Экзистенциализмнің көрнекті өкілі А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі
Экзистенциализмнің көрнекті өкілі А.Камю философиясындағы болмыс мәселесі.
Жоспар.
Кіріспе.
І тарау. Философиялық ақыл ойдың өркендеуіндегі болмыс концепциясы.
І.1. Ежелгі дүниетанымда болмыс туралы ойдың қалыптасуы мен даму
ерекшеліктері.
І.2. А.Камю көзқарасы мен Абай дүниетанымына салыстырмалы талдау.
ІІ. А.Камю философиясындағы болмыстың мәні.
ІІ.1. А.Камюде абсурд проблемасы.
ІІ.2. А.Камюде бүлік ұғымының философиялық қарастырылуы.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Болмыс мәселесінің шешілуін талап ететін мәселе ретінде қарастырылуы
ерте дәуірден басталды.
Болмыс ұғымының қарастырылуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.
Бірінші кезең – болмыстың мифологиялық түсіндірмесі.
Екінші кезең – натуралистік онтология кезеңі.
Үшінші кезең – И.Кант философиясынан басталады. Болмыс адам іс -
әрекетімен байланысты бір нәрсе ретінде қарастырылды.
Болмыс ұғымына алғаш анықтамалар беру антикалық дәуірдің Элей
мектебінен басталды (б.д.д. ҮІ – Ү ғ.ғ.). Оның негізін салушы Парменид
болмыс жайлы пайымдаулардың өзгеше қорытындыларға алып келетінін түсінді.
Оның пікірін былай деп түсіндіруге болады: Болмыс – бұл барлық нәрсе,
яғни, бұл - бар немесе бұл - өмір сүреді деп айтатын нәрселердің
барлығы. Ал бейболмыс дегеніміз не? Егер бейболмысты бар деп айтатын
болсақ, онда біз логикалық қатеге тап боламыз. Одан аулақ болу үшін
бейболмысты өмір сүру статусынан айыру керек. Сондықтан болмыс пен
бейболмыстың арасындағы жалғыз логикалық дұрыс пікір: болмыс – бар,
бейболмыс - жоқ (бар нәрсе өмір сүреді; жоқ нәрсе - өмір сүрмейді) болуы
мүмкін. Бірақ, егер бейболмыс жоқ болса, онда одан ешнәрсе пайда болмайды
және жоғалып кетпейді. Ал егер ештеңе пайда болмаса, жойылмаса, демек, онда
ешнәрсе өзгермейді, яғни қозғалмайды. Болмыс өзгермейді және қозғалмайды.
Сондай – ақ болмыс бүтін, ол бөлінбейді.
Құдайлар үшін өткен де жоқ, болашақ та жоқ, олар үшін тек қазір ғана
бар. Сондай – ақ Парменид ойлау мен болмыстың тепе – теңдік идеясын
ұсынады: ойлау және болу - бір. Мұндай болмыс, оның пікірінше, бейболмыс
болуы мүмкін емес, өйткені болмыс бейболмыстан пайда болуы мүмкін емес.
Парменидтің пікірін оның шәкірті Зенон қолдады. Өзінің көптеген
апорияларында ол болмысты қозғалыс, бөліну, т.б. қасиеттердің қайшылықты
түрде ойлау мүмкін еместігін көрсетті. Кез – келген сызықты нешеге бөлуге
болады? Бөлінудің шегі көрінбегендіктен, оны шексіз көп бөліктерге бөлуге
болатын секілді көрінеді. Бірақ, сызықтың шегі бар. Қалайша шегі бар сызық
шексіз көп бөліктерге бөліне алады? Олай болса, шексіздіктің шегі бар,
сансыздың саны бар. Бірақ логикалық қайшылық және оны шешу үшін
(элеаттардың логикасы бойынша), болмыстың бөлінбейтіндігін, демек, бірлігі
мен өзгермейтінін мойындау керек.
Олай болса, бізді қоршаған әлемдегі біз көзбен көретін және сезетін
барлық нәрселердің қозғалып және бөлінетінін қалай түсіндіруге болады?
Демек, әлем – біз оны қабылдағандай емес болып шыққаны ма? Жоқ, ол дәл
солай. Бірақ, мәні жағынан ол басқа. Әлемнің мәні – сезімдік қабылдаудан
өзгеше бейне беретін және оған өмір сүруге мүмкіндік беретін – оның болмысы
және бұл әлемнің шынайы, ақиқат болмысы тек ойлаумен ғана танылады. Ал бұл
дегеніміз – оның табиғаты – идеалды.
Гераклит – болмыс пен танымның бірнеше диалектикалық принциптерін
ұсынды. Оның диалектикасы тек материалдық ғарыш шеңберінде ойлауға ғана
болатын және заттық стихиялардан – от, ауа, су және жерден тұратын үздіксіз
өзгеріс, қалыптасу концепциясын ұсынды.
Қалыптасу – тек қарама – қарсылықтардың бір – біріне үздіксіз ауысу,
қалыптасқан қарама – қарсылықтардың бірігу түрінде болғанда ғана мүмкін.
Сонымен, Гераклитта өмір мен өлім, күн мен түн, жақсылық пен жамандық
біртұтас. Бұл қарама – қарсылықтар үнемі өзара күресте болады.
Парменидтің антикалық қарсыласы оның бейболмысты терістеуімен
келіспейді. Элеаттардың мәселесінің тиімді шешімін Демокрит тапты. Ол -
әлемнің негізі бөлінбейтін ұсақ бөлшектер – атомдар деп ұсынған. Атом
бөлінбейтін болғандықтан, бөлінудің шегі бар және де сызықты шексізге дейін
бөлуге болмайды (тек атомға дейін). Сондықтан да бөлінушілікті де,
қозғалысты да қайшылықсыз ойлауға болады. Болмыс – жалғыз (бір атомдан
тұрады) және сонымен бірге көп те (себебі, бірнеше атомдардың қосындысынан
әртүрлі заттар пайда болады) бола алады. Болмыс бар (ол - атомдар), бірақ
бейболмыс та бар – ол атомдар қозғалыста болатын бостық. Болмыстың ең терең
және эвристикалық материалистік концепцияларының бірі осылай пайда болды.
Болмыс мәселесінің тағы бір шешімін Платон ұсынды. Бірлік,
бөлінбеушілік, өзгермейтіндікті ол идеялар әлемінен тапты. Демек, идея
(эйдос) – ол шынайы болмыс. Осылай Платон болмыстың тек парменидтік
қасиеттерін ғана (мәңгілік, абсолюттік, т.б.) сақтап қалған жоқ, сондай –
ақ ол идеалды болмыс әлемін бізге белгілі заттар заттар әлемімен
байланыстырады. Идеялар заттарда өмір сүреді, олар заттың бейнесі, мақсаты
және оның ұғымы қызметтерін атқарады. Затты түсіну үшін, алдымен оның
идеясын, басқаша айтқанда – сезімге емес, ақылға ғана тән оның ұғымын, яғни
ондағы жалпы, тұрақты нәрсені табу керек. Яғни, осы арқылы өзгермелі және
көпқырлы материалды әлемде тұрақты, абсолютті бір нәрсені, яғни, реалды
болмысты көруге болады [1.].
Аристотель болмыстың түрлерін ол бар деген пікір түрлерімен
сәйкестендіріп, айқындайды. Болмыс барлық категорияларға қатысты жалпы
предикат болып табылады, бірақ ол тектік ұғым емес. Форма мен материяның
байланыс принципіне негізделе отырып, Аристотель философияда белгілі болған
болмыс аясындағы қарама – қарсылықтар идеясын жеңеді, өйткені, форма болмыс
қасиеттерінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бірақ, Аристотель барлық
формалардың материалдық емес формасы – Құдайды да мойындайды.
Аристотель Платонның идеялар туралы ілімін сынайды және ол жалпы мен
жекенің қатынастары жөніндегі мәселенің шешімін ұсынады. Жеке – ол бір
жерде және ендігі кезде өмір сүреді, оны сезіммен қабылдауға болады.
Жалпы – кез – келген жерде және кез – келген уақытта (барлық жерде және
әрқашан) өмір сүреді және ол белгілі бір жағдайларда жеке арқылы өз
көрінісін тауып, танылады. Жалпы – ғылым объектісі болады және ол ақыл
арқылы танылады.
Барлықты дәлелдеу үшін Аристотель 4 себепті ұсынады:
- әр затқа өзіндік ерекшелік беретін болмыстың мәні (формальды себеп);
- материя және кез – келген нәрсені тудыратын субстрат (материалдық
себеп);
- қозғалыстың бастауы, қозғалыс себебі;
- мақсаттық себеп – кез – келген нәрсенің іске асуы.
Аристотель материяны алғашқы себеп деп есептеп, оны мәнді десе де, ол
оны тек енжар бастама деп білді (белгілі бір зат болу мүмкіндігі), ал
барлық белсенділікті ол қалған үш себепке, әсіресе, болмыстың мәні –
формаға – мәңгілік пен өзгермейтіндік қасиеттерін берсе, кез – келген
қозғалыстың негізі – қимылдамайтын, бірақ қозғайтын бастама – Құдай деді.
Аристотельдің Құдайы – барлық формалардың дамуының жоғарғы мақсаты, әлемнің
алғашқы қозғаушысы.
Антикалық философияның болмыс мәселесін қоюы және оны шешу жолдарын
іздеуі Батыс Европалық өркениеттің қалыптасуында зор роль ойнады. Антикалық
философтардың осы мәселе төңірегіндегі ізденістерінің нәтижесі келесі
көзқарастардың пайда болуына әкелді:
1.Көзге көрінетін, сезімдік – материалдық әлемде болмыстың шын мәні
болып табылатын бір абсолют бар. Онда біздің әлемнің барлық қасиеттері :
қажеттілік, бірлік, реттілік, гармония, ақиқат, т.б. бар.
2.Шын болмысты тек ақыл – ой арқылы танып – білуге болады. Тек
абстракцияның күші ғана абсолюттің көзге көрінбейтін кейбір қасиеттерін
жүзеге асыра алады. Сондықтан да адамға берілген қабілетті барынша дамыту
керек.
3.Егер адамның абстракцияларда, ұғымдарда болмыс мәні (бірлік,
өзгермейтіндік, бөлінбеушілік) көрініс тапса, онда олар еріксіз таза
субъективті емес, бірақ, жалпы мазмұны бар объективті ойлау формалары
болып табылады. Сондықтан, оларды реттеу сезімдік – материалдық тәжірибеге
сүйенбей – ақ ақиқатқа әкеледі.
4.Егер шынайы болмыс бізге үйреншікті материалды болмыстан өзгеше
болса, онда біздің әлемдегі тіршілігіміз де ақиқат емес, жетілген емес.
Олай болса, оны өзгертіп, шынайы, ақиқат болмысқа жақындатуға тырысу дұрыс
болар еді [2.].
Сонымен, болмыс мәселесінің антикалық шешімін табуы келесі дәуірлерге
көзқарастық және құндылықтық бағдарлар берді.
Ортағасырлық христиан философиясы да болмыс мәселесін назардан тыс
қалдырмады. Бұл кезде де алдынғы қатарға әлемдік, шектелген тіршілікке
шынайы, сезімдіктен жоғарғы болмысты қарсы қоюшылық шықты. Ортағасыр
христиандық көзқарас бойынша әлемдегі өзгеретін барлық нәрсені ештеңеден
Құдай жаратты. Шынайы болмыс та Құдайдың өзі болып табылады. Қалған барлық
нәрселерді Құдай жаратқандықтан, оларда дербестік жоқ. Сондықтан олар
шынайы емес болмыс.
Болмыстың түзілісі туралы ортағасыр европалық ойшылдардың көзқарастары
оның дамуындағы мынадай нәтижелерді берді:
- адам жаратылысын Құдай бейнесіне ұқсас тезисін қолдаған ортағасыр
схоластары адам мен табиғаттың арасын біршама алыстатып жіберді; дәл осы
кезеңде адам – табиғаттың патшасы деген көзқарас пайда болды; табиға пен
қоғам болмыстың әртүрлі көрінісі деп түсіндірілді;
- әлеуметтік болмыстың ішінде алдынғы қатарға адамның ішкі рухани
әлемі; шынайы болмыстың бір бөлігі ретінде әрбір адамға берілген
субъективті реалдылық мәселелері (Құдайдың ұшқыны) қойылды [3.].
Классикалық ғылым мен философияның кезеңі табиғаттың өздігінен,
адамның ешбір қатысуынсыз әрекет ететін белгілі бір механизм деп
есептелген, болмыстың натуралистік – объективтік концепциялары жасалған
кезең болды. Жаңа заманда жаңа метафизика пайда болды. Жаңа метафизикалық
жүйелерді Декарт, Спиноза және Лейбниц жасады. Олардың философиялық
концепциялары сол ғасырдың ғылыми төңкерісі болды. ХҮІІ ғ. ғылыми
революция, Декарт пен Лейбництің математика саласындағы ашқан жаңалықтары
әлемнің жаңа, күрделі және дифференциалды бейнесін жасады. Бірақ, егер
философ әралуандықта – бірлікті көруді, кеңейіп және күрделіленіп келе
жатқан әлемдегі бір принциппен көруді тоқтатса, онда ол философ болудан
қалады. Антика заманында қалыптасқан бұл дәстүр жаңа заман ойшылдарының
шығармаларында да сақталған.
Болмыстың салыстырмалы түсінігін жасаған Спиноза табиғатты адамнан
бөлек қарастырды. Ол өз онтологиясының өзегі етіп біртұтас, мәңгі және
шексіз субстанция, өз - өзінің себебі болатын және басқа бастамаларды
мойындамайтын, Құдай мен табиғатты тепе – тең деп есептеді. Әртүрлі жеке
заттардың шексіздігін мойындай отырып, Спиноза оларды бір ғана
субстанцияның әртүрлі көрінісі болатын модустардың жиынтығы деп есептеді.
Бұл – болмыстың Жаңа замандағы маңызды концепцияларының бірі.
Декарт – метафизикасында болмыс басқаша түсіндіріледі. Ол – табиғатты
өзіндік сана деп есептейді. Декарттың – cogito ergo sum - ойлаймын,
демек, өмір сүремін тезисі субъект болмысының өзін - өзі тануға болатынын
дәлелдейді.
Декарттың философиялық көзқарасының негізгі ерекшелігі – жан мен
тәннің, субстанцияның ойлау мен ұзындығы дуализмінде. Адам – ойлау мен
еріктен тұратын жансыз денелі механизмнің жанмен байланысы. Адам жанының
барлық қабілеттерінің ішінен ол ерікті бірінші орынға қойды. Құдайдың өзі
жанды денемен байланыстырып, жануарды адамдан ажыратып қойды[4.].
И.Кант заттардың өзінде өмір сүретінін терістемейді, ол болмысты
заттардың қасиеті ретінде емес, пікірді байланыстырушы ретінде қарастырады.
...Болмыс реалды предикат емес, басқаша айтқанда, ол заттың ұғымы болып
табылатын белгілі бір нәрсе емес... Логикалық қолданыста ол тек пікірді
байланыстырушы. Болмыс қасиеттерінің ұғымына қоса отырып, біз оның
мазмұнына жаңаша еш нәрсе қоспаймыз.
Әлемнің сезімдік қабылдау мен ақыл жетерлігі жөніндегі формалар мен
принциптер туралы диссертациясы сыни көзқарас кезеңіне өтуге бастама
болды. Бұл кезеңдегі негізгі еңбектері – Таза ақылға сын, Практикалық
ақылға сын және Пікірлеу қабілетіне сын болды. Бұл үш сын да заттар
мен құбылыстардың өздігінен, яғни, заттардың өзінде өмір сүруінен
тұрады[5.].
И.Фихте үшін таза болмыс абсолютті Меннің еркі, таза іс -
әрекеті, ал материалдық болмыс болса, осы іс - әрекеттің жемісі болып
табылады. Фихте алғаш рет философиялық анализдің объектісі ретінде адам іс
- әрекетінің негізінде пайда болатын болмыс - мәдениет болмысын
қарастырады. Оның пікірі бойынша, затқа практикалық іс - әрекет жасаудан
бұрын, оны теориялық байқау қажет. Сана берілген жоқ, ол өз - өзін
тудырады. Оның анықтылығы байқауда емес, іс - әрекетте жатыр, ол
интеллектпен қарастырылмайды, ерікпен анықталады. Өз Меніңді тап, оны осы
сана арқылы біл – Фихтенің негізгі талабы да осы. Осы акт арқылы индивид өз
рухын, өз еркіндігін қалыптастырады.
Табиғатынан индивид тұрақсыз нәрсе: оның сезімі, мінезі үнемі
өзгеріп отырады және ол басқа бір нәрсеге байланысты. Осы сыртқы
көріністерден ол өзін - өзі тану актісінде босайды: оның – Мен – ол Мен
деген өзіне - өзі тепе – теңдігі – Меннің еркін іс - әрекетінің нәтижесі.
Өзін - өзі анықтау - субъект үшін мәңгі шешілуін іздейтін мәселе болып
қалады.
Бұл тезисті Ф.Шеллинг ары қарай дамытты. Ол бойынша, табиғат, болмыс
әлі дамымаған, ұйықтап жатқан сана. Өзінің Трансценденталды идеализм
жүйесі еңбегінде, ол барлық нәрсе асқақтайтын жалғыз принцип – ол
еркіндік , - дейді.
Ф.Гегель жүйесінде болмыс алғашқы, тікелей және болмыс рухының өз -
өзіне, абстрактілінің нақтылыққа өтуіндегі алғашқы, тікелей және белгісіз
саты деп қарастырады: Абсолютті рух тек бір сәтке ғана өз энергиясын
материалдандырады, ал өзін - өзі тануындағы қозғалысы мен іс - әрекетінде
болмыстың идеядан жатсынушылығын жеңеді және өз - өзіне қайтіп келеді,
өйткені болмыстың мәнін идеалдылық құрайды. Гегель үшін шын болмыс
абсолютті рухпен сәйкес келетін жанама емес, инертті реалдылық.
Неміс философы Ф.Ницше болмысты өмір ұғымымен байланыстырады. Ол
философиялық тәсілдің рационалдылығын жеңуге тырысады. Ницше ұғымдарды жүйе
ретінде емес, көптеген таңбалар ретінде қарастырады. Құмарлық болмысы, өзін
- өзі сақтау инстинкті, қоғамды қозғаушы энергия болып табылатын осындай
ұғымдардың бірі – өмір, билікке ерік [6.].
Бұл тезисті ары қарай тереңірек қарастырған неміс философы В.Дильтей
болды. Ол үшін, шын болмыс рух туралы ғылымдардың танып – біле алатын
өмірдің мақсатымен бірдей болып табылады. Дильтейдің ойынша, адам
болмысының, мәдени – тарихи реалдылықтың тәсілі ретінде өмір ұғымын
қарастырады. Адамның тарихы жоқ, бірақ оның өзі енді өзінің кім екенін
анықтап келе жатқан тарих. Дильтей адамның тарихи әлемі мен табиғат әлемін
бөлек қарастырады. Философияның рух туралы ғылым ретіндегі мақсаты –
өмірді түсіну [7.].
Демек, ХҮІІғ. философиясында үш түрлі модель ұсынылды. Олар:
монистикалық, дуалистік және плюралистік. Бұл үш метафизикалық жүйелер
рационализм негізінде біріктірілді. Ортағасырдың схоластикасының
жақындығы әлі де болса өз әсерін тигізеді: болмыстың негізін тек ақыл – ой
арқылы іздеу тығырыққа әкеп тіреді. Сондықтан, ХҮІІғ. рационалистері
болмыстың субстанциялық қасиеттерін діни реалдылықтан іздейді. Сондықтан,
Декартта екі субстанцияның бір пікірге келуі тек Құдай арқылы жүзеге
асады; Спиноза Құдай мен табиғатты тепе – тең қояды; Лейбниц болса өзінің
монадаларының күйін діни орныққан гармония арқылы көрсетеді. И.Ньютонның
өзі, әлемнің механикалық концепциясын жасау барысында, енжар материяны
қозғалысқа итеретін алғашқы негіз идеясын, яғни, Құдайды мойындайды.
ХҮІІ ғасыр - философиялық метафизиканың гүлденген кезеңі болды. Бұл
ғасырда оның арқауы болған әлемді ұстап тұрған және оның құрылысын
реттейтін болмыстың субстанциялық негізінің қағидалары болды. Болмыс
мәселесінің бұл түсінігі философияда кейінірек те – ХІХ ғ. Гегельдің
әлемдік парасат туралы пікірлерінде де, ХХ ғ. неотомизм философиясында да
сақталады. ХҮІІІ ғ. (Ағартушылық кезеңде) субстанция және діни ерікті
қарастырған классикалық метафизика сынға ұшырайды. Оны тек материалистер
(Гольбах, Дидро, Ламетри) ғана емес, сонымен бірге идеалистер (Беркли) және
агностиктер (Юм) де сынайды. Ағартушылардың сын пікірлерінің мағынасы –
ойлаудың метафизикалық тәсілі практикалық тәжірибе мен экспериментті
назардан тыс қалдырады дегенге келіп саяды.
Ағартушылық философияның сыни заряды онтологияға тек оң емес, сондай –
ақ теріс те әсер етті. Болмыс мәселесі екіге бөлініп кетті: табиғат болмысы
және қоғам, адам болмысы.
Табиғат болмысының түсінігі мына идеялар мен концепцияларға
негізделеді:
- материя концепциясының заттектілігі (ешқандай жоғары сезімдік
субстанция өмір сүрмейді; әлемнің жалғыз реалдылығы – зат, яғни материя);
- материяның ішкі белсенділігі туралы ілім – ол біреу немесе бір нәрсе
арқылы қозғалыс енгізілетін инерттік масса емес; қозғалыс – материяның
ажырамас атрибуты;
- бүкіләлемдік себептілік пен заңдылық идеясы;
- табиғат заңдарының объективтілігінен шығатын қажеттіліктің ролі
туралы көзқарас; кездейсоқтық – бұл оның себебін біз білмейтін субъективті
категория деп түсіндірілді.
Қоғам мен адам болмысы туралы ілім мынадай онтологиялық бағдарлар
алды:
- қоғамдық дамудың басым идеясы – ақыл: пікірлер әлемді билейді;
- адамның өзінің дербестігіне, жоғарғы күштерден тәуелсіздігіне,
рухани саланы жеке дамыту қабілетіне сенімі барынша күшейді;
- ақылдың заңдары негізінде адамның әлеуметтік әлемді өзгертуге
қабілеті, сенімі қалыптасты;
- қоғамдық прогресс идеялары пайда болды.
Мұндай идеялар болмыстың антикалық дәстүрін жойды. Алдынғы дәуір
ойшылдарының көзқарастарындағы Абсолют ендігі кезде философиялық соқырсенім
деп танылды. Табиғат болмысын зерттеу жаратылыстану ғылым салаларымен
байланысты болды. Адам болмысы болса толығымен оның қажеттіліктерімен, іс -
әрекеті және сапасымен толықтырылды. Адам өмірінің мәні – оның практикалық
қажеттіліктерін қанағаттандыру деп есептелді [8.]. Осыған байланысты ХІХ ғ.
2-ші жартысы Ф.Ницше – Құдай өлді деген пікірді ұсынды. Ойшылдардың
онтология мәселесіне қызығушылықтары әлсірей бастады. Бұл жағдайды белгілі
неміс философ – экзистенциалисті М.Хайдеггер онтологиялық нигилизм деп
атады. Бұл мәселе философияда қазіргі кезде де кездеседі. Болмыс мәселесін
материалистік философия тек әлем құрылысының жаратылыстану – ғылыми
бейнесінде ғана көрінеді [9.].
Идеалистік философияда болмыс мәселесіне қатынас біркелкі емес: оны
философиялық емес деп (позитивизм және неопозитивизм) не мүлдем одан бас
тартады, не оны субъекттендіріп, барынша сана феноменімен біріктіріп қоюға
тырысады (феноменология, экзистенциализм, постмодернизм).
Феноменология негізін салған Эдмунд Гуссерль – болмыс негізіне жету,
яғни, онтологиялық мәселе ұсынды. Бірақ, ол таза тәжірибенің интуитивті
қосындыларын спецификалық тәсілде (феноменологиялық редукция) біріктіріп,
оны шынайы болмыс деп атады. Гуссерль болмыстың мәнін былай түсіндірді:
ол заттардың түпнұсқалық мағынасын қиындатпай, керісінше, саналық
реконструкциясын жеңілдетіп, яғни, сананы әртүрлі эмпирикалық мазмұндарын
тазалау арқылы орнатады. Бұл идея, әрине, керемет, бірақ, болмыстың
мәнінің түсінігінде ешқандай өзгерістерге әкелмеді.
Постмодернизм философиясы (Ж. – Ф. Лиотар, Ж.Бодрийар, М.Фуко,
Ж.Деррида) әлеуметтік болмысты сынауға негізделді. Ол бірінші орынға
қазіргі қоғамның әралуандығы мәселесін қойды. Егер қоғамдық өмір әр түрлі
әлеуметтік топтардың еркін күресі болса, онда, әрине, барлық адамдар үшін
бір басымдылық пен құндылықтар жүйесінің болуы мүмкін емес. Ендігі кезде
философияның алдында мынадай мәселе тұрады: әлемде белгілі болатын жалпы
ақиқатты ашпай, тек адам болмысының тілдік, таңбалық формаларын талдау.
Себебі, соның ішінде ғана адамзатың іздеп жүрген мағыналары жатыр.
Экзистенциализм туралы алғашқы ойлар ХХ ғ.20 – шы жылдары айтылды.
Экзистенциализмде болмыс ақылмен ғана емес, тек күйзеліспен танылады.Адам
болмысының әлемде өмір сүруінің күйзелісі экзистенция деп аталады.
Экзистенция әлем мен шын болмысты байланыстыратын жоғарғы бір реалдылық
болып табылады. Экзистенциалистердің терминологиясында әлем - бұл біздің
күнделікті күйбелең тіршілік. Шын болмыс әлемнің ар жағында жатыр және ол
бізге бейболмыс немесе ештеңе болып көрінеді. Адамның экзистенциалдық
күйзелістерінен болмыстың бұл құпия құрылымына ұмтылу оған қоғамнан бөлініп
шығып, қыспақтағы өмірден құтылуға мүмкіндік береді. Бірақ, бұл ұмтылыс –
иррационалды – шын болмысты (яғни ештеңе) білу мүмкін емес. Демек,
философиялық рефлексияға тек адам болмысының әлемдегі тіршілігі жайлы
күйзелісі қалды.
Экзистенциализм екі бағытқа бөлінді: атеистік – олар Құдайды
терістемейді, ал агностикалық – Құдай болмысын рационалды дәлелдеудің
мүмкін еместігін және сенімнен бас тартатын (өкілдері – Германияда –
М.Хайдеггер, Францияда – Ж. – П. Сартр, А.Камю) және діни – (Германияда –
К.Ясперс, Францияда – Г.Марсель) .
М.Хайдеггер өзінің Бытие и время еңбегінде дәстүрлі европалық
философияның ұмытылып қалған деп есептеген болмыс мәселесін қайтадан
көтереді. Хайдеггер болмыстың мәнін адам болмысын қарастыру арқылы
түсіндіруге тырысады, өйткені болмысты түсіну тек адамға ғана тән. Адам
тіршілігінің негізі – оның шектілігі, уақытшалығы. Сондықтан, уақыт
болмыстың ең мәнді қасиеттерінің бірі ретінде қарастырылуы керек.
Хайдеггер болмысты баршылықпен, заттар мен құбылыстардың эмпирикалық
әлемімен тепе – тең деп есептеді. Уақытшалықтың күйзелісі жеке тұлғаның
өткір сезімімен бірдей. Қорқыныш, ар, кінә, мейірімділік тұлғаның
қайталанбастығын, өмірге бір келетінін және ақыр соңында сезе отырып, оның
рухани тәжірибесін бейнелейді. Хайдеггер болмыстың ақиқаттылығын түсіне
отырып, адамның өзін тануға тырысады[10.].
Француз экзистенциалисті Ж.П.Сартр өзіндегі болмыс пен өзі үшін
болмысты қарсы қоя отырып, материалдық болмыс пен адамдық болмысты
шектейді. Біріншісі Сартр үшін тек кедергі түрінде болған, адамның іс -
әрекеті мен таным қабілетінен тыс. Адам болмысының негізгі қасиеттері –
мүмкіндіктерінің еркін таңдауы: ... адам үшін болу – демек өзін таңдауы.
Адам мен әлемнің қатынасын Сартр бірлікте емес, индивидтің әлемнен
жатсынуы ретінде қарастырады. Сартр бойынша, адамның іс - әрекеті – оғын
мағына беруші. Сартрдің әлем түсінігі, абсурд деп танылған, барлық
дәстүрлі құндылықтар жойылған әлемде қалыптасты [11.]
Экзистенциализмнің көрнекті өкілі, ХХ ғ. батыс философиясының танымал
ойшылдарының бірі – Альбер Камю. А.Камюдың өмірбаяны бұл жұмыстың негізгі
мақсаты болмаса да, мен бұл ойшылға тоқталып өтейін.
А.Камю 7 қараша 1913 жылы Алжирдағы Мондови қалашығында
ауылшаруашылығы жұмысшыларының отбасында дүниеге келді. Бірінші
дүниежүзілік соғыстың алғашқы күндерінде – ақ оның әкесі, Люсьен Камю,
Марндағы шайқаста қайтыс болады. Отасының асыраушысын жоғалтқан олар, -
анасы – екі ұлымен Алжирға көшіп кетеді. Анасы бай отбасылардың кірін жуып
, ақша табады. Альбердің үлкен ағасы жас кезінен жұмыс істеп, ақша тауып,
өзін асырайды. Кіші ұлына өз ортасынан шығып, ойдың билеушісі, интеллектуал
болу нәсіп еткен. Бірақ, бұл үшін білім керек болады.
1924ж. Белькурдегі бастапқы мектептерін бітірген соң, Камю
жұмысшылардың қатарын толтыруы керек еді. Бірақ, тағдыр басқаша бұйырады:
бастапқы мектептің мұғалімі, Луи Жермен, дарынды шәкіртін байқап, ол үшін
арнайы стипендия алып береді. Камюдың үлгерімі өте жақсы болады, бірақ
келіспеушілік көбінесе әлеуметтік – психологиялық тұрғыдан болады.
Әділеттілікке, әлеуметтік теңдікке ұмтылыс Камюде ақыл – ой құрампаздығынан
емес, өмір тәжірибесінің нәтижесінен болады. Лицейді бітірген соң, ол
жергілікті университеттің тарих – философия факультетіне оқуға түседі. Ол
классикалық философиялық текстерді оқып, Ницше, Кьеркегор, Шестов, Ясперс,
Достоевский, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz