Шоқан Үәлиханов - үлкен қоғам қайраткері, ғалым, ойшыл



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Шоқан Үәлиханов (1835-1865)

ΧΙΧ ғасырдың екінші жартсында көрінген қазақ зияларбірі-үлкен қоғам
қайраткері, ғылым, ойшыл, Ресей Географиялық қоғамының толық мүшесі Шоқан
Шыңғысұлы Үәлиханов болды.Шоқан Үәлиханов 1835 жылы Қосмұрын бекінісінде
дүниеге келіп, балалық шағын Сырымбетте өткізген. Шоқан-Абылайдың немересі.
Алғашқы білімді Қосмұрында алады. 1847 жылы Омбыдағы кадет корпусына түсіп,
оны 1853 жылы бітіріп шығады. Одан соң Омбы генерал-губернаторына қызмет
істейді. 1857-1858 жылдары Қашғарияға саяхат жасап, Қытайдың алты шаһарының
тарихын жазады. Осы еңбегі үшін Шоқан үлкен ғылыми атаққа ие болады. 1860
жылы ол Петербург университетінің шығыс факультетінде оқиды.
Бір кездері қазақ ғалимы Х.Әділгереев Шоқанды демократ-либерал деген
болатын. Шоқан 1860 жылғы әлеуметтік өзгерістің әсерінен орыстың
революционер-демократтарының жолында болып, солардан үйренді. Оның
козқарасы Чернышевский пікірлермен өте жақын болды. Шоқан Еуропа
мәдениетіне жеткізу мақсатында орыс қауымымен өз халқын туыстасуға
тырысты. Орыс, қызық халқының достығын, прогресс, азаттық, адамгершілік
идеясын, бұқара халықтың көзі ашылып, жаңаша өмір сүруіне, ешкімнің
қанауынан тәуелсіз болуын көздеу-Шоқанның бастыидеясы, негізгі жысанасы.
Ш.Үәлиханов ғылымның түрлі саласында еңбек еткен. Алайда оның
шығармалары негізінен екі салаға жіктіледі; 1) Қазақтың өткендегі әдет-
ғұрпі, салты,ауыз әдебиеті, тарихы, Қытайдың алты шаһары жайындағы ғылыми-
географиялық мәні бар еңбектері. Соңғы еңбегі арқылы Шоқан орыстың
Географиялық қоғамына жиырма жасында мүше болған. 2) Шоқанның демократиялық
көзқарастарын саяси-әлеуметтік мәні бар еңбектері.
1856 жылы қырғыз жеріне саяхат жасаған Шоқан Үәлиханов Манас жырының
Көкетайдың асы деген бөлімін жазып алған.
Шоқан аудармасын бойынша бұл алып жырмен Еуропа жұрты танысқан. Бірақ
көп уақыт жырдың тұпнұсқасы табылмай қойған-ды. Соңғы жылдары оны
Ә.Марғұлан тауып, өзінің Шоқан және Манас (1971) деген зертеуінің соңына
қосып жариялады.
Едіге деген мақаласы Шоқанның қазақтың ауыз әдебиетін көп жинап,
терең зерттегенін байқатады. Бұл жырды ол 1841 жылы қыпшақ Жұмагүл деген
ақыннан жазып алған. Шоқан Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде деген
еңбегінде, поэзияны бірнеше салаға бөледі. Олар; а)жыр ә)жоқтау б)қойым
в)қара өлең г)өлең.
Күрмеуге келмейтін қысқа, бірақ барынша мағыналы өмірін ғылым жолына
бағыштаған Шоқан 1865 жылдың көктемінде кәзіргі Талдықорған облысына
қарасты Алтын Емел жатасыының баурайында қайтыс болған.
Уәлихановтардың еске алуларына қарағанда Шоқан өте ширақ әрі ақылды
бала болған. Шоқан халықтың қалың ортасынан шыққан адамдармен араласуға,
қарапайым адамдардың өлең-жырлары мен әңгімелерін тыңдауға құштар боп
өседі. Шоқанның рухани қасиеттерінің басты белгілері бала кезіннің өзінде-
ақ айқындала бастайды, ол ерте есейіп, өзінің ой-пікірлерін үлкендерше
тұжырымдайтын болған.
Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп, жетіле беруіне әжесі
Айғаным үлкен әсер еткен. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі халық
даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Шоқан әуелі Құсмұрындағы қазақ
мектебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуының негіздерін меңгереді. Шоқан архив
мәліметтерінің көрсетуіне қарағанда шығыс тілдерін оқып, әуелі араб тілін,
кейін ұйғыр тілін жақсы меңгерген. Шоқанның бала кезіндегі қатты құмартқан
өнерінің бірі сурет салу еді.
Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным парасатты, терең ойлы әрі көреген, өзігің
заманына қарай білімді болған әйел. Ол Шығыстың бірнеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов жайлы
Ш. Уәлиханов- қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына ықпал еткен ғалым
Ш.Уалихановтың саяси-құқықтық көзқарасы
Орталық Азия ойшылдарының экономикалық ойлары
Қазақ ағартушыларының философиясы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964)
Уәлиханов шығармашылығын
Қазақ пәлсапасы
Қаныш Сәтбаев – ғұлама ғалым
Ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Пәндер