ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ (1928)


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ (1928)

Шыңғыс Айтматов қаламынан туған әрбір көркем шығарманы оқыған сайын бір шындықтың ғажайып сиқырына бөленесін.

("Уақыт және қаламгер". )

Шыңгыс Айтматов әдебиет әлемінде алғашқы әңгіме, повестерімен-ақ адам жанын толқытып баурайтын, ой құдіреті мен құпияларын ашудың, терең сырына үңілудің ерекше үлгісін таныта білді. Суреткер ойы мен қиялын тербеткен өмір шындығы, заман тынысы, адамдар тағдыры, ана мен баланың жан-сыры, риясыз тазалығы өзгеше бір эмоциялық күш-қуатпен өріліп, көркемдігін тауып дүниеге келген автордың туындылары қай кезде болмасын әлем жұртшылығының назарын өзіне бірден аударып биіктей түсті.

Адам деген атты асқақтата жырлап, өзі "Адамзаттың Айтматовына" (З. Қабдолов) айналған жазушының көп қырлы, сан-салалы шығармалары, әркімнің жанына жарық сәулесін түсіріп, жүрегіне нұр құйып, ертеңгі алыс арман, биік мақсатқа бастай бермек.

Ежелден етенежақын, түбі бірге туысқан қырғыз халқының талантты ұлы, XX ғасырдың аса көрнекті суреткерлерінің бірі Ш. Айтматовтың әдебиет әлемінде алатын орны ерекше. Ш. Айтматов туындылары - сан-сырлы өзіндік ерекшеліктерімен көрінетін ғажайып әлем. Әр шығармасының ой-өзегінде адамның сана сарайын ашуға көмектесетін қаншама тағылым бар!

Өмірдің өзекжарды сырларын көкірегіне тоқи білген жазушының бүкіл жан-сыры халқының тағдырымен бірге сабақтасып жатыр. Өзінің өмірбаянында:

. . . "Соғыс жүріп жатты. Елдің жаны жаралы, көңілі қаралы. Осы кезде өмір мен үшін өзінің беймәлім беттерін аша берді, халық тұрмысының небір сан тарауларын өз көзімізбен оқуға мәжбүр болдық. Кейіннен мұның біразын шамам келгенше "Бетпе-бет", "Ана - Жер -Ана", "Жәмила", "Шынарым менің, шырайлым менің" сияқты повестерімде көрсетуге тырысқан едім" дейді. Осынау сыр ғып айтқан сөздерінде талай шындықтың жатқаны аңғарылады. Жастайынан-ақ өмірді өте терең түсіне отырып, ой түйіп, өзіндік тұжырым жасай білгенін көреміз.

Шыңғыс Айтматов өмірбаянын төрт кезеңге бөліп топтап көрсетуге болады.

1928-1941. Балалық шағы. Соғыс лаңы. Өмірді тану мектебі.

1947-1957. Оқып үйрену, әлемдік әдебиеттің үлгілерімен танысу. Жазушы көзқарасының қалыптасу кезеңі.

1957-1967. Шығармашылық ізденіс жолы. Суреткер дәрежесіне көтерілу. Алғашқы кәлемді шығармалары.

1967 - жылдан бері қарай. Есімін күллі әлемге танытқан туындылар дүниеге келді. Әлем халықтарының тілдеріне аударылып, өз оқырманын тауып, шарықтап кетті.

Жазушы: "Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі ұлттың асылым бар. Бірі - "Манас", бірі - Мұхтар Әуезов. Бұл екеуі - менің қандас халықтарымның мерейі. Осы екеуіне иек артсам болғаны жат жұрт арасында жалым күдірейіп шыға келеді" деп тебірене толғанады. Шығармаларынан туысқан екі халықтың асқақ ойы мен арманы, бірдей есетін жазушының бұлай деуі әбден заңды. Жастайынан түбі бір туысқан қазақ, қырғыз халқының рухани қазынасынан сусындап өскен суреткер екі халықты бір-бірінен айырмай етене жақын ортақ санайды. Ол "Қош бол, Гүлсары" повесінде:

"Қазақтар келген екен", - деді ішінен Танабай . . . Күркіреуік өзенінің арғы бетінде жатқан қазақтар Шораны өз бауырындай көріп, әмме аймаққа сыйлы, қадірлі кісі ретінде құрметтеп, қазасына қайғырып, судан өтіп ертелете жетіп келген екен. "Рахмет, сендерге, қазақ туғандар, - деді сонда Танабай. - Ата-бабамыздан бері қарай қайғырсақ - қайғымыз ортақ, қуансақ - қ уанышымыз ортақ, жылаңдар, туғандар, жылаңдар туғандар, жылаңдар тағы да мына Шорасыз қалған бізбен бірге", - деп толғанады Танабай".

Ш. Айтматов шығармаларының ерекшелігін таныта түсетін қай кезеңде болмасын өміршең - ана, әйел тақырыбы әлемдік әдебиетте жарқырай көрінді.

Бойындағы бүкіл талант тасқыны, көркем сөз құдіреті арқасында суреткер қаламынан әлемге әйгілі болған Толғанай, Жәмила, Әсел, Сейде, т. б. тәрізді тұлғалы әйелдерді - аналарды көркем әдебиет дүниесіне әкелді. Таза ойлы, мөлдір сезімді, рухани жан дүниесі терең, төзімді, қайсар мінезді, намысшыл, шыдамды, адамгершілік қасиеті мол, аяулы әйелдер бейнесінің қайсысын алсақ та ана құдіретіне еріксіз бас иеміз.

Жазушы суреттеген сан қилы әйел тағдыры мен тауқыметіне бірге налып, бірге қайғырып, бірге мұңаясың, елжіреп езілесің. Олар қуанса, сен де шаттанасын! Белгісіз бір тылсым күштің арқасында өзіңді сол кейіпкерлермен бірге қоясың. Бұл, әрине, жазушы шеберлігінің баға жетпес шыңы. Кешегі сұрапыл соғыс әкелген бар ана қасіретін, жар қасіретін бір адамның (Толғанайдың) басына түгел сыйғызып берген бұл шығарма тебірентпей қоймайды. Толғанайдың сұрапыл соғыс әкелген қайғы-қасіретінде шек жоқ. Бірақ асыл ана жүрегі оған бой алдырмайды. Қиыншылықтың бәрін де қабырғасы қайыспай азаматтықпен көтере білді, қарсы күресті. Бұл - тыл өмірінің ауыртпалығын және білген барлық әйелдерге тән жиынтық қасиеттер.

"Бетпе-бет" повесіндегі Сейде қарапайым ғана қырғыз әйелі, күйеуі Смайылдың қашқындығын жек көре тұрып, қанша азаппен кешірген сияқты болып көрінгенімен, опасыздығына көне алмайды. Әсіресе Тотайдың жалғыз сиырын ұрлап әкеткен әрекеті жан түршіктіреді. Сейде енді ашық түрде қарсылық білдіреді. " . . . Осы жетімдердің аузын қаңсытқанша, өзіміздің құнажыңды сойғаның жақсы еді ғой" деген сөздері осыны дәлелдей түседі . . . Ол енді күйеуінің сатқын, бейшаралығын анық ұғынып, қатты психологиялық жан-күйзелісін басынан өткізеді.

Қарапайым әйел бойындағы күш-қуатын, белін бекем буған ол, өзі жасырып келген күйеуін енді өз қолымен ұстап беруге аттанады. Әйел төзімі шегіне жетеді. Бұдан артық қасірет жоқ шығар. Оған негіз болған түрткі - Смайылдың опасыздығы. Енді Сейде әділет жақтаушысы, арашашысы ретінде адамдық қасиет, аналық жүрекпен жана қырынан, биіктен көрінгенімен, Сейдеге бұл аса қымбатқа түсті. Жазушы шеберлігінің құдіреті де осы тұста шырқап көріне түседі. Абзал тұтқан асылының быт-шыт боп күйреуі, жан шошырлық психологиялық күйзеліс, ар, намыс азабы халық, ел ұғымы тоғыса келе өлім мен өмір арпалысындай сезіледі. Бұл, әрине, суреткер табысы, "жеңісі екеніне" көз жеткізе түсеміз.

Ш. Айтматов шығармаларының қай-қасысы болмасын адам жанын сұлулыққа белей отырып, ізгілікке, адамгершілікке үндейді. Жаны жайсаң, нәзік жүректі адал сезім иелері. Олар бізге тым жақын, өте ыстық, қымбат көрінеді. Әрқайсысының бойынан көрінетін ерекше құнды қасиеттер ешқашан ұмытылмайды. Жүрекке жазылып қалғандай әсерде қаламыз. Бұлардың барлығы - шынайы өмірден ойып алып шебер суреттелген кейіпкерлер. Айтматов талантының табиғаты мүлде өзгеше, ол - терең психолог, ол өзі суреттеп отырған кейіпкерлердің ірі отты сезімдерінің қақтығысынан туындайды. Сондай-ақ, суреткер өмір құбылысының қатпарындағы өзгелер аңғармай қалатын терең сырды еш уақытта қапы жібермейді, адам баласына деген сүйіспеншілік сезімнен таймайды. Жазушы өнеріне ерекше, өзіндік сипат беріп тұрған да осы қасиет болса керек.

"Шынарым менің, шырайлым менің". Қарапайым әңгіме-баяндаудан тұратын осы повесті тебіренбей, толқымай оқу мүмкін емес. Диалогқа құрылған шағын сюжеттің өзі сондай нанымды, оқиғаны әсерлендіре түсіп, кейіпкердің бар болмысын, шын сырын, ішкі әлемін аша түседі. Сезіну мен түйсінудің, қуану мен күрсінудің не екеніне тағы бір көзің жеткендей болады.

Мәтінге үңілейік: " . . . Бір күні колхозға бара жаттым. Жол тауды бөктерлеп өтеді . . . Бірақ ауылға жете бергенде, бір арыққа түсіп кетпесім бар ма . . . Машина лайға әбден батқан, тас кенеше жабысып жіберер емес . . . Тағы да кірдім машинаның астына. Батпаққа батып, терлеп-тепшіп жатырмын, жолды да сыбап қоям. Біреудің келе жатқан дыбысын естідім. Төменде жатқан маған резина етігі ғана көрінеді. Етік жақындай кеп қарсы алдыма тоқтады. Тұр. Жыным келіп кетті. Неменеге таңырқап тұр. Цирк дей ме екен.

- Тұрма, өт шапшаң, тынысымды тарылтпай! - деп айғайладым машинаның астында жатып. Сары ала боп былғанған көнетоз көйлегінің етегін көзім шалып қалды.

Сірә, машинаға ілесіп, ауылға жетіп қалғысы келген кемпір болар.

- Жүре бер, әжетай, - дедім. - Мен әлі біраз жатам. Шыдамың жетпес . . . Ол іле жауап қатты.

- Мен әже емеспін.

- Енді кімсің?

- Қызбын.

- Қызбысың? - Сасқалақтап қайтадан етігіне қарадым. Айғайлағанымды ерсі көріп, ойынға айналдырдым:

- Сұлусың ба?

Етік тыпыр-тыпыр етіп, бүйірге қарай аттады. Кетуге ыңғайланды. Машинаның астынан шыға келдім. Қарасам, қарсы алдымда нәп-нәзік бір қыз тұр. Басында қызыл желек, қабағын қатулана түйген . . .

. . . Маған үнсіз қарап тұр.

Сазға белуарыма дейін батқанымды ұмытып та кетіппін.

Ол расында да сұлу еді . . . "

Осы алғашқы кездесу сәті оқушы көңіліне үлкен із қалдырады.

Шофермен бірге кездескен жолаушының әже емес, сұлу қыз боп шыққанына сен де жүрекжара шын қуанғаныңды өзің де білмей қаласың. Әйтеуір бір тылсым күш өзіне тарта түседі.

Автор, оқиға өзегін түпсіз тереңнен аршып алады да, жеріне жеткізе ширықтыра береді . . . (Тек ілесе біл) .

Оқиға желісі әр түрлі қимыл, іс-әрекеттің аясында дамып, ілгерілеп әріле түседі. Асыл сезімнің қайнар бұлағы мөлдір де таза жарқырай көрінуі әңгіменің табиғи шынайылығында жатса керек. Әсел мен шофер жігіттің психологиясын түпсіз тереңіне бойлап, шебер суреттеген ішкі жан толғанысын бейнелейтін (деталь) сәттер ерекше әсерге бөлейді. Шығарманың идеялық-эстетикалық мазмұнын аша түсетін негізгі көркемдік құрал болып символикалық бейнелер шығармада шешуші, маңызды мәнге ие болған. Олар жеке емес, мазмұнымен тұтасып көрінеді.

Мәтінге үңілейік:

" . . . Суға төніп кеп, паң жарқабақтың үстіне тоқтадық.

Қайран, қырғыз жерінің мәңгі-бақи жыры боп өткен Ыстықкөл. Осынау теңіз ғашықтардың ән-жыры мен аңызына толы дегенге кім сенбес?! Мөлдіреп, құлпырып, шалқып жатты көк теңіз.

- Қарашы, Әсел, аққуларды қара! - деп айғайлап жібердім. Аққулар Ыстықкөлде күзде ғана болады, қыстап шығады. Ал көктемде өте сирек ұшырасады . . . Кешкі көлдің үстінде бір топ аққу қалықтап жүр . . . "

Автор айдың көлдің аруы, құс біткеннің сұлуы Аққуды бұл жерде таза көк көңіл, қасиетті сезіммен сабақтастыра алғанына көз жеткіземіз.

Қуаныштан жүректері алып ұшқан қос ғашық сезімінің асып-тасып шалқығанын жазушы ерекше шабытпен суреттеген. "Кабина ішінде көлге үңіліп үнсіз отырмыз.

. . . Әсел жалт қарады да, кеудеме басын салды. Аймалап құшақтайды. Күледі де жылайды, тағы күледі . . .

. . . Бұүрынғыдан күшейіп, есейіп кеткен тәріздімін. Өзімде осынша жылылық, мейір барын, жақын адамың боп, оны қызғыштай қорып, құрақ үшу дегеннің бір керемет екенін білген де емес ем". Адамға ерекше күш, қуат берген махаббат, сезім құдіретіне сүйсіне түсеміз.

. . . "Әлі есімде, сол күні кеште театрдан "Шолпан" балетінің трансляциясын беріп жатыр екен. Сол балетте жыр боп шертілген махаббаттың өзіндей нәзік те құдіретті музыка жоталардан, асқар таулардан асып кеп кабина ішіне құйылып жатыр . . . Зал гу-гу . . . Бірақ театрда отырғандардың ешқайсысы нөсерлей құйған жауынның астында, буырқанған тентек тасқын жағасында, кабина ішінде отырып, біз бастан кешкен қуанышты, жан толқындарын дәл сол халде бастан кешкен жоқ шығар деп ойлаймын. Бұл - біздің балет еді.

Бақытын іздеп дүние кезіп кеткен Шолпан қыздың тағдыры біздің де жүрегімізді тербеді. Ал менің өз Шолпаным - таң алдында толықсып туған жұлдызым өзіммен бірге, қасымда. Ол менің иығыма сүйенген күйі, түн ортасы кезінде ұйықтап кетті . . . "

Осы жолдардың өзінен-ақ көрінетін толғана айтқан жігіт сыры әсемдіктің алыс әлеміне жетелейді. Иә, бір-бірін риясыз таза пәк көңілмен тауып қосылып, жарастық тапқан жас отбасының бақытты да қуанышты сәттері, Ілиясқа бар болмысымен, жан-жүрегімен берілген Әсел сезімі оқырман жүрегін нұрға бөлейді,

Енді бірде жүрегін қуаныш тасқыны кернеген жігіттің Долан асуының биік қиясына шыға келіп, қалқып жүрген бұлттармен астаса шыққан жүрекжарды үнін естиміз:

- "Ә-әй, асқар таулар! Ұлым бар менің, ұлым бар! Тау сілкініп кеткендей боп көрінді. О да маған үн қосады, шатқалдарды шарлап көпке дейін басылмады жаңғырық".

. . . Әке болу бақытына ие болған жас жігіттің алып ұшқан көнілің, асқақ үн, тебіреніспен көркем де табиғи суреттей отырып, автор өмір сүрудің қымбаттығын паш етеді.

. . . Әңгіме желісі ары қарай өріледі. " . . . Тату-тәтті тұрдық, бір-бірімізді сондай сүйдік. Ал сонсоң, сонсоң барып қайнады менің сорым . . .

Бақытсыздыққа қалай тап болғанымды біле алар да емеспін. Бәрі де асты-үстіне кеп, астан-кестен болды. Дегенмен, өзім ептеп сеземін де, бірақ одан келіп-кетері не . . . тәйір . . . " деп, жігіт әңгімесі жалғасқанда, оқырман жүрегі шаншып кеткендей әсер алады. Еріксіз: "Тоқта, не болды, әттеген-ай, неге, неге?" деп айғайлап аласұрасың. Жан даусың шыққандай күйге түсесің. Опық жеген жігіттің өкінішті тағдыры өзегіңді өртейді. Міне, жазушы құдіреті осында жатса керек.

Жазушы әңгіме барысында Долан асуы, табиғат көріністерін жайдан-жай сөз қылмайды, оны авторлық ойды тереңдету, қаһарманның ішкі әлемін, көңіл күйін аша түсу үшін пайдалана отырып, кейіпкерлердің ой-сезімімен астастырып, өзінше жүк арқалатады.

- Шалыс басқан қадамы жігіт өміріне осы Доланның ақ түтек боранын соқтырып, жарқыраған жазынан түк қалдырмайды. Автор бақытсыздыққа тап болу аяқ-астынан екеніне көз жеткізе отырып, өмірдегі сәтсіздікті, тұрмыс тауқыметін адамдық парыз үлкен жауапкершілік, ірілікпен жеңе білуге үндейді.

Басындағы бағыңды аялап, сақтай білмесең, қапы қалып, орны толмас өкінішке ұрынатыныңды суреткер дөп басып, ашык көрсетеді.

" . . . Бірақ өмір өз дегенін істеді. Бұлай болар деп ойлаппын ба? . . . Есік ашық, қаңырап тұр. Иесіз үй азынап, жағылмаған қара пештен бір ызғар келеді. Саматтың кереуетіне жетіп барсам, о да бос.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР
Шыңғыс Айтматов
Жазушы өзінің туған жері туралы бір сөзінде
Қалтай Мұхамеджановтың прозалық шығармаларды аудару шеберлігі
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Қырғызстандағы туризм
Әуезов Мұхтар Омарханұлы
АБАЙ ЖӘНЕ МҰХТАР: ҮНДЕСТІК ПЕН БАЙЛАНЫС
Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы
Қазақтың ХХ ғасырдағы мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz