ШОҚАН ЗЕРТТЕУЛЕРІ


Ж О СП АР
I. КІРІСПЕ
1. ШОҚАННЫҢ ӨМІРБАЯНЫ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. ШОҚАН ЗЕРТТЕУЛЕРІ.
2. ШОҚАН САЯХАТТАРЫ.
3. ШОҚАН-ГЕОГРАФ
4. ШОҚАН-КАРТОГРАФ
III. ҚОРЫТЫНДЫ.
Шоқан (шын есімі Мухаммед - Қанапия) Шығысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған. Арғы атасы-Абылай хан. Оның үлкен ұлы Уәли Шоқанның бел атасы. Шоқан - тарихшы, ағартушы-демократ, суретші, фольклоршы, географ, картограф, бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы адам.
Шоқанның алғырлығы мен қабілеті жөнінде кадет корпусында бірге оқыған достарының бірі Т. Н. ІІотании «Шоқан тез есейді, өзінің орыс жолдастарын басып озды»-деп жазса, А. П. Семенов Тянь-Шаньский: «Өзінің орасан қабілеттілігінің арқасыпда Уәлихаиов Омбы кадет корпусып үздік бітіріп шықты, кейін шығыс тарихының аса білгір ғұламасына айналды» -деп айқындады. (1) .
Ғылымдағы Шоқан орнын айтатын болсақ, ең алдымен ауызға алатынымыз, ол-ұлы географ. Оның есімі география ғылымының тарихына қазақ даласын, Орта және орталық Азияны тұңғыш зерттеушілердің бірі ретінде енді. Бұл жерде ерекше назар аударатын бір жайт-дарынды ғалымның мұраларын зерттеушілер оның-отандық география ғылымына қосқан үлесі деп көпшілік жағдайда, айтулы атышулы Ыстықкөл және Қашқар саяхаттарымен ғана шетеп жүр. Ал шын мәнісінде, Шоқан Россияның, қол астына жаңа ғана қосылған, әлі де ғылымға беймәлім қазақ жерінің табиғат жағдайлары мен экономикасын нақтылы зерттеп, терең ғылыми талдаулар жасаған тұңғыш географ ғалым. Ол дүниежүзі ғылымында Қашқарияны ашқан ұлы географ және алғаш зерттеуші ретінде қомақты орын алады. Қашқария сапары 1858 жылы 28 маусымнан 1859 жылдың 12 сәуіріне дейін 10 ай 14 күнге созылды.
1854 жылы Батые Сібір мен Қазақстанның Солтүстік-Батыс аймағын басқарған Гасфорттың адъютанты болып тағайындалды. Бұған қоса Батыс Сібір өлкесінің айрықша тапсырмаларын орындайтын офицері міндетін атқарды.
1855 жылы Омбыдан Семей, Аякөз арқылы Іле Алатауына дейін келді. Қайтар жолында Жоңғар қақпасынан, Алакөл, Тарбағатайға соғып, Орталық Қазақстан арқылы күзде Омбыға оралды. Осы сапарда қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің әртүрлі нұсқаларын, тарихи, географиялық деректер жинады. 1856 жылы Хоментовский басқарған әкери-ғылыми экспедиция қарсаңында қырғыз елін зерттеу, Ыстықкөл алабын картаға түсіруге қатысты. Семенов Тянь-Шаньскиймен бірге жүріп, Жетісу, Ыстықкөл өңірінің флорасын зерттеді, географиялық коллекциялық жинағын және гербарий құрастырды. Осы өңірдегі ежелгі қала мәдениетіне, архитектуралық ескерткіштерге, этнографиялық мұралар мен тас мүсіндерге баса назар аударды. Іле өңірінде орта ғасырларда отырықшылық тұрмыс болғанын алғаш рет дәлелдеді.
1856. жылы тамыз айында Қытай мен Ресей арасындағы шекара дауын бітістіру үшін Шоқан Құлжа қаласына барды. 1857 жылы ол Батыс Қазақстандағы Қашқария көтерілісін, Құлжа, Ақсу тұрғындарының Маньчжур әулетіне наразылығын бақылау үшін Қьптайдан Алатау қырғыздарына жіберілді. Осы сапар барысында 20 жасар Шоқан «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының Батыс провинциясы мен Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты ғылыми құндылығы әлі күнге дейін жойылмаған зерттеу еңбектерін жазды. Шоқаннын география саласындағы зерттеулік табысы Санкт-Петербургтегі ғылыми орталыққа жетіп, жоғары бағасын алды. 1857 жылы 27 ақпанда 20 жастан енді асқан қазақ жігіті Ресейдегі ең беделді ғылыми қауымдастық - Орыс География қоғамына толық мүше болып сайланды.
1858-1859 жылдары Қашқария сапары Уәлихановтың географ, картографтығымен қатар азаматтық ерлігін танытқан кезең болды. 1857 жылы 22 тамызда Қашқарияға арнаулы экспедицияға жіберу туралы шешімге, қол қойды. Жетісуда жүрген Шоқан 28 тамызда Қарамола жотасының етегіндегі Сарыбас ауылына келіп, Семейде жасақталған керуенге қосылды, Жолшыбай Тянь-Шаньның өсімдіктері мен жануарлар дүниесінің ерекшелігін сипаттап, оның орфографиясы мен табиғаты, климаты туралы ғылыми мағлұматтар жинады. Қашқарияда 1858 жылы 1 қазаннан 1859 жылдың, наурызының орта шеніне дейін болған Шоқан Қашқария қаласы мен Алты шаһар елін тиянақты зерттеп, әр шалғайлардан келген саудгерлерден ғылыми географиялық құндылығы жоғары ақпараттар алды. Сондай-ақ жергілікті оқымыстылардан сирек кездесетін көне қолжазбаларды қолына түсіріп, нумизатикалық материалдар, тау жыныстарының коллекциясын, гербарилер, тұрмыстық бұйымдар жинады.
Қашқарда «Сауда керуенінде орыс тыңшысы бар» деген сыбыс шығып , жеке басына қатер төнген соң Шоқан 1859 жылы 11 наурызда қайтар жолға шығады. Шоқан Омбыда жатып экспедиция материалдарын жүйелеп бітіреді. Оны патша құзырына ұсынады. Бас штабтың жолдама қағазында «Бұл мейлінше пайдалы, мейлінше қызықты еңбек»-деп бағалады.
Шынында да Уәлихановтың «Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нац-Лу провинциясының шығысындағы алты қаланың жайы» атты еңбегі Шығыс Түркістан халықтарының тарихына, географиясына жоғары ғылыми дәрежеде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жұмысы болды, Оны орыс ғалымдары, әскери-саяси қайраткерлер Шығыс географиясы жөніндегі Европа ғылымын толықтырған ғылыми жаңалық ретінде мойындады. Шоқанның зерттеу материалдары көп ұзамай Германияда, 1865 жылы Англияда неміс, ағылшын тілдерінде жарияланды. 1860 жылы 8 сәуірде Ресей үкіметінің жарлығымен Уәлихановқа Владимир ордені және 1 жылға сыйақы ретінде 200 сом күміс ақта берді. Осыдан кейін бас штабтың әскери-ғылыми комитетінің тапсыруымен Орта Азияның және Шығыс Туркістанның картасын сызып, «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Іле сырты өлкесі батыс бөлігінің рекогноссировкасы», «Құлжа қалсының жобасын», «Қытай империясының Батыс өлкесінің картасын» сызды.
Шоқан Уәлихановтың 1885 жылғы «Қазақстандық саяхат», 1856 жылғы «Ыстық көл саяхаты», 1857 жылғы «Қырғыз саяхаты», 1858-1859 жылдардағы «Қашқар саяхаты», 1864 жылғы «Оңтүстік Қазақстан саяхаты» кезінде жинақтаған.
Шоқанның Қазақстандағы географиялық зерттеулерін осы айтылған саяхаттармен ғана шектеу дұрыс болмас еді. Ол өзінің ғылыми бақылауларын ауыр науқасына байланысты Петербургтен қайтып келіп, Көкшетау маңында емделіп жүріп жалғастыра берген. Шоқанның бұл өңірдегі географиялық зерттеу нәтижелерң «Жоңғар очерктері», «Іле өлкесінің географиялық очергі» деген еңбектерінде жүйелі баяндалады.
XIX ғасырдағы геогрлфиялық шығармаларда қалыптасқан жәнс қазірге дейін кеңінен қолданылып келе жатқан дәстүрлі сызбаға сәйкес Шоқан Жетісудың жер бедерін, гидрографиясып, климатын, өсімдігі мен жануарлар дүниесін барынша толық сипаттайды. Ол Жоңғар Алатауы (Кіші Алатау) мен Солтүстік Тянь-Шань (Күнгей Алатау) жоталарының орографиялық құрылысын сипаттайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz