Э. Берн трансактілік талдау концепциясы негізінде ертегілердің психологиялық құрлымын зерттеу


Э. Берн трансактілік талдау концепциясы негізінде ертегілердің психологиялық құрлымын зерттеу.
Э. Берн транзактілік талдау концепциясы
Американдық психологияда З. Фрейд, Э. Фроммның идеяларына жақын келетін транзактілі талдау бағ, ыты пайда болды, тұлғаның мүмкін деген даму жолдарын сүреттеледі. 1955 ж. Американдық психотерапевт Э. Берн (11902-1970) әр бір адам үш түрлі эго күйді бастан кешіреді, яғни бір кездері бала болған, ата-анасы болады және қоршаған бомысты адекватты бағалауға қабілетті болады деген қарапайым жағдайға негіхзделген құрылымдық талдау жасады [] .
Э. берн концепциясында тарнзактілер қарым - қатынас бірлігі ретінде қарастырылады.
Әр бір адамның ішкі әлемінде бірнеше «адамдар» болады, олар адамның мінез-құлық дәл сол қажетті кезде басқарады.
Э. берн концепциясы қарым-қатынастағы мәселе бойынша адамға психологиялық көмек көрсету қажет екеніне жауап береді. Э. Берн адамның мінез-құлық құрлымын құрайтын үш бөлікті көрсетеді:
1) «Ата-ана - Мен»
2) «Ересек - Мен»
3) «Бала - Мен»
1. «Ата-ана - Мен» күйі мінез-құлық ережелері мен нормалардан тұрады және соның арасында адам өмірлік дағдылы жағдайларда бағдарланады мінез-құлығының пайдалы тексерілген стереотиптерін «жібереді», сананы қарапайым, күнделікті міндеттердің жүктемесінен босатады.
«Ата- ана» эго күйі өз ата - анасынан, басқа да беделді тұлғалардан, сыртқы дерек көздерден меңгерген мінез-құлықтын әлеуметтік ішкі бағдарлары және әлеуметтік жүгінудің дерек көздері. Бұл пайдалы уақыт ережелерімен тексерілген жиынтықтар, нанымдар мен сенімдердің қоймасы.
Сонымен қатар «ата-ана - мен» уақыт тапшы болған жағдайда табыстылықты қамтамасыз етеді, соның негізінде мінез-құлықтын әр түрлі нұсқалары сұрыпталады.
«Ата-ана» күйі (А) екіге бөлінеді:
1) «Меннің қамқор күйі» - жұбатады, түзетеді, көмектеседі («қорықпа») ;
2) «Меннің сыншыл күйі» - сынайды, қорқытады, бұйрады, бағыттайды, талап етеді («сен үнемі кешігесің») .
2. «Ересек - Мен» күйі - ақпараттар жинайды және береді, ықтималдылықты бағалайды, шешім қабылдайды, мәселені шешудің конструктивті жолдарын іздейді. Логиканы талдайды, салмақтап әбден кесіп пішеді, эмоцияға берілмейді.
«Ересек» шыншыл, рационалды мінез-құлықтын дерек көздері, бұл күй жаспен байланысты емес. өз істеріне жауапкершілікпен қарайды, ұйымдасқан адаптивті ақылды әрекет етеді, әрекеттің сәттілігі мен сәтсіздік ықтималдылықтарын салқын қанды, қызбай бағалайды.
3. «Бала-Мен» (Б) күйі сезімдердің өмірлік принциптеріне сүйенеді (мінез-құлық балалық шақтын сезімдері әсер етеді) . Қарсыласқыш, импульсивті, шыдамсыз, түсініксіз мінез-құлық. «Балалық - Мен» өзіне тән функцияны орындайды: творчествоға «жауап береді, асқынып кеткен жағдайларды «жібітеді», өмірге қажетті жағымды, кейде «өткір» әсерленулер алады. Сондай-ақ «Бала-Мен», адамдарда өмірлік мәселені өзбетінше мәселені шешуге күші жеткіліксіз екендігін сезбеген жағдайда қатты көрінеді.
«Бала» эго күйі - адамдардағы эмоциялық бастау, балаға тән барлық импульстерге ие: сенгіш, нәзіктік, өнер тапқыштық, сонымен бірге қырсық өкпелегіш, әлемге балалық қатынас (творчестволық әуестену, аңқаулық, архаистік балалық мінез-құлық) .
«Балалық - Мен» эго күйі үшке бөлінеді:
1) Табиғи (спонтанды) - Бала - қуану, қайғыру, ауытқу сияқты шешімдер, табиғи импульсивті эгоцентрикалық мінез-құлық - («өте тамаша») ;
2) «Қарсыласатын бала» - қарсыласады, шатақ шығаратын мінез-құлық (мін мұны істемеймін) ;
3) «Бейімделгіш - Бала» - көнгіш мінез-құлық қорқақтау, әлсіз, нормаларға бейімделген - (мен міндетті түрде көмектесуші едім, бірақ артынан жағымсыз жағдай туып кетуі мүмкін ғой) .
«Сыншыл Ата-ана» - «Ата-ана» позициясы тұрғысынан әкенің, әпкенің, педагогтың, бастықтын рольн;
«Ересек» позициясы тұрғысынан көршінің кездей соқ жол серіктің өз бағасын білетін адамның ролін ;
«Бала» позициясында жас маманның, көпшіліктін сүйіктісі әртістің рольн ойнайды.
Әр бір адамның тұлғасында барлық үш күй кездеседі. Алайда оның біреуі үнемі үстемдік етеді, басқаларын «басып» тастайды, сол үшін ішкі шиеленісу туындап қарым-қатынас позициясы бұзылады.
Адам осы күйлердің шеңберінде ойлайды, әрекет етеді, сезінеді. Осы позициялардың біреуі үнемі қатал өзінде ұстап отыру көптеген кемшіліктерді береді. Мәселен кімде «ата-ана» күйі үстем болса, ол үнемі кеңес бере беруге тырысады.
Адамда «Ересек күйі» басым болса, оның шамадан тыс ұстамдылығы, объективтілігі оны суық салқын етіп жібереді. Бала күйі басым болса эмоцияның орнықсыздық өзіне жұмсақ қарау, өзін жоғары ұстау, мақтаншақтықты тұғызады.
Әрине ең оңтайлы нұсқасы осы үш күйдің бір адамда бірдей мөлшерде қатысуы, өкінішке орай ол сирек кездеседі.
Бұл барлық үш күйдің әрқайсысы өмірде қажетті. Қарым-қатынаста туындаған дисгармониядан қарым-қатынас процессі бұзылады, эго күйлердің бірі «басылып» қалады, соның негізінде басқа эго күйдің бірі туындайды немесе тіршілікте қадағалануы қажетсіз жағадйлар да пайда болады. Психотерапевтің міндеті «басылып» қалған «Мен-күйін» белсендіру болып табылады.
Адамдар арасындағы индивидуалды айырмашылықтар қандайда бір орнықты «Мен-күйінің» үстем етуімен түсіндіріледі.
Әлеуметтік өзгерістер кезеңіндегі тұлғалық сәйкестік тарнзакт талдау ұғымы негізінде мүмкін болады. Транзакт талдау негізінде философиялық ұйғарым жатыр, яғни әр бір адам өз өмірін қолына алып, оған жауапкершілікпен қараса бәріде дұрыс болады.
Транзакциялар - басқа адамдарға бағытталған әрекеттер (акциялар) . Трансакция екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы коммуникацияның бірлігі.
Жеке трансакциялар стимул - трансакция және жауап-тарнсакциядан тұрады. Индивидтің әлеуметтік байланыстарын көрсетеді. Бір трансакциялар оңтайлы өзара әрекеттеседі, басқалары конфликтіге әкеледі.
Трансакциялар қарым-қатынас жасаушы тұлғалардың қандай позицияда болуына байланысты талданады. Әр бір эго күйдің өзінің бағдарламасы бар, өтіп жатқан оқиғаларды әр түрлі қабылдайды: адамдар өздерін әр түрлі сезінеді, естиді, көреді айтады. Трансакция мінез-құлықтын оқиға немесе оның бір аспектісі мағынасы сол, әрекет етуші адамдардың қоршаған ортада басқа адамдармен өзара әрекетін айтамыз.
Трансакция біреуге коммуникацияның қандай да бір түрін ұсынғанда ол адам сізгеде коммуникацияны ұсынады, жауап береді. Коммуникацияның басталуы - стимул, ал жауап - реакция болып саналады.
Сондықтанда трансакцияны, трансакциялы стимул қосу трансакциялы реакция деп атауға болады. Э. Берннің ойынша тарнсакция «әлеуметтік өзара әрекеттің негізгі бірлігі». Адамдар арасындағы қарым-қатынас осындай трансакция тізбектерін береді.
Нақты жағдайда индивидтің талаптары мен бейімділіктеріне - байланысты эго күйлердің бірі белсендіріледі, адам оған белгілі бір ретпен жауап береді.
1. Параллель (толықтырушы) трансакция, (конфликтсіз қарым-қатынас) трансакциялық векторлар бір-біріне параллель, ал олар бағытталған эго-күйлер реакцияның дерек көзі болып табылады. Коммуникацияның бірінші ережесі туындайды, себебі параллель трансакция күту элементіне ие.
Яғни кез-келген әңгімелесу біраз уақыттан кейін аяқталады, алайда трансакциялар коммуникация процессінде стимулдармен реакциялардың кезектесуін үзбегенге дейін, трансакциялар параллель болып қала береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz