Бақырғани кітабының негізгі идеясы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

СОӨЖ
Тақырыбы: Бақырғани кітабының негізгі идеясы
Орындаған: Нурғалық Марфуға
Тобы: 104
Тексерген: Есіркепова Г.Е.

Алматы 2018ж

Жоспары:
І. Кіріспе
Сүлеймен Бақырғанидың өмірі мен Бақырғани кітабы
ІІ. Негізгі бөлім
Бақырғани кітабының негізгі идеясы
ІІІ. Қорытынды
Бақырғани кітабының қазіргі қоғамдағы рөлі
ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Сүлеймен Бақырғанидың өмірі мен Бақырғани кітабы
Хакім ата(туған жылы белгісіз - 1186 жылы қайтыс болған) - сопылық- дидактикалық сарындағы әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, ислам діні- нің жахрия (йассауишілік) деп аталатын ағымын қыпшақ даласына уағыздап, таратушы көрнекті діни қайраткер. Болашақ ақын қазіргі Қарақалпақстанға қарасты Қоңырат қаласына жақын жердегі көне қамал-қала Бақырғанда туған. Түркі әлемінің ғылым мен өнер ошақтары - Исфиджаб (Сайрам), Фараб (Отырар) , Йассы (Түркістан) шаһарларында ұзақ жылдар оқып, ислам ілімініңмаса көрнекті ғұламаларынан дәріс алған. {1.239б}
Кезінде ұстаздардың ұстазы атанып, ұлы шайхы дәрежесіне жеткен ғұлама- ақын Ахмет Йассауидің ең қабілетті шәкірті, ізбасары болған.
Бұл туралы Сүлеймен Бақырғани:
Йасси сувининг ораси,
Етур гавхар пораси.
Машойилар сараси,
Шайхим Ахмад Йассавий.
Қарғиғони қишлоған,
Шуңқор, логин ушлаган.
Сонсиз мурид бошлаган,
Шайхим Ахмад Йассавий.
Шариати ораста.
Тариқати пайваста,
Хақиқатда шойиста,
Шайхим Ахмад Йассавий. {2.3б}
Жолма- жол аудармасы:
Йассы өзені жағасы,
Жатыр гауһар асылы,
Машайықтар сарасы,
Шейхым Ахмет Йассауй.
Қаршығамен қыстаған,
Сұңқар, лашын ұстаған,
Сансыз шәкірт бастаған,
Шейхым Ахмет Йассауй.
Шариғаты - шапағат,
Тариқаты - қанағат,
Хақиқаты - парасат,
Шейхым Ахмет Йассауи,-{1.240б}
дейді.
Бақырғани кітабы - түркі тілдес халықтардың ХІІ ғасырдан сақталған сопылық- дидактикалық ағымдағы алғашқы жәдігерліктердің бірі. Бұл жыр жинағы орта ғасырлық қазақ әдебиетінің де мұрасы болып табылады. Ақынның хикмет- жырлары кезінде қазақ ақын- жырауларының поэзиясында кеңінен тараған ақыл- өсиет айту сарынындағы жыр- толғау үлгісімен үндес болып келеді. Бақырғани кітабы негізінен 5 бөлімнен тұрады. Бірінші бө- лімді шартты түрде көңіл- күй жырлары деуге болады. Ал екіншісі - сопылық идеясын насихаттауға арналған дидактикалық- философиялық хикмет- өлеңдері, үшіншісі- Алланы мадақтауға арналған жырлар, төртіншісі- Ақыр заман дастаны, бесіншісі- Бибі Мариям толғауы.

Бақырғани кітабының негізгі идеясы
"Бақырғани кітабының" басты идеясы -- оқырманын ізгілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша, әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты, абсолюттік рухты) толық танып-білуі тиіс. Ал, бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен төрт асудан сүрінбей өтуі керек. Олар: шариғат (ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарының жинағы), тариқат (сопылық ағымның идеясы, мұрат-мақсаты), мағрифат (мұсылмандықтың қағида-шарттарын танып-білу) және хақиқат (Хаққа жақындау). Бұл рухани асулардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Сондай-ақ осы төрт басқыштың әрқайсысы он мақамнан (тоқтамнан) тұрады. Аталған төрт сатының (басқыштың) қырық мақамын толық танып-біліп, жақсы игерген адам ғана Алланың (ақиқаттың) дидарын көруге мүмкіндік алады. "Бақырғани кітабы" жырларында сопылық идеяның негізгі қағида-шарттарына, сонымен бірге, адамның қоғамда атқаратын қызметіне гуманистік тұрғыдан түсінік беріледі.
Ақын өз жырларында сопылық идеяның негізгі қағида- шарттарын айта оты- рып, сонымен бірге адамның атқаратын қызметіне гуманистік тұрғыдан түсі- нік береді. Бақырғани Алла сыйлаған өмірдің ләззатынан безбеуге, махаббат қызығын көруге, ғылым мен өнерді меңгеруге үндейді. Адамды құрметтеу арқылы құдайға құрмет көрсетуге болатынын зор шабытпен жырлайды. Бақырғани өз хикметтерінің бірінде:
Әрбір адамды көргенде қыдыр деп біл,
Әрбір түнді киелі қадыр деп біл,-{1.241б}
дейді.
Ол өзінің Құл Сүлеймен сөйлейді деп басталатын өлеңінде ғашықтық сезімін көкке көтере мадақтайды.
Жан тазалығының бір көрінісі- сүйіспеншілік сезімі. Бұл- адам парасатының ең жоғары сатыларында ғана жетіліп, шешек атады. Сол арқылы Алланың құдірет күшін тағы бір танытып өтеді. арша ғалам шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі десе болғандай. Мәселен, шуағын төккен күн көзі және судың буға, одан бұлтқа айналуы, сонан соң жауын болып топыраққа нәр шашуы - ғаламдағы сүйіспеншіліктің жарқын мысалдары. Масатыдай құлпырған сан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүлеймен Бақырғанидың өмірі жайлы түсінік
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері
Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Сүлеймен Бақырғани өмірбаяны
Сүлеймен Бақырғанидың өмірі мен шығармашылығы
Қожа Ахмет Йассауи өмірі туралы
Мұсылман әлемiнiң философиясы туралы
Сүлеймен Бақырғани
Пәндер