ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ Ы.МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘОЖ. Қолжазба құқығында
БЕЙБІТОВА ГҮЛЗИРА ТҰРҒАНБЕКҚЫЗЫ
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ:
Ы. МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
6М020500 - Филология: қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша филология ғылымдарының магистрі академиялық дәреже алу үшін магистрлік диссертация
ТҮРКІСТАН - 2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді:
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі, ф. ғ. к., доц. м. а.
С. Мағжан
(қолы)
«___»20__ ж.
Магистрлік диссертация
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ
Ы. МАМАНОВТЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
мамандығы: 6М020500 - Филология: қазақ тілі мен әдебиеті
Магистрант Г. Бейбітова
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Ғылыми жетекшісі,
ф. ғ. к., доцент Г. Жылқыбай
(қолы) (аты-жөні, тегі)
ТҮРКІСТАН - 2014
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
- Ы. Е. МАМАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ЕТІСТІК СӨЗ ТАБЫЕтістік түбірі . . . 10Күрделі етістік . . . 22Қимыл есімі . . . 46Есімше . . . 47Көсемше . . . 52
Бірінші тарау бойынша тұжырым . . . 56
2 Ы. Е. МАМАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
2. 1 Етіс категориясы . . . 59
2. 2 Етістіктің болымсыздық түрлері . . . 69
2. 3 Рай категориясы . . . 76
2. 4 Шақ категориясы . . . 81
Екінші тарау бойынша тұжырым . . . 84
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 87
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 93
КІРІСПЕ
Қазақстан қоғамы үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени өзгерістер мен бәсеке үдерісінде адам ресурсын сапалы дамытудың маңызы өте зор. Оны орындау үшін нарықтық экономикаға негізделген бәсекеге лайықты жаңа заманда жаңаша ойлайтын жеке тұлғаны дайындау шарт.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында: «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс », - деген болатын [1] .
Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Жоғары мектептегі білім берудің басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін дайындау.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру жайы атап көрсетілген [2] .
Осы тұрғыдан келгенде, кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты - жаңа қоғамға лайықты сапалы да, саналы тұлға, өз мамандығын сүйетін, оның кез келген сұрағына жауап бере алатын маман даярлау. Демек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек.
Осымен байланысты Қазақстандағы жоғары білім беруге негізделген қазақ тілі маманын даярлау жүйесінің көздейтін мақсаты - жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, өз бетімен білімін жетілдіре алатын, мамандығы бойынша қажетті білім, іскерлік, дағдысы қалыптасқан терең білімді, білікті, ізгілікті маман даярлау.
Қазақстандағы соңғы жылдары болып жатқан әлеуметтік-саяси өзгерістер білім беру жүйесінің барлық салаларына қарқынды өзгерістер алып келді. «Білім туралы заң», «Жоғары білім туралы заң», «Қазақстан республикасы гуманитарлық білім беру бағдарламасы», «Қазақстан республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы», «Білім беру туралы мемлекеттік бағдарлама», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» т. б. мемлекеттік құжаттар білім беру мазмұнын анықтап беріп отыр. Аталмыш құжаттарға сәйкес жоғары білім беруді дамытуда көзделетін негізгі мақсат: «Оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге қабілетті және ғылым, мәдениет, білім беру процесін бірлікте тану негізінде жас ұрпақты тәрбиелейтін жоғары білім берудің тұңғыш жаңа ұлттық моделін қалыптастыру болып табылады» [2, 7] .
Білім берудің жаңа үлгісін жасау - Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер талап етіп отырған міндет. Оқытудың жаңаша құрылуының алғышарттары - маман даярлаудың құзыреттілік (компетенция) моделін қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, оны білім беруде кеңінен қолдану және оқытудың нәтижелілігі. Білімгер кәсіби-теориялық білім, іскерлік, дағдылармен қаруланып қана қоймай, шығармашылық еңбегімен ізденіп өздігінен білім алуға, ой қорытындысын жасауға қабілетті болуы тиіс.
«Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік-интелектуалдық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі» [3, 180] .
Осыған сәйкес жоғары білім беру маманның болашақ қызметіне сәйкес біртұтас, жүйелі, іргелі білім, кәсіби іскерлік, дағдылармен қаруландыруды және арнайы шығармашылық және ғылыми ізденушілік қабілеттерін дамытуды көздейді. Осы мақсаттағы диссертациялық жұмыстың тақырыбы «Қазақ тіл білімі: Ы. Мамановтың лингвистикалық мұрасы» деп аталады.
Қазақ тіл білімінің туып, қалыптасуы, бүгінгі кемел шағына жетіп, биіктерге көтерілуі оның іргетасын қалап, қазақ тілін ғылым ретінде қалыптастырған ардақты есімдермен тығыз байланысты екені даусыз. Қазақ тіл білімінің тарихында оның ғылыми-теориялық негізін салған ғалымдардың әрқайсысының орны ерекше.
Жекелеген ғалымдардың мұрасын оқып-үйрену - ғылым үшін, оның болашағы үшін аса маңызды қажеттілік. Ы. Мамановтың аса күрделі де терең ғылыми-теориялық танымын зерделеу, жеке ғалымның мұрасын зерттеу- ғылымның тарихын зерделеу, зерттеу болып табылады.
Тегінде мұндай зерттеулер тіл дамуының деңгейін белгілеу үшін аса қажет. Бұл тәріздес зерттеулердің нәтижесінде қазақ тіл білімінің ірі, проблемалы мәселелерімен қатар жекелеген, нақты мәселелері де шешімін табады.
Айтайын дегеніміз, еңбегіміздің нысанына айналып отырған Ы. Мамановтың қаламынан туындаған тіл білімінің салаларына арналған туған ірілі-уақты мақалалары, тезистері, көлемді еңбектерінің саны 70-тен асады. Көзі тірісінде жарық көрген еңбектерінен басқа ғалымның ҚР ҒА Тіл білімі институты қызметкерлерінің қолға алуымен 2007 жылы «Ы. Маманов. Қазақ тіл білімінің мәселелері» атты шығармалар жинағы жарық көргенін ерекше атап өткен жөн. Көп жылдар бойы жоғары оқу орындарында дәріс оқып, студенттерге арналған әдістемелік құралдар мен монографиялық еңбектері және оқулықтарының ғылымға сіңірген әсері санымен емес құндылығы арқылы бағаланған деуге болады. Ғалымның ғылыми танымы қазақ тіл білімінің жекелеген мәселелеріне арналған Р. Сыздықова, С. Исаев, Т. Қордабаев, Ә. Құрышжанов, Н. Уәлиев т. б. ғалымдар еңбектерінде талданды. Ғалымның еңбектерінің мәнділігі, құндылығы туралы Ә. Қайдар, А. Хасенова, Ш. Сарыбаев, С. Омарбеков т. б. ғалымдар мен кейінгі буын ғалымдар А. Омарова, Г. Әмірованың зерттеу еңбектеріндегі пікірлерін, ғалым жөнінде білдірілген Қ. Есенов пен М. Томанов, М. Серғалиевтің 1963, 1967 жылдары «Қазақстан мұғалімі» газетіне берген мақалаларындағы жылы лебіздері мен Н. Уәлиұлының «Көрнекті ғалым Ы. Е. Мамановтың ғылыми концепциялары туралы» (А., 2007) атты ғылыми мақаласын атауға болады [4, 7-14 бб. ] .
Осыған қарамастан, ғалымның өмірі, шығармашылығы әлі күнге дейін жеткілікті түрде зерттеліп, өз бағасын толық алған жоқ. Сондықтан, яғни қазіргі шақтағы қазақ тіл білімінің ғалымға байланысты еңбектерге зәрулігі, біздің тақырып етіп таңдауымызға себеп болып отыр.
Зерттеудің өзектілігі Ғалым мұраларын сөз ету ғылымға ерекше жаңалық ретінде қосылмайтындығын мойындаймыз, алайда кез келген ғалымның ғылыми жаңалықтарын айқындап, тұжырымдарын сұрыптау арқылы ғылымның дамуына көп септігін тигізуге болады, еленбей қалған мәселелер болса ашыла түсуіне жол ашуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан ғалым Ы. Маманов еңбектері арқылы қазіргі қазақ тілінің морфологиясындағы түйінді мәселелердің, атап айтқанда етістік сөз табына байланысты қалыптастырған жүйелерінің орнын зерделеудің орасан маңыздылығы бар. Морфология саласы бойынша ғалымның сол кезде айтатын құнды пікірлері мен ғылыми тұжырымдарының қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарымен, өзекті мәселелерімен сабақтас келетініне ерекше назар аударады. Алайда қазақ морфологиясы бойынша кейінгі жас зерттеушілер еңбектерінде ғалым еңбектерінің мүлде аталмайтындығын да атап айту керек. Бұл ғалымның зерттеу еңбектерінің жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы ретінде жазылмауынан болса керек. Морфология бойынша жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы А. Ысқақовтың авторлығымен шығып, ол бірнеше рет қайта өңделіп, күні бүгінге дейін осы оқулықпен оқытылуда. Ы. Мамановтың ғылыми зерттеулерін осы сала бойынша ізденгендер болмаса, көпшілік біле бермейді.
А. Ысқақовтың авторлығымен жарық көрген “Қазіргі қазақ тілі” еңбегінің морфологиялық зерттеулердің көш басында тұратын оқулық екендігінде дау жоқ. Онда сөздің морфологиялық құрылымынан бастап, қосымшалар, олардың жіктелуі, сөз таптары, морфологиялық категориялар т. б. негізгі мәселелердің барлығы қамтылған. Бірақ ғылымның жекелеген мәселелерін зерттеу кезінде бұл оқулықта айтылған тұжырым, қағидалардың қайта қарауды, тереңірек зерттеуді қажет ететін тұстары баршылық екендігін қазіргі қазақ тіл білімінің барысы байқатып отыр.
Ы. Е. Маманов еңбектерінде осы аталған “Қазіргі қазақ тілі” оқулығында айтылған мәселелерге қарама-қайшы келетін немесе одан өзгеше сипаттамалар берілген пікірлер кездеседі. Ғалым тіл ғылымының қай саласына болмасын, өзіндік ой-пікірімен келіп, ғылымда әбден қалыптасқан, даусыз мәселелерді қайталамай, үнемі мәселе етіп қоятындай тілдік фактілерге ерекше назар аударып отырады. Қазақ тіліндегі қосымшаларды тілдік материалға сәйкес бөліп қарауы, әлі де әртүрлі пікір қалыптастыруға негіз болып жүрген аффикстерге және етістіктің грамматикалық топтарына байланысты құнды пікірлері қазақ тіл білімінің нәтижелері негізінде жасалатын қазіргі қазақ тілінің функционалды грамматикасын қалыптастыруға қосылатын құнды көзқарас, тұжырымдары деп санаймыз. Осы айтылғандар зерттеу нысанына алынып отырған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу нысаны - Жұмысымыздың негізгі нысаны Ы. Мамановтың қазақ тіліндегі морфологияның іргелі мәселелеріне қатысты ізденістері мен ұстаным, қағидаларынан туындаған пікірлері мен тұжырымдары.
Зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттері Зерттеу жұмысының негізгі нысанына айналып отырған Ы. Мамановтың қазіргі уақыттағы ауқымды сала морфологияның өзекті мәселелеріне арналған пікір тұжырымдарын алғашқы және қазіргі қазақ тіліндегі ғалымдардың ой-пікірлерімен салыстыра отырып зерттеу мақсаты ғалымның еңбектеріндегі қағидалардың негізгі танымын аша түсу міндетін жүктеп отыр. Сондықтан қаралғалы отырған тақырып мақсаты орындалу үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
- қазақ тіліндегі етістік сөз табына байланысты еңбектерді жинау және қорыту міндеті;
- ғалым Ы. Мамановтың «Қазіргі қазақ тілі. Етістік. » атты еңбегі бойынша етістік сөз табының табиғаты туралы танымын ғылыми негізде саралау міндеті;
- ғалымның етістік сөз табына қатысты ұстанымдарын өзге ғалымдардың ұстанымдарымен салыстыра отырып, өзі қалыптастырған қағидаларын айқындау міндеті;
- морфологияға байланысты жазылған еңбектердің зәрулілігінен туындаған Ы. Мамановтың еңбегіндегі жаңа сипаттағы пайымдарын көбірек негіз ету міндеті т. б.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертацияда қаралатын Ы. Мамановтың қазақ тілінің морфологиясына, оның ішінде етістік сөз табына байланысты зерттеулерін талқыға салуымыздың себебі бүгінгі таңдағы ғылым талабынан туындап отыр. Демек ғалым еңбектерінің зерделенуінің морфология ғылымына осы бағыттағы бір зерттеу еңбегі болып қосылғандығымен қоса, ғылыми жаңалықтарын атап өтуге болады:
- зерттеу барысында ғалымның нысанаға алған мәселелерінің бірі етістіктің түрлеріне байланысты түсіндірілу ерекшеліктері мүлтіксіз сөз етіледі;
- Ы. Мамановтың танымы негізінде қазақ тілі морфологиясының күрделі мәселелерінің бірі болып табылатын етістік мәселесіне байланысты концептуалды тұжырымдары өзге де морфолог-зерттеушілердің ой-пікірлерімен салыстырылып, ғалымның ұстанған бағыты, концепциясының ғылыми негіздері ашылып көрсетіледі;
- Ы. Мамановтың қазақ тілі морфологиясын ғылыми пән ретінде дамытудағы қосқан үлесі, жаңалығы, орны, мақсаты анықталып, соның нәтижесінде ғалымның ғылыми лингвистикалық мұраларының құндылығы айқындалады.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы
Қазақ тіл білімінің теориялық мәселелерінің ғылыми негізін қалыптастыруға өзіндік үлес қосқан Ы. Мамановтың қазақ тілі морфологиясының өзекті проблемаларын қозғаған ой-пікірлері күрмеуі мол күрделі мәселелердің шешімін табуға септігін тигізіп қана қоймай, кейбір қалыптасқан пікірлерге өзгеше қырынан үңіліп, тереңдей зерттеуге көмегін тигізеді.
Талдауға негіз болған материалдар ғылыми мұраны оқып-үйренудің қажеттілігін анық көрсетті. Әрбір ғылыми мұра үлкен ғылымның бір-бір парағы екенін ескерсек, аталған жұмыс қазақ тіл білімі тарихын оқып-үйренудегі елеулі орынды толтыруымен маңызды.
Жалпы тіл білімі жекелеген тілдерді зерттеудің негізінде дамиды. Жекелеген тіл білімі өкілдерінің зерттеулері ұлттық тіл ғылымының тарихындағы теориялық бағыттар мен мектептердің, оның көрнекті өкілдерінің алатын орны мен рөлін анықтауда ерекше маңызды болып табылады. Қазақ тіл білімінде Ы. Е. Маманов сынды ғалымдардың теориялық көзқарастарын, ой-тұжырымдарын, ұстанған бағыттарын арнайы зерттеу сол ғылым саласының қалыптасу, даму тарихын қазіргі тіл білімінің жетістіктері және жаңа салаларымен сабақтастығын теориялық тұрғыдан пайымдауға жол ашады.
Зерттеуде алынған нәтижелер және зерттеу материалдары оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, морфология пәні, функционалды грамматика бойынша лекциялар курсында кеңінен қолданылады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар
- көрнекті ғалымның лингвистикалық мұрасын зерттеу, бағалау, қазіргі тіл білімінің дамуындағы орнын көрсету ғылымның тарихы үшін аса маңызды мәселе болып табылады;
- қазақ тіл білімін дамытуға үлес қосқан айтулы ғалымның ой-пікірін саралап, олардың теориялық негіздерін көрсету тілді зерттеуді жетілдіру үшін аса қажет;
- қандай ғылыми әдістерді қолданғанын, тілдің дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардың өзара байланысын көрсете алғанын саралаудың мәні аса зор. Туыстас тілдердің, жүйесі туыс емес тілдердің деректерін салыстыру арқылы ғалымның қол жеткен нәтижелерін көрсету аса қажет.
Зерттеудің дереккөздері Жұмысты жазу барысында Ы. Е. Мамановтың морфологияға қатысты жарық көрген монографиясы, оқулықтары, ғылыми мақалалары мен жасаған баяндамалары, лекциялар курсы, зерттеу нысанына қатысты баспа бетін көрген негізгі ғылыми әдебиеттер, А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, А. Ысқақов, К. Аханов, А. Қалыбаева, Н. Оралбаева, Ә. Қайдар, Р. Сыздықова т. б. зерттеулері, сондай-ақ ғалымның пікірлеріне талдау жасап, оның теориялық тұжырымдарын дамытқан С. Исаевтың еңбектері жұмысқа теориялық және методологиялық негіз ретінде пайдаланылды.
Зерттеу әдістері Жұмысты жазу барысында сипаттама, талдау, жүйелеу, жинақтау, тарихи-салыстырмалы, статистикалық, қорыту әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының тақылануы мен жариялануы Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен нәтижелері төмендегідей халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда баяндалды:
баяндама жасалып, республикалық ғылыми басылымдарда 3 мақала жарық көрді.
Зерттеу жұмысының құрылымы Диссертация кіріспе, екі бөлім, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
1 Ы. Е. МАМАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ЕТІСТІК СӨЗ ТАБЫ
- Етістік түбірі
Етістік - грамматикалық категорияға бай күрделі сөз таптарының бірі. Грамматикалық сипаты сан салалы, түрлену тұлғалары әр алуан етістіктер морфологиялық түрлену жүйесімен сөйлемде басқа сөз таптарымен байланысқа түсіп, белгілі бір синтаксистік қызмет атқаруы жағынан да сөз таптарының басқа түрлерінен ерекшеленеді.
Етістік сөйлеу кезінде басқа сөздермен тікелей синтаксистік қатынасқа түсе алмайды, сөйлемде түбір күйінде қолданылмайды. Қазақ тіліндегі сөз таптарының бірі ретінде етістік өзіне тән белгілі мағына білдіре алатын, қазіргі кезде сол күйінде қолданылмайтын түбір тұлға және неше түрлі грамматикалық мағына білдіретін форма түрлену жүйесінің негізіндегі категория көрсеткіштерінің бірлігінен тұрады [5, 4-20 бб. ] .
Қазақ тіл білімінде етістік категорияларын түрлі қасиетіне байланысты бірнеше топқа бөлу тәжірибесі бар. Педучилищеге арналған оқулықта етістікті лексика-семантикалық категориялар (көсемше, есімше, болымды және болымсыз етістік, сабақты және салт етістіктер, етістер) және грамматикалық категориялар (рай, шақ) деп екі топқа бөледі [6] .
Жоғары оқу орнының студенттеріне арналған оқу құралында етістік формаларының жүйесі мынадай грамматикалық категориялар ыңғайында қаралып жүр: 1) етістік негізі; 2) қимыл атауы категориясы; 3) салттылық және сабақтылық категориясы; 4) етіс категориясы; 5) болымдылық және болымсыздық категориясы; 6) амалдың өту сипаты категориясы; 7) есімшелер категориясы; 8) көсемшелер категориясы; 9) рай категориясы; 10) шақ категориясы; 11) жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы [7, 274] .
Ы. Маманов қазақ тіліндегі етістік формаларын лексика-грамматикалық қызметтеріне қарай, ең алдымен, негізгі етістік және функциялық етістік деп екіге бөліп, одан кейін негізгі етістіктің өзін түбір етістіктер және модификациялы етістіктерге ажыратып, түбір етістіктерге етістіктің лексикалық мағынасына ие болатын сөздерді, модификациялы етістіктерге белгілі қосымшалар немесе көмекші етістіктер арқылы үстеме грамматикалық мағына білдіретін етістік формаларын жатқызады. Сөйтіп, етістіктерді төмендегідей сатылап көрсетеді: “Бірінші орында түбір етістіктер, екінші орында модификациялы етістіктер, үшінші орында функциялық етістік тұлғалары, төртінші орында рай, шақ категориялары” [8, 3-5 бб. ] .
Қазақ тіл білімінде етістік категориялары туралы пікір әр жақты екендігі байқалады. Мәселен, Ы. Маманов функциялық етістік тұлғаларына жіктік және тәуелдік жалғаулары арқылы жаққа бөлініп жіктелетін тұйық етістік, көсемше, есімше, шартты рай түрлерін жатқызса, С. Исаев Ы. Мамановтың “функциялық етістіктердің жіктелуі арқылы етістіктердің рай, шақ формалары пайда болады” деген пікірімен келіспей, “рай, шақ мағыналары етістіктің жіктелу тұлғасы (жіктік жалғаулары емес), арнайы формалары немесе есімше, көсемше формалары арқылы беріледі, ал жіктелуі - жақ категориясының көрсеткіші” деп түйіндейді [5, 8-9 бб. ] .
С. Исаев қазақ тіліндегі етістік категорияларын үш топқа жіктейді:
1) лексика-грамматикалық категориялар (салт, сабақты етістік, етіс, күшейтпелі етістік немесе көрініс категориялары) ;
2) таза грамматикалық категориялар (рай, шақ, жақ немесе жіктеу категориялары;
3) жеке грамматикалық категория бола алмайтын, бірақ басқа таза грамматикалық категория (шақ категориясы) жасауға негіз болатын ерекше формалары (есімше, көсемше) немесе бүтіндей басқа сөз табының грамматикалық сипатын ғана көрсететін айрықша түрі (тұйық етістік) .
Етістік Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, М. Балақаев, А. Ысқақов, Ғ. Мұсабаевтардың авторлығымен жарыққа шыққан “Қазіргі қазақ тілі” оқулығында, сонымен қатар бұл еңбектерге дейін жарық көрген Қ. Жұбанов [9], С. Аманжолов [10], І. Кеңесбаев пен С. Жиенбаевтың “Грамматикаларында” [11] етістік бөлімі сабақты етістік пен салт етістік, болымды және болымсыз етістік, етіс категориясы, рай, шақ, жақ категориялары, есімше мен көсемше формалары үзілмей берілумен бірге, кейбір толықтырулар мен лингвистикалық атаулар тиянақталып, өзгерістер енгізіліп отырса да, белгілі бір дәстүрлі жүйе берік сақталып келеді деуге әбден болады.
Етістікке жалпы сипаттама беріп, алғаш мақала жазған зерттеушілердің бірі Ә. Дайырбеков етістік категориясын толық ашпаса да, тұйық рай мен көсемше формалары туралы біраз мәлімет береді [12] .
Ы. Мамановтың етістіктерді төмендегіше жіктегендігін айқындап көрсетсек:
Кесте 1 - Етістіктің жіктелуі
Негізгі етістік
- негізгі түбір
- туынды түбір
- кіріккен түбір
- қос түбір
- тіркесті түбір
- етістер
- күшейтпелі етістік
- күрделі етістіктер
Кесте 2 - Функциялық етістік
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz