Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог ағартушысы
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН
д д (1841 - 1889)
Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог
ағартушысы, жазушы, фольклоршы, этнограф. Қазақ халқын оқу-білімге,
мәдениетке үндеп, халық - ағарту саласында көп енбек сіңірген
қазақтың, тұңғыш тамаша педагогі. Бірінші қазақ мұғалімі, қазақ
даласында бірінші болып қазақ мектебін ашушы, балаларға арналған алғаш
қазақша және орысша тілдердегі кітаптардың авторы.
Үміт еткен көзімнің нұры - балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сөйтіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп сағынарсың,
Оқуға көңіл бөлсең, басырарсың.
Ата-анаңды өнер білсең, асырарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Бұл өлеңді Орынборда оқып жүрген жас Ыбырайға атасы Балқожа би
жолдаған екен. Оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген ол 5 жасар баланы
(Ыбырайды 1841 жылы 20 қазанда Қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында
туған. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған)
Орынборда ашылмақ болашақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты.1850 жылы
сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ балаларының бірі - Ыбырай еді. Ыбырай
мектепті "өте жақсы" деген бағамен бітіреді. 1859 жылы Ыбырай Орынбордағы
шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады.
1860 жылы орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға
ұйғарылған кезде, ол өзі мұғалім болуға рұқсат алады. Оның мектебі 1864
жылы ғана ашылады. Онда 14 қазақ баласы оқиды. 1876 жылы Петербург, Қазан
қалаларына барады. Осы жылы "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, осы
Орынборда басылады. Қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақын, әрі жазушы қазақ
халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесіне көп еңбек еткен Ыбырай
Алтынсарин 1889 жылы дүние салған.
Ұлы ағартушы мектеп ашу және оны жақсы мұғалімдермен қамтамасыз ету
ісіне баса мән берумен бірге, сол мектептер мен мүғалімдердің хал-
жағдайларына, тұрмысына, шаруашылық істеріне де ерекше көңіл бөліп отырған.
Бұл жөнінде ол: Мектептің шаруашылық жағдайлары жаман болса, оның ісі еш
уақытта да оңға баспайды, пайдалы еш нәрсе бермейді, оның оқушылары да,
оқытушылары да істен күдер үзіп кетеді деп жазды. Ұлы педагог-ғалымның
бұдан жүз жыл бұрын жазған бұл сөздері осы уақытқа дейін өзінің маңызын,
актуалдығын жоғалтпай келеді, бәлкім, ол өмір бойы жоғалмас та. Өйткені
қазірдің өзінде де халыққа білім беру, мек-теп ашу, оқытушылар дайындау,
балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беру мәселелері күн тәртібінде тұр.
Қазақ даласында бірінші болып мектеп ашып, білім шырағын жағу, ана
тілінде оқу секілді халық өмірінде бұрын-соңды болмаған зор әлеуметтік
мақсаттардыорындау Ыбырай Алтынсаринге, әрине, ол кезде оңайға түскен жоқ.
Оның алдында жалпы өнер-білімге, жаңалыққа, орысша оқуға барынша қарсы
ғасырлар бойы қалыптасқан ескі салт-сана, надандық ұғым тұрды. Әйтсе де,
халқын сүйген, сүйген де оның жарқын болашағына шексіз сенген патриот,
жүгерлі күрескер Ыбырай Алтынсарин: "Ал енді құдай басыма не салсада, мен
күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан,
талабыма еш уақытта да қайтпаймын", -деп Н. И. Ильминскиге (1884 жылдың 14
қыркүйегі) сеніммен жазғанындай, сан-сала қиындықтарымен табанды күресе
жүріп әрі орыс достарының, әріптестерінің көмегін, ақыл-кеңесінде пайдалана
отырып, алдына қойған негізгі мақсатын орындады. Ыбырайдың осындай қажырлы
еңбегі, күресі арқасында. 1864 жылы қазақ сахарасының төлінде бұрын құлаққа
шалынбаған жақа әуеп-баларды білімге, өнерге шақырған қоңырау үні тұңғыш
рет естілген еді. Бұл ұлы мақсатқа ғұмырын арнаған жас ағартушысының осы
жолдағы алғашқы жеңісі, қазақ халқының өміріндегі әлуметтік маңызды тарихи
оқиға болатын. Сондықтан да болар, Ыбырай Алтынсарин бұл қуанышын (жеңісін
Н. И. Ильминскиге жазған хатында: "Осы жылы (яғни 1864) қаңтардың 8 күні
менің көптеген күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ
баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға
шыққан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балаларда менің айызымды
қандырып, не бәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза
білетін болды..."-деп айрықша мақтаныш сезімдер жазды.
Тұңғыш білім отауының босағасын алғаш аттаған он төрт баланың
есімдері бізге беймәлім болғанымен, олардың жұдырықтай жүрегін билеген
сезімдері соншалықты таныс, ыстық қой.
Міне, сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин Шоқан Уалихановтай аяулы азаматтың
халқын оқыса, өнер-білімді игерсе деген арманын іске асырушы болды.
Ыбырай Алтынсарин - "Қазақ хрестоматиясы" (1879) деп аталатын ана
тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы . Ағартушы оқулықтағы жазу мақсатын
хрестоматияның алғы сөзінде: "Бұл кітапты қарастырғанда мен, біріншіден,
осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-
қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу
жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуынажарайтын кітап бола алу жағын
көздедім..." деп тұжырымдаған. Хрестоматия бұл екі міндетті де толығынан
атқарды. Оқулықтың ревалюцияға дейінгі мерзімде бірнеше мәрте (4 рет)
қайталап жарық көрер, оның өз кезеңінде ғана емес, одан кейінгі ұзақ жылдар
бойында да талай жас ұрпақ үшін білім, өнеге көзі, рухани қазына бастауы
болып келгендігін көрсетеді. Бұл "Қазақ хрестоматиясының" қазақ
мәдениетінің тарихындағы өзіндік үлкен орны мен маңызын айқындайтын факт.
Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған
тәрбиелік мәні жоғары көптеген шығын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз
әдебиеті үлгілерін, сондай-ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс
қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың
тақырыптық- идеялық мазмұнынан біз Ыбырайдыңұстаз-тәрбиеші ретінде алдына
мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз. Олар: Жас
жеткіншектердіадал еңбекке тәрбиелеу, белгілі бір кәсіпке, өнерге баулау,
адам бойындағы адалдық, достық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді
ардақтау, үлкенді ата-ананы қадірлеу өнер - білімді байлық - дәулеттеп
жоғары қою, т. б.
Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Небәрі төрт жолдан ғана тұратын осы өлең шумағын бүкіл қазақ даласында
білмейтін адам кемде-кем десек, қателеспеген болар едік. Өйткені бұл өлең
жүз жылдан астам уақыт казақтың оқулық кітаптарына еніп, мектеп
табалдырығын аттаған әрбір баланың алғашқы әліппесі болып келеді. Сондықтан
да ол өлең жолдары әрбір қара таныған қазақтың көкірегінде сақталып,
жүрегінде жатталып келеді.
Қазақ халқы бұл өлеңдермен бірге, оны жазып шығарған және басып
тараткан адамның да есімін жақсы біледі. Ол — Ыбырай Алтынсарин, оның есімі
халқымыздың аса көрнекті демократ ғалымы, тұңғыш ағартушысы Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов және данышпан ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтармен бірге көп ұлтты
еліміздің тарихы төрінен өзіне лайық орын алған. Ы. Алтынсариннің өмірі мен
творчествосы жөнінде көптеген ғалымдар мен ақын-жазушылар ғылыми еңбектер
жазып, оның педагогтік, ағартушылық және жазушылық қызметтерін аса жоғары
бағалаған болатын. Солардыц бірі — заманымыздың заңғар жазушысы М. О.
Әуезов. Ол бір кезде Ы. Алтынсарин туралы былай деп жазған болатын:
Орыстың классикалық әдебиетінің әсерін қазақтың екінші бір ағартушы-ақыны
және педагогі Ыбырай Алтынсариннің творчествосынан да анық көруге болады.
Орыс мәдениетін игеруге шақыру, жергілікті орыс-қазақ мектептері арқылы
орыс классиктерінің шығармаларымен таныстыру, шығыс схоластикасы мен
православие дінінің ықпалынан мектептердегі оқу ісін азат ету —орыс
реалистерінің жолын қуушы Ыбырай Алтынсариннің поэзиясы мен прозасындағы
негізгі сарын еді. Балалар үшін, тіпті қазақ қыздары үшін де білім беретін
мектеп асқан батыл реформатор өзінің творчестволық және коғамдық қызметімен
орыс оқуының программасын жүзеге асырды. Оның енбегі, тұтас алғанда, сол
кездегі Россияның шеткі ұлт аймақтары ушін прогрестік мәні болғаны сөзсіз.
Ы. Алтыысарин өзі оқып, қызмет істеген жылдары Орынбор, Қазан, Уфа,
Петербург қалаларындағы сол кездегі шығысты зерттеуші ғалымдар В. В.
Григорьев, Н. И. Ильминский, В. В. Катаринский. А. Алекторов, А. А.
Мазохин, уездік қызметкерлер Яковлев, Караулов, Плотников, тағы басқалармеп
тығыз байланыста, достық қарым- қатынаста болады. Солар арқылы белгілі
татар ағартушылары Ш. Маржани, Қ. Насыри, С. Кукләшев әсіресе Петербург
университетінің оқытушысы, Ш. Уәлихановтың досы, белгілі татар ағартушысы
Хұсаин Фаизхановпен де танысып, достасады. Олармен хат алысып тұрады. Оқу-
ағарту ісінде бұлардын қайсысының болса да Ы. Алтынсаринге көп көмегі
тиген.
Әрине, Ыбырай олармен істес, қызметтес, достас болып жүргенмен, қазақ
халқының тағдыры, келешегіне байланысты барлық мәселелер жөнінде үнемі
пікірлес бола бермеген. Кейбір күрделі, принципті мәселелер жөнінде Ы.
Алтынсариннің өз достарымен келіспей қалатын кездері аз болмаған. Мәселен,
ол Н, И. Ильмннский, А. Алекторов, А. Бессонов т. б. миссионерлік
әрекеттеріне қарсылық білдіріп отырған. Мәселен, Ы. Алтынсарин сол кездегі
қазақ жазуын (яғни араб әрпін) орыс алфавитіне көшіруге мүлдем қарсы
болған.
Бұл жөнінде жоғары орындарға бірнеше рет хат жазып, арыз айтып,
ұсыныстар жасаған, Мысалы, ол 1871 жылғы 31 августа Н. И. Ильминскийге
жазған хатында былай дейді: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz