Қазақстанның түрік халқына моңғол шапқыншылығы
Шыңғыс хан шапқыншылығы.
ХІІ ғасырдың аяғы- ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан
далаларындағы саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар одағы билеушілерінің
арасында басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің күшеюімен
сипатталады. Осы күрестің барысында моңғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғыс
хан) Орталық Азия тайпаларын біріктірді, сөйтіп ол Орталық Азия даласындағы
ең құдіретті жаулап алушыға айналды. Керейіттер ханының наймандармен,
монғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучиннің атағы
шыға бастады, ол соғыстарға Ван- ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғыс хан
белсене қатысты.
Темучин керейіттер мен наймандар ұлыстарының билеушілерін талқандаған
кезде ол Орталық Азия далаларындағы бірден- бір құдіретті қолбасшыға
айналып, мұны саяси тұрғыдан баянды етті. 1206 жылдың көктемінде Онон
өзенінің сағасында Темучинді жақтайтын көшпелі шонжарлардың құрылтайы
өткізіліп, сонда ол тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті ақ ту желбіреген
жағдайда салтанатты түрде ұлы хан деп жарияланды. Сонымен бірге құрылтай
Темучинге Шыңғыс- хан атағын бекітіп берді, бұл оның өз есімінің орнын
басты. Темучин – Шыңғыс хан былай деп мәлімдеді: Мен... түрлі мемлекетті
ақиқат жолына бағыттап, халықтарды өзімнің біртұтас билігіме қараттым.
Мүмкін, ол, Батыс пен Шығысқа жасаған жорықтарының нәтижесінде өзінің
қандай шыңдарға шығатынын білмеген де болар, атап айтқанда, қашқан
наймандар мен меркіттерді қуалай отырып, оларды 1208 жылы Ертіс
жағалауында екінші рет талқандады.
Бірлесіп қимылдаған меркіттер мен наймандар тобын 1209 жылы ұйғыр
идиқұты (билеушісі) өз иелігіне өтуге әрекет жасаған кезінде тас-талқан
етті. Соның салдарынан олардың жолдары екі айырылды.
Талқандалудан аман қалған найман тайпаларын Күшлік хан Жетісудағы
қарқытайлықтар иелігіне әкетті, ал меркіттер Орталық Қазақстан
далаларындағы қыпшақтарға қашты. Наймандардың едәуір бөлігімен Жетісуға
ығысқан Күшлік хан онда қалыптасқан күрделі жағдайды пайдаланып қалуға
тырысты.
Аласапыранның басты кінәлілері Шығыс Түркістандағы Тұрфан князьдігінің
ұйғыр идиқүұты және қарақытайларға вассалдық тәуелділікте болған Жетісу
қарлұқтары мен қаңлылардың мұсылман билеушілері еді. Бірсыпыра уақыт бойы
Жетісу мен Шығыс Түркістанның жергілікті князьдіктері қарақытайлардың
жоғарғы билігін таныды, бірақ ХІІ-ХІІІ ғасырдың шебінде іс жүзінде
тәуелсіз болып алды. Сондықтан қарақытайлардың гурханы (билеушісі) найман
жауынгерлерін бағынбайтын вассалдарын басып- жаныштау үшін пайдаланбақшы
болып үміттенді. Гурханның сеніміне кірген Күшлік хан 1210 жылы гурханды
тақтан тайдырып, мемлекеттегі биліктің басын алды, бірақ гурханды өлтіруге
батылы бармай оған биліктің сыртқы белгілерін қалдырды. Күшлік
қарлұқтарды, қаңлылар мен ұйғырларды өзіне бағындыруға ниеттеніп, оларға
қарсы ойран салған шабуылдар жасады.
Осындай жағдайда қарлұқтардың Арслан ханы, Іле өзенінің аңғарларындағы
Алмалықтың билеушісі Озар (Бұзар), ұйғыр билеушісі Баршық арт- тегін
наймандардың жауы Шыңғыс хан маңғолдарынан көмек сұрауға мәжбүр болды.
Арслан хан мен Баршық арт-тегін өз иеліктері шегіндегі қарақытай
наместниктерін өлтірді.
Бұл билеушілердің 1211 жылы Шыңғыс ханға бағынғаны қытай, монғол және
мұсылман (араб- парсы тілдеріндегі ) жазбаша деректемелерінде егжей-
тегжейлі айтылады.
1211 жылы Жетісуға моңғолдардың алғашқы келуі сол оқиғаларының салдарынан
болған еді.Бірақ олар ұзақ уақыт болған жоқ, өйткені Шыңғыс хан оларды
солтүстік Қытай жеріндегі Цзинь империясымен соғысуға кері шақырып алды.
1216 жылы бұл науқан ойдағыдай аяқталғаннан кейін моңғолдар Батысқа
қарай жылжуын қайтадан бастады. Шыңғыс хан өзінің үлкен ұлы Жошыға
қыпшақтарға қашып ибарған меркіттерді қыруға, ал сенімді қолбасшыларының
бірі Жебе- ноянға Күшілік ханды жазалауға бұйырды. 1218 жылы Күшілік хан
талқандалды да, моңғолдар оның Жетісудағы иеліктеріне кірді, оларды
христиан наймандар мен будистердің қысымынан қатты зардап шеккен жергілікті
мұсылман тұрғындары қуана қарсы алды.
Күшіліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргеннен кейін моңғол қолбасшысы
Жебе- ноян жаршылар арқылы хабарлатып әскерлерге бейбіт тұрғындардың
мүлкіне тиісуіне тиым салынсын, ал мұсылмандарға найман билеушілерінің
тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету құқығы қайтарылсын деп бұйрық
берді. Қашып кеткен Күшілікті Моңғолдар Бадахшанда қуып жетіп, басы алынды.
Жошы хан Қазақстанның Торғай далаларында меркіттермен шайқасып, оларға
күйрете соққы бере ыдыратып жіберді. Бірақ келесі күні оған Хорезм шахы
Мұхаммедтің 60 мыңдық әскері шабуыл жасады, ол Сырдарияның төменгі
ағысындағы Женттен қазіргі қазақ далаларында мекендеген көшпелі қыпшақтарға
жорыққа шыққан әскер болатын. Бұл шайқаста ешқайсысы жеңіске жеткен жоқ.
Бірақ жалпы алғанда бұл кездейсоқ қақтығыс хорезмшахқа қатты әсер етті.
В.В Бартольдтің пікірінше, Шыңғыс хан 1219-1221 жылдары хорезмшахтардың
мемлекетін шапқан кезде оның моңғолдармен ашық шайқасқа неліктен шықпаған
себептерінің бірі осы болған. Ал, бұдан әрі монғол -хорезм қатынастары
барған сайын шиеленісе берді де, соғысқа әкеп соқты.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік
Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Басып кіруге Отырар опаты деп
аталатын жағдай себеп болды. Шыңғыс хан мен хорезмшах Мұхаммед арасында
соғыс болмай қоймайтын еді және оған соңғысының немесе оның Отырардағы
вассалы Ғайыр-хан Иналшықтың әрекеті себеп болды: Шыңғыс ханның империясы
Орталық Азияның көшпелі қоғамы үстем топтарының белсене қатысуымен құрылған
еді, сондықтан жаңа мемлекет осы үстем топтың мүдделерін білдіруге тиіс
болатын. Ал көшпелі шонжарлар үшін жаңа жерлерді жаулап алумен қатар соғыс
олжасын да әкелетін үздіксіз соғыс өндірістік қызметтің рөлін де атқарған.
Орталық Азияның саяси біріктірілуі тайпа аралық ішкі соғыстардың тиылуына
жеткізді. Оны көшпелі шонжарлардың тұрақты баю көзі- соғыс тоқтатылмағаны
былай тұрсын, керісінше, ұлғайтылған жағдайға ғана қолдауы мүмкін еді. Сө
йтіп Шыңғыс хан көшпелі шонжарларына ішкі өзара қырқыстардағыдан гөрі соғыс
олжаларын қолға түсіріп, баюға теңдесі жоқ мол мүмкіндіктер және сонымен
бірге бай егіншілік елдерді қанау мүмкіндіктерін берген сыртқы жаулап
алулар жолына түсті. Көшпелі шонжарлардың мал өсіретін ірі шаруашылықтары
үшін жаңа жайылымдарды басып алуға ұмтылыс та аз ынта-ықылас туғызған жоқ.
Шыңғыс ханның соғцыстағы жеңіске жету себептерінің бірі оның Түрік
қағанаты ыдырағаннан кейін Орталық Азия мен Қазақстанның ең үлкен бөлігінің
әскер күштерін, монғол тайпаларын ғана емес, түрік тайпаларын да біріктіруі
болды.
Түрлі тілдегі жазбаша деректемелерде Шыңғыс ханның құдіретті империясы
едәуір дәрежеде Қазақстан далалары бір бөлігі болып табылатын Орталық
Азияның түрік тайпаларының негізінде құрылғаны көрсетіледі.
Монғол мемлекеттілігінің негізіне түрік дәстүрі елеулі ықпал жасады.
Шыңғыс хан империясы ұйымдастырылуының мәні сонау Түрік қағанатында туып,
наймандар мен керейіттер ұлыстарында дамытылған әскери-әкімшілік жүйе
болды. Ұлыстардың әскерлері жүздіктерге, мыңдықтарға, түмендерге бөлінді.
Шыңғыс хан империясының халқы да осы осы әкімшілік бөліністер бойынша
бөлінді.
Шыңғыс хан қолының Қазақстан мен Орта Азия аумағына жорығы оған Шығыс
Европа мен Алдыңғы Азияға жол ашып берді. Қазақстан мен Орта Азияға жорық
жасауға Шыңғыс хан зор мән берді, сөйтіп оған ұзақ уақыт және мұқият
дайындалды. Мұсылман көпестері мен моңғолдарға қызмет еткен қашқындардан
қарақытайлар мемлекетінің, сонан соң хорезмшахтың ішкі жағдайы мен әскери
күштері туралы мағлұматтар алынып, солардың негізінде ойластырылған іс-
қимыл жоспары жасалды.
Шыңғыс ханның жеткен жеңістері туралы хабар Орта Азияда алуан пікірлер
тудырды. Хорезмшах Моңғолияға бірінен соң бірін- екі елшілік аттандырды. Өз
тарапынан Шыңғыс хан да елшілік жіберді. 1218 жылдың көктемінде хорезмшах
Мұхаммед осы елшілікті қабылдады.
Содан көп кешікпей Шыңғыс хан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500
түйеден тұратын керуенде моңғол жансыздарын қоса есептегенде барлығы 450
адам болатын. Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп
жетті. Отырырдың билеушісі қыпшақ Ғайыр- хан Иналшық көпестерді тыңшылық
жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс
хан Ғайыр ханды ұстап беруді талап етті, бірақ хорезмшахтың бұл талапты
орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл
Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы соғысына себеп болды.
Тіпті хорезмшах Ғайыр-ханды моңғолдарға ұстап бергісі келсе де, оның
мұны жүзеге асыруы екі талай еді. Ан-Нисавидің айтуы бойынша :ол оған
(Шыңғыс ханға) жөнелте алмайтын еді, өйткені әскердің көп бөлігі мен жоғары
дәрежелі әскербасылар соның (Иналханның) қыпшақ туыстары болатын. Оның
кестесіндегі өрнекті және оның түйінінің негізін солар жасап, оның
мемлекетінде толық билік жүргізді.Хорезмшахтың мемлекетінде орта
ғасырлардағы Қазақстан далаларынан шыққан қыпшақтар осындай ықпалға ие
болған. Шыңғыс ханның хорезмшахпен соғысу үшін жинаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz