Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріне психологиялық тұрғыда талдау жасау



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-6

І. ХІХ Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Ы.Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлерінің этнопсихологиялық
негіздері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-9
1.2. Ы.Алтынсарин мұраларының психологиялық тұрғыдағы

бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .10 -32

Бірінші тарау бойынша ой -
тұжырымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33-34

ІІ. ТАРАУ Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫН ОҚЫТУ, БІЛІМ БЕРУ ІСІНДЕГІ
ҮЛЕСІ.

2.1. Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясы” оқу құралының
жасөспірімдердің жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастырудағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .35-40
2.2. Ы.Алтынсариннің психологиялық тұрғыдағы еңбектерін оқу
үрдісінде
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .41-44

Екінші тарау бойынша ой-
тұжырымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45-46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 47-48

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..49-50

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі

ХІХ ғ. Екінші жартысындағы қазақ жерін Ресей империясы түгелдей
жаулап алуын аяқтаған болатын. Өлкеге ішікі жақтан
қоныстанушылар ағыла бастады. Ел билігімен қатар, жер билігі де
түгелдей патша әкімдерінің қолына көшті, жекелеген өнеркәсіп
орындары, сауда-саттық, ақша қатынасы дами түсті. Патшалық езгіге
қарсы күресте қанаты қатая түскен орыстың төңкерісшіл демократиялық
мәдениеті әр түрлі келімсектер арқылы қазақ даласына еніп, ол
бұқара халықтың жүрегін жылытатынын байқатты. Қала мәдениетінің
ықпалы күшейді, ғылым мен мәдениетке қазақ жастарының
ықпалы арта түсті. Дала халқының сана-сезімі ояна түскен осы
тұста қоғамдық аренаға халқымыздың аяулы перзенті -ұлы демократ
ойшылы Ы.Алтынсарин шықты.1

Ол арнаудлы психологиялық еңбектер жазбаса да, оның адамның
сан алуан психологиялық сипатын ашатын шығармаларымен (оқу
құралдары, хаттары мен жазбалары, өлеңдері мен әңгімелері,
аудармалары) қоғамдық, психологиялық мәселелерге орайлас көптеген
деректер кездестіруге болады.
Әлемдік озық мәдениеттің шоқ жұлдыздарының, ғұлама
ойшылдардың адамның жан жүйесі жайлы мұраларының қазіргі ұрпақ
тәрбиесін оның жеке тұлға ретінде қалыптасып, дамып
жетілуіне қосар үлесі өз алдына бір төбе.
Ы.Алтынсариннің ұлттық дәстүр, салт-сананы, адамның бойындағы
сан қилы психикалық ерекшеліктерді, оқу-білімді насихаттап, көзі
ашық, көкірегі ояу ұрпақтың болашағын өз туындыларының
негізгі арқауы еткен психологиялық тұжырымдарының қазіргі заман
талабымен үндесетін өміршең дүниелер.2
Ы.Алтынсарин мұраларына зерттеп, тұңғыш өмірбаянын жасаған, оның
педагогикалық, психологиялық ой-пікірі мен жұмысын жүйелі түрде
талдаған орыс шығыстанушылары мен ғалымдары, оқу-ағарту жұмысының
озық ойлы, ғалым-ұйымдастырушылары болды. 3
Олар –орыстың белгілі шығыстанушы-ғалымдары В.В.Григорьев4 (1816-
1881), Н.И.Ильминский (1822-1891)5, А.А.Бобровников (1822-1865)6,
Орынбор оқу округінде әртүрлі дәрежелі мектептерді басқарған
зертеуші-ғалымдар В.В.Катаринский (1846-1902)7, А.Е.Алекторов (1861-
1918)8, А.В.Васильев (1861-1943)9, Н.А.Бобровников (1853-1921)10,
М.П.Ронгинский (1866-1927)11, Еділ бойындағы аз халықтар
арасындағы ағарту жұмысының жанашыры болған С.В.Чичерина (1868-
1918)12, чуваш халқының озық ойлы педагог - ағартушысы И.Я.Яковлев
(1898-1930)13, Қазан университетінің профессоры хакас Н.Ф.Катанов (1862-
1922)14,белгілі пелагог-ұйымдыстырушы, Ыбырай Алтынсаринның шәкірті,
әріптесі Ғ.Балғымбаев (1866-1943)15, тағы басқалары. Бұлардан басқа
да Ыбырай творчествосы мен оның қазақ халқының тарихында
алатын орны туралы айтқандар саны көп.
Ыбырай төңірегін кеңіте, молықтыра түсуде Ә.Ламашев он жылдам
астам жұмыс істеді. Алтынсаринді танытуда, қомақты істер атқарғандарды
саралап, таңдап алуда халқымыздың ұлы педагогіне қатынасын
анықтауда біршама жұмыстар атқарды. Ыбырай Алтынсариннің ұстаз-достары
десек В.В.Григорьевтің, Н.И.Ильминскийдің, В.В.Катаринскийдің, ал
ізбасарлары десек А.В.Васильевтің, А.Е.Алекторовтың, М.П.Ронгинскийдің,
Ғ.Балғымбаевтың аттары аталады да олардың тақырыбына байланысты
қысқаша тоқталып өтіледі. Ал автор олардың әрқайсысына жеке көңіл
бөліп, монография түрінде баяндайды.16
Қазақстандық ғалымдар атап айтқанда, И.А.Грамс, С.Хасанова, филолгия
ғылымдарының докторы Б Әбілқасымов17 т.б. зерттеулері де бар.
Білім беру жүйесінің әр сатысында Ыбырай шығармаларын оқып-
үйрену, оны оқу бағдарламаларына ендіру мәселесі бұрыннан
қолға алынғаны белгілі.
Бірақ ағартушы ұстаздың шығармаларын жүйелеп, бір бағытпен
кең көлемде оқыту назардан тыс қалған. Жалпы білім беретін
мектепке арналған ана тілі, әдебиет оқулықтарында тек оқу-
білімге шақыратын өледері мен санаулы аударма әңгімелері ғана
қамтылған. Ал жоғары оқу орындарының, психология педагогика және
психология мамандарының оқу бағдарламасында, мәселен
“Этнопсихология” пәнінде өте аз сағат бөлінгендіктен (мәселен,
лекция 30 сөожж 30) Ыбырай мұраларына кең көлемде тоқталып
өтуге уақыт тығыз.
Өркениетке бет алған заманда қазіргі ұрпақтың өзінің
тарихи, мәдени, ағарту мұраларынан қол үзіп, көз жазып қалмауы
үшін ұлттық байлық – ұлы тұлғалардың кейінгі ұрпағына қалдырған
мол қазынасын білуі тиіс.
Осы мақсатпен біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Ыбырай
Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлері” деп атауды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріне
психологиялық тұрғыда талдау жасап, жүйелеп, мұраларын ғылыми
негіздеу.
Зерттеудің міндеті:
1. Ыбырай Алтынсарин мұраларына психологиялық тұрғыда талдау
жасау.
2. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын жүйелеп, негіздеу.
3. Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыту үрдісінде кеңінен қолдану
мақсатында студенттердің өзіндік жұмыс түріне лайықтап,
қарастыру;

Зерттеу жұмысының пәні: Ыбырай Алтынсариннің этнопсихологиялық
көзқарастарының бағыттары;
Зерттеу жұмысының нысаны: Ыбырай Алтынсарин психологиялық және
этнопсихологиялық мұралары:
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеу жұмысы студенттердің Ыбырай Алтынсариннің мұраларын
психологиялық, этнопсихологиялық тұрғыда жүйелеуге, негіздеуге
мүмкіндік жасайды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін педагогикалық
мамандықтар саласында даярланып жатқан студенттер мен жоғары оқу
орындары және жалпы білім беретін мектеп оқытушылары оқыту
үрдісінде қолдануларына болады.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы 2 тараудан,
қорытындыдан, 2 кестеден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ХІХ Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
КӨЗҚАРАСТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1. Ы.Алтынсариннің психологиялық ой-пікірлерінің
этнопсихологиялық негіздері

Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен творчествосын зерттеген ғалымдар
А.Эфиров18, Б.Сүлейменов, Ә.Дербісалин19, Ә.Сыздықов20, Қ.Бержанов,
т.б Ыбырай Алтынсарин енгізген оқу жүйесін қолдап, оның өміршеңдігі
мен болашағын мақтан тұтқан. Әсіресе, оқытушылар даярлайтын
мектептер мен қыздар училищелері жұмысын, олардың халыққа
тигізіп отырған игі әсерін газет-журнал беттерінде кең
насихаттап отырған. “қазақ қыздарының оқи бастауы,- деп жазды.
А.Е.Алекторов,-жалпы білімге дала халықтарының құштарлығын
дәлелдейді. Мұсылман діні әсерінің барған сайын төмендей
беруін бұл сияқты фактілер дәлелдейтін сияқты. Торғай облысында,
мысалы, әп-әдемі ұйымдасқан төрт орыс-қазақ училищелері: Ақтөбеде,
Торғайда, Қарабұтақта, Қостанайда жұмыс істейді. Олардың атқарап
отырған ісі, ат-атағы біраз аймақтарды шарлап кетті. Қостанай қаласына
жалғас орналасқан Александровскіде әйел –қыздарға арналған орыс-
қазақ прогимназиясының ашылуы бізді тіпті шектен шығара қуантып
отыр. Бұл прогимназия үш миллион қазақтар үшін ашылған бүкіл
Россиядағы жалғыз оқу орны, тек жолы болсын” Ғ.Балғымбаев21 оқу
-ағарту ісін жақсартуға байланысты осындай педагогикалық мәні
зор салиқалы ойлар айтқан үлкен педагог, мәдениет қайраткері.
Өмірінің соңғы жылдарында ол Ы.Алтынсарин туралы естелік жазып
қалдырды. Ұлы педагог Ы.Алтынсарин оқушысы, әрі әріптесі
болғандықтан Ғ.Балғымбаев ағартушының семьясы, жолдас-жоралары,
жұмыс істеу тәсілі, қарым-қатынасы, адамгершілігі жайлы естелікте
мол қамтылған. Арқалықтағы Ы.Алтынсариннің педагогикалық музейінде
бұл естеліктің толық көшірмесі сақтаулы. А.С.Будилович 22 Ыбырай
Алтынсаринның оқу-ағарту жүйесіндегі бастамасы мен тындырған
ісін әлденеше рет қайталай айтып, жоғары баға берді. Ол қазақ
балаларының тек жетіден бірін ғана оқуға тартылып, отырғанын,
мектептердің мүлде аз екенін тебірене жазды, өз ұсыныстарында
қазақтар арасындағы оқу-ағарту ісін шұғыл жолға қою керектігін
батыл айтты.
А.С.Будилович Ыбырай Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясын” жоғары
бағалады. “Бұл оқулық халық тілінде, орыс графикасында жазылған.
Бұл бастама жалғаса бермек”. 23,24
1884 жылы Алтынсариннің Шарият-ұл-ислам ( Тәңірі заңдарының
ережелері) аталатын еңбегі Қазаннан басылып шықты. Оны қолжазба күйіде
Н.И.Ильминскийге, әріптестеріне көрсетіп, олардың орынды пікірлерін
ескерді.25
Бұл еңбекті жарыққа шығарудағы негізгі мақсаты туралы 1882 жылдың 12
сентябрінде ол былай деп жазды: ... қазіргі кезде қазақ арасында
Мұхамбеттің діни оқу жайылып, етек алып барады... діни оқуға
пайдаланатын... кітаптарда ешбір жүйе де, көбінде ешбір мағына да жоқ... -
дей келіп, діни оқуға кедергі жасап, белгілі дәрежеде тосқауыл қою
мақсатында осы кітабын жазғанын айтады.
Ыбырай мұраларын зерттеуші ғалым, Қазақ ССР Ғылым академиясының
корреспондент-мүшесі Ә. Дербісәлин Шарият-ұл-ислам кітабында алға қойған
мақсаттары: Біріншіден, діни қиялдар мен жалған уағыздаушылықты теріске
шығару, екіншіден, оларға дін туралы жай ғана түсінік беру, үшіншіден,
мектептерде міндетті түрде жүргізілетін дін сабағына осылардың негізінде
жаңа оқулық жасау - деп орынды тұжырым жасады.
Ыбырай Алтынсарин сол жылдың 1 ноябрінде Қарабұтақ бекінісінен тағы
да бір кластық қазақ мектебін ашты. 1887 жылы Торғай даласында үлкен мәдени
оқиға болды.
Ыбырай Алтынсарин Қазақ хрестоматиясын орыс графикасымен жазылған
алғашқы кітап деп ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында ресми жұмыста болған
қазақ интеллигенциясы да, оның творчествосын зерттеген кеңесік ғалым-
жазушылар да айтып жүр. Қолда бар архив документтеріне жүгінсек о баста
қазақ жазбасына орыс графикасын енгізу идеясын орыс оқымыстылары берген
сияқты. Олар қазақтарды қалайда татар ықпалынан тезірек шығаруды, қазақ
тілін шағатай тілі дәстүрінен арылтуда қазақ жазбаларында орыс графикасын
қолданудың зор маңызы болуға тиіс деп ойлады.

2. Ы.Алтынсарин мұраларының психологиялық тұрғыдағы бағыттары

Ы.Алтынсарин Шоқан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер жазып
қалдырмаған кісі, әйтсе де оның сан алуан ойға толы
шығармаларынан (оқу құралдары, хаттары мен жазбалары, т.б.). қоғамдық
және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған
көптеген қызықты деректер табылады. Бұл пікірлер оның өзі
айналысқан практикалық істерінен туындаған сияқты. Ой қозғаған
осындай түйіндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту
процесінің психологиялық, педагогикалық негіздері, мұғалім – ұстаз
проблемалары, қоғамдық психология мәселелері, жастарды оқу білімге
шақыру, кәсіптік техникалық білім беру, әсіресе қазақ қыздарына білім
беріп, сауатын ашу мәселелері, оқу әдістемелік құралдарын дайындау,
қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрып т.б. жайттарды жатқызуға
болады.
Ыбырай Алтынсаринның мұраларын әр кезеңде зерттеген ғалымдардың
еңбектеріне және ағартушы - педагогтың өзінің төл шығармаларына
талдау жасай отырып, мұраларын жүйелі зерттеу мақсатында оның
шығармаларын белгілі бір бағытта жіктеуге мүмкіндік алдық. Оны
төмендегідей кесте түрінде көрсетуге болады (кесте 1).

Кесте 1 Ыбырай Алтынсаринның шығармаларының бағыттары.


Ы.Алтын
саринні
ң
мұралар
ының
жіктелі
нуі

Осы кестеге сүйене отыра, әр бағытқа психологиялық тұрғыда
талдау жасап көрейік.
Бірінші бағыт Оқу -білімге арналған өлеңдерінің психологиялық
ерекшеліктері
Ы.Алтынсарин қазақ жастарын оқыту, білім беру ісін басты мәселе
деп қараған. Оның қазақ жерінде мектеп ашуы, оған жастарды,
әсіресе қыз балаларды тартуы, олардың сауатын ашу мақсатында
оқу құралдарын жазуы осының айғағы.
Шығармаларын психологиялық тұрғыда талдап, жіктей отыра, бірінші
бағытына оқу-білімге шақырған өлеңдерінің топтастырылуында, мәселен,
“Кел балалар, оқылық!” өлеңі дүниені тану, көкірек көзінің ашық
болуы, дүниенің кілті оқуда, білімде деген идеясын айтады.26
Мәселен, "Кел балалар оқылық” өлеңінде:

Кел, балалар, оқылық,
...Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдынан

Іздемей-ақ табылар...
***
Мал дәулеттің байлығы
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстыны байлығы
Күннен-күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар...
***
Оқу деген шыны-ды,
Тұрған сайын шыныққан...
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан...
Білмегенді білуге
Білімнің тозбайтынын, оның арқасында тілеген-тілегің, арманың
орындалатынын, білім-байлық, оның таусылмайтын кен екендігін, адассаң жол
табатын, жөн сілтеушінің дегенді ескертеді.
Өнер де, білім де оқумен тығыз байланысты, қартайғанда
тіреу болар, сүйеу болар-білім, оқу деп түйіндейді.
“Өнер білім бар жұрттар” өлеңінде де өмірді, қоршаған ортаны
өзгертетін, адамның білімі, жасампаздық қиялы деп ой
тұжырыдайды:27

Өнер білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар –
Бәрі дағы анықтай.
Білмегенге танықтай,
Біз де бекер жатпалық
Осыларға аныспай.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жасөспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа –ай,
Ұмтылыңыз қалыспай!
Біз надан боп өсірдік.
Иектегі сақалды,
“Өнер -жігіт көркі” деп
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достаарым,
Сіздерге бердім батамды!..
* * *
Адамға бір өзіндей көзің сүзбе,
Бір әділ қазынасы кең патшаңды ізде.
Қорексіз еш пендесін қалдырмайды,
Жаратқан бір тәңіріңнен күдер үзбе.
* * *
Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға,
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.
Іске аспай бақ-дәулеттің қалуы оңай,
Басыңнан бағын тайған шағыңыңзда.
***
Екінші бағыт Әңгімелерінің балалардың танымдық әрекеттерін дамытып,
қалыптастырудағы мәні

Ы.Алтынсарин өз “Хрестоматиясында” жас өспірімдердің жан
дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен
ата-ананың ортақ міндеті деп есептеді.28 Көшпелі қазақ
баласының айналасын дұрыс қабылдай алуы, осыған орай оның
байқағыштық қасиеттерін арттыру, жетілдіру мақсатын көздеп,
“Хрестоматияға” үнді ертегісінен мынадай бір тамаша үзінді берген:
“Біреу ағашқа іліп қойған етін ұрлатып алып, айналасына жар салады.
“Аласа бойлы, қолында қысқа мылтығы бар, соңында тарақ құйрық
кішкентай иті бар, бір қарт адам көрдіңіз бе?” деп. Бұл кісіні
әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып, ұрысып ұстапты-мыс.
Ауылдас адамдары үндіден “ұрының түсі-түгін қайдан білдіңіз?” - деп
сұрапты. Сонда үнді айтыпты дейді: - Ұрының аласа бойлы екенін
білгенім, менің қолыммен ілген етімді, ол ағаштың астына тас
қойып, соның үстіне шығып алыпты. Қарт екенін білгенім, жүргендегі
ізінен байқадым – адамның арасы тым жақын екен. Мылтығының қысқа
екенін: етімді ұрларда, мылтығын ағашқа сүйеп қойған екен, сонда
мылтықтың аузы ағаштың кішкене қабығын жырып кетіпті, жер мен сол
жырылған қабақтың арасынан шамалады. Ұрының қасында иті бар екенін
және ол иттің әрі кішкентей, құйрығы тарақ құйрық екенін білгенім
етімді ұрлап жатқанда, ит анадай бір құмайттырақ жерде
отырған екен; соның құмға түсіп қалған ізінен және
бұлғаңдатқан құйрығының табынан байқадым депті-міс”.
Ыбырай Алтынсарин осы үзіндіде байқағыш болудың адам өмірінде,
оның дүние тануында қаншама маңыз алатынын, тіпті мұндай қасиет
білімі жоқ, бірақ өмір тәжірибесі мол адамдардың басында да
біртіндей қалыптасатын сөз етеді де, шәкірттерді, өмірді жан-жақты
зерттеп білуге, түймедейден түймедейді таба білетін ізденімпаз,
зерделі болуға меңзейді.
Психология ғылымы – адам өмірінде әр түрлі әдеттің алатын орны ерекше
екендігін, істеген істің, жүріс-тұрыстың, демалыстың, яғни өмірдің сан
алуан саласының қай-қайсысы да біртіндеп ұнамды, не ұнамсыз әдетке айналып
отыратындығын, бірақ әдеттің де әдеті бар, яғни адамда жарамды жақсы
әдеттермен қатар жарамсыз, жаман әдеттер де болатындығын ескертеді.
Мәселен, салақтық – жаман әдет, одан тәнге де, жанға да пайда жоқ. Осы
орайда Ы.Алтынсариннің Салақтық атты әңгімесі жарамсыз әдеттің адамға
зиянды екендігін жақсы көрсетеді. Кәрім деген жас жігіт жұмысқа ыждағатты
болғанмен жуынып, таза жүруді білмейді. Ақыры сол тазалыққа бейғамдығының
кесірінен ауырып, қайтыс болады.
Бала жанының зергері Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәрі-бәрі де балалардың
жас ерекшеліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан-
дүниесіне әсер етерліктей іріктелініп алынған. Осы әңгімелерде мұғалімлер
мен ата-аналардың балаларды әр түрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты
көзделеді.
Мәселен, “Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш” әңгімесінде баланы еңбек
етуге, жұмыс істеуге әдеттену қажет екенін ескертсе, “Әке мен бала”
әңгімесінде “аз жұмысты қиынсынсаң –көп жұмысқа тап боласың; азға
қанағат ете білмесең –көптен де құры боласың, -деген ойды айтады.
“Асыл шөп” әңгімесінде Зылиха мен Бәтима атты екі құрбының
арасындағы диалогқа құрылған. Мұнда адам бойындағы қажеттілік
құндылықтардың бірі сабырлықтың қандай күйде, қандай жағдайда да
керектігі, сабырлық сақтау оның ерік жігерінің, қажыр қайратының бір
көрінісі ретінде байқалатыны, шыдамдылық таныту - табандылықтың
белгісі дегенді меңзейді. Бұл халқымыздың “Сабыр түбі - сары алтын”
, “Сабырлы жетер мұратқа ” деген даналық сөздерімен психологиялық
үндестікте байланысқан.
Сол сияқты “Бақша ағаштары” әңгімесінде жас баланы жас шыбыққа
теңейді. “Баланы жастан” дегендей, оның тұлға ретінде қалыптасуы
тәрбиеден, әлеуметтік ортамен қарым-қатынасының үйлесімді өрілуімен,
бағып қағудан, таным әрекеттерінің дамуына мүмкіндік жасаудан
тұратынына анық суреттеледі. Ал “Шеше мен бала”, “Мейірімді бала”,
“Таза бұлақ”, “Әдеп”, “Қанағат”, “Аурудан аяған күштірек”, “Баланың
айласы”, “Бай мен жарлы баласы” әңгімелерінде балалардың мейірімді,
қайырымды, зерек, зейінді, байқағыш, тапқырлық, батылдық, адам жанын
түсіну, басқаға ауырлық түсірмеу сияқты психикалық қасиеттердің
олардың бойында қалыптасуына үлгі өнегесі мол шығармалар екендігі
даусыз.

Үшінші бағыт. Оқу -әдістемелік шығармалары.

Ы.Алтынсарин көтерген психологиялық мәнді мәселелердің енді
бір тобы оның әдістемелік пікірлерімен араластырып жатады.
Ыбырай жақсы тәрбиеші ғана емес, ол сонымен бірге тәжірибелі,
ой-пікірі озық мұғалім де еді. Ы.Алтынсариннің “Қазақтарға орыс
тілін үйретудің бастауыш құралында” көптеген қызғылықты
психологиялық пікірлер бар. Осы айтылғанға орай ол бірде былай
деп жазды: “Әуелі оларға (шәкірттерге -автор) зат есімге ғана
жататын зат аттарын үйретемін, содан кейін заттың сынын
көрсететін сын есімді үйретемін. Осылардан кейін зат есімді
олардың сынымен қосып “ақ адам” деген сияқты сөйлемдерді құрап
үйретемін”. Екінші бір жерде ол: “Қазақ балаларына орысша
кітаптарды оқытуға, оқығандарын түсіндіріп отыруға кіріспей
тұрып, олардың жеке сөздерді болсын және негізгі грамматикалық
ережелерді болсын түсіну үшін бірқатар жүйелі әзірліктен
өткізу керек болды. Мұндай алдын ала әзірлік жасалмаса,
оқушылардың түсінігі тым шалағай болып шығады... ешбір
грамматикалық ереже жайында белгілі бір түсінік алуға
оқушылардың шамасы келмей қалады, көпке дейін “она” деген сөздің
орнына “он” деп, “иду деген сөздің орнына “шел” деп, тағы солар
сияқты қателер жасап жүретін болады”.
Ғұлама педагогтың осы ойларында қаншама тамаша психологиялық
түйіндер жатыр. Ол шәкірттердің білімді жай жаттап алып, үстірт
меңгермей миға тоқып, санасынан өткізіп, әрбір сөздің мәніне
терең бойлап түсінуін талап етті. Ол мұғалімдерге барлық пәнді
осылайша жүргізудің қажеттілігін, яғни Қ.Д.Ушинскийдің тілімен
айтқанда оқу жүйесіне барлық сезім мүшелерін (көз, құлақ,
иіс, т.б.) қатыстырып, оқушылардың қызығу белсенділігін арттыра
берудің ерекше маңыз алатындығын ескертті. Ол сондай-ақ қазақ
балаларының өзіндік кейбір ұлттық ерекшеліктерін көрсете келіп,
осы жәйтті де оқыту -тәрбие ісінде мұғалімдердің үнемі ескеріп
отыруын қажет деп санады. Мәселен, оның өзі қазақ балалары
үшін “Хрестоматия” құрастырғанда осы жағдайды қатты ескергені
байқалды. “қатаң тұрмыста өскен қазақтарға, - деп жазды ол,
-мәндірек әңгімелер керек болады. Мысалдарды қазақ балаларының
оқығысы келмейтінін, оқыса үлгеретінін, ал олардың ата-аналары:
балаларымызға сауысқан мен қарға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәрсені
деп, тіпті ренжитінін тәжірибемен білемін. Қазақ балаларына,
меніңше, мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер
немесе оларды қызықтыратын, мысалы жібек құртының көбелектерінің
өзгерулері, құндыздың өзіне үй салып алатыны сияқты әңгімелер
тәуірірек болады”.
Алтынсариннің қазақ балаларына орыс тілін үйрету жөнінде
айтқан пікірлерінің қазіргі күн талабымен ұштасып жатқан жерлерін
ерекше атап өткен абзал. Мәселен, ол шәкірттердің алдымен орысша ауыз
екі сөйлесуін дамытуды сабақтарын өткізу қажет дейді. Оның
осы пікірлерінде қазақ балаларының психологиялық ерекшеліктерімен
санаспайынша, яғни екінші тілді үйрету үшін оларға арнаулы жағдай
жұмсамайынша оқыту ісі қиынға соғады деген тамаша идея
жатыр. Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқытуда соңғы жылдарға дейін
Ы.Алтынсарин ұсынған осы ұсыныстар ескерілмей келгені бізді
қынжылтады.29
Ы.Алтынсариннің тәрбиеші ұстаз, мұғалімдік өнер жөніндегі
айтқандарында психологиялық түйіндер аз емес. Ол оқу - тәрбие
процесіндегі мұғалім рөліне айрықша маңыз береді, мектеп ісінің
сан-санасындағы жетісіктерді мұғалімнің білімі мен іскерлігіне,
беделі мен өз жұмысын жан-тәнімен сүйене білуіне байланысты деп
түсінді. “...қазақ мектептерінің бар келешегі –деп жазды ол,
-көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты, сондықтан да мен
қазір жақсы оқытушы дүниедегі заттың бәрінен де қымбат
көремін”. Ол әсіресе Торғай облысында өзі инспектор болған
жылдарында (1879-1889) мұғалім проблемасына, оның жеке тәлімгерлік
қасиеттеріне ерекше көңіл бөлген еді. Ы.Алтынсарин мұғалімдердің
оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруын, олардың
“педагогикалық және оқытушылық” тәсілдерді меңгеру қажеттілігін баса
айтты. Ол мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойды: нағыз мұғалім
болу үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерімен мықты санасу
қажет, ол үшін педагогикалық әдебиеттерді үнемі оқып, қадағалап
отырмаса болмайды. Мұғалімге аса сезімтал, бала жанын жазбай танитын
адам болу қажет екенін атай келіп, ол оқу-тәрбие саласында
ізденбейтінін мұғалімдерге қатты ренжиді. “Мұндайлар, - деп жазды
ол, - оқушыларды адастыра, сонан кейін қойылған сұраққа оқушылардың
жауап бере білмегеніне ренжіп, өздері де ашулана бастайды, тіпті
оқушыларға өшігуге дейін барады. Содан кейін оқушыларды
бұрынғыдан да адастырады, мүлде шатастырып, оларды тіпті ешбір
жауап бере алмайтын халге жеткізеді” дей келіп, сабақ беру
методикасы төмен мұғалімдерді ол “баламен түсінісе алуға шорқақ,
дарыны жоқ адам” деп сипаттайды. “Оқушыларды бағалағанда, -деп жазды
Ы.Алтынсарин,30 -олардың іске қатысы жоқ сөздеріне қарап емес,
олардың егістерінің бетіне шыққан жемістеріне, яғни оқушыларына
қарай бағалау қажет”.
Тәлім-тәрбие, оқыту ісінің нәтижесі шәкірттерден гөрі
мұғалімдерге көбірек тәуелді. Кінәнің ең үлкені-бала жанының нәзік
қылдарын дұрыс сезе алмайтындарында. “Оқушылардың түсінбеушілігін
оқытушылардың өз кінәсі деп білмей, оқушылардың зер
салмайтындығынан немесе топастығынан” деп білетін оқытушылардың
қатты адасатыны айтпай-ақ түсінікті,- дей келіп, ұлы ағартушы
мұғалімнің жадына мына жәйтты мықтап шегелейді! - “Ол кімен істес
болып отырғанын, еш уақытта да ұмытпауы керек.. егер балалар
бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәламауға тиіс. Ол
балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлеуі, шыдамдылық етуі
керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіруі
керек, екі ұшты астарлы сөз, орынсыз терминдерді қолданбау керек”.
Алтынсариннің тәрбиеші ұстаздың жеке басы туралы айтқан
пікірлерінің негізгі арқауы - тәлімгерлік жұмыс -өте нәзік, қасиетті
іс. Ол ұстаздан өте сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, оның
жанын жазбай тануды қажет етеді. Шәкірттерді сүйе білген оқытушы
ғана қатаң талапты, әрі өнегелі, беделді тәрбиеші бола алады.
Оның қазақ елінің жағдайында айтқан осындай тамаша ой-
пікірлеріне ерекше сүйсінесің. Профессор Т.Тәжібаевтың Алтынсаринді
“Қазақстандағы педагогикалық ойдың пионері” деген бағасының тайға
таңба басқандай, әділ баға екендігіне еш шүбә келтірмейсің.
Өйткені басқа пікірлерін былай қойғанның өзінде ардагер
педагогымыздың мұғалім жөнінде айтқан осы пікірлерін өзі-ақ оны
осылай деп тануға толық болатындығын айттырмай дәлелдейді.
Ыбырай Алтынсарин өз халқының жақын келешегі үшін бар саналы
өмірін сарп еткен, халыққа қызмет етуден артық іс жоқ деп түйген,
туған халқын, ел-жұртын шексіз сүйген, нағыз отаншыл азамат еді.
Сондықтан да оның көптеген шығармаларында қазақ халқының
өзіндік психологиялық қасиеттері, салт-санасы, әдет-ғұрапы жайлы
айтқандары ерекше назар аудартады.
Алтынсарин қазақ халқының аса малсақ, сонымен бірге мал
бағу өнеріне аса жетік халық екенін айта келіп, оның ақыл-ой
парасаты да жоғары, және ежелгі мәдениеті бар ел екенін талай
рет атап өтеді: “Қазақтарға, -деп жазды ол, -осы дарында, ақыл-
есі мол халыққа қазір кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму
жолына түсетін бағыт беру, қалай дегенмен аса қажет болып отыр”.
Ыбырай қалың бұқараны, қазақ еңбекшілерін зор қадір тұтып,
сыйлаушы еді. Ол осы бір қарапайым жандардың еңбек сүйгіштігін,
адалдығы мен шыншылдығын, жинақылығы мен ақ ниеттілігін ерекше риза
көңілмен, үлкен мақтаныш сезіммен:”Осы қарапайым, ақ көңіл, ал
кейде тіпті қызықты адамдармен әңгімелесіп, көңілді көтересің”,-деп
жазды.
Сол кездің өзінде-ақ Ыбырай халқымыз туралы бір-біріне қарама-
қарсы екі түрлі көзқарастың бар екендігі жақсы түсінді. Ол кейбір
мен менсіген орыс миссионерлерінің қазақ-халқын кем тұтып, оған тілін
тигізіп: “қазақ тентек, қазақ қанішер халық” деген пасық ниетті
оңбаған пиғылдарына бар ашу-ызасымен аяусыз соққы беріп, өз халқының
ғасырлар бойы жинақтаған мәдени мұрасын, тамаша психологиясын
мақтаныш етті. “Бізді,-деп жазды ол,- өзгелер табиғатынан ақылды,
іскер халық деп ойлайды. Осының шындығын іс жүзінде көрсетуіміз
керек... қазақ -табиғатынан ақынжанды, дарында халық”, - деп жазды
Ы.Алтынсарин “Орынбор листогы” газетіне жазған бір мақаласында.

Ыбырай Алтынсарин әрбір уезд орталығынан бір-бірден интернаты бар
қыздар мектебін ашуға бар күшін салады. Торғайда осындай мектеп
ашуға 1888 жылы Орынбор оқу округінің алдына ресми мәселе қойылды.
Мектеп ашуға әзірлік мол, тек ресми рұқсат қажет еді. Алайда оған
рұқсат Ыбырай дүние салғаннан кейін, 1890 жылы ғана берілді. Реті
келгенде айта кетейік, Ыбырай Алтынсарин ұсынған қыздар
мектептері Торғайда 1891 жылы, Қостанайда 1895 жылы, Ақтөбеде 1896 жылы
ашылды. Орысша -қазақша қыздар мектебінде оқушылар саны 1896 жылы
211-ге жетті, олардың 141-і орыс, 70-і қазақ қыздары еді.
1888 жылдың августь айының 21 күні Қостанайда Ыбырай Алтынсарин
Торғай жеріндегі тұңғыш орыс мектебін ашты. Мектепке ер балалар
ғана қабылданатын болады да, алғашқы екі күнде мектепте оқуғы
57 бала жазылды.
Осы ыжылы Ыбырай уезд орталықтарындағы орыс-қазақ училищелерінің
жанынан кәсіптік мамандықтарға даярлайтын бөлімдер құрылды. Сөйтіп,
Яковлевтің көмегімен қолөнер мектебіне қосымша тағы төрт жерден
мамандар даярланатын болды. Сол жылы-ақ аталған мектептер қажетті
құрал-жабдықтармен, мұғалім кадрларымен толық қамтамасыз етілді.
Торғай даласында ауыл шаруашылығына маман кадрлар даярлау үшін басқа
да арнаулы оқу орындарын ашу мәселелерін Орынбор әкімшілігі
алдына Алтынсарин қайыра қойып отырды. Мысалы, Торғай облысының
әскери губернаторына 1888 жылдың 28 декабрінде мынадай мәселелерді
жедел шешуді ұсынды: тәжірибе ретінде Ырғыз училищесі жанынан тері
заводын ашу керек. Тері илеу және сабын жасау заводтарын басқа
да училищелер жанынан ашса артық болмас еді, шикізатқа жақын
тұратын болыстық мектептер жанынан осындай заводтар ашу пайдалы,
өйткені шығарылған өнімді өткізу ыңғайлы. Алтынсарин “осы
сияқты техникалық мәні бар шараларды іске асыру сахарадағы
қазақтарға игі әсерін тигізер еді” дейді.
“ойымыз, -деп жазды Алтынсарин, -қазақ даласына техникалық
білім тарату... 31
Ыбырай Алтынсарин “қазақ хрестоматиясын” орыс графикасымен жазылған
алғашқы кітап деп ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында ресми
жұмыста болған қазақ интеллигенциясы да, оның творчествосын
зерттеген ғалым-жазушылар да айтып жүр. Қолда бар архив документтеріне
жүгінсек “о баста қазақ жазбасына орыс графикасын енгізу идеясын
орыс оқымыстылары берген сияқты. Олар қазақтарды қалайда татар
ықпалынан тезірек шығаруда, қазақ тілін шағатай тілі
дәстүрінен арылдауда қазақ жазбаларында орыс графикасын
қолданудың зор маңызы болуға тиіс деп ойлады”.32

Төртінші бағыт. Хаттары.

1861-1863 жылдары Ыбырай Алтынсарин орыстың ұлы демократ – педагогы
К.Д. Ушинскийдің Детский мир аталатын тамаша еңбегімен танысады, оны аса
жоғары бағалайды. 1862 жылы Н.И. Ильминскийге жазған бір хатында былай
дейді: Балалар әлемі (Детский мир) маған өте ұнап кетті, өйткені, онда
менің аудармақ болып жүрген нәрселеріме жарамды мақалалар көп екен.
Молдалардың оқытып жүрген татар, араб, парсы тілдеріндегі кітаптарының бәрі
де адам баласын дұрыс ойдың бәрінен адастырады, кері кетіреді. Ал басқа
халықтар сияқты қазақтарға да олардың өздеріне түсінікті тілде жазылған,
оқығанда ақыл беріп, ой түсіретін кітаптар екен. Бар күшімді жинап мен
Балалар дүниесінен бір мақаланы аударып көргелі отырмын. Тірі болсам оны
сіздің шолып шығуыңызға жіберемін.33
1870 жылы ол қазақша жазуға орыс графикасын пайдалану мүмкіндігі
туралы Н.И.Илминскийге хат жаза бастайды. Соңғы жылдары Алтынсарин қазақ
даласындағы оқу ісінің болашағы туралы көп ойлай бастады. 1871 жылдың 21
авгусында Н.И.Ильминскийге жазған бір хатында ол мынадай қорытындыларға
келгенін білдіреді: Мектеп қазақтарға білім берудің басты құралы, олар
қазақ даласының кез келген жеріне ретсіз салынатын болса, ешбір пайда
келтіре алмайды... Артта қалған халықты білімге қызықтырып тарту үшін
мектеп бітіргендерге қай жерінен болса да бір артықшылық берілуі керек.
Сонда ғана оқушылардың саны ешбір күмәнсіз тез өседі. Осылай еткенде
ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында
көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады.
Ыбырай Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге қазір бізге белгілі 29 хаты
бар, олардың алғашқысы 1860 жылдың 22 июль күні Торғайдан
жазылған. Соңғы 1889 жылы 6 - мартта жазылған екен. Соңғысында: “
Сіздің 2- мартта соққан соңғы телеграммаңызды мен 5 -мартта, кеше
алдым” – депті. Бұл хаттарды тек амандық білу үшін ғана жазылған
дүниелер деп қарауға болмайды , олар Ыбырай Алтынсаринның педагог
–ұйымдастырушы ретінде арқалаған жүгінің салмағын, сауатын, ой-
өрісін, жан байлығымен алдына қойған мақсат-мүдделерін ашатын асыл
да баға жетпес қазыналар.
Ыбырай жазған әрбір хат жеке бір шығарма десе де артық емес,
өйткені оның мазмұны мен көркемділігінің жоғары екеніне
Н.И.Ильминский әдейі көңіл аударған. Ол Ыбырайдан алған хаттарды
өз әріптестеріне көрсетіп, оқып, оның мазмұндылығымен қойып
жүрген мәселелерінің ауқымды екенін қошеметтеген. Ыбырай
Алтынсарин бір хатында: “Бір хатыңызда сіз “Ильминский) менің хатымды
басқаларға көрсетіп едім, олардың бәрі де сені мақтады депсіз”-
деп жазыпты.
Ыбырай Алтынсарин бір хатында былай деп жазды. “Арбаша жазу
мен құдай парызын көбінесе шала сауатты қазақтар, немесе
шетелдіктер үйретеді, олар балаларды ауқатты қазақтардың
үйлерінде оқытады, оқуға сол үйдің балаларымен қатар
ауылдастарының балалары да жиналады. Міне, осы қала деген
ауқатты қазақ үйлерінің бәрінде дерлік оқу қазіргі кезде осылай
жүргізіліп жатыр... бұл қазірдің өзінде – ақ қазақтың жас буындарына
өте жаман әсер етіп жатыр, ал келешекте де одан да көбірек
әсер етуі ықтимал”.
Осындай “әсерлерден” құтқару жолы орыс ғылымы мен тілінде
жатқанына түсінген Алтынсарин діни фанатизмге қарсы күресті. Ол ашқан
мектептің басты міндеті-қазақ жастарына ғылымға ұмтылдыру орыс
тілін үйрету деп шешті. Ыбырай Алтынсарин барлық жағдайда да
Н.И.Ильминскиймен ақылдасып, кеңесіп отырды.
Николай Иванович Ильминский Ыбырай Алтынсариннің бірінші биографы.
Ыбырай Алтынсаринді танушылар үшін оның жазып қалдырған
“Воспрминания об И.А.Алтынсарине” “Қазань, 1891, Литотипогафия
В.М.Ключикова) аталатын еңбегі теңдесі жоқ қазына. Ыбырай
Алтынсариннің өмірі мен жұмысына байланысты фактілер, болған
өзгеріс-оқиғалар, жазысқан хаттар, ресми әкімшіліктермен арадағы
қатынас қағаздар бізге Н.И.Ильминскийдің осы естелігі арқылы жетті.
Бұл естелік оның Ыбырай Алтынсаринге орнатқан ескерткіші және қазақ
халқының алғашқы училищелері мен оқу-ағарту ісіндегі тарихына
шолу жасаған ғылыми еңбек. Естеліктің көлемі 396 бет. Кіріспе,
оның алдыңғы бетінде Ф.Загорский түсірген фото Ы.Алтынсарин ұлы
Абдулхамитті (Абдолла) алдына ұстап арқалы орындықта отыр.
Еңбектің 34- беті Н.И.Ильминскийдің тікелей естелігіне арналған,
Торғай облысында орыс-қазақ училищелерін ашуға, олардың жұмысын
ұйымдастыру туралы “Ережелерге”, циркулярларға, басқа да ресми
қатынас қағаздарға, осы өңірдегі оқу орындарының тарихына
байланысты материалдарға 198 бет, ал Ыбырай Алтынсариннің хаттары
мен басқа жазған қағаздарына 195 бет арналған. Соңғы бөлімдерінде
Ыбырай Алтынсариннің өз қолымен Н.И.Ильминскийге, В.В.Катаринскийге,
А.А.Соколовқа т.б. жазған 92 хаты бар. Осы ұшан теңіз материалдарды
ауырып жүріп Н.Ильминский бірер жыл ішінде В.В.Катаринскийдің,
А.А.Соколовтың, ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің зайыбы Айғаныстың
көмегімен жинап алғаны туралы осы “Естеліктің” кіріспесінде
айтылыпты. Н.И.Ильминскийдің өмірі мен творчествосын түзуші биограф
ғалымдар “Ыбырай Алтынсарин туралы естелікті жазуда, оған
материалдар жинауда Ильминскийдің қанша еңбегі сіңіріп, қиналғаны
туралы жазған.
Мысалы, Ыбырай Алтынсарин қазақ балалары оқитын техникалық, не
ауыл шаруашылық училищесін ашуды ойластырып, халық арасынан қаражат
жинай бастайды. “Біздің - деп жазды ол В.В.Катаринскийге 1884 жылдың
4 февралінде жолдаған хатында, -оқу жұмыстарымыз тәуір жүріп жатқан
сияқты. Елден үй басына жинайтын ақшаны 15 тиыннан 1 сомға дейін
көбейту туралы губернатордың ұсынысы бірқатар болыстарда қазірдің
өзінде-ақ дәл орындалды. Егер 1885 жылы да бұл жұмыс қазіргідей
жақсы жүріп отыратын болса, біздің едәуір ақшамыз болады.
әсіресе, 20 мыңдай үйі бар Николаевск уезінде едәуір ақшамыз болады.
Сондықтан мен енді осы ақшаның бірқатарын Қостанайда бір жөні
берік негізге қойылған техникалық және ал шаруашылық
училищелерін ашуға жұмсаған пайдалы болар еді деп ойлаймын. Бұл
жөнінде сізбен кеңесуге уақытымыз бар ғой әлі, ал бұл туралы
попечительдің пікірі қандай екен? Менің қазір тағы да бір
ойымды бөліп жүрген мәселелері қазіргі мектептерді уездік
мектептерге айналдыру және құрметті қамқоршыларды наградтау туралы
еді. Қолымыз тие қойған кезде осы мәселелер туралы хабарласыңыз
тәуір болар еді”. Бұл үзінді Ыбырай Алтынсарин мен В.В.Катаринский
арасындағы сырласу, ақылдасу мен мақұлдасудың соншалықты жоғары
дәрежеде болғанын тағы да дәлелдей түседі.

Бесінші бағыт. Этнографиялық очерктері

1870 жылы Россия географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің бірінші
Запискасында Ыбырай Алтынсариннің Орынбор ведомоствосы қазақтарының
өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі, Орынбор
ведомоствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің
очеркі атты этнографиялық мақалаларын жариялады. Бұл мақалалар ұлы
педагогтың публицистикаға алғаш қалам тартуы болатын.
Бұл еңбектер орыс зиялы қауымына қазақ қоғамының әр алуан
тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы түсінік берген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде
Ы.Алтынсарин кәсіптік білім туралы
Таңдамалы шығармалар
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
Зерттеудің жетекші идеялары
Қазақ тілі білімдерінің негізін салушы ғалымдар
Ыбырай Алтынсарин көз жұмды
Пәндер