Эволюциялық биология



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Эволюциялық биология
Ч. Дарвиннің эволюция теориясы
Тірі табиғат үшін эволюциялық даму - ажыратылмайтын және ерекше
қасиет. Биологияда бұл тұжырымдама әр текті мамандандырылған биологиялық
білімнің синтезі жүргізілетін платформа функциясына ие болды. Нәтижесінде
айтарлықтай дербес білім саласы - эволюциялық биология қалыптасты.
Эволюциялық биология ғылымы тірі организмдердің өзгеруі мен даму
зандылықтары, дамуға қозғаушы күштері мен себептері туралы ғылым. Эволюция
теориясы бойынша барлық тірі организмдердің әр түрлілігі бір-бірімен
байланысқан үш фактордың әсерінен туады: тұқым қуалаушылық, өзгергіштік
және табиғи сұрыптау. Бұлар эволюция теориясьшың негізгі принциптері.
Сізге, әрине, орта мектеп курсынан дарвинизм негіздері жақсы таныс. Ч.
Дарвин өз теориясын кәдімгі натуралист болып жасады: оның ілімі - тірі
табиғатты оның ең әр түрлі көрініс-құбылыстарды жан-жағынан зер сала, ынта
қойып бақылауының жемісі. Ағзалардың химиялық құрамы мен заттар алмасу
процестері туралы оның заманындағы шамалы білімдердің ол үшін аса маңызы
бола қойған жоқ. Сонда да кейін біртұтас теорияға айналған басты идея –
табиғи сұрыптау идеясы туу үшін тек бақылаулар мен суреттеулер жеткілікті
болып шықты. Ч. Дарвин оларды бір жүйеге келтіріп, жинақтағанда жан-жақты
мәнге ие болатын фактілерді ашты. 1859 жылы ол өзінің әйгілі "Түрлердің
табиғи сұрыптау арқылы пайда болуы" атты еңбегінде өзінің зерттеу
нәтижелерін тұжырымдай отырып, органикалық әлемнің эволюциясының негізгі
факторлары мен себептерін ашты. 1871 жылы Ч. Дарвин "Адамның пайда болуы
мен жыныстық сұрыптау" атты еңбегінде адамның маймыл тұқымдылардан шыққаны
туралы гипотезасын жасады.
Ч. Дарвин Ламарктың эволюциялық концепцияларының кемшіліктерін жоя
отырып, органикалық әлемнің эволюциясы жоғарыды айтып кеткен үш негізгі
фактордың әсерінен болатын көрсетті: тұқым қуалаушылықтың, өзгергіштіктің
және табиғи сұрыптаудың. Өзгергіштік организмдердің құрылымдарындағы жаңа
қасиеттер мен функциялардың қалыптасуына әкеледі. Тұқымқуалушылық оларды
тұрақтандырады. Түрлер арасындағы өмір сүруге деген күрес кезіндегі табиғи
сұрыптаудың нәтижесінде табиғи ортаға қалыптаса алмаған түрлер жойылады.
Соныменен, Дарвин органикалық әлем эволюциясының негізгі қозғаушы күштерін
ашып берді және жаратылысты-ғылыми тұрғыдан биологиялық түрлердің
қалыптасуы мен дамуын түсіндірді.
Табиғи сұрыптау – эволюциялық өзгертулерді бағыттайтын негізгі фактор
болып табылады. Тек ол ғана тірі организмдердің дамуының тарихи
магистральды бағытын анықтайды, тірі организмдердің қоршаған ортада тірі
қалу және тұқым қалдыру мүмкіншіліктерін қалыптастырады. Табиғи сұрыптаудың
нәтижелері тіршілік иелерінің әр кезендерінің ауысу кезінде байқалады.
Сұрыптау объектісіне тіршілік иесінің жеке түрлері қатысады. Сұрыптаудан
өткен жеке дербес түр популяцияның генофондына өзінің үлесін қосады.
Сұрыптауға тіршілік иесінің барлық белгісі мен қасиеттері кірістіріледі. Ол
дербес тіршілік иесінің барлық даму сатысына қатысып, тіршілік иесінің тірі
қалу мен тұқым қалдыру мүмкіншілігін күшейту бағытында жүреді.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып мынадай тұжырым жасаймыз:
эволюцияның дамуы нәтижесінде тірі қалдыру мүмкіншілігін жасайтын
генетикалық және тағы басқа белгілер осы тіршілік иелерінің бір ұрпағынан
екінші ұрпағына өткен сайын кобейіп, осы түрдің негізгі даму бағытын
анықтап отырады.
Соныменен, эволюция дегеніміз тірі организмдердің бағытталған тарихи
өзгеру процесі. Жоғарыда айтылған факторлар тек қана популяция мен түрлер
деңгейінде ғана микроэволюция ретінде емес, сонымен бірге одан күрделі
макроэволюция деңгейінде де әсер етіп, тіршілік иелерінің жаңа түрлері мен
кластарына әкеледі.
Эволюциялық биологияның ғылым ретіндегі бейнесі білімдердің екі ағынын
біріктіру нәтижесінде қалыптасты: эволюциялық ілімнің өзін және басқа
ғылымдар тарапынан эволюция мен оның механизмдеріне қатысты алынған
білімдерді. Эволюциялық биологияның мазмұны үнемі кеңейе түсуде.
Молекулярлық биологияның, цитологияның (тірі жасушаның құрылысы мен қызметі
туралы ғылым) және палеонтологиялық жаңа ғылыми жетістіктер бұған сеп
болды. Ғалымдар, тіпті, алынған білімдерге жаңа эволюциялық синтез жасайтын
уақыт келген жоқ па деп шындап ойланып қояды. Оның жүзеге асырылуына
көптеген биологтар дербес пәнді — теориялық биологияны қалыптастыруға
апарар жолды көреді. Бірақ, көптеген ғалымдар биологияда мұндай төңкеріс
жасау үшін қол жеткен білімдердің деңгейі әзірге жеткілікті түрғыда жоғары
емес деп есептейді.
Даму идеясымен (немесе эволюциямен), сонымен қатар тарихи әдіспен
бүкіл жаратылыстану қарулануда. Мысалы, қазіргі заманғы физика жалпылама
эволюция концепциясын дамытуда. Осы теория бойынша Бүкіләлемнің дамуы сонау
Үлкен жарылыстан бастап өлі материядан биологиялық эволюцияға, ал одан
адамзат пен қоғамның тарихи эволюциясының біртізбекті эволюциялық кезеңдері
ретінде қарастырылады.

Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының қазіргі заманғы дамуы.
Молекулярлық-генетикалық тәсіл
"Эволюция" терминін биология лексикасына алғаш рет 1762 ж., яғни, Ч.
Дарвиннің еңбегі басылып шықпастан көп бұрын, швейцарлық ғалым Ш. Боннэ
енгізді. Ш. Боннэ бүл терминде тек қана даму идеясын ғана емес, сонымен
бірге тірінің жаңа түрлерінің қалыптасуындағы құбылмалық пен сұрыптаудың
ролі туралы мағынаны да түсінді. Уақыт өткен сайын бұл түсініктер өзгеріске
ұшырады.
Қазіргі кезде өзгергіштіктің үш түрін айырады:
Тұқым қуалайтын өзгергіштік — бұл жаңа генотииптің пайда болуына
қатысты өзгергіштік (Ч. Дарвиннің "белгісіз өзгергіштігіне" ұқсас).
Тұқым қуаламайтын өзгергіштік – бұл өзгергіштік генотиптің өзгерулерін
емес, сыртқы орта жағдайларының ықпалынан фенотиптің өзгерістерін
көрсетеді. (Ч. Дарвиннің "белгілі езгергіштігіне" ұқсас).
Онтогенетикалық өзгергіштік - бұл ағзаның жеке дамуы барысындағы
өзгерулерді білдіретін өзгергіштік немесе жекелеген жасушалардың олардың
дифференциялану үрдісіндегі өзгергіштігі (яғни, тіршілік циклі үрдісінде
олардың жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы кезінде).
Қазіргі заманғы эволюционизм - бұл тек қана өзінің бастапқы түріндегі
дарвинизм емес, Ч. Дарвиннің теориясы жасалған уақыттан бергі өткен
жылдарда қалыптасқан сан қырлы кешенді ілім.
Ч. Дарвиннің ілімінің негізгі кемшіліктерінің бірі: ол адамның табиғи
дамуы туралы өзінің тұжырымдамаларында осы дамуға қоғамдық факторлардың
әсерін қарастырмайды. Сонымен бірге, Дарвин теориясында адам мен жануарлар
ақыл-есінің сапалық айырмашылықтары қарастырылмайды. Бұның себебі ол
антропогенез кезіндегі еңбектің роліне маңыз аудармаған. Осы сұрақтар
кейінірек антропогенездің еңбекті теориясында қарастырылады (естеріңізде
шығар, Ф. Энгельс осы сұрақтарға көп көңіл бөлген). Бұл теоряның негіздері
бойынша еңбек биологикалық заңдылықтарды жоқа шығармайды, бірақ ол табиғи
сұрыптаудың есерін өзгешелеу түрлендіреді. Еңбек адамның дамуы кезівде оның
табиғатты өз еркіне қарай түрлендіру мүмкіншілігін дамытады, және де оның
өзінің өзіндік қалыптасуына әсер етеді. Бұл теорияның жақтаушылыры қолдың,
мидың, сөйлеу мүмкіншілігінің, ойлаудың дамуларын, адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынас жасап қоғамдық ұжымдарға бірігуін еңбектік іс-әрекеттің
нәтижесімен байланыстырады.
Шын мәнінде еңбектің пайда болуы мен оның дамуының антропогенезге
жасаған үлкен әсерін жоққа шығаруға болмайды. Айта кету керек, еңбек
қандайда болса да еңбек құралдарын жасаумен байланысты келеді, ал бұл
жағдай адамның қоғамдық тәжірибе нәтижелерін, оның іскерлілігін, сана-
сезімін қалыптастырып, тұрақтандыруға әкеледі. Сонымен бірге, еңбек
құралдары қоғамдық тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа берудің негізгі әдісі болып
келді. Бүл сұрақтар Дарвин теориясында қарастырылмады. Соныменен, адам мен
қоғамның құрылып дамуы – бұл біртұтас біріккен процесс, антропосоциогенез
процесі және осы процестерде негізгі рольді еңбек атқарады.
Дарвин теориясының кемшіліктерін жаңа тұрғыдан сынау XX ғасырдың бас
кезінде дами бастаған генетика ғылымының алғашқы жетістіктерімен байланысты
болды. Мысалы, нидерландтық ғалым Хуго де Фриздің эволюцияның мутациялық
теориясы бойынша организмдердің жаңа түрлері гендік (тұқымдық) құрылымда
болған кездейсоқ мутациялардың нәтижесінде секірісті түрде пайда болады.
Бұл құбылыстың Дарвин теориясындағы табиғы сұрыптаумен байланысы шамалы.
Дарвинизмді әр түрлі көзқарастар тұрғысынан сынау 1930-1940 жылдары
дүниеге эволюцияның жана синтетикалық теориясының келуіне себеп болды. Ол
дарвиндік табиғи сұрыпталу тұжырымдамасының генетикамен және экологиямен
синтезі болып табылады. Эволюцияның синтетикалық теориясының Ч.Дарвин
теориясынан екі негізгі ерекшелігі бар. Бұл біріншіден, эволюцияның
қарапайым бірлігі ретінде ағзаны және тіпті түрді емес, ал жергілікті
популяцияны тану жэне екіншіден, эволюцияның екі типін бөлу: микроэволюция
және макроэволюция.
Микроэволюция, жоғарыда айтқандай, популяциялардағы тектік қордың
өзгеруі мен жаңа түрлердің пайда болуы қоса жүретін эволюциялық үрдістердің
жиынтығын білдіреді. Макроэволюция (немесе филогенез) – бұл ұзақ тарихи
кезеңге созылатын және түрден тыс таксондардың пайда болуына әкелетін
эволюциялық өзгерулер. Микроэволюцияны тікелей зертханалық жағдайларда
зерттеуге болады, ал макроэволюцияны оның тарихы ұзақтығы себепті, олай
зерттеу мүмкін емес. Микроэволюцияны табиғаттағы жануарлар мен
өсімдіктердің өзгерулерін бақылау арқылы зерттеуге болады. Ал
макроэволюцияны зерттеу қосымша тарихи деректерді керек етеді. Мұндай
мәліметтерді биологиялық шектес пәндер: салыстырмалы морфология,
палеонтология мен эмбриология беріп отырды.
Қазіргі кезде ғалымдар эволюциялық процестерді молекулярлық-
генетикалық деңгейде зерттеуге ауысты. Ғалымдардың зерттеу обьектілері
қазіргі тірі ағзалардан да, геологиялық қабаттарда сақталып қазылып
алынғандардан да алынған акуыздар мен нуклеотидтер болып отыр.
Макроэволюцияның басты мәселесі филогенездің бір ізділігі мен ағзалардың
арасындағы тұқым қуалаушылық байланыстарды шешу болып табылады. Бұл ғылым
үнемі даму үстінде, оның үлкен биологаялық болашағы бар. Білімдердің бұл
саласындағы жетістіктер молекулярлық биология мен генетика саласындағы
жетістіктермен тікелей байланысты.

Адамның тарихи дамуының биологиялықтығы мен әлеуметтілігі.
Антропогенез мәселелері
Адам - күрделі біртұтас жүйе, ал бұл жүйенің өзі басқа өте күрделі
жүйелердің - биологиялық және әлеуметтік жүйелердің бір компоненті болып
келеді. Бұның себебі оның әлеуметтік те, биологиялық та қасиеттері
барлығында жатыр. Өзінің өмір сүруінің бір жағынан ол табиғатқа қарайды, ал
екінші жағынан - ол қоғамдық әлеммен де байланысты. Ал жалпы алғанда ол әр
түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Олардың негізгі зерттеу
сұрақтарының мағынасын былайша келтіруге болады: омыртқалылар түріне,
сүтқоректілер класына, приматтар отрядына, гоминид ұйымына жататын
биологиялық организм қалайша, тек қана биологиялық қана емес, сонымен бірге
мәдени жетістіктердің тасымалдаушысы да болып келетін адамға айналды?
Осы сұрақ антропогенездің негізгі мәселесі болып табылады. Классикалық
антропогенез адам мен табиғаттың біртұтастығын зерттеді. Ол негізінен адам
эволюциясына есер ететін сыртқы табиғи мен қоғамдық факторларды табуға
тырысты. Бұл факторлардың құрамына табиғат, климат, ландшафт, экономика,
еңбек, мәдениет, қоғамдық қарым-қатынастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялың негізгі теориялары
Дарвиннен кейінгі кезенде эволюциялық ілімнің дамуы
Иван Шмальгаузен
Биологиядағы теориялық жалпылауы
Биологияның даму тарихы
Эволюциялық генетика
Органикалық дүниенің даму мәселелері
Дарвиннің эволюциясы
Ламарк ілімі
Биология кешенді ғылым ретінде
Пәндер