Көрнекті ағартушы - Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсарин
(1841-1889)
Көрнекті ағартушы, қоғамдық қайраткер, жаңашыл педагог 1841 жылы қазан
айынының 20-сында (жаңаша күнтізбемен – қараша айының 2-сінде) дүниеге
келді. 1844 жылы әкесі ерте қайтыс болғаннан кейін, жас Ыбырай атасы
Балғожа биден тәрбие алады.
1857 жылы Орынбор шекаралалық комиссиясы жанындағы мектепті алтын
медальмен бітірген Ыбырай жас кезінен-ақ білімге құштарлығын көрсетті.
Мектепте орыс, араб, татар және парсы тілдерінен, басқа да негізгі
пәндерден үздік нәтиже көрсеткен болашақ ағартушы Орынборда айдауда жүрген
әр текті интеллигенция өкілдерімен танысты. Жасынан жаңалыққа құштар болған
Ыбырай Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының
көрнекті өкілі В. В. Григорьевпен жақындасты. Оның пәтерінде жиі болып, бай
кітапханасын пайдаланды.
Мектепті үздік бітіргеннен кейін 1857 жылы Ыбырай өзінің атасы Балғожа
бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды. Ал 1864 жылы Торғайдың
жанында Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларын оқытуға арналған
мектепте оқытушы болып жұмыс істеді. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда,
мұғалімдермен қамтамасыз етуде Ы. Алтынсары ұлының педагогтік көзқарастары
да қалыптасты. 1867-1868 жылдарда өлкені басқарудағы әкімшілік-саяси
реформалардың отаршылдық мазмұнына жете мән бермеген Алтынсарыұлы
отаршылдық өзгерістерді қазақ халқына пайдалы іс деп қарсы алды. Патша
үкіметінің қанау саясатын өз шығармаларында жеткізіп сынағанмен де, белгілі
ағартушы отаршылдық әкімдердің халыққа озбырлығын дәйекті сынамады. Әрине,
ауыл ортасынан шыққан Ыбырай қазақ еңбекшілерінің екі жақты езуге душар
болғанын балалық шағында да, Торғай уездік басқармасында іс жүргізуші
қызметінде де өз көзімен көріп, халықтың басынан кешіріп отырған ахуалын
жақсартуды әрдайым ойлағанына оның көптеген мысла, әңгімелері дәлел. Бай,
феодал топтардың көргенсіз қылықтарын әзілдеген Ыбырайға жиі орынсыз жала
да жабылатын. ХІХ ғасырдың екінші жартысында әсіресе патша үкіметінің қазақ
шаруаларын өз қоныстарынан ығыстырып, шұрайлы жерді орыс қонысшыларына
үлестіруі Ыбырай тарапынан сан рет наразылық туғызды. Жергілікті баспасөз
беттеріңде ол патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатын сан рет
әшкереледі.
Ыбырай Алтынсарыұлының тарихи сахнаға келуі, кейінгі ұрпақтарға
есімінің терең із қалдыруы, ең алдымен оның ағартушылық қызметімен
байланысты. ХІХ ғасрыда ресми түрде халыққа білім беру жүйесінде арнайы
қызметте болған ағартушы өзінің білімін, байланыстарын, қолындағы
мүмкіндікті қазақ жастарын сауаттылыққа шақырудан аянбады.
1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына
қызметке тағайындалды. Әрине, 1868 жылғы қазан айының 21-інде патша
бекіткен Далалық облыстарды басқару жөніндегі Уақытша ережелер бойынша
Елек, Қостанай (Николаевск), Ырғыз, Торғай уездерін, сонымен қатар Орынбор
өңірінің бірқатар жерін алып жатқан кең ауданда әр түрлі буындағы оқу
орындарының жұмысын ұйымдастыру оңай болмады. Тағы да баса көрсететін бір
мәселе – ағартушының қызмет бабы жағынан облыстық губернаторға тікелей
тәуелділігінің оның ағартушылық қызметіне шек қойғаны. Сондықтан да оның
ағарту, халықтың сауатын ашу жөніндегі шаралары губернатордың елегінен
өтетін. Өзіне тиісті құқықтарды Торғай облысы жағдайында қалыптасқан саяси
және қоғамдық жағдайға сәйкес пайдалана білген Алтынсарыұлының басты
үлесінің бірі қазақ жастарын азаматтық білімге тарту еді.
Патша үкіметінің халыққа білім беру саласындағы отаршылдық саясаты
үдеп тұрған кезде педагогтік басқару қызметін жандандырған Ыбырай
Алтынсарыұлы қазақ ауылдарын аралап, өз көзімен көрген ол қылықтарды
түзеуге күш салды. Әсіресе бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz