Шыны жасау технологиясы



Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Шыны.

Минерал заттардың қоспаларын қорытып, суыту арқылы жасалған, морттық
қасиеті бар, термопластикалық заттарды шыны дейді. Шыны кыздырған кезде
біртіндеп пластикалық күйден сұйық күйге ауысады, ал суынғанда бастапқы
күйіне келеді. Шынының құрамына қосылыстарының табиғаты осы күнге дейін
белгісіз көптеген элементтердің тотықтары енеді.
Шынылардың түріне қарай олардың жасалу жолдары да түрліше болады. Онық
құрамында мына төмендегі элементтердің тотықтары болады: SіO2, СаО, Nа2О,
К2O, ВаО, РbО2, ВеО, А12O3, В2О3, Fе2О3, ZnO, ТiO2, Р2O5. Бұл тотықтардың
ішіндегі Sі, Са, Nа, А1, Мg элементтерінің тотықтары негізгі құраушылар
болып саналады. Қазіргі кезде шыны құрамына енетін қосылыстарды өзгерту
арқылы берілген қасиетті шыны жасайды. Шыны кұрамындағы оған қосымша
қасиеттер тудыратын құраушыларды қосымша қоспалар дейді. Жарықтандырғыш
(осветитель) ретінде натрий сульфаты, хлорлы натрий бояу ретінде Мg, Са,
Сu, Сr элементтерінің тотықтары мен хлорлы алтын қосылады.
Шыны химиялық құрамына қарай силикатты (негізгі құраушы SіО3), боратты
(В2О3), фосфатты (Р2О5), қолданылуына қарай құрылыс шынысы (терезе, құрылыс-
архитектуралық, кебікті – пеностекло, шыны түтіктер), техникалық шыны
(кварц, оптикалық, шынықтырылған, қабатты, иілген, лабораториялық,
медициналык, термометрлік), атом-техникалық шынылар мен шыны талшықтары,
ыдыс жасайтын шынылар болып бірнеше түрге бөлінеді. Шынының меншікті
салмағы құрамына байланысты 2156-68,6 кнм3 (2,2 гсм3 - 7 гсм3) шамасында
өзгереді. РbО, ВіО2, Ті2О5, WO3 тотықтары шынының тығыздығын арттырады.
Шынының сығуға беріктігі жоғары, ал соққы күшке беріктік қасиеті нашар,
беріктік қасиеті оның құрамына, термиялық өңдеу үшін бетінің қандай күйде
екендігіне байланысты. Шынының үзуге беріктік шегі 49 кнм2- 98 кнм2-қа
дейін, ал шыны талшықтарының үзуге беріктік шегі 2,9 гнм2-3,92 гнм2-ге
дейін өзгереді. Теориялық есептеу бойынша шынының үзуге беріктік шегі 9,8
гнм2 болуы керек. Шынының нақты беріктік шегінің теориялық беріктік
шегінен кем болуы оның бетінде әр түрлі микро, макро сызаттар болуының
себебінен. Беріктік шегін арттыру үшін шыны кұрамына СаО, В2О3, ВаО, ZnO,
А12O3 тотықтары қосылады. Силикат шыныларының ішіндегі қаттысы – кварц
шынысы. Сыну көрсеткіші мен дисперсия коэффициенттері шынының оптикалық
қасиеттерін сипаттайды. Минерал заттардан жасалған шынылардың оптикалық
қасиеттері тұрақты болады. Сыну көрсеткіші аз, дисперсия коэффициенті
жоғары шынылар – крондар сыну көрсеткіші көп, дисперсия коэффициенті аз
шынылар – филиттер деп аталады.
Шыны құрамына байланысты түсірілген сәулелерді өткізу (мөлдір),
өткізбей жұтуы (мөлдір емес) және белгілі толқын ұзындықты сәулелерді
өткізіп, басқа толқын ұзындықты сәулелерді өткізбеуі (түсті) мүмкін.
Шыны жасау технологиясы. Шыны және шыны бұйымдарын жасау технологиясы
мынадай кезеңдерден тұрады:
шихта дайындау,
шыны массасын дайындау,
шыны бұйымдарын жасау,
шыны бұйымдарын өңдеу.
Құм, ізбестас, Nа, А1, Мg тотықтары сияқты қажетті шикізаттарды зиянды
қоспалардан тазартып, пеште кептіргеннен соң диірменде ұсақтайды.
Ұсақталған шыны құраушыларын белгілі пропорцияда қосып, араластырғыш
машинасымен оларды мұқият араластырады.
Араластырылған шыны қоспасы (шихта) электр, түбекті (горшковая) 22730 К
немесе астаулы пештерде 14730 (1200-20000) температураға дейін қыздырылып,
қорытылады. Нәтижеде құраушыларының арасында күрделі физика-химиялық
процестер жүріп, шихта шыныға айналады. Шыны қорыту процесі 12-15 сағатқа
созылады.
Шыны бұйымдары кұю, прокаттау, престеу, созу үрлеу әдістерімен
жасалады. Шыныны ыстық күйде өңдегенде оның беттік керілу, тұтқырлық
коэффициенттерінің атқаратын қызметі зор. Өйткені шынының берілген форманы
сақтап, қалыпқа жабыспауы жоғарыда аталған сипаттамаларының мәніне
байланысты. Құю әдісінде балқытылған шыны белгілі қалыпқа құйылып, сол
қалыпта суытылады. Нәтижеде формасы қалыптың ішкі формасына ұқсас бұйым
пайда болады. Шынының механикалық қасиетін арттыру үшін оны қалыптан
босатып алып, термиялық өңдеуден өткізеді. Термиялық өңдеуден өткен бұйым
шлифтеу, полировкалау арқылы беттері мен жиектері тегістеліп, қоймаға
жіберіледі.
Құю әдісімен кұрылыс-архитектура материалдары, оптикалық линза көркем
скульптура сияқты бұйымдар жасалады.
Прокаттау әдісінде 1273-14730 К (1000-12000 С) температураға дейін
суытылған шыны массасын шойыннан жасалған үстелдің бетіне кұйып, вал мен
тегістейді немесе бір-біріне қарама-қарсы бағытта айналып тұрған екі валдың
арасынан өткізеді. Бұл әдіспен табақ, қаңқалы (армированое) шынылар
жасалады. Престеу әдісімен салмағы 0,02-2 кГ дейінгі шыны ыдыстар,
изолятор, линза, автомобиль фарасы рефлектор сияқты нәрселер жасалады. Бұл
әдісте белгілі мөлшердегі шыны массасы пресс-қалыпқа салыпып, сырттам күш
түсіру арк,ылы формасы пресс-калыптық ішкі формасына ұқсас бұйым жасалады.
Жасалғаи бұйым пресс-қалыптан ажыратылып термиялық өндеуден өткен соң
механикалық өңдеуге жіберіледі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шынының химиялық технологиясы пәнінің оқу бағдарламасы
Шынының түрлері мен қолданылуы
Шыны өндірісінің шикізаттары
Еттің немесе балықтың фаршы
Топырақтағы саздың мөлшерін анықтау
Құйма жасау технологиясы және технологиялық құрал- жарақтары
Силикат өнеркәсібі. Шыны өндірісі
Оптикалық таратқыш муфта
Полимерлер және пластмасса өндірісі
Жұқа қабыршақты құрылымдардың технологиясы
Пәндер