Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі шылау сөздердің қолданысы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі шылау

сөздердің қолданысы

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3-6

Негізгі бөлім

І. Ескі қыпшақ тілі мен жазба ескерткіштерінің зерттелу

тарихынан

1. 1 Қыпшақ тілі туралы . . . 7-16

1. 2 Қыпшақ жазба ескерткіштері туралы . . . 17-37

ІІ. Қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі шылау сөздердің

қолданысы

2. 1 Жалғаулық шылаулардың қыпшақ жазба

ескерткіштеріндегі қолданысы . . . 38-47

2. 2 Септеулік шылаулардың қыпшақ жазба

ескерткіштеріндегі қолданысы . . . 47-57

2. 3 Демеулік шылаулардың қыпшақ жазба

ескерткіштеріндегі қолданысы . . . 58-61

Қорытынды . . . 62-64

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 65-66.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Түркі халықтарының және олардың тілдерінің өзіндік даму тарихы бар. Тіл қоғамдық құбылыс болғандықтан үнемі даму үстінде болады. Алайда түркі тілдері сан ғасырлық даму жолында өзінің ілкі формаларын сақтап қалған. Осындай мәселелер бүгінгі түркология ғылымында зерттеу нысанына айналып та жүр.

Түркология ғылымының қыпшақтану саласында да түрлі бағыттағы зерттеулер жүргізілуде. Түркі тілдерінің, әсіресе қыпшақ тілдерінің тобына жататын қазақ тілі тәрізді тілдердің тарихын танып біліп, зерттеу үшін олардың тарихи-салыстырмалы грамматикасы, әр тілдің өзіне тән тарихи грамматикасын жазуда ескі қыпшақ тілдерінің жазба ескерткіштері материалдары негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.

Қыпшақтану саласының мәселелері жөнінде жазылған шетел ғалымдарының еңбектерімен бірге қазақ тіл білімінде Ә. Құрышжанов, А. Гаркавец, С. Дүйсен т. б ғалымдардың зерттеулерінде қыпшақ тіліндегі жазба мұралар араб, армян, көне гот жазуларымен хатталып қалған. Осылардың ішінде армян жазулы қыпшақ жазба ескерткіштері әлі де зерттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес біз дипломдық жұмысымызда армян жазуымен жеткен қыпшақ тіліндегі жазбалардағы шылау сөздерді, олардың грамматикалық ерекшеліктерін қарастырмақпыз.

Қазіргі қазақ тілінде шылау сөз табы аз зерттелінгені анық. Шылау сөздердің қалыптасу, даму тарихына шолу жасай отырып, зерттеп- зерделеуде орта ғасыр жазба ескерткіштерінің, оның ішінде армян жазуымен жеткен қыпшақ тіліндегі жазба мұралардың да орны айрықша. Осындай тарихи жазба ескерткіш материалдарына сүйене отырып, шылау сөздердің ерекшеліктерін айқындау тақырыптың өзектілігін танытады. Зерттеліп отырған тақырып жалпы түркітанудың, оның «қыпшақтану» деген ғылыми саласының теориялық дамуына қызмет етеді, осыған байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының жандануына үлес қосады.

Зерттеудің нысаны . Қыпшақ жазба ескерткіштері, шылаулар.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Зерттеудің негізгі мақсаты - ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі шылау сөздердің ерекшеліктерін айқындау.

Көзделген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:

  • түркологияның қыпшақтану саласы туралы жалпы мәлімет жасау;
  • қыпшақ тіліндегі жазба ескерткіштер туралы түсінік беру;
  • қыпшақ жазба ескерткіштеріне тоқталу;
  • қыпшақ жазба мұраларындағы шылау сөздерді басқа да түркі жазба ескерткіштері тілімен және қазіргі қазақ тілімен салыстыру арқылы ерекшеліктерін айқындау;

Зерттеу жұмысының материалдары мен деректері . Зерттеу жұмысы барысында армян жазуымен жеткен қыпшақ тіліндегі жазбалар туралы және қазіргі қазақ тілінің грамматикасына теориялық еңбектер, түркі жазба ескерткіштерінен (“Тоныкөк”, “Күлтегін”, “Диуани лұғат-ат- түрк”, “Құтты білік ”, “Ат-тухфа”, “Дана Хикар тілі”, “Оғыз нама ”, “Мухаббат нама”, “Жамиғ- ат- тауарих” т. б. ), сөздіктер, ғылыми мақалалар пайдаланылды.

Зерттеудің әдістері . Зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи әдіс, ретроспективтік тәсіл, диахрондық және синхрондық әдістер пайдаланылды.

Зерттеудің негізгі тұжырымдары :

  • қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі шылау сөздер өзіндік ерекшелікке ие (кі- сондықтан, зера- өйткені) .
  • қыпшақ жазба ескерткіштері тіліндегі шылау сөздерді қазіргі қазақ тілімен салыстырғанда фонетикалық өзгешелігімен ерекшеленеді (йана- және, егар- егер, дағы- тағы, мы// мі- ма// ме т. б ) .
  • қыпшақ жазба ескерткіштер тіліндегі кейбір шылау сөздер қазіргі қазақ тілінде еш өзгеріссіз қолданылады (да//де, та//те, да//де, та// те) .
  • қыпшақ жазба ескерткіштердегі шылау сөздерді басқа түркі жазба ескерткіштері тілімен салыстырғанда фонетикалық өзгешелік байқалады (армян жазбасы біла; “Күлтегін”:бірле; “Диуани лұғат-ат- түрк”:била, бирла, біле; “Жамиғ-ат-тауарих”:билән) .
  • қыпшақ жазба ескерткіштері тілінде қолданылған “біла”(бірге ) шылау сөзі қазіргі қазақ тілінде -мен, -бен, -пен түріндегі көмектес септігінің жалғауы ретінде қолданылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ескі қыпшақ жазба ескерткіштері туралы

1. 1. Қыпшақ тілі туралы

Қыпшақ - қазақ халқының т. б. түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орталық Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі тайпалар бірлестігі. Мұсылман деректерінде оларды «қыбшақ», «кипчак», батыс еуропалықтарда «коман», ал орыс жылнамаларында «половцы» деп атаған. Алғаш рет Қыпшақ атауы ежелгі түркінің Шине Усу ескерткішінде (760 ж. ) кездеседі. 1496 жылға дейін орталығы Каменец - Подольск қыпшақтары болған бұл қоныста іс қағаздары үш тілде (поляк, қыпшақ, украин) жүргізіліп, XVІІ ғасырларға дейін қыпшақ тілінде көптеген грамматикалық оқулықтар, қыпшақша-армянша сөздіктер, Інжілдің қыпшақша аудармасы, кеңсе қағаздары мен тарихи шежірелер, т. б. еңбектер жарық көрді.

Қыпшақтану - орта ғасыр қыпшақтары мен қазіргі қыпшақ тілдес халықтар туралы зерттеулердің ғылымдағы жиынтық атауы. Француздың атақты түркітанушысы Жан Дени мен поляктың белгілі ғалымы Е. Триарский армян жазуымен қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштерді (ол кезде қыпшақ тілінде сөйлеп, қыпшақ тілінде құдайға құлшылық ету дұғасын оқитын армяндар болған) «Армян-қыпшақ әдебиеті» деп, өз алдына бөліп алып зерттейді [1, 446-447] .

Жазба деректерде қыпшақтар 8 - ғасырдан бастап жеке бір халық есебінде аталады. Одан бұрын олар жалпы түркі тайпаларының бірі болып саналған да, солардың тарихымен араласып бірге өмір сүрген. Көне түркі тілдерінің бір эпитафиялық (мола басына қойылған) ескерткішінде «қыбчақ» сөзі жазылып қалған: ұйғыр қағанатын (744-840) ұйымдастырушылардың бірі Элетмиш Білге-қаған (747-759) қабірінің басына қойылған (745) . Онда « түрік мемлекетінде қыпшақтар бізді елу жыл билеп тұрды делінген » (қ. « Мойун-Чур» ескерткіші) . Араб авторларының ішінде Ибн Хордадбех (820-912) бірінші болып осы қыпшақтардың өзінің «Китаб-ал-масалик ва-л-мамалик» («Мемлекеттер, жол қатынастары туралы кітап») деген еңбегінде атап өтеді. Мәліметтерге қарағанда, қыпшақтар он-ұйғырлар басқарып тұрған тоғыз-оғыздардың 691-742 ж. сюзерендік (басшылық) жоғары өкімет билігін қолында ұстап тұрған. Осы кезден бастап Қимақ қағанатының белді бір тайпасы болып саналатын қыпшақтардың тарих сахнасындағы өзіндік өмір жолы өрістей бастайды.

Бұдан әрі қыпшақтар үлкен бір іргелі ел есебінде Орта ғасырдағы түрік халықтары мен басқа да жұртшылықтың арасында көзге түсіп, көрнекті роль атқарған. Жалпы Шығыстану ғылымында (ориенталистикада) қыпшақтар (олардың тарихы мен тарихи ескерткіштері, этнографиясы мен генезисі, қоғамдық-әлеуметтік өмірі мен халықаралық қатынасы, тілі мен әдебиеті, рухани тіршілігі мен діні т. б. ) туралы мәселелер әр жерде (әр тілде, әр елде) көптен бері сөз болып келеді. Мысалы, дүниежүзі түркологиясының көрнекті өкілдері қосылып жазған «Түркі филологиясының негіздері» деген екі томдық кітапта (Виесбаден, І т., 1958; 1964, неміс тілінде) немістің көрнекті түркітанушысы А. М. фон Габен «Кодекс Куманикус» тіліндегі жұмбақтар мен діни текстерді «Коман әдебиеті» деп зерттесе (243-250 б. ), енді бір түркітанушы «Қыпшақ әдебиеті» деп басқа түрлі ескерткіштерді сөз етеді(275-303 б. ) . Ол «Қыпшақ әдебиетін» екі топқа бөліп қарайды: а) Хорезм және Алтын Орда әдебиеті; ә) Мәмлүк-қыпшақ әдебиеті . Соларды бір жерге жинастырып, «қыпшақ кітапханасын», ұйымдастыруға да болады. Әр саладан өзінше қор жинау қажет, мысалы, «Қыпшақ тілінің қазынасы, қоры» сияқты [ 2, 174] .

Б. Көмековтің еңбектеріне байланысты бұл бағыттың салдарлы нұсқасы да айқындала бастады [3, 86] . Қыпшақтанудың тілге байланысты саласы академик Н. Т. Сауранбаевтың еңбектерінде көрініс тапқан [4, 241 ] . Қазіргі дүниежүзілік түркітанудың бір тармағы ретінде қыпшақтану ғылымының өз алдына отау тігіп алғаны айқын құбылыс. Ол (қыпшақтану) - қыпшақ тілдерінде сөйлейтін (және бұрын сөйлеген) халықтардың тілдерін, тарихын, әдебиетін, фольклорын, мәдениетін зерттейтін гуманитарлық пәндердің комплексі (жиынтығы) . Осы жерде қыпшақтардың музыка өнеріне байланысты бір мысалды айта кету керек: «Кодекс Куманикус» қолжазбасының (ХІІІғ. ) 149-150 беттерінде нота жазулары бар, олардың ара-арасына діни өлеңнің мәтіні келтірілген. ҚР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Б. Ерзаковичтің зерттеулері бойынша, бұл нотация Римдегі католик шіркеуінде Құдайға құлшылық ету үстінде айтылатын хоралдың (әдетте міндетті түрде айтылуға тиісті діни әндердің) бір дауыспен айтылатын түрі болып шықты. Ол қазақ тіліндегі «Елім-ай» әнімен өзектес келеді екен. Екі әннің профессионалдық ерекшеліктері мен өзара тамырлас, қандас, біртұтас бір ән екендігін Б. Ерзакович үлкен шеберлікпен дәлелдеп берді. Оны «Казахстанская правда» газеті «Духовные ценности» деген айдармен орынды жариялады (15. 9. 1996) . Бұл іспеттес материалдар, әрине, қыпшақтану саласының бір тармағы есебінде өз алдына жеке талдап, зерттеуді қажет етеді. Қыпшақтану ғылымының өсіп-өркендеу барысында көптеген елдердің түркітанушылары тынбай атсалысып келеді [ 2, 251] .

Қыпшақ тілдері - Орта Азия мен оған шектес жатқан бірқатар түркі халықтарының тілі. Қалыптасу тегіне, аймақтық таралым өрісіне, тілдік ерекшеліктеріне байланысты және жалпы түркі тілдеріне қатысы тұрғысынан алғанда қыпшақ тілдерінің классификациялануы әрқилы:

1. а) Поволжье-Орал маңы тобы. Негізгі тілдік ерекшеліктері е>и, о>у алмасуы болып келетін татар, башқұрт тілдері осы топқа жатады; ә) Орта Азия тобына негізгі тілдік ерекшелігі ретінде ш>с алмасу анық байқалатын қазақ тілі, дауыстылар үндестігі толық сақталған қырғыз тілі, сондай-ақ дауыстылар үндестігі толық сақталмаған өзбек, қарақалпақ, ұйғыр тілдері жатады; б) Оңтүстік-батыс тобы құмық, гагауыз тілдерінен тұрады (В. Богородицкий, 1934) .

2. В. В. Радловтың пікірінше (1882), бірқатар Батыс Сібір диалектілері, қазақ, қырғыз, башқұрт, татар, қарақалпақ (шартты түрде) тілдері қыпшақ тілдерінің батыс тобына, ал азербайжан тілі, кейбір қырым татарлары сөйленісі қыпшақ тілдерінің Орта Азиялық тобына жатады;

3. Қыпшақ тілдеріне жататын қазақ, қарақалпақ, ноғай, қырғыз, құмық, қарашай-балқар, қарайым, татар, башқұрт тілдері, сонымен қатар жазба ескерткіштерде сақталған құман тілі түркі тілдерінің Батыс тобын (М. Р. Рясяненде Солт. -Батыс тобын) құрайды. (Г. Рамстедт, 1939) . Аталмыш бағамды И. Бенцинг және К. Менгес пікірлері де қуаттайды (1959) .

4. Қыпшақ тілдерінің қалыптасу ерекшеліктеріне байланысты классификациясы: 1) Қыпшақ тобы: а) Қыпшақ- половецтер тармағы (қыпшақ, половец, қарайым, құмық, қарашай-балқар, қырым татарлары тілдері) ; ә) шақ-қырғыз тобы ( көне қырғыз, қырғыз және алтай тілдері ) осы қатарды түзеді (Баскаков Н. А., 1969 ) . Қыпшақ тілдерінің табиғатына байланысты әрқилы классификациялық бағамдардың ұсынылу себебі түркі халықтарының түрлі тарихи, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстар әсерінен туындаған. ҮІ-ІХғ. Және ХІ-ХІІІ ғ-дағы миграциялық ағымдарында және тілдік ерекшеліктерінде жатса керек. Қазіргі қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қарайым, қарашай-балқар(малқар), құмық, қырым татарлары тілдері қыпшақ тілдерінің негізгілері болып саналады [2, 248]

Қыпшақ тілінің зерттелу тарихы әйгілі ғалым, филолог, қоғам қайраткері - Хас Хаджиб Махмуд ибн әл-Хусейн ибн Мухаммед әл-Қашқаридың атымен байланысты. Ол өзінің «Дивану луғат-ит-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі») деген еңбегінде (XІ ғ. ) көптеген түркі тілдерімен қатар қыпшақ тілін де атты қадағалап зерттеген [5, 22] .

Жалпы түркі тілдерінің ішінде әрдайым көбірек зерттелінген және басқа түркі тілдерінен гөрі көбірек және жиірек, кейде тіпті тұрақты түрде қолданылған тіл қыпшақ тілі болып қалыптасты. Ол туралы А. Зайончковский былай деп жазды: «Арабские филологи проявляли большой интерес к тюркскому языку со времен раннего средневековья, что объясняется тем большим значением, которое он приобрел в этом государстве. К тому же по этническому или племенному происхождению тюркоязычные мамлюки были неоднородны. Основным этническим элементом в государстве мамлюков являлись, вероятно, кипчаки, так как очень много мамлюков пришли из кипчакских степей.

Вторую значительную этническую группу составляли тюрки - огузы. По этому для тюркского языка государства мамлюков характерны кипчакские и огузские элементы . . . ». [2, 22] .

Ендігі жерде ескі қазақ тілі мен ескі қыпшақ тілдері жайында тоқталып өтейік. Сонымен, ескі қазақ тілі өзінің бастау көзін орта ғасырдың орта кезеңінен (ІX -XІІІғ. ғ. ) алады. Ол кездегі халықтар түрк, түрік сияқты жалпы атаумен, ал жазба мұралары ескі түркі жазба ескерткіштері деген атпен белгілі. Әрине қазіргі қазақ тілі өзінің ескі түрі арқылы ескі түркі тілдерімен де, көне түркі тілдерімен де тарихи тұрғыда өзектесіп жатады. Көне түркі тілдерінің (V - X ғ. ғ. ) кезінде қазақ деген сөз дәл қазіргі мағынасында айтылмаған, ал ескі түркі тілдерінің кезінде (XІ-XV ғ. ғ. ) қазақ деген сөз жазылып қалғанымен, оның беретін мағынасы дәл қазіргідей болмаған, яғни ол этникалық термин емес, бейтарап сөз болған. Оның көнелік сипаттары көне түркі жазба нұсқаларының тілінен айқын байқалып отырады. Жалпы алғанда, ескі қазақ тілі өз дамуында үш дәуірді басынан кешірді:

а) қалыптасу дәуірі (XІ - XV ғ. ғ. ) ;

ә) даму мен жетілу дәуірі (XV - XІX ғ. ғ. ) ;

б) жаңа дәуір, яғни оның одан әрі де өркендеген уақыты (XX ғ. ) .

Ескі қазақ тілі - орта ғасырларда (XІV-XVІІғ. ) қолданылған қазақ халқының тілі. Бұл кезде белгілі бір бөлігі қыпшақ аталған түркі тайпаларының бірлестіктері Алтын Орда мемлекетінен бөлініп шығып, «қазақ» деген этникалық атқа ие болып, хандық мемлекет ретінде өз алдына этнос болып қалыптасқан. Ескі қазақ тілі өзінің бастау көзін орта ғасырдың орта кезеңінен (ІХ-XІІ ғғ. ) алады. Ол кездегі халықтар «түрк/түрік, түркі сияқты жалпы атаумен аталып, сол дәуірдегі жазылып қалынған мұралар «ескі түркі ескерткіштері» деген атпен белгілі болған. Алғашқы орта ғасырдан (Y-YІІІ ғғ. ) қалған жадыхаттарды «көне түркі ескерткіштері» деп есептейді . Әрине, қазіргі қазақ тілі өзінің ескі түрі арқылы осы айтылған тарихтың қойнауына қарай үңілсек, ескі түркі тілдерімен де, көне түркі тілдерімен де тарихи өзектесіп жатады. Оның кейбір ерекшеліктері мен тамырлары алтай тілдерімен (олар арқылы орал тілдеріменде) араласып кетеді, демек, біз өз тіліміздің пайда болу (жаратылуы) табиғаты мен өзгеруінің эволюциялық жолдары антикалық дәуірден (прототүркі дәуірінен, б. з. д. ІІІ ғ. - б. з. д. ІY ғ. ) іздеуіміз керек (О. Ысмағұлов) . Кезі келгенде «көне қазақ тілін тіпті «ежелгі қазақ тілі» деп те айта беруге болар, бірақ көне түркі тілдерінің (Y-Xғ. ) кезінде, әрине, «қазақ» («қазақ тілі») деген сөз дәл қазіргі мағынасында айтылмаған (жазылып та қалмаған), ал ескі түркі тілдерінің кезінде (XІ-XYІІ ғ. ) «қазақ» деген сөз жазылып қалғанмен, оның беретін мағынасы дәл қазіргідей болмаған, яғни ол этникалық термин емес, бейтарап сөз болған (қ. Түркі -араб сөздігі) . Алайда қазақ тілінің көне, ескі тіл екендігін теріске шығаруға болмас-ты. Оның көнелік (ескілік) сипаттары көне (ескі) түркі жазба нұсқаларының тілінен айқын байқалып отырады (қ. Көне түркі тілі, Көне түркі жазба ескерткіштері) . Тарихи дәстүр жалғастығына байланысты қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына үлес қосқан рулар мен тайпалардың, ұлыстар мен халықтардың өз заманында қолданған тілдері - қазіргі қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуының қайнар көзі, ретроспективті жалғасы болып табылады. Олар V - XV ғасырларда өмір сүрген бұлғар, қыпшақ, оғыз және қарлұқ сияқты басты-басты тайпа одақтарының құрамына еніп, солардың тілінде сөйлеген [6, 113] .

Басты бір фонетикалық заңдылықтар д-з-е ( адақ- азақ - айақ), ғ мен г дыбыстарының й, у болып өзгеруі немесе айтылмай түсіп қалуы т. б. осы кезде қалыптасқан ( д, з, н, ғ, г ) дыбыстарын қолданатын тілдер не көне, не ескі болып есептеледі, осыған орай қазақ тілінде адақтау - айақтау, суғар - суар, жаз-жай сияқты сөздер кездесе береді) . Орта ғасыр түріктерінің, соның ішінде қоңырат, қыпшақ, алшын, дулат, арғын, керей, найман, жалайыр т. б. рулар мен тайпалардың, олардың одақтық бірлестіктерінің ауызекі сөйлеу тілі мен қатар жазба әдеби тілі де болған, ол ауыз әдеби тілімен қатар өмір сүрген. Сол тілдерде жазылып қалған (немесе айтылып жүрген) нұсқалар мен ескерткіштер де аз емес: «Едіге», «Ер Сайын» жырлары (алшындар тілінде), «Ер Көкше», «Қабанбай батыр» (керейлер тілінде), «Мухаббатнаме», «Алпамыс» (қоңыраттар тілінде), «Орхон - Енисей ескерткіштері» (дулаттар тілінде), «Наћдж-ул-Фарадис» (кердерілер тілінде), «Кодекс куманикус» (қыпшақтар тілінде) пайда болған. Әрине, «Ескі қыпшақ тілінің ескерткіштері» өз алдына. Қазіргі қазақ тілінің қалыптасу дәуіріне дейін (ХІ . ғ - ға дейін) оның өзіндік белгілерінің бәрі де сараланып, өзіндік табиғи қасиеттерін айқындап, басқа түркі тілдерінен айырым жүйелерін айшықтап бөліп алған. Олар, сөз жоқ, ғасырлар бойы бір тілге жинақталып, өзара сіңісіп қалыптасқан. Мысалы, қазақ тілінің ж дыбысымен айтылу ерекшелігі (жоғарыда көрсетілген) орта ғасырдың орта кезінде пайда болған. Одан бұрынғы дәуірлерде бұл дыбыстың ешқандай ізі болмаған (бұл іспеттес фактілері аз емес) . « ХІ-ХІІІ ғ. қазақ халқының мәдени өмірінде жаңа құрала бастаған халықтың сөйлеу тілі мен қазақ халқын құраған ру-тайпалардың әріден келе жатқан, поэзия тілінің негізінде ауызша дамыған әдеби тіл қызмет етті » [7, 68] .

Халық тілінің орайына қарай қалыптасқан іс қағаздары (кеңсе тілі) мен ғылыми әдебиеттер жазылатын ғылыми стиль), хат-хабар қағаздарын жазатын арнаулы тіл (эпистолярлық стиль) т. б. да қоғамдық-әлеуметтік, саяси-әкімгершілік, мәдени-шаруашылық салаларында қызмет жасайтын жазба тіл әр түрлі стильдер бойынша жүзеге асу процестерінен көріне бастады. Ол жалпы түркілік, ортаазиялық жазба әдеби тілмен («түркі» деп аталатын тілмен ) байланысты болды, оған, бірінші жағынан, Орта Азия халықтары тілдерінің өзара жақындығы мен халықтардың құрдай араласып жатқандығы себеп болса, екінші жағынан, сол кездегі тілдік материалдардың кейінірек көбінесе шет өлкелерде (Қазан, Омбы, Орынбор, Санкт-Петербург, Ыстамбул, Томск, Тройцк, Уфа т. б. ) басылып отыруы әсер еткен болу керек. Ол кездегі қазақ пен ноғай тілдеріне ортақ туындылар әрбір ұлттық тілдердің тағдырына өз іздерін қалдырды, дегенмен, олар "біршама қазақыланды". Қазіргі қазақ тіліне қарағанда, ол дәуірдегі тілдің азды-көпті өзіндік (лексикалық, фонетикалық, грамматикалық, синтаксистік, стильдік т. б. ) ерекшеліктері болды.

Дегенмен, қазіргі қазақ тіліне қарағанда, ол дәуірдегі тілдің азды-көпті өзіндік (лексикалық, фонетикалық, грамматикалық, синтаксистік, стильдік т. б. ) ерекшеліктері болғандығында ешқандай дау жоқ. Грамматика саласындағы ерекшелігі деп, қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септік пен жалғаулық шылау қызметін атқаратын «мен қосымшасының bіrlan (бирлєн), іlan (илєн), bіlan (білєн), mіnan (мынан) түрінде келуін, есімшенің -атын жұрнағының орнына, оның толық түрі тұрған, ған, тұғын сөздерінің қолданылуын, ашық райлы етістіктің ІІІ жағына көптік жалғау қосымшасы -лар//- лер -дің қосылуын, сол ІІІ жақтық жалғаудың қалыпты -ды, -ты қосымшасының - dur, -tur (-дүр, -түр) түрінде келуін айтуға болады [2, 112] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Септік жалғауларының қалыптасуы
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны
Ескі қыпшақ тілі
«Китаб муқаддима» ерекшеліктері
Қабыса және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
Көне түркі тіліндегі есім сөздер
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Ахмет Ясауи «Хикметтеріндегі» сөздің морфологиялық құрылымы
Көне түркі жазба ескерткіштері
Көне түркі тілі мен қазақ әдеби тіліндегі граматикалық сәйкестіктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz