Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Шортанбай Қанайұлы

(1818-1881)

Ресейдің ел билеу жүйесін кезінде қатты сынаған ақынның бірі - Шортанбай Қанайұлы.

Ол 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Қаратау-Қарназ деген жерде дүниеге келген. XIX ғ. орта шенінде Шортанбай Сарыарқаға келіп, Қарқаралы дуанына қарасты Арғын руынан тараған Қаракесек Кеней ішінде өмірінің соңғы жылдарын өткізді. Бастапқы кезде ол Жамантай төренің, кейін Жанғұтты бидің қолында болып, сол жерде қайтыс болды. 19 ғ. екінші жартысында феодализм іргесі ыдырай бастады. 1861 жылғы Ресейде болған крепостнойлық құқықты жою туралы заңның лебі Сарыарқаға да жеткен болатын. Міне, осы кезеңді жіті байқап, ой-түйгендерін ақын өзінің өлеңдері арқылы керсетті. 1868 жылы "Жаңа низам" заңы шықты. Енді қазақ елін билеу жүйесінде өзгерістер болды. Бұрынғы хан, төрелердің үстемдігі әлсіреп, қазақтың өз ішінен шыққан саудагер, байлар қатарға қосылып өз өктемдіктерін жүргізе бастады. Бұл кезде Сарыарқаны сауда-саттық жайлады, мал-мүлік базарға түсті, жәрмеңкелер жандана түсті, базар нарқын ақша биледі. Демек, капитализмнің элементі қазақ жеріне де ене бастағанын көреміз. Осы кезде байи бастаған саудагер, байлар ел билеу ісіне белсене араласуға тырысты. Кешегі феодалдық дәуірдің дәмін татқан Шортанбайлар күні өтіп бара жатқан хандық дәуірді аңсап, жаңа ене бастаған капиталистік қарым-қатынасты жатсынады. Ол өзінің "Бір насихат айтайын" - деген өлеңінде:

Әуелі қорлар зор болды,

Сондағы зорлар қор болды.

Қайыры жоқ бай шықты,

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты -

деп қазақ аулының тұрмысына жаңа ене бастаған сауда-саттық қатынасына шошына, үрке қарады. Бүкіл жұрттың саудаға араласып жанталасқа түскенін көріп қамығады. Ауыл ішіне жік түсіп, бұрынғы бірлік береке ыдырай бастағанын, ағайын-жұрттың бір-біріне қарамай, әркімнің өз бетінше кәсіп істеуі, өз күндерін көруге тырысқанын өлеңге қосып:

Қыс көбейді, жаз аз боп,

Бай таусылды, мал аз боп,

Ағаны іні көрмеді,

Атаға бала араз боп, -

деп жайма-шуақ жаз күніміз азайды деп, бұл кезді қаһарлы қысқа теңеп, ағаны іні сыйламайтын болды деп қамықса, енді бірде:

Елге егін жайылды,

Байға қоңсы жоламас -

Бай кедейді көрмейді,

Кедей байға ермейді, -

деп қазақ аулында топ жігін көрсетпей, саудагер, байлардың өз қамдарын ғана ойлаған арам пиғылдарын түсініп, одан түңіле бастайды. "Жарлының жаны берік-ті" өлеңінде байдың кедейді қалай қанап отырғанын, әділетсіздігін әшкерелейді. Олардың билікке таласып, орыс әкімдеріне жағымпазданатынын, сөйтіп параның арқасында старшын, болыс болуды армандайтындарын ашып көрсетеді. Мысалы:

Байлар ұрлық қылады,

Көзіне малы көрінбей.

Билер жейді параны,

Сақтап қойған сүрідей,

Ойлағаны - жамандық

Жарадан аққан іріңдей . . .

Қазақ ұлы жаңылып,

Құдайына сыйынып

Өлместің де қамын қыл

Басың сотқа ілінбей, -

деп кедейдің сорлы халін көрсетеді. Ел қамқоры болып саналғандардың өзі парақор, арамза болып шыққанын әшкерелей отырып, халық кайда барып жақсылық көреді деген ойын білдіреді. Ақын сол кездегі елдегі жағдайда әділдіктің жоқ екенін түсініп көре білді, оны өлең жолдарымен суреттеп, бейнеледі. Мысалы:

Жандарал болды ұлығың,

Майыр болды сыйынғаның,

Айырылмайтұғын дерт болды,

Кедейге қылған қорлығың,

Көпірді көрдің піріндей,

Тілмәшті көрдің биіндей

Дуанды көрдің үйіндей

Абақты тұр көріңдей -

деп ол қала, бекіністер салып, пара алып, қарсы келгендерді түрмеге жауып, қазақ даласында заңсыздықты еркін жүргізіп отырған орыс патшасынан бастап, Жандарал, Майыр, Князь, тілмаш сияқты оның жергілікті әкім - шенеунікниктеріне дейінгілердің іс-әрекетін аяусыз әшкерелеп көрсетеді. Олардың бет-пердесін ашады. Парақор билер мен зорлықшыл байлардың жалған, өтірік іс-әрекеттерін іріңге теңейді. Қарапайым халықты бірлік-ынтымаққа үндеп, өз қамыңды ойла дегендей ой тастайды. Ел ішіндегі ағайындас адамдардың билікке таласумен күн кешкенін ақын оларды бірін-бірі талаған ұялас қасқырға теңейді. Өзі көріп, түсінген шындықты айтуды ол парызым деп есептеген. Мысалы:

Патша жұртты қанады,

Байлар жөргем санады.

Жарлының жаны берік екен,

Мал үшін он екі ай қой бағып,

Жалғыз тоқты алады

Тоқты берсе, ісек деп,

Құнан шығар тұсақ деп,

Саулык берсе, егіз деп,

Қыстан шыққан семіз деп,

Жарлының тынышын кетіріп,

Құрттай санап мал алды

Ел қамқоры саналды.

Кетейін десе, алдың тар,

Тұрайын десе, көпір бар, -

Қайсыбірін айтайын

Қазақтың ұлы қамалды, -

деп ақын халық үшін жаны ауыратынын байқата отырып, оларға қоса ақын ел ішіндегі қожа-молдалардың да халықты алдап-арбап, қанап отырғанын ашып айтады. Мұның бәрі заманның тозуы, феодалдық, ақсақалдық-рулық заңның бұзылуы, адамдардың пиғылының өзгеруі деп бағалайды. Сондай-ақ:

Ұрлық пенен қорлықтан

Өтірік, ғайбат, зорлықтан.

Бойын тартып тек жүрсек,

Көрмессің деген залалды

Үлкендер саған айтайын.

Ақиқат қамын қамдаңдар,

Дүниенің тоғы үшін,

Сірә, тіпті азбаңдар -

деп ақылға, парасатқа, адамгершілік жолға шақыра отырып, тағы бір өлең жолдарында өтірік, өсек айту, біреуді сыртынан ғайбаттау сияқты оғаш мінездерді мінеп-сынайды. Жастарды ізгілікке, инабаттылыққа шақырып:

Бұл асылық, асқан заманда

Ұл туады атаменен егесіп,

Қыз туады анаменен теңдесіп,

Баласы кетті тыюдан, -

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Зар заман» ағымы ақындарының әдеби мұрасы
Шортанбай Қанайұлының Зар-заман толғауы
Шортанбай Қанайұлы
Шортанбай Қанайұлы туралы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
Шортанбай шығармаларындағы жемқорлық көрінісі
Шортанбай Қанайұлы (1818-1881) өмірбаяны
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиетіндегі зар заман өкілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz