Ыбырай Алтынсарин (Ибраһим)


Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин (Ибраһим) (2. 11. 1841-30. 7. 1889) - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері. Торғай облысының Николаевск уезі, Арақарағай болысында (қазіргі Қостанай облысының Затобол ауд. ) туған. Алтынсариннің өз әкесі (Алтынсары) ерте қайтыс болғандықтан, ол ұлы әкесі Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Балғожа Жаңбыршыұлы - Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болған, 19 ғасырдың алғашқы жартысында Орта жүз қазақтарының қоғамдық-әлеуметтік істеріне белсене араласқан адам. Балғожа би өзінің сүйікті немересін 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға берді, сабақта жүрген Ыбырайға: «Атаңды сағындым деп асығарсың, сабаққа көңіл қойсаң басыларсың, Ата-анаңды өнер білсең асырарсың, Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың» деп сәлем жазды. Демек, Балғожа би немересінің білім алуын, оның ішінде орысша білім алуын жақтаған прогресшіл адам болған. Патша үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімші, орындарға қазақтың өзінен миссионер қызметкерлер әзірлеу еді. Сондықтан оқушылар патшаның отаршылыдық саясаты рухында тәрбиеленуге тиіс болды. Бірақ жасынан-ақ зерек Алтынсарин бұл мектептің оқу жүйесіне қанағаттанбады, дүние жүзі әдебиеті классиктерінің - В. Шекспирдің, И. Гетенің, Д. Байронның, А. Пушкиннің, Н. Гогольдің, М. Лермонтовтың, И. Крыловтың, Ә. Фирдаусидің, І. Низамидің т. б. шығармаларын өздігінен оқып, нәр алды. Жас Алтынсарин Орынбор өлкесінде айдауда жүрген разночинец орыс интеллигенциясымен араласады, сол кезде Орынбор Шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі шығыс зерттеушісі В. Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып, кітапханасынан көркем әдебиет, тарих, философия кітаптарын оқиды. Өздігінен кітап оқу Алтынсаринның ой-өрісін кеңейтеді, орыстың озық ғылымы мен мәдениетіне құштарлығы артады. Мектепті үздік бітіргеннен кейін 1857-59жж. арасында Алтынсарин өз аитасы Балғожа бидің писары (хатшысы) болады да, аздан кейін Орынбор облысы басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. 1860 ж. Алтынсаринға облыстық басқарма Орынбор бекінісінде (Торғайда) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырады, сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан былай Алтынсаринның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталды. Шалғай түкпірде мектеп ашу ол кезде қиын еді: қаражат мектеп үйі, оқу құралы жоқ-ты.
Алтынсарин ұйымдатырған және жобалаған мектептер мен оқу орындары. Алтынсарин мектептері Торғай облысында 1864-89жж ашылды. Бұл халыққа білім берудегі тың жаңалық болды. Қалың бұқараның сауаттануы мен білім алуы үшін халық мектептері мен училищелерін ашу мәселесі патшалық Россияға 19 ғасырдың 60 жылдарындағы реформа кезінде шұғыл көтерілді. олар мектеп жүйесінің қалыптасуына көп еңбек сіңірді.
«Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше үлес қосу - әрқайсымыздың міндетіміз» - деді ол. ХІХ ғасырда жаңа жазба әдебиетінің үлгісінде сюжетті өлеңдерді тұңғыш жаза бастаған ақынның бірі - Ыбырай Алтынсарин. Сондай-ақ көркем прозаның, жазба тіл жүйесінің қалыптасуына атсалысқан ағартушы ақын өлеңдері мен қара сөздерді өнегелі істерді, жақсылық-ізгілікті насихаттайды, тәлім-тәрбиелік мән-махмұн иеленеді. «Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені - мектептің жүрегі» - деген үдеде ұстаздар үшін ұлағатты оқулық-зерттеу еңбектерін топтастырған Ы. Алтынсариннің шығармалары 1879 жылы Орынбор қаласында орыс әрпімен «Киргизская хрестоматия» деген атпенм жарияланды. Кейін «Мәктубат» делініп 1889, 1896, 1899 жылдары арап әріпімен басылып шықты. «Бір Аллаға сыйынып, кел балалар, оқылық! Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» - деген Ыбырай өнегесі өміршеңдігімен айқындала түсуде.
Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Алтынсарин халықты адалдыққа шақырды, зиянды пікірден, арам ниеттен, жексұрын әрекеттен безуге уағыздады:
«Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен.
Кете бар, кессе басың шындықпенен.
Қорек тап бейнеттен де тәңірім жәрдем,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz