Ыбырай Алтынсарин (1841—1889)



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ыбырай Алтынсарин (1841—1889)
Патшалық отарлау, еріксіз орыстандыру саясаты қазақ даласын ең
жайлаған заманда Ыбырайдың діни мистикалық оқуға да, орыстандыру-шоқындыру
ісіне де бет бұрмай екі оттың арасынан өзінің ағартушылық идеясын аман алып
шығуы — теңдесі жоқ елін сүйген патриоттық сезімінің күші еді. (М.
Мырзахметов.)
Ы. Алтынсарин 1841 жылы Торғай өнірінде, дүниеге келген. Ол нағашы
атасы, Торғай өңіріне белгілі Балғожа бидің тәрбиесінде өседі.
Үміт еткен көзімнін нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман
Сүйініп сәлем жазды бүгін саған... —
деп он жасар немересі Ыбырайға хат жолдаушы сол атасы еді. Балғожа би
Ыбырайды өзінің орнына ел билеу ісіне даярлау мақсатында 1850 жылы
Орынборда жаңадан ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне оқуға берді.
Ыбырай 1857 жылы осы мектепті үздік бағамен оқып бітірді. 1857—1859
жылдары ол өзінің атасы Балғожаның қарамағында іс жүргізуші болып қызмет
атқарады.
1859 жылы Балғожа би өзінің досы генерал-лейтенант, профессор Василий
Васильевич Григорьевтің көмегімен Ыбырайды Орынбор облыстық шекара
басқармасына тілмаштыққа орналастырады. Осы кезде Ыбырай В.В. Григорьевтің
үйінде жиі болып, оның аса бай кітапханасын пайдаланып, орыс, батыс классик
жазушыларының, ағартушы-педагогтарының еңбектерімен еркін танысуға
мүмкіндік алады.
Осы жылдары Ыбырай В.В. Григорьевтің үйінде Қазан университетінің
профессоры Н.И.Ильминскиймен танысып, онымен қадірлес достық қатынаста
болады.
Осылайша өз бетімен оқып, білімін молайтудың нәтижесінде Ыбырай тілмаш
болудан гөрі, халыққа пайдалы қызметке қарай ойысуды ниет етеді.
1860 жылы Орынбор өлкесінің басқару комиссиясының ұйғаруымен Батыс
Қазақстан өлкесінен қазақ балалары үшін төрт бастауыш мектеп (Троицк,
Торғай, Ырғыз, Қазалы қалаларында) ашылады.
Ыбырай Торғай қаласында ашылған бастауыш мектепке мұғалім болып
тағайындалады.
Көптен күткен іс — оқытушылық. 1861—1863 жылдар аралығында Ыбырай өз
бетінше Торғай бекінісінен бір сыныптың мектеп ашу ісін қолға алып, әуелі
оның үйін тұрғызудан бастайды. Жергілікті халықтан ақша жинап, мектепке
керекті материалдар сатып алып, ата-аналардың көмегімен мектеп үйін
тұрғызады. Оқу алғаш 1864 жылы қаңтар айында салтанатты түрде ашылып, той
жасалады. Ыбырай 14 қазақ баласын оқуға қабылдайды. Олар мектеп жанынан
салынған интернатта жатып оқитын болады. Өзінің осы істері жайында
профессор Н. И. Ильминскийге 1864 жылдың қаңтарында жазған хатында былай
дейді: Осы жылы каңтардың 8-і күні менің көптен күткен арманым орындалып,
мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар...
Қазақтар мектепке балаларын беруге ынталы екенін көрсетіп отыр. Оларға ең
алдымен мемлекеттің заңын үйрет деп өтініш жасап жүр. Сондағы ойлары кейін
олардан законшіктер, демек өсекші-шенеуніктер шықсын дегені ғой.
Олардың көздегені осы. Мен әзірге оларға бұл жөнінде ешнәрсе деген
жоқпын... Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу
кірістім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан
әсер етуге бар күшімді салып отырмын... деп өзінің сүйікті ісіне белсене
кіріскенін зор қуанышпен хабарлайды. Ыбырайдың бұл хатынан оның педагогтік-
ағартушылық көзқарасының түпкі мақсаттарын айқын аңғаруға болады. Оқыған
жастардың адал, әділ, адамгершілік қасиеттері жоғары азамат болуын
көздегені байқалады. Ыбырай балаларға түсініксіз жаттамалы діни оқудың
орнына жаңаша әдіспен түсіндіріл оқытып, оларға тез хат танытатын жол
табады. Соның нәтижесінде Ыбырай оқытқан балалар небәрі 3-4 айда қара
танып, кітапты еркін оқитын халге жетеді.
Ыбырай заманында қазақ даласындағы діни оқуларды көбінесе Қазан, Уфа
қалаларынан оқып келген татар молдалары оқытты. Пайдаланылатын оқу
құралдары да Қазан және Уфа қалаларында татар-араб тілдері аралас-тырыла
басылып шыққан кітаптар болатын.
Ал Ыбырай болса қазақ тілінің тазалығы үшін күресіп бақты. Ол
мектептегі оқуды түсініксіз жаттамалы араб тілінде оқытуға немесе араб-
татар тілдерін араластыра оқытуға негізделген оқулықтарды пайдалануға қарсы
болды. Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында: Мәселенің мәнді жері —
қазақтарға татар фанатизмінің ықпалын тигізбеу, қазақтардың білім алуына
кесірін тигізбеу ғой. Осындай ықпалдан құтқару үшін бірте-бірте, бірақ шын
құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды
қызықтыратын кітаптар керек, бұл кітаптар татар кітаптарымен қатар, зор күш
болар еді деп өзінің шынайы ағартушылық идеяларын ана тілінде жазылған
оқулықтар арқылы іске асырмақ болады. Осы мақсатпен 1876 жылы Ыбырай
Петербург, Қазан қалаларына барып, орыстың ұлы педагогтері К. Д. Ушинский,
Л. Н. Толстой, Н. Ф. Бунаковтардың оқу-лықтарымен танысып, олардың оқыту
жүйесін үйренді. Соларға еліктей отырып, қазақ тілінде тұңғыш оқулықтар
жазуға кірісті.
Ол заманда мұсылман мектептерінде араб тілінде жазылған Құран,
Әптиек, Мұқтасар секілді діни кітаптар оқулық ретінде пайдаланылатын.
Бұл кітаптарды оқушы түгілі молдалардың (мұғалімдердін) өздері де түсінбей,
жаттатып оқытатын. Ыбырай қазақтың өз тілінде оқулық жазу керек деген
қорытындыға келді.
Ы. Алтынсарин алдыңғы қатарлы орыс педагогтерінің оқу құралдарын
басшылыққа ала отырып, қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлері үлгісіне
негізделген екі төл оқу құралын (Қазақ хрестоматиясы мен Қазақтарға орыс
тілін үйретудін бастауыш құралын) 1879 жылы жазып, бастырып шығарды.
Ыбырай Қазақ хрестоматиясына, біріншіден, Қара батыр, Байұлы,
Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі, т. б. қазақтың байырғы әңгімелерін
енгізсе, екіншіден, өзінің Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ,
Аурудан аяған күштірек, Жеміс ағаштары, Әке мен бала, Асыл шөп
сияқты ғибрат, өсиет-өнегеге құрылған дидактикалық әңгімелері мен өлеңдерін
кіргізді, үшіншіден, Талаптың пайдасы, Бір уыс мақта, Алтын
шекілдеуік, Мейірімді бала, Жаман жолдас, Силинші ханым, Зеректік,
т.б. орыс, батыс классиктерінің төлімдік мәні зор әңгімелерін аударып
енгізді.
Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің
ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін,
сөйтіп, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.
Қазақ хрестоматиясын Ыбырай орыс алфавитімен жазды. Оның себебі
туралы: Орыс әрпін қолданумен байланысты қазақ тілі орынсыз кірген араб,
татар сөздерінен тазарады. Орыс әрпін қолданғанда ғана қазақ кітаптары
дұрыс жазылатын болады деп жазды Ыбырай.
Ыбырай діни оқудың өзін адамгершілікті, гумлнизмді насихаттауға
бейімдеу керек деп қарады. Осы мақсатпен ол 1883 жылы өзінің Мұсылмандық
тұтқасы атты оқу құралын жазып, Қазан қаласында араб әрпімен бастырып
шығарды. Ы. Алтынсариннің Мұсылмандық тұтқасы (Шариат-ул-ислам) кітабын
жазып шығаруына екі түрлі жағдай себеп болды.
Бұл жөнінде Ыбырай Алтынсарин өзінің осы еңбегінің кіріспесінде:
Біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп
кетпеуі үшін, ал екінішден, қазақтың жазба тілінен татар тілінің орынсыз
етек алуына жол бермеу үшін осы оқу құралын құрастыруға кірістім дейді.
Ыбырайдың бұл кітабының құндылығы, біріншіден, мұсылман дінінің
шариғат заңдарына ана тілінде түсінік беруі болса, екіншіден, діни
терминдердің мән-мағынасын ашуға зер салуында, үшіншіден, (ең бастысы)
шариғат заңдарын күнделікті тіршілікпен байланыстыра талдауында болып отыр.
Мысалы, осы кітаптың кіріспесінде: ...Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы
жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілі сенбесе,
әлбетте ол намаз болып табылмайды деп адамның не нәрсеге болса да берік
сенімі жүректен терең орын алмаса, ол нәтиже бермейді деген қорытынды
жасайды.
Ыбырай мұсылмандықтың бес парызының бірі ораза тұту, намаз оқу болса,
оны да жұртты алдау үшін немесе құдай алдындағы парызымды өтей салып,
жұртқа мұсылман болып көрінейінші демектің өзі күнә дегенді айтады. Сондай-
ақ ол жақсылық-жамандық ниеттер сол адамның іс-әрекеті арқылы сыртқа
көрінеді дей келіп, нашақорлық, ішімдікке үйірлік, зинақорлық, кісі ақысын
пайдалану, біреуді зорлау, қорлау, тонау мұсылмандылыққа жат қылықтар ден
отандастарын, әсіресе жастарды ондай әдеттерден аулақ болуға үндейді.
Сөйтіп, Ыбырай діни оқудың мән-мағынасын ағартушы-педагогтік жолмен
түсіндіре отырып, дінді өзінің ағартушылық ісіне құрал ретінде пайдалануды
көздеді.
Ыбырай қазақ балаларын басқа дінге зорлап ендіріп шоқындыруға да
қарсылық көрсетіп, миссионерлік бағыттағы жат пікірмен аяусыз күрес ашты.
Діни оқудың жаттамалы-түсініксіз болуымен келіспеді.
Ыбырай өзінің ағартушылық, ұлы педагогтік ісін үш түрлі бағытта
жүргізді. Біріншіден, Батыс Қазақстан — Торғай өлкесінде әр салалы
мектептер ашып жастарға білім берумен қоса, оларды еңбекке, кәсіпкерлікке
баулуды көздеді. Екіншіден, өзі ашқан мектептерге мұғалім мамандарын
даярлап, оларды әдіскерлік шеберлікке үйретті, үшіншіден, К. Д. Ушинский,
Л. Н. Толстой сияқты орыстың ұлы педагогтерінің гуманистік идеяларын тұңғыш
қазақ мектептеріне таратты.
Ыбырайдың педагогтік атағы 1879 жылы Торғай өлкесіне мектеп инспекторы
қызметіне тағайындалған кезінен бастап қалың жұртқа таныла бастады.
Ол 1879—1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай,
Ырғыз, Троицк, Актөбе) уездік жаңа мектептер ашты. 1883 жылы Торғай
қаласында тұңғыш қолөнер мектебін ашып, жастарға кәсіптік-техникалық білім
беру ісін қолға алды. Онда оқушылар сабын қайнату, тон пішіп, тігу, тері
илеу кәсіптерін үйреніп меңгерді.
1887 жылы Елек уезіне қарасты Бөрте болысынан, Қостанай (бұрынғы
Николаевск) уезінің Обаған және Жітіқара болыстарынан бір сыныптық
мектептер ашып, әрқайсысының жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық
интернат салдырды.
1887 жылы Торғай даласында айтулы тағы бір жаңалық болды. Ол — Ы.
Алтынсариннің көптен армандап жүрген, оқу құралдарымен өзі жабдықтаған
Ырғыз қыздар училищесінің салтанатты түрде ашылуы еді. Патшалы Ресей
заманында қазақ қыздарын оқыту деген адамның өңі түгілі түсіне де кірмейтін
жаңалық болатын. Себебі қазақтар қыздар жаңа заман оқуын оқыса бұзылып
кетеді деген жалған түсініктен арыла қоймағантын. Алтынсарин осы теріс
көзқарасты сейілту жолында аянбай еңбек етіп, елкелік басқармаға Торғай
облысының барлық уездерінде қыздар училищесін ашуды өтініп мәлімдеме жазды.
Осының нәтижесінде кейін Қарабұтақта (1890 ж.), Торғайда (1891 ж.),
Қостанайда (1893 ж.), Ақтөбеде (1896 ж.) қыздар училищелері ашылды. Бұл
қазақ қыздарының әлеуметтік істерге белсене араласуына ашылған үлкен жол
еді.
Ыбырайдың Орынбор әкімшілік басқармасы алдына қойып жүрген тағы бір
мәселесі — Орынбор кадет корпусына жылма-жыл Торғай облысы қазақтарының
балаларынан тұрақты оқуға бала алғызып, әскери маман даярлау болатын. Оның
ұсынысы бойынша 1887 жылдың 19 қарашасында әскери губернатор жыл сайын
аталған корпусқа Торғай облысынан бір қазақ баласын алуға ресми рұқсат
беріп, стипендия тағайындайды.
Ыбырай қазақ балаларының ғана қамқоршысы болып қойған жоқ, ол XIX
ғасырдың екінші жартысында патша жарлығымен Батыс Қазақстан өлкесіне көшіп
келген орыс, украин переселендерінін, балаларын оқытуға да көңіл бөлді.
1888 жылы қыркүйек айының 21 күні Қостанай қаласында орыс мектебін ашты.
Осы жылы Ыбырай уезд орталықтарындағы орыс-қазақ училищелерінің
жанынан кәсіптік мамандықтарға даярлау бөлімдерін құрды. Ырғыз училищесінің
жанынан тері илеу зауытын ашуды ойлады. Ол қазақ даласында пайдаланылмай
шіріп жатқан шикізат қорын пайдаланудың көзі деп қарады. Ойымыз, — деп
жазды Алтынсарин, — қазақ даласына техникалық білім тарату... Осы зауытты
ашудың есеп-қисап, сметасын жасауды да өз мойныма алып отырмын дейді.
Ыбырай ашқан өлкедегі орыс-қазақ мектептеріне білікті мұғалім
мамандары керек болды. Осы мәселені шешу үшін 1886 жылы Орскіде тұңғыш
мұғалімдер мектебін ашты.
Ы. Алтынсарин он жыл бойы Торғай даласында инспекторлық қызметті
атқару кезінде талай қиыншылықтарға тап болды. Ыбырайға өшіккен қазақ
даласындағы қожа-молдалар оны сыртынан ғайбаттап, шоқынған көпір деп өсек
таратты немесе пиғылы жат, үкіметке қарсы — социалист деп Орынбор генерал-
губернаторына өтірік шағым мәлімдеме берді, ал орыс генералы Приходько оны
қудалап, Ыбырай ашқан мектептерді жауып, өзін инспекторлық қызметтен
босатып, ісін сотқа беруді ұйғарады. Ыбырай орыс достарының ара түсуімен
бұл істен өзер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин тағылымы
Ыбырай Алтынсарин өмірі
Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог ағартушысы
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі
Торғайда Ыбырай Алтынсарин салдырған мектеп
Ыбырай Алтынсарин өмірінің кезеңдері
Халық мектептері үшін ең керектісі – мұғалім. Ыбырай Алтынсарин
Қазақ даласындағы педагогикалық ой-пікірдің сипаты
Алтынсарин Ыбырай 1841-1889
Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқының білім алуына қосқан үлесі
Пәндер