C тіліндегі массивтер



1 C++ тіліндегі массивтер
Массив - бір атау арқылы байланысқан, бір типтегі ұяшықтар тобы ретінде ұсынылған мәліметтер структурасы. Массивтер бір типтегі көп деректерді өңдеу үшін қолданылады. Массив атауы көрсеткіш болып табылады. Массивтің элементі деп массивтің әрбір деректер ұяшығын атайды. Массивтің элементі ретінде кез-келген типтегі деректерді алуға болады. Массивтер бір және одан да көп өлшемді бола алады. Өлшемінің санына байланысты массивтер бірөлшемді, екіөлшемді, үшөлшемді және т.с.с. n-өлшемді массивтерге бөлінеді. Бағдарламалауда көбінде бірөлшемді және екіөлшемді массивтер қолданылады. Сол себептен біз массивтің тек осы екі түрін ғана қарастырамыз.

1.1 Бірөлшемді массивтер
Бірөлшемді массив - массивтің элементтер санын сипаттайтын бір-ақ параметрі бар массив. Яғни, бірөлшемді массив - бұл n бағаннан және бір жолдан тұратын массив. Бірөлшемді массивтегі бағандар - бұл массивтің элементтері. Астыңғы кестеде бүтінсанды, бірөлшемді a массивінің структурасы көрсетілген. Бұл массивтің көлемі - 10 ұяшық.
5
-12
-12
9
10
0
-9
-12
-1
23
a[0]
a[1]
a[2]
a[3]
a[4]
a[5]
a[6]
a[7]
a[8]
a[9]
Байқағаныңыздай, бірөлшемді a массивінің максималды индексі 9-ға тең, бірақ массивтің көлемі 10 ұяшық. Себебі массив ұяшықтарының белгіленуі ылғи 0-ден басталады. Ұяшық индексі - массивтің кез-келген ұяшығына қол жеткізуге және онымен кез-келген іс-әрекет жүргізуге мүмкіндік беретін теріс емес бүтін сан.

* int - бүтін санды деректер типі;
* a - бірөлшемді массив аты;
* 10 - бірөлшемді массивтің көлемі, 10 ұяшық.
Бірөлшемді массивтің атауынан кейін ылғи тік жақша ішіне оның көлемі жазылады. Массив осы арқылы жай айнымалылардан ерекшеленеді.

Көлемі 16 және 10 аттары mas және a екі бірөлшемді массив жарияланды. Осы әдіспен жарияланған массивтердің деректер типі бірдей болады.

Бірөлшемді массив теңдік белісінен кейінгі фигуралық жақша ішінде инициализацияланады. Массивтің әр элементі үтір арқылы бөлінеді.

Бұл жағдайда бірөлшемді массивтің көлемін компилятор өзі анықтайды. Массив көлемін инициализациялау кезінде көрсетпеуге болады, ал массивті жай жариялау кезінде массив көлемін міндетті түрде көрсету керек. Бірөлшемді массивті өңдейтін қарапайым программа құрастырайық:

8-ші жолда 10 ұяшықтан тұратын array1 бірөлшемді бүтінсанды массив инициализацияланған. Яғни, мұндай массив 10 сан сақтай алады. Массивті тек қана циклдар арқылы өңдеуге болады. Ол үшін қандай цикл таңдау керегін өздеріңіз шешесіздер. Бірақ бұл іс үшін for циклі ең қолайлы болып табылады. Couter есептеуіш-айнымалысын array1 бірөлшемді массивінің элементтеріне қол жеткізу үшін қолданамыз. For циклінің шартында қатаң теңсіздік белгісі тұр, себебі array1 массивінде 10-шы элемент жоқ. Ал ұяшықтардың белгіленуі нөлден басталғандықтан массивте 10 элемент бар. For циклінің денесінде cout операторы бірөлшемді массивтің элементтерін экранға басып шығарады.

C++ тілінде бірөлшемді массивтерді өңдейтін тағы бір программа жасайық. Программа пернетақта арқылы ретімен 10 сан қабылдап алып, еңгізілген сандарды өзара қосып экранға шығаруы керек.

Массивті өңдемей тұрып, алдымен оны жариялау керек. Тапсырманың шартында берілгендей бірөлшемді массивтің көлемі 10-ға тең. Sum айнымалысында бірөлшемді массивтің элементтерінің суммасын жинаймыз. Алғашқы for циклі жарияланған бірөлшемді массивті пернетақта арқылы еңгізілген сандармен толтырады. Counter есептеуіш-айнымалысы array1 массивінің элементтеріне бір-бірлеп қол жеткізу үшін қолданылады. Екінші for циклі массив элементтерін экранға шығарады. Ал үшінші цикл бірөлшемді массивтің элементтерін өзара қосып, sum айнымалысында сақтайды.

Алдымен бір-бірден 10 сан еңгізілді, кейін бірөлшемді массив пен оның элементтерінің суммасы экранға шығарылды.

1.2 Екіөлшемді массивтер
Осы жерге дейін біз бірөлшемді массивтерді қарастырдық. Олар барлық жағдайлар үшін универсалды емес. Мысалы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі өлшемді массивтер
С++ тіліндегі массивтер
С++ программалау тілінде Бір өлшемді массивтер. Сұрыптау
C бағдарламасы бойынша практикум құру
Дәріс кешені с/с++ тілдері
Алгоритмдеу негіздері және бағдарламалау
Турбо Паскаль тіліндегі мәліметтер типі
С тіліндегі массивтер түсінігі
Си тіліндегі құрылымдар
Турбо паскальда екі өлшемді массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Пәндер