Ынтымқтастық педагогика жайлы ұғым


1. Ынтымқтастық педагогика жайлы ұғым.
Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру. жанғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені, олар ескі дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға білім және тәрбие беру ісі, қазіргі заманнын талаптарын қанағаттандырмайды деп қорытынды жасады. Жанашыл -экспериментшіл мұғалімдердің әр қайсысы өз сыныптары мен мектептерінде жеке-жеке, керек десе бірін-бірі білмей 25 жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының қорытындысы бірдей нәтиже берген.
Экспериментшіл-мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір-бірімен кездесуді, пікірлесуді, тәжірибе нәтижесін ортаға салып талкылауды ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет етті. Бұл пікірлердің мазмұны «Учительская газета» беттерінде жарияланды. Осы газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл : мұғалімдер үш жылдың ішінде төрт рет кездесті. Бірінші кездееуінде (І8-қазан, 1986 ж) . «Ынтымақтастық педагогика». екінші кездесуінде (17-қазан, 1987 ж. ), «Тұлғаны демократияландыру», үшінші кездесуінде (ІЗ-наурыз, 1988 ж. ), «Жаңарту әдітемесі», төртінші кездесуінде (18-казан, 1988) «Жаңа мектепке кіреміз», тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үздемелі педагогикалык пікірлер ұсымды. Бұл пікірлердің біразын атап кеткен жөн. Мысалы: балалар, мұғалімдер және ата - аналар арасындағы ынтымақтастық, ұжымдық шығармашылық тәрбие, орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және ұжымдық өзік-өзі талдауға үйрету, тұлға идеясы, жаңарту әдістемесі, озып кету идеясы, және ғылым, үздіксіз білім т. т. Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық іске асырылуының нәтижесінде мектеп өмірінде тек қана мұғілім емес, әсіресе оқушы жайлы көп өзгерістер байкіа рын оқығысы келмейтін немесе оқуға кабілетсіз оқушы екінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды іріктеп алудан бас тартып, оларды оқу Оқыту үшін баланы ынталандыру, оған дем беру, себепші болды. Егер оқуға өздігінен талаплаптанушылығы жоқ болса еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті жоқ болса, егер пән қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді орындағымыз келсе - онда алдымызда бірақ жол бар: біз балаларды куанышты сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды жалпы оқу енбегіне тарту керек. Әйтпесе балаларды оқытуға болмайды, - дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.
Оқудын натижесі ынталылық пен қабілеттердін көбейтідісіне тең. Егер ынталылық нөлге тең болса, ондық көбейтінді де нөлге айналады. Ал экспериментшіл мұғалімдерді бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртулы қажет етеді. Ол, болса бұрынғы педагогикалық айырмашылығы бар жаңа педагогика керек, оны ынтымақтастық педагогика деп атауға болды деген біркелкі көзқарастарға келген - ондай педгогика балаларды ынтымақтастықка, оқу еңбеңбегіндегі табысқа жету үшін оларға сенімділік туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді, Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай қорқыту арқылы тәрбиелеуге, оқытуға болмайды - бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі. Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады. Адамгершілік және ынтымақтастық бала өмірінде үлкен орын алады. Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың
қелешегі жайлы камқорлық жасайды. Өйткені олардын өмірге
беймделуі, өмір тәрбиесіне үйренуі мектептен басталады. Міне осы тұрғыдан қарасақ, ынтымақтастық педагогика құлық педагогикасы - даму педагогикасы. Іс жүзінде бұларды үшеуі де бір текті құбылыс, мғалім мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері, олардың балалармен қарым -қатынасы, істегі ынтымақтастығы.
Әрбір Педагогикалық әсер, әрбір, шешім, әрбір әрекет баланың даму барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың бірқаліпте немесе оның қалысуы әрбір мұғалімге мәлім. Дамудың артта қалушылығының басты себептері Біріншіден, үйелмендегі руханн қатынастың жетіспеуі; екіншіден, мұғалімдер мен ата-аналардың зорлап оқыту нәтижесінде балалардың оқу материалынан мазмұнына түсінбей жаттап оқуында; үшіншіден балалардың дамушы қабілеттерін еске алмай, мектептің тек қана оқыту процесінің үш компоненттеріне (білім; іскерлік, дағды) сүйену т. б. Осының салдарынан балалардың кішпілігінің даму процесі тоқтайды.
Жаңашыл мұғалімдердің тұжырымдамалары бойынша ең алдымен баланың дамуын бірінші орынға қою керек. Бұл оқушының білімді іздеп табуына, игеруіне мүмкіншілік жасайды, іскерлікті, дағдыны меңгереді.
Сонымен, баланы әр жақты дамыту үшін бәрінен бұрынқұлык, рухани, ақыл-ой, дене тәрбиесі бірінші кезекте болуы қажет.
Кейбіреулср ынтымақтастық педогогиканың осы заман пе-дагогикасынан айырмашылығы бар ма деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа бір мағыналы жауап беру қиынырақ сықылды. Бірақ екеуіне де анықтама бсрсек артық болмайды.
Осы заман педатогикасы - бұл тұлғаның және ұжымның тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым.
Ынтымақтастық педагогика - бұл тарбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің, мұғалім мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі емес пе?
Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа кадрларды дайындауда қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық педагогика керек. Бұл педагогика жас мұғалімнің ғылыми педагогикалық теория мен озат педагогикалық тәжірибенің натижесімен қарулануына мүмкіндік береді, Сонымеи бірге ізгілендіру, гуманитарландыру жағдаиында тұтас педагогикалық процесте жаңа идеяларды пайдаланудың жолдарын қарас-тырады.
2. Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары,
оларды оқу-тәрбие процесінде қолдану.
Тәрбие мақсатын жүзсге асыруда орта және жоғары мектеп зор роль атқарады. Өйткені оларда барлық жастар оқып, еңбек етуге үйреніп дағдыланады, өмірге жолдама алады.
Орта және жоғары оқу орындарынын мақсаты - жастар. ды әр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғаары құлытық, азаматтық көзқарасын қалыптастыру. Мұндай мақсат кешенділік міндеттерді шешуді кажет етеді. Олар: әлеуметтік тәрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мәдени ой өрісі жоғары тұлғанын үйлесімді жан-жақты дамуының негізін қалау; әлеуметтік функцияларды (еңбек, таным, қоғам, үй және бос уақытты пайдалану т. б. орындау үшін -жастарды одағыдай даярлауды қамтамасыз ету; кәсіптік дайындықтың жолдарын таңдап алу үшін, өз тағдарын өзі шешу үшін жастарға жағдай жасау; тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге, өз білімін алуына, оны өмірде пайдалана білуіне мүмкіндік жасау.
Тұлғаның дамуы мектеп тәрбиесі идеологиясының жаңаруы көптеген идеяларға негізделед. Олар: -
- тәрбие мақсатының реализм идеясы:-ересек адамдар мен балалардың бірлесу іс-әрекетінін идеясы.
-тәрбие бағыттарынын дербес идеясы;
- тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы; өзін-өзі талдау (анализдеу) идеясы; бала күнінің жартысы; қиын мақсаттық идеясы;
-сүйеніш идеясы;
- ірі блоктар идеясы; ата-аналармен ынтымақтасгық:мұғалімдердің ынтымақтастығы;
-өзін-өзі сыйлау идеясы.
- өзін-өзі басқару (реттеу) идеясы т. т., тт.
Экспериментшіл-мұғалімдер 50-ден астам жаңа идеяларды мүғалім жұртшылығына ұсынды. Бұл идеялар көптеген орта және жоғары оқу орынгдарында қолданылып келеді. Идеялардың біразы «Жалпы орта білім беретін тұжырымдамада және Экспериментшіл мұғалімдердің есеп беру кездесулерінде баяндалған. Сондықтан біз идеялардың бәріне тоқталмаймыз, тек қана оларды қолдануды жетілдіру үшін кейбіреулерін еске түсіру артық болмайды.
Реализм идеясы, яғни тәрбиенің шынайы мақсаты - адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту Шынайы мақсатының жетістік құралы - мәдениеттің базалық негізін адамның игеруі. Осыдан тұлғаның «базалық медениеті тәрбие мазұны деген ұғым туады. Базалық мәдениет - бұл өмірге орай өз бағдарын өзі шешу мәдеииеті, экономикалық және еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгерішлік және экология мәдениеті, көркем және дене шынықтыру мәдениеті, үйелмендік қатынас медениеті
Ересек адамдармен балалардың бірлесу іс-әрекетінің идеясы «Ынтымақтастық педагогикасы» прннципінен туады, өйткені ол мұғалім мен балалар еңбегінің бірлестігіне сүйенеді. Осындай ересек адам мен баланың шығармашылық ынтымақтастығы педагогикалық басшылықпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Тәрбие бағыттылығының дербес идеясы мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуын қажет етеді. Барлық тәрбие. жұмысының барысында еске асатын басты тұлға бала. Ол педагогккалық жұмыстың ең жоғары мақсаты. Сондықтан баланы зор ұқыптылықпен зерттеген жөн.
Ұжымдық шығармашылық тәрбиеде ұжымдық бағыттылық
идеисының мәні ете зор. Бірыңғай тәрбие ұжымы - бұл тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлестігі, мұнда ересек адамдардың жастар жөнндегі жалпы қамқорлығы, яғни ашық және елеусіз қамқорльғы дамиды. Мұндай ұжымда тәжірибе ашық және елеусіз түрде тәрбиеші арқылы беріледі, оны тәрбиеленушілер ұжымдық шығармлшылық істе игереді. Ұжымдык шығармашылық іс - бұл біріншіден, барлық ұжым мүшелерінің істі бірігіп жоспарлауы, талқылауы, шешім қабылдауы; екіншіден, ұжымдық жұмыс ізденуге бағытталады, практикалық міндеттерді шешу үшін ұжым мүшелері ізденудің тиімді жолдарын, әдістерін, құралдарын қарастырады.
Тәрбие ұжымының қозғаушы күші жолдастық тәрбиелік қамқорлық. Оның мәні адамдағы жолдастық сыйласу мен жолдастық талаптың бірлігі. Жолдастық тәрбиелік қамқорлықтын мақсаты - адамның жалпы қуанышы мен пайдасы үшін нақтылы істе оның шығармашылық күшін анықтау және дамыту.
Өзін-өзі талдау идеясы. Балаларды өзін-өзі жеке және ұжымды талдауға үйрету қажет. Жаңашыл мұғалім Е. Н. Ильин оқушыларын өздерінің өмірі, іс-әрекеті жайында ойлауға үйретеді,
Ата-аналармен ынтъмақтастық. Мектепте, үйелменде балалар ересек адамдарға ашық, сенгіштікпен қарайды деп ынтымақтастық педагогика жорамалдайды. Бұл үшін бірыңғай талаптар емес, үйелменде балалармен жолдастық, жылы-шырайлы қатынас болуы қажет. Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша ата-аналар жнналысында балалар туралы сын көзімеи ескерту жасауға болмайды. Балалар мен ата-аналар арасында ұрыс-керіс жағдайын болдырмау. Мұғалім балалар жөнінде ата-аналарға айтып нарызылық білдірмейді, күнделіктеріне не болса соны жазбайды. Балаңыз сабаққа дайындалмайды деп мұғалім әр ата-ананың есігін қағуды қою керек.
Егер оқушы назар аударуды, көмек көрсетуді талап етсе, онда оған керегінше (бір ай, әлде бір жыл керек пе) көмек көрсету қажет. Сондай жылы қамқорлықты сезген бала ата-аналарына да ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықылас пен оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Бұл өмірдегі, еңбектегі, оқудағы карым-катынас бірлігінің беріктігі - ынтымақтастық педагогиканың принципі.
Мұғалімдердің ынтымақтастығы. Экспериментшіл-мұғалімдердің әр қайсысының педагогикалық стажы 25-тен 40 жылға дейін. Олар әр түрлі мектеп ұжымдарында балалармен жұмыс істеген, талап мұғалімдер және директорлармен істес болған. Жаңашыл мүғалімдер, мүмкін ынтымақтастық педагогика өте күрделі, оны оқыту және тәрбиесінде колдануға болмайтын шығар дейді: Шынында, олардың тәжірибесі бойынша кез қелген мұғалімнің ынтымақтастық педагогиканың прннциптерін іске асыруы мүмкін, бірақ, бір айдың немесе бір тоқсанның ішінде жүзеге асыруы мүмкін емес. Әрине, егер кімде кім жаңа педагогиканы ақылға салып ойластырса, ол өз жұмысының жақсара бастағанын байқайды. Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі жоқ, әдеттегі оқу бағдарламасы және оқулықтар бойынша әрбір мүғалім өзінің сыныбында, әрбір директор өзінің мектебінде қайта құру кезеңінде мәселелерді тың зерттеумен айналысады.
Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек . Сыныпта балаларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды, сол сияқты мұндай жағдайды мұғалімдер арасында да болдырмау керек.
Сонымен осы идеяларды іске асыру үшін: біріншіден, оқу және тәрбие әдістерін жаңарту, екіншіден, балалармен қатынасты жаңарту; үшіншіден, мұғалімнің өзін-өзі жаңартуы; төр-тіншіден, балалармен және өзара ынтымақтасу.
Өзін-өзі құрмегтеу идеясы. Осы уақытқа дейін оқушының сабаққа, тәртіпке, жолдастарына, . үлкен кісілерге қатынасы жайлы көбірек назар аударылды. Демек оқушының мұндай көзқарасы, қатынасы мұғалім және мектеп жұмысындағы тәртіпке байланысты деп айтушылар да болды. Енді бұдан бұлай балаға көмектесу, дұрыс педагогикалық назар аудару әсіресе бала өзіне-өзі көңіл аударуы қажет. Атап айтқанда баланың өзін-өзі құрметтемеуі тұлғаның өз құнын кемітуі - бұл маскүнемдікке, нашақорлыққа салынуының, қылмысқа ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғамнан және қалыптаспағаи тағдырдан кек алғысы келеді. Оған ешқандай жазалау, кауып немесе дәлел әсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп қарайды, өзін-өзі кұрметтемейді.
Осы сияқты мұғалім де өзін-өзі құрметтемейді. Өйткені ол өзінің шығармашылық мүмкіншлігін ескермейді, жеңіл-желпі жетістіктермен канағаттанады, тәртібі нашарлаған мектепте өзінің құқын қорғамайды, шыдамшылыққа көнеді.
Мұғалімнің де және баланын да беделі, іс-әрекеттеріндегі жетістіктерді экспериментшіл-мұғалімдердің жаңа идеяларына, соның ішінде өзін-өзі құрметтеу ндеясына байланысты.
Баланың абыройы, мұғалімнін абыройы -- бұл сөзсіз тұлғаны демократияландырудың кұрамды бөлігі. Баланы құрметтеумен бірге өзін-өзі құрметтей білуге үйрету сонда ғана ол басқаларды да құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу ндеясы сөзбен немесе үндеу арқылы құрметтеу емес, тек баланың абыройына шын құрмет ету.
Өзін-өзі реттеу идеясы. Әдебиет беттерінде өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсіндірушілер де бар. Шынында, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді. Ал өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу емес. Өзін-өзі тәрбиелеу - бұл тұлғаның өзін - өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндеттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі.
Тұтас педагогикалық процесте өзін-өзі реттеудің мәні өте зор. Оқытуда зорлау, тәрбиеде бой ұсыну, бағыну сияқты әрекеттер баланы өзін-өзі реттеуден бездіреді. Барлық жаңа әдістеме, соның ішінде өзін-өзі реттеу жұмысына бағытталуы тиіс. Күнде сабақтан кейін міндетті түрде берілетін үй жұмысын оқыту процесінен шығарып тастап, В. Шаталов оқушыларға өз күнін, өз жұмысын өзінің жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқ оқиғалар т, б. ), реттеуге мүмкіндік береді, И. Волковтың оқушылары жұмыстарын өздері іріктеп таңдап алады. В. Краковский басқаратын 825-ші Мәскеу мектебінің оқушылары жұмыстарын өздері жоспарлайды. Бұл - ынтаны, қабілеті босату, яғни еркің қолдану. Бала тәртіп бұзушы емес, ол қабілетін өз бетінше іс-әрекетін орындауға дайын тұлға, оған толық мүмкіншілік беру керек.
Қабілет, өз абыройын сезу және езін-өзі реттеу - демократиялық тұлғаның өзара байланысты қасиеттері, Жеткіншектік жастағы бала өз өмірінің тиімді өткеніне баға бере бастайды және мектепті бітірер алдында өзіне қайғылы, бірақ өте жақсы
сұрақ қойды: «Мен 16 жастамын, ал мен халық үшін не істе-
дім?. Осыған байланысты тәрбие мен оқу процесінде әр түрлі
сұрақтар туады. Мысалы, «Мен өзім кіммін?», «Мен қалай істеуім херек?, «Үйелмен, ұжым, қоғам алдындағы менің борышым неде?» т. б. Мұндай сұрақтарды талдау оқушыларды терең ойландырады, олар нақты жауап беруге тырысады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz