Ә.Кекілбаев Шыңырау повесіне кіріспе


Ә. Кекілбаев 1971 жылы «Шыңырау» повесін жариялады. Мұның, атына сай, заты да шыңырау, адам жанының қалтарыс-бұлтарыстарына тұңғиық тереңінен барған, оқырманға өмірдің қатал шындығын тағы да зерделеткен аса бір ойлы шығарма болғаны есімізде. Қаламгер бұл повесінде сирек кездесетін ауыр кәсіптің адамдары - құдықшылар әулетінің тағдыр-талайын алға тартады… Оларды жер бетіндегі тірліктің қым-қуыты мен қызығынан алшақтатып, сонау зымыстанның түбіне түсіретін, әрине, жоқшылық!. . Бұл ауылдан шыққан Дәріжан құдықшының да өмірі осы тірлікпен өтіп еді… Ендігі кезек - оның бұлалау болып өскен немере інісі Еңсепке келіпті!. . Жазушының өз сөзімен айтқанда: «Еңсептің де жастық дәурені - алыс жолда ай батқанша жүріп-жүріп кеп, тек таң алдында ғана бел шешпей сұлай кетіп, көз шырымын алған суыт жүргіншінің таң ұйқысындай тым тәтті, тым қысқа болды». (Сонда. І-том, 370-бет. ) .
Зерделі жігіт ауыр кәсіптің қыр-сырын көп ұзамай-ақ меңгеріп алды. Құдықшылық тірлікке көндікті. Алайда, адам сорлының шыңыраудың түбіне өзін-өзі айдап түсіруге күші жете тұра, сол тұңғиық қапаста көңілінің көзін, арманда ойын байлап ұстап тұруға құдіреті жете бермейді екен де!. . Еңсеп те сол: қолына - күрегі мен қайласы серік, көкірегіне - одан да арпалысты, одан да тынымсыз ауыр ойлары серік. «Адам, асылы, өмір деген көтерем тұғырды бас-көзге төпеп, бақыт қуған сайын - одан соғұрлым алшақтай түсетін сияқты. Бақыт қуған адамның тапқан бақытынан - жоғалтқан бақыты көп болса керек». (Сонда. І-том, 370-бет) . Шыңыраудың табанында тұрып: «Су көзіне жетем!» - деп жер түбіне ұмтылған құдықшының осылайша ой түбін ұңғитын да сәттері көп!. .
Адам шіркіннің кеудесі, сыртынан қарасаң, құшағыңа сыйып кетер дөңбек қаралы ғана шағын дүние… Ал, сол шағын әлемнің ішіне, тар қапасына ой жүгіртіп қараңызшы!. . Ондағы айқұшақ қауып, тар мекенде тоғысып та соғысып жатқан жан-санат сезімдердің шеті мен шегіне ой-санаңыз жетіп болар ма?!. Соның бәрі - Еңсеп қазған шыңыраудан да қатерлі қызғаныш сезімі!. . Жер бетінде осы қызғаныштың қыл тұзағына шырмалмауға қауқары жететін пенде баласы бар ма екен?. . Бұл тұзақтан ет пен сүйектен жаралған сондай көп пенденің бірі - Еңсеп құдықшы да құтылып кете алмаған!. .
Айналасы бірер жылдың бедерінде талай дүмдінің құдығын қазып, көзге түскен Еңсептің атақ-абыройы көп ұзамай-ақ жалпақ Маңғыстауға белгілі болып қалатын еді ғой!. . Сөйтіп жүргенде - Қалпақ деген құдықшы шығып, өнерді бұдан да асырған!. . Жұрт енді бұрынғыдай Еңсепті төңіректемей - әлгі Қалпақ құдықшыға құлаған сыңайлы!. . «Қалпақ қазған шыңыраудың тереңдігі пәлен құлаш болыпты, түген құлаш болыпты!. . » Бұл елдің айтатыны - сол!. . Еңсептің ішіне қызғаныштың қызыл итін жүгірткен де, мұның алдында түк жазығы жоқ Қалпақпен алакөз қылған да, еңбегімен тапқан шағын дәулетіне қанағат қылдырмаған да, Үстірттің дөңіне шығарып, бұрын бұл аймақта көз көрмеген терең шыңырау қаздыруға итермелеген де сол жұрттың сол кеу-кеу әңгімесі!. . «Сондай бір шыңырау қазсам, әлгі «қалпақшыл» бола қалған жұрттың аузын өзіме қарай қисайтсам, Қалпақ құдықшыны сөйтіп бір мұқатсам, сосын мен қазған шыңырау «Еңсеп қазған» атанып, атағым дәуірлеп, артымда өшпес атым қалса!. . » Осы бір пенделік пиғыл Еңсеп сорлыны алды-артына қаратпаған!. . Шыңыраудың түбінде жер қазып, борша-борша терге түсіп, арасында сәл бір бойын тіктеген сәттерінде де әлгі бақталасының суреті көз алдынан елес беріп, бір кетпеуші еді ғой!. . Сол бір елес күшейген сайын - мұның қайласы да қара жерге үсті-үстіне кірш-кірш қадалып, артынан жау қуып келе жатқандай арпалысушы еді-ау!. . Сол бәсеке-қуғынның, сол қызғаныш-қуғынның айдауымен бұл да жерді үңги берген, үңги берген, ақырында «әл бітті, жан шықты» дегенде - діттеген жеріне жетіп те тынғандай еді!. . Оған да місе тұтпай, судың көзін әлі де аша
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz