Шыңғыс ханның балалық шағы


Шыңғыс ханның балалық шағы.
Бұдан 830 жыл бұрын, жылқы жылы көкектің 16- сында Есукей баһадүрдің киіз туырлығының астында бір перзент дүниеге келді. Көшпелілер әулеті атыспай - шабыспай жүрген бе, кеше кешке қолға түскен татар батырлар Қарабұқа мен Темужин оң жақ босағада байлаулы жатты. Қуақшың күң баланың кіндігін кесіп, оның қолындағы шеңгелдеген қара қанды жаман ырымға жорып, тезірек алып тастады. Нәрестенің қолы мұндай қатты болар ма, шырылдаған баланың ащы даусынан шошып оянған Есукей басын көтеріп үңіліп еді, Қабыл ханның ұрығына тартпаған, ұйысқан жирен шашты, шегір көзді нәрестені көріп, жүрегі дір ете түсті. Қырық төрт жасында зарығып көрген перзент қандай ыстық. Ол меркіт сарбазы Шіледудің ай мен күндей қалыңдығын Әуелімді қалай олжалағанын еске алып күрсінді. Бейшараның өңінде де көре алмапты -ау. Төбе айналдырып қуа жөнелді. Бақ сынасқан батырлар дәуірінде жауды да бағалаған ғой, татардың байлаулы жатқан батырындай болсын деп Есукей оған Темужин деген ат қояды. Бұл есімді бұдан 27 жыл өткенде моңғолдардың басын қосып, жеңіске жеткенін бағалаған Керейдің Торы ханы Жеңісхан-деп өзгертті. Дуалы ауыздан шыққан баталы сөз сонан былай Жеңісхан - Шыңғыс хан болып аталып кете береді.
Немістің ұлы ойшылы Маркс, француз Наполеон мен үнді көсемі Неруге дейін, қазақтың кемеңгер ұлдары Шоқан, Абай мен Жапония жазушысы Иноуе Ясушиге дейін осы бір әйдік жан туралы өз ойларын ортаға салған екен. Бірақ шытырман тағдыр Шыңғыс хан өмірінің аңызы мен ақиқатты таусылмай ғасырдан ғасырға жылжып барады.
Ақ Қорғаннан Орал тауына дейіе кең - байтақ өлкеде түркі тектес Тұран халықтары мидай араласып өмір сүрген кез. Батыста тұрандықтар Еуропадан бері төнген қауіп - қатерден қалқан болса, күншығыста
Нирун - моңғолдар (Нирун - '' Арқа елі'' деген сөз) құжынаған Ханзу жұртынан қоғап '' қалқа'' болып, тайталаса тарих көшіне ілікті. ''Құс жолы елі'' деп аталатын ханзулар іргесінде ''Үш өзен моңғолдары'' ежелгі көк түріктің ата жүртының алдыңғы жағына орналасты. Руы боржыған, 1084 - жылы Халқа өзені бойында дүниеге келген 66 жастағы Қабыл Тұтас моңғолдың тұңғыш ханы (1150 ж. ) болды. Көп жылдан бері торғайдай тозған елінің басын қосу мақсатында өмірінің дені ат үстінде өткендіктен Қабыл хан көп кешікпей қайтыс болады. Оның орнына отырған моңғолдың екінші ханы Қатуланың тағы да баянды болмады, береке кеткен боржығандар бет - бетімен кетті. Ал қабылдың немересіБардан батырдың баласы Есукей тәж бен таққа таласпаған адам. Есукей баһадурдің алғашқы алғыншығы Сочи - ғалдан құрсақ көтермей ұрпағы үзіліп қалуға дәс қалғанда меркіттің сарбазы Шілдеудің қалыңдығы Әуелімді көш - жөнекке тартып алып кетеді. Міне, содан боржыған әулиетіне тартпаған жирен шашты, көк көзі өңменінен өтердей презент көріпті. Аптаның алдында бір түс көріп, әулие балгерлерге жорытып еді. Аспандағы айды аузымен тістеп ұшқан құс Есукейдің шаңырағына қонып, шырқылдап отырған даусынан селк етіп оянса, түсі екен.
Тәңірге ғана табынатын Есукей сонан былай жатса - тұрса Темужиннен- басқаны ойламады. Ол 1170 - жылдың жазы шыға нағашы жұрты меркіттің олхонуд руынан қалыңдық айттырып бара жатып, жолай Қоңыраттың Дай шешеніне кезігіп қалды.
Дай шешен де тегін емес, әулие - әмбиелер ұрпағы, абыз адам. Есукейдің баласы Темужинді көрген жерде - ақ: " Әу, Есукей біздің қоңыраттар басқаны жауламайтын, артық - ауысты дауламайтын, қыздарының көркімен, жиендерінің жүзімен әйгілі әулет еді, менде Бөрте атты қыз бар. Қазір тоғызда, сенің балаң сегізде екен, екі - үш жастың арғы - бергісі жоқ қой, соны көрші, көңліңе жақса құдалассақ қайтеді. Ал сенің балаңның көззі отты, келбетті сұста екен, маған сонысы ұнады", демесі бар ма? Сонымен құда болып, құйрық - бауыр жесіп, Темужинді қалыңдыққа үйірсек ету үшін тастап бара жатып есіл әке Есукей Дай шешенге мынаны тапсырды. Боржығандар мен қоңыраттар арасы апталық жер. Жолай той жасап жатқан татарлар аулына түсіп, дәм - тұз татты. Ата жауы Есукейді таныған татарлар ұзақ уақыттан кейін даритын у берді де өоя берді. Керөлең өзенінен әрең өтіп, Бурхан Халдун тауына келген күні кешке жалғыз ұлы Темужинге қос атпен кісі шаптырды да, Есукей дүние салады. Темужин үш күн бас көтермей жылайды. Ол мойнына бұршақ салып еркек болып туғаным шын болса татарлардан кек алмай тынбаспын деп ант береді. Боржығандардың барлығы Есукейдің өліміне қарап тұрғандай, жан - жаққа ыдырап көшіп кетті де, оларды ел іргесінен қуып тастады. Есукейдің екі әйелінің бес баласы ел баспас ен далаға қаңғып кетті. Әуелім бірде елдерше киініп, қанжар асынып, садақ ұстап, ағайындарын қайырып әкелуге құлшынып еді, одан да ештеңе шықпады. Темужиннің тым кекшіл, мейірімсіз қатал қылығы күн өткен сайын үдейі түсті. Есукейдің бәйбішесі Сочи - ғалданнан туған ұлы Бектер мен Белгідейді шешесі жұртқа тастап, тайшудтарға көшіп кеткеніне Темужин өшігіп алған болатын. Ол екеуінің тұзақ құрып, ұстап алған жалғыз құрына таласып, ақыры сол үшін бауыры Қасыр екеуі екі жақтан садағын көздеп жетіп келгенде Бектер: " Тайшудтардың қорлығына шыдай алмай құса болып жүргенде, мені қалай құрбандыққа шалмақсыңдар. Көлеңкеңнен басқа серігің жоқ, ат құйрығынан басқа артыңнан ерерің жоқ сендер қайтпексіңдер. Мені өлтірсең де, отымды өшіріп, інім Белгідейді өлтіре көрме. Кәне, мені құрбандығыңа шал", - деп кеудесін оққа тосты.
Темужин 11 шамасында -ақ әкесі бір, шешесі бөлек Бектер ағасын өз қолымен өлтіргенде бүйрегі бүлк етпегенін көрген Әуелім: "Қабырғасын қақыратып сөксе де, бүйрегі бүлк етпейтін қара ниет қасқыр, қабаған қара итсің сен" деп зәрін төгеді. Темужиннің осындай қатыгез қылығы жалпақ елге тарап кетті. Тайшудтардың нояны Тарғудайдың Қырылтуғы жөргекте жатқанда құртпасаң, өсе келе есе бермес ер болып жүрмесін деп сескенді де, Әуелім үйіне бет алды. Тарғудай ноян әйтеуір Темужиннің ізіне түсіп жүріп, қолға түсірді. Таушадтар оның мойнына қамыт салып тұтқындады. Бірақ Темужин амалын таувп қашып құтылады.
1178 жылы жазда Бөртеге үйленеді. Бөртені әкелісімен оның шешесі Сотан бәйбішенің киітке кигізген бұлғын ішігін керейдің ханы Торының үстіне жауып бата алады. Керей мемелекетінде бұл кезде қос хандық орнап, Торының үлкен ағасы Гурхан - Жетісудағы қыпшақтарды билеп, іргесі алыстай бастаса, Сенген де тәж бен таққа құмар екенін байқатты. Тимужиннің басты ниеті боржығандардың басын қосып, өз алдына ел болсақ деген. Көшпенділер салтында ата кегін қайтару ұрпақтан ұрпаққа ұласып жатады. Есукейдің Темужині қоңыраттың Дай шешенің ай мен күндей әндігері Бөртені алып келгенін естіген меркіттер қайдан тыныш отырсын. Жесір дауы мен жер дауы ата намысы болған меркіттер Әуелім жесірдің орнына Бөртені тартып әкелуге Шіледудің бауыры Шилегер палуанды 300 жасақпен Темужин еліне аттандырды. Далалықтардың күн көрісіне кім көнбеген. Сол қыста Бөртенің аяғы ауыр болып қалған еді. Бөртені қайтарғанда жол ортада босанады да, баланың атын Жолшы яғни Жошы болып кетеді. 1181 жылы мамырдың 16- сында Жамуқа мен Темужин жайлауға көшіп кетеді. Олар қонар жерге таяғанда, жалғыз ауыз сөзге келіспей ат кекілін кесіседі. 1189 - жылы Сэнхер өзеніне құятын Хохнуур деген жерде Қатула ханның баласы Алтын, Кушар, Журкен руыныңжылы Сэнхер өзеніне құятын Хохнуур деген жерде Қатула ханның баласы Алтын, Кушар, Журкен руының ақсақалы Саша бектер өзара ымыраға келіп, 28 жастағы Темужинді азғана моңғолдың ханы етіп жариялайды. Тарыдай шашыраған моңғолдардың басын қосу үлкен ерлік. Меңжуген - Сүлтісін жеңгені үшін Алтын ұлысының ханы Керейдің Торысына ван хан, Шыңғысқа чатхури деген атақ береді.
Шыңғыс хан қазақ жерінде.
Шыңғыстың аузын аққа, ауын атқа, өзін таққа отырғызған Торы арқылы барлық моңғол әулетінің басын қосқаннан соң ол ендігі ауызда керей мен найманға салды. Керей мен найман мемлекеті моңғолдарға талай рет тойтарыс беріп, Шыңғысты жермен жексен етуге толық мүмкіндігі бар еді. Бірақ Жалайырдың Жамуқасы оларды айдап салады да, жекпе - жекке келгенде шайқас үстінде Шыңғыс жаққа тайқып кетіп отырады.
Шыңғыстың дүние танымы - тәңірге табыну. Ол барлығын Тәңірдің -бұйрығы мен болады деп көреді де, көкте жалғыз Тәңір, жерде жалғыз хан болуға тиіс деп санайды.
1204 - жылы талқандалған найманның шығыс хандығы - Тай ханның баласы Кішілік тез ес жинап, қазақтардың батысын иеленген гур ханды құлатып, Жетісу өңірінде өз үстемдігін орнатты. Ондағы қыпшақтар найман ханын қатты наразылық көрсетті. Дәл осы қайшылықтарды шебер пайдаланған Шыңғыс хан Жебе, Сүбедей екеуін жіберіп, найман, керей, арғын, меркіт, қыпшақтарды ешбір қарсылықсыз басып алады. Көшпелілер империясы батыста Тұран мен Иран тектес халықтардың қосындысы Хорезммен шектесті. Қазақ тектілер Шығыс Түркістанға жиналды. Батыстүркістандықтар Әмудария өзенінің жағасында астанасын салды да, Иран мен Ауғаннан бергі ислам дінді мұсылман елінің басын қосқан ұлы империяға айналды. Хорезм - Азия мен Еуропа, Таяу Шығыс Үнді жағалауының ең маңызды өлкесі, тоғыз жолдың торабында отырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz