

2.1. Құлжаға
саяхаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 13
2.2. Қашғарияға саяхаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.3.Шығыстану әлеміндегі құйрықты жұлдыздай жарқ еткен сол бір тұлға..16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...19

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

Ф – ОБ – 001035
Шоқан Уалиханов – саяхатшы, ғалым.

Тақырыптың өзектілігі. Курстық жұмысымның тақырыбы Шоқан Уалиханов –
саяхатшы ғалым. Өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында
- тарихта, шығыстануда , географияда , этнографияда , экономикада
филологияда , өнертануда –көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол Қазақстанның
, Орталық Азияның түркі –тілдес халықтарының – қазақтың, қырғыздың
,өзбектің , ұйғырдың, түрікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы , тілі мен
әдебиетін терең зерттеумен шығыстау ғылымына зор үлес қосты. Шоқанның
Қазақтың шежіресі , Жоңғария очерктері , Қазақтар туралы
жазбалар , Абылай, Көне замандағы қазақтың қару- жарақ , сауыт
–саймандары , Даладағы мұсылмандық , Қазақтың көші – қоны ,
Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер , Ыстықкөл
күнделіктері тағы басқа еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азия дағы түрік
халықтарының келелі мәселерлері кеңінен зерттелді және де зертттеулерде ,
мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми бағыт ұстағаны
кейінгі оқымыстылар зерттеулеріә арқылы расталды , бүгінгі күні де ғылыми
мәні сақталды.

Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Ш.Ш. Уалиханов – қазақ және қырғыз
халықтарының бай әадебиет қорын тұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Қазақ
көркем сөз өнерінің кейбір үлгіңлерін ол жас кезінде –ақ білген , оған
деген ықылас – қызығуы кадет корпусында оқыған жылдары мен қызметтері
кезінде –ақ арта түскен еді менің негізгі мақсатым мен міндетім
осыларғы және жасаған саяхаттарына толық сипаттама беру арқылы
тақырыптың негізгі мағынасын ашып көрсету

Тақырыптың құрылымы. Курстық жұмысымның жоспары, кіріспеден,
бірінші және екінші тараудан, қорытынды және пайдалынылған әдебиеттер
тізімінен тұрады. Бірінші тарауда Шоқанның Ыстықкөлге, Балхаш –Іле
аймағына , Қытай жеріндегі саяхатына жалпы сипаттама беріп, екінші
тарауда Қашғария мен Құлжаға сапарының қызықшылықтарына сипаттама
бердім.

Ф – ОБ – 001035
КІРІСПЕ.
I.ТАРАУ. Шоқан Уалиханов – саяхатшы, ғалым.
1.1. Қамшының сабындай қысқа өмір жолы. Уәлиханұлы Шоқан Шыңғысұлы
(1835—1865) — қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы,
этнограф, географ, ағартушы, демократ. Шын аты — Мұхаммед Қанафия. Әжесі
бала күнінде Шоқаным деп еркелетіп айтуымен, Шоқан аталып кеткен.Шоқан
1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде
туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Өз атасы Уәли
де хан болған. Арғы атасы қазақтың ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі.
Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында өткен.
Шоқан Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында болды. Ол жас күнінен
тарихи өлен, жыр, аңыз, әңгімелерді қызыға тыңдап, құлақ түріп өскен. Тіпті
Құсмұрындағы шағының өзінде Қозы Көрпеш – Баян Сұлу жырын жазып алыпты.
Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Шоқан табиғатынан
зерек, алғыр болған. Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып
арабша хат таниды. Дәстүр бойынша жеті жұрттың тілін білуге тиісті хан
баласы Шығыс тілдерінен араб, парсы, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген;
кейін Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.
1847 жылы ол Омбыдағы кадет корпусына оқуға түседі. Сібірдегі ең
таңдаулы оқу орны болып есептплптін бұл корпус, декабрист

Ф – ОБ – 001035
А.Завалишиннің сөзімен айтқанда, ағартушылық пен патриотизмнің өркен
жайған жері болатын. Жеті жұрттың тілін білуге тиісті хан тұқымы
болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай
тілдерін меңгереді. Бұдан кейін 1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде
Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына
береді. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы,
батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел
тілдері жүрген.
Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де
өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г.Н.
Потанин:  Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді... Оған
талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей
тұрып ақ сурет сала білетін, дейді.Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті
оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал
етті. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен,Белинский т.б. орыс классиктерін
және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей, Руссо шығармаларын, Современник
журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің және әдебиет ағымының қай бағытта,
қалай дамып бара жатқандығын аңғара алатын, өз кезінің саналы азаматының
бірі болған.
Корпутса ой-өрісі, білімі жағынан Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын
басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шокан

Ф – ОБ – 001035
өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды
да идея жағынан басып озды, - дейді бірге оқыған досы Г.Н.Потанин.
Шоқанның рухани өсуіне орыс әдебиетінің мұғалімі ориенталист
Н.Ф.Костылецкий, мәдениет тарихы курсын жүргізген айдаудағы ғалым
Гонсевский, әдебиетші В.Т.Лободовский (Н.Г.Чернышевскийдің жас кезіндегі
досы, кейін идеялас әріптесі) елеулі ықпал еткен.
Костылецкий арқалы 1852 жылы Шоқан мен И.Н.Березин арасындағы тікелей
достық қатынас басталады. Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың
Хан жарлығына талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы. 14-15 жасар
Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын еді дейді
Потанин.
Жас Шоқанның білімдарлығын, әсіресе Шығыс әдебиетін жақсы білетіндігін
С.Ф.Дуров, Семенов-Тян-Шанский, Потанин; Н.М.Ядринцев жоғары бағалаған.
...жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, Европаға ашқан
терезе сықылды болды, - дейді Г.Н.Потанин. 1852 жылы Костылецкийдің
көмегімен Шоқан көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің
профессоры Березин танысады.
Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, Қозы Көрпеш
Баян сұлу жырын алған, ал өз тарапынан Шоқанды ескі жазу ескерткіштерін
зерттеу ісіне тартқан. Березиннің тапсырмасы бойынша Тоқтамыс ханның
Жарлығына талдау
Ф – ОБ – 001035
жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі еді. Жастығына қарамай, оның
білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол
кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастаған болатын.
1853 жылы Уәлиханов кадет корпусын 18 жасында бітіреді. Ол Омбыда әскери
қызметқе қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның
солтүстік-батыс аймағын басқаратын генерал-губернатор Г.Х.Гасфорттың
адъютанты болып тағайындалады. Екінші жағынан Батыс-Сібір өлкесінің Бас
басқармасы оны айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер етіп ұстайды.
Қызметте Шоқан бюрократтық...мансапқор чиновниктері мен патша өкіметінің
отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздікке қарсы күресіп, олардан қысым
көреді. Бұл туралы достарына – М.Ф.Достоевский, А.Н.Майков, В.Курочкин,
К.К.Гутковскийге жазған хаттарында Омбыдан кетуді, тұған халқына пайдасы
тиетін қызмет істеуді армандайтыны айтылған.
Ш.Уәлиханов адъютанттық қызмет атқара жүріп Орта Азия халықтарының
тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеуге белсене араласады.

Ф – ОБ – 001035
Уәлиханов (солдан) мен Достоевский (оңнан) 1858 жылда
1.2.Балхаш – Іле Аймағына саяхаты. 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының
ықпалынан шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған
экспедицияға қатысып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін
келеді. Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы
сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен
этнографиясының материалдарын жинап алады. Қазақ халқының тарихы мен әдет-
ғұрып, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Бұл материалдар
негізінде кейін ол Тәңірі (құдай), Қазақтардағы шамандықтың қалдығы
деген еңбектер жазады. Бұл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г.Х.Гасфорт оны
наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын
алады.19 ғ-дың 50—60-жылдарында Жетiсу Алатауы мен Iле өңiрiн қазақтың ұлы
ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттедi. Жетiсу және Тянь-Шаньның табиғатына ғыл.
сипаттама бердi. Балқаш к. мен Алакөлдiң пайда болу және қалыптасу
тарихының өте ұқсастығын

Ф – ОБ – 001035
дәлелдедi. Жетiсу Алатауы мен Солт. Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына
қарай биiк таулық белдеулерге бөлдi. Сонымен бiрге осы зерттелген
өңiрлердiң маршруттық және жалпы шолулық карталарын жасады. 19 ғ-дың
алғашқы жартысында кен байлықтарын iздеуге байланысты физ.-геогр. сипаттағы
бiрқатар жаңа деректер алынды. Әсiресе, Орт. Қазақстан мен Тарбағатай
тауының және Маңғыстау түбегiнiң геол. құрылысы, орографиясы туралы нақтылы
деректер жиналды. 19 ғ-дың 60-жылдарында Ресейдiң Қазақстанды отарлаудың
тарихи үрдiсi аяқталды. Соған орай кен байлықтары пайдалануға, т. ж-дың
салынуына және егiстiк жер қорының кеңеюiне көп көңiл бөлiне бастады. Жалпы
геогр. зерттеулермен бiрге арнаулы геол., топырақтану, ботаника,
гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. 1865—79 ж. аралығында
А.Татаринов Оңт. Қазақстаннан Ленгер, Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр
көмiр кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау түбегiнен көмiр кенiнiң ашылуына
байланысты мұнда одан әрi барлау жұмыстары жүргiзiлдi.
Таулардың күміс алқасындай – Алакөлім.Үржар жерінің көркіне көрік қосып,
табиғат берген ұшан теңіз байтақтың көзі адамзатқа арнайы табиғат силаған
сиындай болып, екпіні үй жыққандай асау толқындарынан шашыраған  моншақтары
аспанға атылып, айдыны күмістей жарқырап, шалқып жатқан қазақ жеріндегі
көлдердің бірі – Алакөл.Алакөл, бетің жарық, түбің балық,Жағаңда мекендеген
талай халық.Қаракөл, Қусақ, Тамды ұзын Үржар,Бәрі де құйып
Ф – ОБ – 001035
жатыр саған барып - деп әр жерінің тұрғындары өздерінің жеріндегі өздерінің
атын атап, өлең жырына қосқан. Алакөлді көргенде табиғаттың ғажайып
жаратқан көлдің сұлулығына елдің қайран қалатыны бекер емес. Алакөлмен
қанаттас, жиектері жанасып жататын басқа да көлдер бар. Оларға халық Ұялы
көл, Жалаңашкөл, Сасықкөл, Қошқар көл деп атаулар берген. Солардың
ортасында ең үлкені де, байлығы молы да – Алакөл.Найман хандығы дәуірінде
көлді Найман теңіз деп, Шыңғыстауды – Наймантау деп атағаны тарихтан
белгілі. Алакөлге құятын Қусақ-Тамды өзендерінің батыс жағалауындағы
жазықта (Елтай ауылының солтүстік-батысында) ескі қаланың орны бар, бұл
қаланың орнын Шоқан Үалиханов Найманқала деп картасына түсірген екен.
Оңтүстігіндегі Жоңғар Алатауының  теріскей бетіндегі тау етектері көлге
шектесіп, Тарбағатай тауының күңгейінен ұзын аққан өзен сулары, сол сияқты
Жоңғар Алатауының сулары Алакөл қазаншұңқырына құйып отыз жақты өзен сулары
жиналғанынан Алакөл пайда болғаны аян. Миллиондаған жылдардан бері
адамзатқа Алакөл танымал болып келеді.
Адамзат қиялының жүзеге асқан сипатын көрсететін қазіргі заманның
ұшақтарынан көк аспанның  биігінен қарағанда Алакөл Жоңғар Алатауы мен
Тарбағатайдың етегіндегі күміс алқасындай болып, күн сәулесімен жарқырап
жатқан сұлулығын суреттеуге тіл жетпейді.Европа жұртына Алакөл Итальян
саясатшысы Дживанни
Ф – ОБ – 001035
дель Плано Карпинидің Шығыс елдеріне саяхат атты кітабы арқылы таныс.
Плано Карпинидің (1182-1152 ж.ж.) аралығында шамамен өзі өмір сүрген
жылдары баспасөз беттерінде осылай көрсетіледі. Плано Карпини қазақ жерін
аралап өткен. Ол Аралға, сыр бойына, Отырарға келген, Алакөлді көрген
(Егемен Қазақстан, 30 тамыз, 2002 ж.).1218 жылғы Найман хандығына жасаған
Шыңғысхан шабуылынан кейін Алакөлді көктей өтіп, Жетісуға, одан Орта
Азиядан әрі басқа елдерді жаулап алған татар-монғол шапқыншылығының да
қасіретін адамзат тартқаны тарихта молынан жазылып қалған.Қыс мезгілінің
қысқа күнінде күн Алакөлдің батыс жиегінен асып, батады. Сол күн батар
тұстарда көлдің беті қызыл шапаққа бөленетін сәттері де ғасырлар бойы
қайталанып, жылдардан жылдарға өтіп жатыр.
Алакөлде IХ ғасырда Египет саяхатшысы Саламанат Тортума, Кіші Азияның
патшасы Гетум, оның әскер басшысы Сымбат, француз Гильом Рубрук та саяхатшы
ретінде болғаны жазылады. Бұл жөнінде орыс жазушысы Сергей  Марковтың 1968
ж. шыққан Идущие к вершинам деген кітабында қазақтың саяхатшысы Шоқан
Уалиханов жайында жазғандарында баяндалады.
Европалықтардың ішінде Алакөлді ең алғашқылар болып зерттегендер –
Григорий Карелин (1840 ж.), Александр Шренк, Томас Уильям Аткинсон, Егор
Коволевский (ХІХ ғ.), Александр Вланголи, барон Александр Гумбольд, Петр
Петрович Семенов-Тянь-Шанский, А.М.Прежевальский де зертеген.

Ф – ОБ – 001035
Әлемге қаһарын төккен Александр Македонский де алдаспан қылыш асынған
жауынгерлерімен Үндістанға бара жатқан сапарында Алакөлге ат шалдырғаны
аңыздай болған тарихта бар.
Қазақ-жоңғар соғысының дарабоз батыры Қаракерей Қабанбайдың Алакөл
жағасындағы Шұбартүбек (қазырғы Жарбұлақ) ауылына жақын түбекте тұрғаны
әдебиет беттерінде жазылып жүр.
1.3.Ыстық көлге саяхаты. 1856 жылы М.М. Хоментовский басқарған әскери
ғылыми экспедицияға қатысып, қырғыз елін жете зерттеп, Ыстықкөл аймағының
картасын жасасады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы
жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Жазуы
жоқ елдердің өткен тарихы мен салтын тануымыз үшін мұндай ұзақ желіге
құрылған, күрделі эпостардың үлкен мәні барын түсінген Шоқан Манас
үлгісінде көрсетті. Манас, дейді Шоқан, қырғыздардың ескі мифтерінен,
аңыздарынан ертегілерінен жиналып, бір адам Манастың төңірегіне топталған
энциклопедия. Бұл жағынан, ол даланың Илиадасы тәрізді. Бұл аса зор
эпопеяда қырғыз халқының өмірі, әдет-ғұрпы, жағрафиясы, діни дәрігерлік
ұғымдары, шетелдермен қарым-қатынасы түгел қамтылған... Екінші эпос Семетей
Манастың жалғасы. Бұл қырғыздың Одиссеясы. Іле өзенінің басындағы Манас
жорық жасады деген жерлерді барып көреді. Сібір мен Тянь Шань аралығында
көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохонды ежелгі тұрғындары екені тарихта
тұңғыш рет анықтап береді.
Ф – ОБ – 001035
II.Тарау. Ш.Уалихановтың Қытай жеріндегі саяхаты.
2.1.Шоқанның Құлжаға саяхаты. 1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу
экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы,
этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, фольклор нұсқаларын жазып алады.
Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады.
1857 жылы тағы қырғыз еліне барады. Осы сапарында жинаған
материалдарын ол Жоңғария очерктері, Қырғыздар туралы жазбалар,
Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы, Ыстыққөл сапарының
күнделіктері, Қытай империясының батыс империясы және Құлжа қаласы атты
еңбектерінде пайдаланады. Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса зор бағалаған.
Оларда жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпы
зерттеледі. Шоқан табиғатты және ел тұрмысын жазушылық шеберлікпен
суреттеген. Орыс достары оны Қазақтар туралы жазатын орыс әдебиетшісі деп
атаған.
Шоқан қырғыз халқының Манас, Семетей туралы дастандарын аса құнды
туындылар ретінде бағалаған. Шоқан Манасты даланың Иллиадасы тәрізді
десе, Семетей жырын Манастың жалғасы. Бұл – қырғыздың Одиссеясы
деген. Манасты бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған
да Шоқан .
П.П.Семенов-Тян-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін
жүргізгенде Шоқанмен ақылдасып отырған. Семенов-
Ф – ОБ – 001035
Тян-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы Шоқан Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан
жазушылық шеберлікпен суреттеген. Осыдан барып оны орыс достары Қазақ
тақырыбына жазатын орыс жазушысы деп атаған. Тарих, география саласындаы
даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс
География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.
2.2. Қашғарияға саяхаты. 1858 — 1859 жылдары Шоқанның Қашғарияға сапары
ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол
ашты. Ержүрек саяхатшы бұл сапарда талай –талай қиындықтар мен
кедергілерден тіп, жалған атпен Әлімбай болып, керуен басының туысы
ретінде аттанады. Тянь –шань биіктерінің бірі Сырт деп аталатын қауіпті
әрі адам қадам баспаған биік асуларында түтекке тұншығып , суыққа тоңып ,
қарлы жаңбырда тайғақнақтаған қауесет – сенімсіздіктерге де кездесіп ,
талай бөгеттерді өткеріп , керуен 1858 жылдың 27 қыркүйегінде Қытай
шаекарасынан өткен.
Қашғарияда Шоан 1858жылдың 1 қазанынан 1959 жылдың март айның ортасына
дейін болған кезде бұл аймақты -Қашғар қаласы мен Алты шаһар елін терең
зерттейді. Қашқария ол кезде Ресей тарапынан зерттелмеген өлке болатын.
Қоқан хандығының Қашқардағы консулы әрі саяси резидентінің көмегімен
Қашқардың экономикалық саяси құрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен
этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар
Ф – ОБ – 001035
сапарынан Алты шахардың, яғни Қытайдың Нан лу провинциясының шығыстағы
алты қаласының жайы атты еңбегі дүниеге келді. Бұл Шығыс Түркістан
халықтарының тарихына, әлеуметтік құрылысына арналып, сол заман ғылымының
биік деңгейінде жазылған әлемдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов – географ және саяхатшы
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Ш.Ш.Уәлиханов. (1835—1865)
Шоқанның табиғатты зерттеуі
Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары
Ш. Уәлиханов
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі
Шоқан Уәлихановтың сапарлары
Пәндер