Шыңғыс хан империясының хандық дәуірі
Жоспары:
І. Кіріспе
Шыңғыс хан империясының хандық дәуірі
ІІ. Негізгі бөлім
1. Монғол мемлекетінің саяси тарихы
2. Шыңғыс ханның Орта Азияға және Батыс мемлекеттеріне жорықтары
3. Шыңғыс хан қазақ жерін және Монғол мемлекетін ұлыстарға бөлу
процесі.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Шыңғыс хан ХІІІ ғасырда Түрік дүниесін құрайтын түрік тайпалары,
ұлттар мен елдерді өзі құрған империяның билігіне біріктірді. Сол себептен
де, бұл мемлекет құрылған территориясы, оны басқарған адамдарды өркениеті
және қолданған мемлекетіне дәстүріне байланысты Түрік-монғол мемлекеті деп
аталады.
Монғолдар кезеңінде үлкен территорияның монғол билігінде
біріктірілген сауда өміріне қажетті малжан қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Мысалы: Шыңғыс ханнан бұрын Бағдаттан Бұқара қаласына барған бір керуен 18
жерге салық төлеуге мәжбүр болса, саудагерлер Шыңғыс хан және одан кейінгі
дәуірлерде Жібек жолымен қауіпсіз түрде саудаларын жалғастырған. Сол
себепті болса керек француз тарихшысы Шантал Лю Мерсиер әлемдік саудада
пайда болған осы өзгеріске бұл ғасырды Монғол бейбітшілігі деп көрсеткен.
Шыңғыс хан мен ұлдарының дәуірінде кең мағынада дін мен сенім
бостандығы болып, қарақұрым қалалары ғылым мен өнер адамдарының кездесу
және қызмет ету орталығына айналды.
Шыңғыс империясының батысқа таралуымен бірге Дивану лұғат-Түрікте
аттары аталған ұйғыр, қыпшақ, қарлұқ, яғма тарихи қауымдары өз салт-
дәстүрлерін жоғалтып, жаңадан құрылған монғол мемлекетінің негізін құраған.
Шыңғыс хан құрған мемлекеттің негізгі орталығы Қазақстан жері.
Қазақтың атамекені болып табылатын Қазақстан жері қазіргі кезде тек
атауларымен ғана емес, түрік мемлекетінің құндылықтарын сақтап қалуымен
ерекшеленеді.
Тарихи деректерде Шыңғыс хан құрған мемлекеттің негізін қалаушылар
ретінде көрсетілген найман, қоңырат, керейт сияқты рулардың бүгінгі қазақ
рулары болып шығуы да Шыңғыс хан жүргізген саясаттың нәтижесі болып
табылады. Шыңғыс мемлекетінің негізгі астанасы болып – Қарақорым аталады.
Мінеки, осылайша Шыңғыс хан мемлекеті құрылуымен бірге бірнеше түрік
тайпалары немесе қауымдары өздерінің құрылымын жоғалтып, жаңа тайпалар
ретінде өмір сүрген. Мұнан бөлек кейбір монғол руларының да түріктену
нәтижесінде дәл сондай атаумен қазақ руларының ішінде жүруі де, Шыңғыс хан
мемлекетімен немесе Түрік-монғол империясының жүргізген саясатымен тығыз
байланысты.
Шыңғыс империясының хандық дәуірі Шыңғыс хан (Темучин) бастаған
монғолдар ХІІІ ғасырда Жүнғонның солтүстігінде ұлан-байтақ өнірде жер-
дүниені зілзалаға келтірген аса құдіретті монғол патшалығын құрды.
ХІІ ғасыр мен ХІІІ ғасырдың межесінде монғолдардың қоғамдық
экономикасы жедел дамып, феодалдық қатынастар қалыптаса бастады.
Монғолдардың боржегін тайпасынан шыққан Есугей батырдың баласы Темучин-
Шыңғыс хан (1155-1227 ж.ж.) өзінің бәсекелестерін бірінен соң бірін жеңе
отырып, бытыраңды монғол тайпаларының басын қосып, монғол тайпаларының
саяси бірлестігін құрды. Осыдан соң күн санап күшейе түскен Темучин өзінің
төрт төңірегіндегі тайпалар мен ұлыстарға шабуыл жасады. 1206 жылы
көктемде Онан өзенінің жағасында ашылған ру-тайпа ақсүйектерінің құрылтайы
Темучинді хан көтеріп, оны Шыңғыс хан деп жариялады. Сөйтіп, Шыңғысхан
билеген монғол патшалығының іргетасы қаланды. Оның бұл кездегі
территориясы: шығыста Хынған тауынан, батыста Алтай тауына дейінгі,
солтүстікте Байкал көлінен, оңтүстікте Жин патшалығының шекарасына дейінгі
ұлан-байтақ өңірді қамтыды.
Шыңғыс ханның ұйымдастырушылық қабілеті арқылы монғол қауымы саны
жағынан өзінен көп болған басқа да бай қауымдарды өзіне бағындырып, оларға
үстемдік еткен. Мемлекеттің осы ерекшелігіне байланысты саяси құлдыраудың
артынша жаңа мемлекеттер құрылған. Шыңғыс хан құрған осы мемлекет басқару,
әскери және мәдени жүйесі тұрғысынан өзінен бұрынғы Түркістанда құрылған
түрік мемлекеттерінің жалғасы сияқты болып көрінеді.
Осы ерекшелігіне байланысты бұл мемлекетті түрік-монғол империясы деп
атауға болады.
Сондай-ақ, монғол оқиғасы нәтижесінде бүкіл түрік тайпаларының
барлығының дерлік бір саяси ұйым билігіне бірігуі мүмкіндігі туған.
Монғол тайпаларының барлығы Шыңғыс ханның ұлысы болып саналады. Олар:
оң қол (барун ғар), сол қол (жұн ғар) және орталық деп үш бөлікке бөлінеді.
Әрқайсысы бөлек өз ішінен түмендік, мыңдық, жүздік және оңдықтарға бөлінді.
Ең үлкен әкімшілік бөлік бір түмен (он мың) әскер шығара алатын иелік
есептелді. Шыңғыс ханның барлық қарулы кұштері әрқайсысында мың әскер бар,
тоқсан бес мыңдықтан құрылды. Оларды нояндар, батырлар, мергендер және
шешендер басқарды. Шыңғыс ханның өз қасында он мың сайлауыттан сараланған
кешігі болды.
Шыңғыс хан шыққан боржігін (боржігіт) руы-алтын ұрпақ деп аталады.
Шыңғыс ханға қараған монғол халқы оның руының мүшелеріне-балаларына және
туыстарына бөлініп берілді. Олар өздерінің үлестеріне тиген тайпаларға
тикелей билік жүргізіп отырды. Шыңғыс хан өзінің шешесі Ұлан Екеге он мың
үй бөліп берді. Ал балаларына- үлкен ұлы Жошыға тоғыз мың үй, екінші ұлы
Шағатайға сегіз мың үй, үшінші ұлы Үгедейге бес мың үй, төртінші ұлы Төлеге
бес мың үй берді. Шыңғыс ханның қол астына қараған барлық ер-азамат әскер
деп есептелді, соғысқа жарайтын әрбір арат (шаруа) өз бастықтары шақырған
күні қару-жарағын алып, атын мініп, жорыққа қатынасуға міндетті болды.
Шыңғыс хан монғол ту-тайпаларының басын бір жерге қосып, олардың
халық болып қалыптасуына себепші болды.
Сөйтіп, бұл заманына сай алға басарлық фактор болған еді. Осы
нәтижелер арқылы Шыңғыс хан бастаған монғол әскери феодал-шонжарлары
жаулаушылық соғысты үдете түсті.
1207-1208- жылы қыста Шыңғыс хан үлкен ұлы Жошы бастаған монғол
әскерлері Оңтүстік Сібірдегі Орман халықтарын ойраттарды, буряттарды,
якуттарды бағындырды. Енисейдегі қырғыздардың билеушісі Арыс Айнал
Алдиярұлы бек, ақ сұңқар, ақ тұлпар, қара бұлғын ішік тарту етіп, Жошыны
қарсы алып, соғыссыз бағынды.
1207-1209 жылдарда Шыңғыс хан бастаған монғол әскерлері Таңғыт
хандығын жаулап алды. 1207-1209 жылдарда Шыңғыс хан бастаған монғол
әскерлері Таңғыт хандығын жаулап алды. ТұрпандағыИдиқұты Брачұқ өз еркімен
Шыңғыс ханға бағынып, оған тәуелді боданға айналды. 1211 жылы Шыңғыс ханның
қолы солтүстік Жұңгоға қарай бет алды. 1215 жылы олар сол кезде Жин
әулетінің астанасы болып тұрған Ханбалықты (Биженді) басып алды.
1218 жылы Шыңғысхан Жебе ноян бастаған жиырма мың әскерін Күшлікке
қарсы жетісуға қарсы аттандырды. Шыңғыс ханнан жеңіліп, Жетісу өңіріне
келген найман Таян ханның баласы Күшлік хан бұл арада батыс Ляу
патшалығының үкіметін тартып алып, бір мезгіл дәурен сүріп тұрған болатын.
Күшлік ханның жаулап алған жеріне жасаған қаталдығы, әсіресе мұсылман дін
басыларын қырғындауы жергілікті халықтың наразылығын қозғаған еді. Халықтан
айырылған Күшлік хан соғыста жеңілді де, Бадақшамға қашып, Сарыққолда
өлтірілді.
Қазақ халқының Шыңғыс хан патшалығына қарсы жиырма жылдық қажырлы
күресі жеңіліспен аяқталды.
Елі мен жерін қорғау үшін шапқыншылыққа қарсы күрескен хандар қаза
тапты. Шыңғыс хан олардың бытыраңқылығы мен алауыздығы пайдаланып жеке-жеке
талқандады. Ол қарсыласқандарға садақ, тізе бүккендерге табақ тартты.
Негізінен Шыңғыс хан мен оның отбасы туралы сенімді шығармалардың
көшбасында монғолдардың қупия тарихы келеді. Еңбекте Батачи ханның
тегінен шыққандар жеке-жеке айтылып, Темучиннің әкесі Есугей Бахадурге
дейін 20 адамның есімі берілген. Осы тізімдегі соңғы үш есім Бартан-
Бахадыр, оның ұлы Есугей Бахадур және оның ұлы Темучин. Шыңғыс ханның атасы
Бартан. Бахадырдың Меңгетухян, Некун-Пайзы, Есугей Бахадур және Даритай-
Отчичын деген төрт ұлы болған. Шыңғыс ханның анасы Олкунаут тайпасынан
шыққан Ослун Хатун еді. Онон өзені алқабында Демун Болдақта Шыңғыстың оң
қолынан асықтай қан болған. Есугейдің Демун Хатуннан Темучиннен басқа
Касар, Качиун, Тешуге деген үш ұлы және Темулун деген бір қызы болатын.
Темучин монғол дәстүрімен бала кезінде Бөрте Хатунға үйленеді. Әкесінен жас
кезінде айырылғандықтан өзі мен бауырларын анасы Ослун Хатун өсірген.
Темучин өз тайпасын бақылауға алғаннан кейін бауырларымен бірігелді.
Жетістіктерге жетумен бірге, жақтастары да көбейген. Сол себепті достары
оған бәсекелес немесе дұшпан болуы мүмкін еді.
Шыңғыс ханның отбасы, балалық және жастық шақтары сондай-ақ монғол
мемлекетінің құрылу кезеңі туралы мәліметтер өте аз, шектеулі ғана.
Темучиннің өмірге келуі туралы әпсаналар оны қасиеттендіріп, оның теген
Оғыз қоғанмен байланыстырылды.
Осы мәліметтерге қарап кейбір зерттеушілер Шыңғыс ханды Оғыз қаған
тегінен шыққан деп, оның түрік тектес екендігін дәлелдеуге тырысады.
Аталмыш дәуірде ұлы билеушілерді Оғыз қаған және т.б. тектерден
шыққан деп есептеу дәстүрі бар еді.
Біз Шыңғыс ханның отбасы, балалық және жастық шағына емес,
баяндамамызға қатысты Шыңғыс ханның мемлекет түсініг, саясаты және Шыңғыс
арқылы әлемдік мәселеге айналған түрік-монғол мәселесіне тоқталғымыз
келеді. Шыңғыс ханнан бұрын өз аймағында көбінесе Түрік мемлекеттерінің қол
астында өмір сүрген монғолдар Шыңғыс ханның ұйымдастырушы болашақты
болжаған мемлекет түсінігінің нәтижесі ретінде аз уақыт ішінде жұмыс
құрылымдарын біріктіріп, әуелі жақын көршілерінде, кейіннен сол аймақта
билік құрған.
Шыңғыс ханның ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Түрік, Монғол
және басқа да қауымдар мен тайпалар осы мемлекеттің құрамында өмір сүріп,
басқару жүйесінде де қызмет атқарған. Шыңғыс хан құрған империянның өзегін
монғолдар құраса да халқының, әскерлерінің көпшілігі, әсіресе әкімшілік
басқаруда қызмет атқарғандар негізінен түріктер еді. Монғол әскеріндегі
түрік текті жауынгерлердің басым бөлігін монғол жауынгершілігі кезінде
басып алынған территориялардағы халықтан құрылған әскерлерді хашерлер деп
атаған.
Түріктену әрекеті монғолдардың батыстағы өкілі Алтын Орда, Шағатай
және Илханлыларда ХІІІ ғасыр соңында анық байқалады. Шыңғыс хан өз
империясында ондық жүйені құрып, біршама түрік мекемелері мен көне түрік
салт-дәстүрлерін жалғастырғандықтан, кейбір зерттеушілер оның мемлекетін
Түрік-монғол мемлекеті ретінде қарастырады.
Тек мына жағдайды ескермеуіміз мүмкін емес: Шыңғыс хан өмірінің
соңына дейін құрған мемлекетін өз тайпасының, яғни монғолдардың жекеменшігі
ретінде қабылдаған.
Шыңғыс ханның бұрын монғолдар өз салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары
бойынша өмір сүрген. 1206 жылы жиналған монғол құрылтайынан кейін
монғолдардың әлеуметтік өмірінде үлкен әрі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz