ЭВФЕМИЗМДЕР МЕН ДИСФЕМИЗМДЕРДІҢ КЕЙІПКЕР ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Эвфемизм
Эвфемизм (грек. eu – жақсы, phemі – айтамын) – мағынасы тұрпайы сөздерді
басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы моральдық,
этикалық норма негізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен әдептілікке
байланысты туған. Эвфемизм – тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді
толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі. Эвфемистік
мағына тудырудың тәсілдеріне метафора, метонимия, синекдоха, символ,
ирония, парафраза, эпитет сияқты топтармен қатар фразалық тіркес пен мақал-
мәтелдер, сондай-ақ есімдік пен эллипс те жатады. Мысалы, “өлді” деудің
орнына қайтыс болды, дүние салды, жан тәсілім етті, т. б. сөз орамдары
айтылады. Сондай-ақ адамның дене мүшесіндегі кем-кетікті (саңырау –
құлағының мүкісі бар), ауруды (қылтамақ – жаман ауру) басқа сөздермен
ауыстырып қолданады. Тіліміздегі фразеологизмдердің көпшілігі Эвфемизмдер
негізінде пайда болған. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты, тіл
тигізді, сөзге келді, жүз шайысты сияқты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр
сөздер айтты деген мағынаны білдіреді. [1]

ЭВФЕМИЗМДЕР МЕН ДИСФЕМИЗМДЕРДІҢ КЕЙІПКЕР ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

СИНБАЕВА Г.К.
Петропавл қ., Қазақстан
 
Функционалдық стильдерді тереңдете зерттеу жалпы әдеби тілмен байланыс
ерекшелігін анықтауды қажет етеді. Орыс тіл білімінің көрнекті өкілі В.
Виноградов функционалды стильдің тілдегі үш түрлі қызметін атап көрсетеді:
бірінші – қарым-қатынас қызметі (ауызекі сөйлеу стилі), екіншісі – хабар
беру қызметі (ресми және ғылыми), үшінші – ықпал ету қызметі
(публицистикалық және көркем әдебиет стильдері [1, 84 б.].
Қазақ тіл білімінде эвфемистік, дисфемистік құбылыстарға жеке-жеке
түсінік беріліп, оларды зерттеуге арналған біршама еңбектер бар. Осы ретте
Ә. Ахметов, Ә. Хасенов, Ә. Болғанбаев, Ғ Қалиев, Б. Сағындықұлы т.б.
ғалымдарымыздың пікір-тұжырымдары мен еңбектерін атауға болады. Ал
эвфемизмдер мен дисфемизмдердің көркем шығарма тілінде қолданылу мәселесі
кейбір зерттеулерде жалпы лексика тұрғысынан алынып қарастырылғанымен,
олардың функционалдық стильдер ішінде көрінуі – бүгінгі күнге дейін
айқындалмаған құбылыс. Бұл құбылыс – кешегі–бүгінгі емес, ғасырлар бойы
қалыптасқан (әсіресе фразеологизмдер тұрғысынан келгендері) тілдік
заңдылық.
Осы тұрғыдан келгенде әр кезеңдегі көркем әдебиет стильдері материалдары
негізінде қазақ тіліндегі эвфемизм мен дисфемизмдерді жеке алып, олардың
көркем шығармаларда қолданылу ерекшелігін зерттеген еңбектер жоқ. Қазақ
тіліндегі эвфемизмдер мәселесі – әлі де толық айқындалып, зерттелді деуге
болмайды.
Жалпы тіл білімінде түркі тілдеріндегі эвфемизм мен табуды соның ішінде
қазақ тіліндегі эвфемия құбылысын ғалым Ә. Ахметов алғаш ғылыми зерттеудің
нысанына алып жан-жақты қарастырған. Ғалым табу мен эвфемизмді
этнографиялық лексикаға жатқызады: Кез келген этнографиялық лексиканың
сыртында белгілі бір этнографиялық ұғымдардың тұратыны сияқты табу мен
эвфемизмнің сыртында да олармен ұштасып, астарласып жататын этнографиялық
ұғымдар, атап айтқанда, дәстүрлі наным-сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар,
салт-дәстүрлер, қоғамда қалыптасқан тіл мәдениетімен байланысты этикалық
нормалар тұрады [2,176]. Ғалым бұл сөздердің қыр-сырын ашуда
этнография мен лингвистика ғылымдарының біртұтас нысаны ретінде
зерттелінуінің тиімділігін айтып, эвфемизмдердің этнолингвистикалық бағытта
айқындалуына жол ашады. Олардың пайда болуын этнолингвистикалық жүйе және
этномәдени негіздер арқылы айқындап түсіндіреді, дәстүрлі моральдық-
этикалық қатынастарға байланысты қалыптасқан табу мен эвфемизмдерді
топтастырып көрсетеді, яғни өлімге, анатомия мен физиологиялық процестерге,
саяси эвфемизмдерге, сондай-ақ эвфемизмдердің жасалу жолдары: эвфемистік
метафора, эвфемистік метонимия, эвфемистік синекдоха, эвфемистік символ,
эвфемистік ирония түрлері мен өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Қазіргі
таңда тіл, тіл мәдениеті, ғылымға деген талап, жауапкершілік, ықылас,
мүдделілік шынында да күн сайын артуда. Осы тілдік, қазақ ділдігінің бір
мәселесі эвфемизмдік қолданыстарда жатқанын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Эвфемизм табу сияқты үрейленуден туған сенімге негізделмейді,
сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі
қолданылып жүрген эвфемизмдер бүгінгі таңдағы өскелең халқымыздың
қалыптасқан этикалық және эстетикалық нормаларының күнделікті нақ
көріністері деп есептеледі. Сондықтан табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен
шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан [3, 125-126] деп,
эвфемизмді құбылыс ретінде қарастырып, оның өзіндік еркшеліктерін
көрсетеді.
Сондай-ақ М.Жұмағұлова: Әдеттегі эвфемизмдер жеке адамдар арасындағы
коммуникативтік қолайсыздықты (коммуникативтік дискомфорт) болдырмауды
көздейді де, жеке бастық қатынасқа тән сипатқа ие болады. Ал газет
бағаналарындағы эвфемистік формалардың әлеуметтік сипаты басым болады [4,
19] деп есептейді. Газети публицистика тіліндегі эвфемизмдердің әлеуметтік
сипатымен ерекшеленетінін: ...сөздің эвфемистік мағынасын да тілдің өз
ішінде ғана емес, тілдік ұжымның этикалық-моральдық, дүниетанымдық
ерекшелігімен, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірімен байланыстыра қарау
құбылыстың мәнін айқындай түседі [4, 19] деп, эвфемистік мағынаның мәнін
айқындайтын басқа себептеріне де тоқталады. Мысалы: Басына пұшпақ бөрік
киіп, қолына таяқ ұстаған шоқша сақалдысы - жетпісті мол аралап кеткен адам
133. Шоқша сақалдының құлағы ауыр ести ме, қалай үшеуі гүлзарды басына
көтеріп, әлденеге келісе алмай дауласып отыр 133. О дүниеге аттану кезегі
кімге келіп тұр? дегенді жай бір күнделікті шаруадай-ақ сөз етіп отыр
133.
Яғни, көркем шығармада жазушылар кейіпкер бейнесін сипаттауда эвфемизм
мен дисфемизмді жиі қоданады. Эвфемистік мағынаның басты қызметі – дөрекі,
тұрпайы, айтуға қолайсыз сөздерді алмастырып, тыңдаушысына коммуникативтік
қолайсыздық тудырмау.
Белгілі тіл білімінің маманы Б. Сағындықұлы: Дисфемизм тәсілімен сөз
қолдану – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы тілдік құбылыс, соңғысы
сөздің ұғым-түсінігін сыпайылап әдемілесе, алдыңғысы керісінше жағымды
мағынаны дөрекілейді, қатайтады. Күнделікті өмірде, әдеби қолданыста
жағымды, сыпайы әдепті сөздерді дөрекі, анайы сөздермен ауыстырып қолдану
тәсілі тіл білімінде дисфемизм деп аталады. Дисфемизмдер көркем шығармада
көбіне ауызекі сөйлеу тілінің үлгісі ретінде кейіпкерлер тілінде беріледі.
Сол арқылы әр жазушы өз қаћармандарының мінез-құлқын, білім дәрежесін, іс-
әрекетін бейнелейді, шынайы образын жасайды [5, 100], – деп сипаттайды.
Сондықтан эвфемизмдер мен дисфемизмдерді қарама-қарсы құбылыс ретінде
қарастырғанда ғана олардың негізгі мәні мен қызметі айқындалады.
Сондай-ақ бұл – тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін көтеруге септігін
тигізері, тілді тиімді жұмсай білуге үйрететіні даусыз. Мысалы: Сенің
мұндай қоян жүрек, қорқақ, екі жүзді екеніңді бұрын білген болсам...
(Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары). Біреуі аңқау, ақ көңіл, екіншісі
момақан, момын келген де, енді үшінші біреуінің тұрлаусыз, екі жақтылау
мінезі бар-ды (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары) деп қолданудағы адамның
мінез-құлқын ашу мақсатында контрастық құбылыстарға жататын дисфемизмдер
мен эвфемизмдердің қызметі айрықша екендігі көрініп тұр. Контекстік
мағынада қоян жүрек пен екі жүзді, ақ көңіл, момақан мен
тұрлаусыз, екі жақтыларды, яғни дисфемизмдер мен эвфемизмдерді
қаламгер жалпы адам болмысын ашуда өте ұтымды қолданған. Дисфемизмдер мен
эвфемизмдердің бұл сияқты қатар келуі стильдік алуан түрлі қызмет атқарып,
ойды жеткізуде өзіндік бояуымен оқшау танылатын сөздер тобы болып табылады.
Немесе: Мен орасан тентек едім де, ол жуас еді (Қайсенов Қ. Партизан
соқпақтары). Ұлтшылдар ғой жұрт қан жылап отырғанда, бұлардың рахаттанып
жүргендерін қарашы, – деп Борис оларға кектене қарады (Қайсенов Қ. Партизан
соқпақтары) деген тұстары қаламгердің дисфемизм мен эвфемизмдер секілді
контрастық құбылыс қолданымдарына енгізіп, жекелеген сөйлемдер құрамында
өзара салыстыра шендестіріп, айқын қарсы қойылған мән сипаттарын ұштай
түсуде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дисфемизмдер және олардың зерттелуі
«Жолдастар» романындағы кейіпкер тілі және автор тілінің І.Жансүгіровтің қазақ тіліндегі лексикалық бірліктер мен грамматикалық бірліктер
Д.Исабековтың Қарғын романына стилистикалық талдау
Көркем проза шығармалары тіліндегі теңеудің стильдік қызметі
Қазақ тіліндегі дисфемизмдер
Синонимия және сөз варианттары
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Қазақ тіл білімінде этнолингвистиканы зерттеудің ғылыми негіздері мен басты қағидалары
Лексико-семантикалық жүйесіндегі қазақ және ағылшын тілдеріндегі табу мен эвфемизмдердің геторогендік және гомегендік ерекшеліктері
Сан компонентті тұрақты тіркестердің ұлттық дүниетанымдағы, халық өміріндегі маңызы
Пәндер