Э.Эриксонның теориясы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Э.Эриксонның теориясы.

Атақты З.Фрейдтен кейінгі көптеген зерттеушілер эгопроцестердің
маңызы мен олардың дамуын көрсету үшін псхоанализді қайта қарастыруға
тырысты.Солардың қатарында әйгілі эго-психолог Эрик Эриксон да бар.Көптеген
постфрейдистер сияқты,Э.Эриксон үшін эго және индивидтің дамуы барысындағы
оның адаптивті мүмкіндіктері маңызды болды.Дегенмен ,бұдан ол өз
теорияларында биологиялық және әлеуметтік факторларды қарастырмады деп
айтуға болмайды.
Э.Эриксон теориясының негізгі бағдарлары келесі кезеңдерден
тұрады.
1)Адамның бүкіл ғұмырлық даму процестерінде болып отыратын өзгеріс акценті;
2)Идентикалық сезімінің жетістіктеріне ерекше көңіл бөлінеді;
3)Жеке тұлғаның құрылымындағы тарихи және мәдени факторларды зеттеу
барысындағы клиникалық бақылауға назар аударылады.
Э.Эриксон жасаған адам жасының сегіз кезеңіөз кезегінде жеке
тұлға теориясына қосылған маңызды және түбегейлі еңбек болып табылады.
Оның мәдениетті тұлғаның дамуына тигізетін әсерді көрсетуге
жасалған қадамы көптеген зерттеушілердің еңбегіне бастама болды.Осының
нәтижесінде бүгінгі таңдағы адамзат кездесіп отырған негізгі психологиялық
мәселелерді зерттеуге құлшыныс байқалды.
Эго-психологияның пайда болуындағы негізгі аспектілер
әлеуметтік және мәдени ортадағы тұлғаның дамуына әсер ететін туысқандық
теорияның пайда болуына алып келді.
А.Адлер мен Э.Эриксон көрсеткен бағыт бойынша,бұл теорияда ата-
ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың талдау жолдары бүкіл жеке тұлға
мен мотивациялық процестердің іске асырылуы үшін жаңа жолдар
іздестірілді.Бұл теорияныңнегізін қалаушылар З.Фрейдтің адам табиғатында
кездесетін инстинтивті сексуалдық мотивінен бас тартты.
Сонымен,тікелей Эрик Эриксонға келсек,ол 1902жылы Германияның
Франкфурт қаласында дүниеге келген.Жоғарыда аталған оқымыстылардан
айырмашылығы-Э.Эриксон арнайы жоғары білім алмаған.Бірақ сонысына
қарамай,оның тарихқа және өнерге деген ынтызарлығы мен құштарлығы зор
болған.Әсіресе,1927жылғы оның Венада З.Фрейд әулетімен танысуы және осы
тұстан бастап оның псхоанализ теорияларына назар аудара бастауы онын
өмірінің басқа арнаға ауысуына әсер етті.1927-1933 жылдары Анна З.Фрейдтің
басшылығымен психоанализді тереңдете зерттеуге көшті.
Оның психоанализдік көзқарасының қалыптасуына АҚШ-тың
Гарвард университеті көп көмегін тигізді.Баланың дамуына мәдениеттің әсерін
зерттеу оның негізгі тақырыбына айналды.Бұған 1950 жылы щыққан Балалық щақ
және қоғаматты еңбегі дәлел бола алады.Бұдан өзге Лютердің жастық шағы:
психоаналитикалық және тарихи зерттеулер(1958),Идентикация:жаст ық шақтың
кризисі(1968),Жастық шақ:өзгерістер мен шақырулар(1963),атты еңбегінен
кейін ол әлемдік эго-психологияның жетекшісі ретінде танылды.Э.Эриксонның
бүкіл шығармалары осы эго-психологияның дамуына үлкен әсерін тигізді.Оның
ісін өзімен қатар көптеген шәкірттері де жалғастырды.

Эго-психология:психоанализдің дамуының жемісі.

Э.Эриксонның теориялық қалыптасуы тікелей эгоның дамуына
арналған.Бірақ оны Эриксон Фрейдтің психосексуалдық даму тұжырымдамасының
жай ғана жалғасы деп қана көрсетеді.Дегенмен,Э.Эриксон батыл қадам жасау
арқылы әлеуметтік және биологиялық ғылымдар үшін ашық тың жаңалығында төрт
негізгі пункт арқылы классикалық психоанализден біршама қашықтап
кетті.Біріншіден, Э.Эриксон идтен эго акцентіне қарай шешімді түрде қадам
жасады.Аталған эго-психология тұрғысында адам табиғатын қарастыру көне
психодинамикалық ойлау жүйесіне қарағанда адамның өзекті проблемаларын
шешуде маңызды рөл атқарады.Екіншіден, Эриксон индивидтің ата-анамен қарым-
қатынасында жаңа көзқарастар қалыптастырады. Үшіншіден, Эго дамуының
теориясында индивидтің барлық өмір сүру кезеңі қалыптастырылады.Ал
төртіншіден,З.Фрейд пен Э.Эриксонның психосексуалдық конфликтіні шешудегі
көзқарастары екі түрлі.
З.Фрейдтің мақсаты сыртқы ортаның жеке адамға қаншалықты әсер
ететіндігін және ертеректе алынған жарақаттың психопотологияға әкелу
мүмкіндігін ашу болатын,ал Э.Эриксонда керісінше.
Психоәлеуметтік қиындықтарды жеңіп шығудағы адамның мүмкіндігіне
назар аудартпақ болды.Ол өз теориясының басына эгоның қасиеттерін
қойды.Э.Эриксон биологиялық және сексуалдық негізді,кейінгі мотивациялық
және жекелік диспозицияны,сол сияқты фрейдтік жеке тұлғаның модельдік
құрылымын (ид,эго,супер эго) және өзге де классикалық психоанализдің
негіздерін қабылдағанмен де ,көптеген персоналдардың пікірінше ,ол аталған
теориядан біршама ерекшеленеді.
Эриксон негізін қалаған теория бойынша ,адам бүкіл өмірінде
әмбебап бірнеше сатыдан өтеді.

Осы сегіз психоәлеуметтік дамудың сатысын көрсетейік:

Рс Жасы Психоанализдік Күшті жақтары
дағдарыс
1 Туғаннан 1жасқа Базальдық Үміт
дейін сенім-базальдық
сенімсіздік
2 1-3 жас Автономия-ұялу және Ерік,жігер
сенімсіздік
3 3-6 жас Ынталылық-кінәлілік Мақсат
4 6-12 жас Еңбексүйгіштік-кемістік
5 12-19 жас Эго-ұқсастық-орындардың Сенімділік
ауысуы
6 20-25 жас Интимділік-изолляция Махаббат
7 26-64 жас Өнімділік-бейқамдылық Қамқорлық
8 65-тен әрі қарай Эго-интеграция-түңілу Ақылдылық пен
және өлімге дейін сабырлылық

Осы күрделі модель Э.Эриксонның өзара бағыныштылық тұжырымдамасы
бойынша жас ерекшелігіндегі өзара бағыныштылықты көрсетеді.

Жеке тұлғаның дамуы: психоәлеуметтік саты.
Жоғарыда айтылғандай, Э.Эриксон адамның дамуындағы сегіз стадия бір-бірімен
тығыз байланыста болады деп есептейді.Аталған сегіз стадияға жеке-жеке
тоқталсақ, олар келесі сатылар бойынша көрініс табады:
1.Сәбилік:базальдық сенім-базальдық сенімсіздік.
Алғашқы кезең,З.Фрейдте көрсетілгендей, дүниеге келген кездегі алғашқы
жылды қамтиды. Э:Эриксон бойынша,бұл кезең мықты тұлғаның құрылуына негіз
болып табылатын сезім-сеніммен тікелей байланысты,мұны кей оқымыстылар
сенімділікпеналмастырады.
Э:Эриксонға сенер болсақ, сәбидің бойындағы өзге адамдарға және
әлемге деген сенімділік сезімінің сапасы анасынан алынған қамқорлығына
байланысты.Менің ойымша, ана өз бойындағы сенімділік сезімі арқылы өз
баласына ерекшк қамқорлықпен және ерекше сенімділікпен қарай отырып
,алдында тұрған адамды өзімдеп бүгінгі өмір стилімен қарастырса, баланың
бойында жақсы сенім сезімін қалыптастырады. Осының негізінде сәбидің
бойында бәрі жақсы деген ой қалыптасады да, ол болашақта өзінен үміт
күткендей дәрежеде дамиды.
Осыған орай ,баланың сенімі тамаққа ,ата-ананың көрсеткен
нәзіктігіне байланысты болмай, керісінше,баланың бойына ананың тәрбиесімен
берілген сезім оның бойында тұрақтылықты қалыптастырады. Олар ,өз
кезегінде, неге сену керек және неге сенбеу керек екендігін де түсінуі
тиіс. Бұл мүмкіндік олардың көптеген қиындықтардың алдын алуы үшін және
айналадағы шынайы өмірді игеруі үшін аса маңызды. Э:Эриксон бұл базальдық
сенімді иелену көп жағдайда адамның әлеуметтік ойымен тікелей байланысты
деп көрсетеді.

2.Ерте жастық шақ:автономия-ұялу және сенімсіздік.
Базальдық сенімге ие болған соң белгілі бір автономияға және жеке тыйым
салушылыққа ұят, күдік,қорлану сезімінен қашу үшін дайындық үстінде болады.
Э.Эриксонның айтуы бойынша, сәбидің ата-анасымен бірге әжетхана
тәртібіне үйренуі барысында ата-ананың тыйым салуы әр түрлі болып келеді:
бір жағынан, ол өзіне көрсетіліп жатқан қамқорлықты көрсе, енді бірде ол
өзін мысал ретінде сезінеді. Бала сол сияқты өзіне берілген еркіндікті
(яғни істеп көрсін деген сияқты) немесе ұсақ-түйекке бола тиым салуды
байқайды.
Бұл саты орнағанға дейін бала өзіне қамқор болып келген адамдарға
тәуелді болады. Дегенмен, олардың жүйке жүйесінің жедел дами бастағанына
байланысты олар айналадағы ортаны зерттеп,олармен жеке қарым-қатынасқа түсе
бастайды. Әсіресе,олар өздерінің жаңа ашқан локомоторлы әдеттеріне (киім
кию,жуыну және тамақтану) мақтанып ,оны өздері істегісі келеді.Біз олардың
бойындағы барлық заттарды зерттеуге деген үлкен құлшынысты байқаймыз.Олар
ата-аналарына мен өзім және мен істей аламын деген сияқты қарым-қатынас
жасайтындығын көреміз.
Э.Эриксонның көзқарасы бойынша, психоәлеуметтік кризисті шешу
барысындағы осы сатының басты міндеті ата-ананың балаға еркіндік беруі
болып табылмақ,бірақ ата-ана баланың өзіне немесе қоршаған ортаға зақым
келтіретін істерден сақтау мақсатында аз-аздап бақылау жасап тұруы тиіс.
Э.Эриксон баланың бойындағы автономияның дамуына мүмкіндік
бермеген ұялу сезімін және өзін-өзі шектеу мүмкіндігін ашу-ызамен
түсіндіреді.Ұялу баланың бойында,егер ата-ана асығыс түрде баланың істей
алатын ісін істесе және баланың өзінің істеуіне мүмкіндік
бермесе,туындайды.
Ерік-жігер-еркін таңдаудың нәтижесінде, сонымен қатар өзін-өзі
шектеу барысында ұялу,сенімсіздік,ашулану салдарынан туындайды.
Мейірімділіктің қайнар көзі ата-ананың ақылымен байланысты.

3.Ойын жасы:ынталылық-кінәлілік.
Аталған кезең-мектеп жасына дейінгі соңғы психоәлеуметтік
конфликт,бұл,Э.Эриксонның айтуы бойынша,жастық ойын деп аталады.Бұл кезең
төрт жастан мектепке дейінгі кезеңді қамтиды.Бұл жаста бала өзімен
санасатынын байқап,өмірде алдына қойған мақсаты бар екендігін біледі.Ойын
барысында баланың бойында мен-ол менің істей алатындығым деген көзқарас
анық байқалады.Ынталылық адамның бойындағы
жауапкершілікті,жоспарлауды,күшті қарқынмен кез-келген нәрсе үшін күрес
арқылы алға жылжуға деген ұмтылысты көрсетеді.
Баланың бойында осы сатыдан соң ынталылық сезімінің орнына
кінәлілік басымырақ болады.Ал ынталылықтың күштірек болуы көбінесе ата-
анаға байланысты,яғни олар баланың қылығына,шығармасына күлмей,қайта қолдау
көрсетсе,онда ол бала қиялының шын мәнісінде дамуына алып келеді.Осы сатыда
бала айналасындағы адамдармен өздерін салыстыра отырып,олардың
әрекетін,мінезін шынайы бағалай алады.Осыған сәйкес,олар өздерінің
болашақтарына жоспар түзеді,белгілі бір мақсат қойып,соның арқасында жұмыс
істей бастайды,-деп көрсетеді Эрик Эриксон.
Психоәлеуметтік теорияға сүйенсек, баланың бойындағы кінәлілік
сезіміне балаларға еркін жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін ата-аналар
кінәлі.Ата-аналар,сонымен қатар,өздерінің шектен шыға жаза қолдануының
нәтижесінде балалардың бойында кінәлілік сезімін тудырады.
Қорытындылай келгенде,Э.Эриксонның көрсетуі бойынша,бала
бойындағы ынталылық осы сатыда пайда болады.Оның болашақта өнімді жұмыс
істеуіне және оның жеке басының жетілуіне әсер ететін жағдай жоғарыда
көрсетілген кезеңдегі дағдарысты шеше алуы.

4.Мектеп жасы:еңбексүйгіштік-кемістік.
Бұл кезең 6 және 12 жас аралығын қамтиды.Осы сәтте бала қарапайым
мәдениетке –мектеп барысына үйрене бастайды. Бала ортаға бейімделіп, сол
ортадан өз орнын табуға және жеке бас тәрбиесіне назар аудара бастайды.
Осы сатыда баланың кемістік сезімінің пайда болуы оның өзімен
жасты ортадағы өзінің жеке орнымен тікелей байланысты.Кемістік сезімі
білімнің деңгейіне,қадір-қасиетіне қарамай,керісінше, оның
жынысы,нәсілі,діні,әлеуметтік-эконо микалық жағдайына қарап бағалаудан пайда
болады.Нәтижесінде олар әлеуметтік ортадан өз орындарын таба алмайтындай
дәрежеде төмендеп, өздеріне деген сенімділіктен айырылады.
Еңбек сүйгіштік баланың метептегі үлгеріміне байланысты,бірақ
Э.Эриксонның ойынша,еңбексүгіштік тек жақсы жұмысшы болу ғана емес,ол
сонымен қатар индивидтің қоғамнан өз орнын іздеп табуы барысында сол
қоғамға оң әсерін тигізе алуымен де байланысты.Осылайша,өз ісін,әрекетін
жете меңгерушілік баланың әлеуметтік,экономикалық,саяси өміріне қатынасын
көрсетеді.

5.Жастық эго-үйлесімділік-орын шатастырушылық.
Бұл кезең,Э.Эриксон жүйесі бойынша, адамның психоәлеуметтік
дамуындағы ең бір маңызды және өте күрделі кезең деп аталады.
Психоәлеуметтік процесте жастық шақтың дұрыс формасы-эго-
үйлесімділік,бұрыс жағы орнын ауыстырушылық болып табылады.Бұл кеде олар
мен кіммін?, Мен қайда барамын?, Менің кім болғым келеді?деген
сұрақтарға жауап іздейді.
Бұл кезеңнің мақсаты-жасөспірімдердің өз бойларында жиі
кездесетін және жинаған барлық білімдерін(олар
кімдер:ұл,қыз,студент,музыкант,әнші және т.б)
алып,осы аталғандардан жеке өзімен үйлесетінін табуында. Э.Эриксон
психоәлеуметтік эго-ұқсастықты зерттеу барысында эго-ның сыртқы ортамен
кикілжіңіне назар аудармай, негізгі ойды эго-ның өз ішіндегі жеке дау-
дамайына бөледі.Негізгі түйін жеке эго-ға келіп тіреледі.Әсіресе, оған
қоғамның және құрбы-құрдастарының қалай әсер етуіне көңіл қояды.
Физиологиялық тұрғыдан дамып келе жатқан жастар,бірінші
кезекте,өздерінің әлеуметтік рөлін анықтап алуға ұмытыладыЖас адамдарда өте
жиі кездесетін процесс-олардың өздерінің көз алдында олар өз ойларындағыдай
көріне ме,жоқ па,соған көп абыржулы. Көптеген эго-ұқсастықтар жастардың
бала кезінде бойларына жинаған іс-шараларынан асып түседі. Жоғарыда аталған
сатылалда жинаған ішкі тәжірибелер осы сатыда индивидке үлкен әсерін
тигізеді.Осылайша ,эго-ұқсастық индивдтің өз бойына ішкі бірегейлік пен
үйлесімділікті сақтап қалуына мол мүмкіндік береді.
Э.Эриксонның айтуы бойынша ,сәтті жастық шақпен интегралдық
ұқсастық негізгі балалық шақта жатыр. Бірақ жеке ұқсастық жасөспірімнің өз
балалық шағынан не алып келгендігіне ғана емес ,ол өсіп отырған және бірге
өмір сүріп жатқан әлеуметтік топтың да әсеріне байланысты болады. Мәселен,
Э.Эриксонның байқауы бойынша,әйгілі жұлдыздармен немесе контрмәдениеттің
өкілдерімен шектен тыс ұқсастық оларды өздерінің әлеуметтік ортасынан бөліп
алып, жеке адам етіп шығарып, жалпыға тән ұқсастықты шектейді. Мәселен, жас
келіншектің екінші сорттағы әйелдер арасынан өзіне тән ұқсастықты табуы
қиынға түседі. Әлеуметтік аз топтар қоғамда ұқсастық сезімін табуда көп
қиындықтарға кездеседі.
Жастардың жеке ұқсастықтарға қол жеткізе алмауы Э.Эриксон
атаған бірдейліктің дағдарысына алып келеді.
Ерте психоәлеуметтік кезең ересек өмірдің формалдық бастамасын
білдіреді, бұл ерте неке құрудың және жанұялық өмірдің бастамасындағы бағып-
қағу кезеңі болып табылады. Ол ерте жастық шақтан ерте ер жеткенге дейін
созылады.(20 жастан 25 жасқа дейін).
Белгілі бір уақытта жас адамдар мамандық алуға және
орналасуға бағдарланады. Э.Эриксон,З.Фрейд сияқты, өз пікірлерін бекітеді,
яғни қазіргі кезде адамдар әлеуметтік жағынан ,шын мәнісінде , сырластық
қатынасқа және сексуалды жоспарға да дайын. Осы кезге дейін жеке моральдық
тәртіптегі көріністер бұл ұқсастықты іздеп дәлелдеді.Бұған қарама-қарсы,
дербес ұқсастықтың ерте жетістігі және жемістілік бастамасы ерте ер
жеткендікті білдіреді және дербес өзара қатынастарға итермелейді. Бұл
өлшемнің бір плюсында-сырластық ,ал оған қарама-қарсы бөлектеу орналасқан.
Э.Эриксон сырластық деген терминді көп жоспарда және
мағынасы жағынан кең ауқымда пайдаланады.Негізінен, ол сырластықты біздің
зайыбымызға, достарымызға,ағаларымызға,әпкелерім ізге ,ата-анамызға және
басқа да туысқандарға деген сырлы сезіміміз ретінде түсіндіреді.
Алайда ол жеке сырластықты айта отырып,еш қорқынышсыз
сіздің ұқсастығыңызды басқа адамның ұқсастығымен қосуды сөз етеді,яғни сіз
өз бойыңыздан бір нәрсені жоғалтасыз.
Бұл сырластықтың аспектісін Э.Эриксон мықты некенің
талабы ретінде қарастырады. Бірақ та, оның мәлімдеуінше ,тұрақты ұқсастыққа
жетпей тұрып, нақты сырластық сезімін сынап-білу мүмкін емес.
Басқаша айтсақ, бір адаммен шынайы сырластық қатынаста
болу үшін, алдымен ,жеке адам өзінің кім екендігін біліп алуы
қажет.Керісінше, жасөспірімнің махабаты басқа адамның мақсатына пайдалануы
өзінің жеке ұқсастығын тексеру әрекеті болып табылады.Бұлар келесі
деректермен дәлелденеді:жасөспірім некесі (16-19 жасқа дейін жынысы
бойынша),20 жаста неке құруға қарағанда, өте ұзақ емес.Э.Эриксонның ойынша,
көп адамдар, негізінен ,әйелдер некеге басқа адамнан өзінің жеке ұқсастығын
табу мақсатында тұрады. Оның көзқарасы бойынша,сырластыққа талпынуды
анықтау фрейдтік жеке адам амандығын,яғни сүйіспеншілікке және қоғамға
пайдалы жұмыстарды атқаруға қабілетті адамдарды анықтауға ұқсас болып
келеді.Э.Эриксон бұл формуланы кеңейтуді ойламады, оның теориясы бойынша,
некеге тұрмауға серт берген адам (дін қызметшісі) сырластық,интим сезіміне
түсүге қабілетті ме деген ойды түсіну қызықты болар еді.Бұл-сұраққа
жауап.Ия,Э.Эриксон мұнда тек сексуалдық жақындастықтан басқа одан да күшті
сезімді қарастырады, ол,сонымен қатар, бұған эмпатияны және достардың
арасындағы ашықтықты қосады.Бұл психоәлеуметтік сатыдағы бір-біріне деген
қатынастың алшақтауымен тұжырымдалады.
Қарапайым және сенімділікке негізделген жеке қатынастарға
деген қабілетсіздік жалғыздық сезіміне, әлеуметтік вакуумға және
бөлектенуге әкеледі.
Сонымен,Э.Эриксонның мәлімдеуінше,әлеуметтік талап
сырластық сезімінің қалыптасуына кедергі жасайды.Ол антиәлеуметтік және
психопатиялық типтерді, яғни адамгершілік сезімі жоқ адамдарды мысалға
келтіреді. Бұл жас адамдардың бойында шынайы сезімінің, қатынастың
болмауына алып келеді.Сырластық- бөлектену дағдарысынан шығу,ұнамды
сана,яғни махаббат,т.б.
Бұған қосымша Э.Эриксон махаббатты адамның бір-біріне
деген адалдығымен,сенімділігімен түсіндіреді.Махаббаттың бұл типі сыйластық
,жауапкершілік жағынан көрініс табады.

Ерте ер жету:өнімділік-бейқамдық.
Ерте ер жету сатысы орта жастарға сәйкес келеді (26-64 жасқа
дейін),оның басты тақырыбы-өнімділік пен бейқамдылық арасындағы
таңдау.Өнімділік адамның уайымшылдығымен бірге тек адамның аман-есендігі
ғана емес,сонымен қатар қоғамдағы болашақ ұрпақтың өмірі болып келеді.
Э.Эриксонның мақұлдауы бойынша, әрбір ересек адам өз ойын толық
айтуға,мәдениетті қорғап,жүзеге асыруға толық құқылы болады.
Осылайша,өнімділік үлкен ұрпақты тәрбиелеуге,өмірге тұрақ тануына,дұрыс жол
табуға көмектеседі.Бұған жақсы бір мысал-ұрпақтарының жетістігімен
байланысты өзін-өзі тарату. Алайда өнімділік тек ата-анада және жас
ұрпақтарды тәрбиелеуге күш жұмсайтын адамдарда болып келеді.Өздерінің күш-
жігерін,уақытын жастар сайысына кетіретін ересек адамдар өнімділікке ие.
Шығармашылық және өндіргіш өнімділіктер барлық жағынан кейіптелген,олар
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады,адамның психоәлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы ғалымдардың теориялары.
Тұлға туралы теориялар
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезде қалыптасуы
Ерікті болу қасиеті
Тұлға және топ
Мен тұжырымдамасы. Мен бейнесін психодиагностикалау
Мен-тұжырымдамасы
Психологияның бағыттары мен мектептері
Психологияда тұлға мәселесі
Пәндер