Экзогендік геологияоық процестер


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Экзогендік геологияоық процестер
Сабақтың жоспары:
• Тау жыныстарының үгілу процестері.
• Физмкалық үгілу.
• Химиялық үгілу.
• Биологиялық үгілу.
Сабақтың мақсаты: Экзогендік процестердің негізгі энергия көзі, жоғарыда айтылғандай, Күннің жылу энергиясы және гравитациялық күштері болып саналады. Олар төрт топқа: 1) үгілу; 2) үгілу өнімдерінің жаңа орынға тасымалданып көшуі, яғни орын ауыстыруы; 3) аккумуляция (шоғырланып жиналу) ; 4) диагенез (шөгінділердің тасқа айналуы болып ажыратылады.
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Үгілу (выветривание - немісше «веттер» - ауа райы деген мағынада) процессі деп, жер қыртысын құрайтын алғашқы заттардың (магмалық, метаморфтық және шөгінді жыныстардың) жер бетінде табиғи үздіксіз жүріп жататын биохииялық) әр турлі әрекеттердің нәтижесінде (ыстық ауа мен салқын ауаның кезек алмасуы, жауын-шашын, су мен жел, ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газының және әр түрлі қышқылдардың химиялық әсері күн радиациясы, тірі организмдермен өсімдіктердің әрекеттері) жиынтығынайтады.
Денудациялық (латынша «денудацио» - ашылу) процессі - угілу заттарының денудация агенттерді. (гравитациалық күштері мұхит пен теңіз суларына «атмосфералық сулар мен құрлық сулары, мұздықтар мен сокқан жел әрекеттері күшімен жаңа орынға тасымалданатын тау жыныстарының ауыстыру әрекеттерін қамтиды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жер беті тегістеліп, тегіс пішінді бедер түрлері қалыптасады.
Аккумуляциялық (шөгінді қабаттардың жилалуы) процестердің нәтижесінде, алғашқы жыныстардың (магмалық, метаморфтық) үгілу заттары жер бедерінің ойыс немесе шұнғыл аудандарында (өзен аңғарларында, көлдер мен батпақтарда, мұхиттар мен теңіздерде) тұнбалар түрінде шөгінді қабаттар түзіледі.
Диагенез - борпылдақ шөгінді қабаттардың цементтеліп, шөгінді тау жыныстарына айналуына әсерін тигізетін термодинамикалық күрделі процесс. Мысалы, құмнан - құмтас, жұмырланған малта тастан конгломерат, су жәндіктерінің қалдықтарынан - қабыршақтас (ракушняк), өсімдіктер қалдықтарынан - торф, тас көмір қабаттары пайда болады, ал құмға араласқан ізбесті лайдан ізбестас түзіледі.
Экзогендік геологиялық процестердің барлығы да бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл әрекеттердің қарқындылығы әр түрлі геологиялық, физикалық- географиялық және т. б. көптеген факторларға тәуелді.
Олардың ішінде жер қыртысының тектоникалық козғалыстары, климаттық жағдайы мен геологиялық құрылыс ерекшеліктері, бедер пішіндері және уақыт мерзімдері маңызды роль атқарады. Экзогендік процестердің арқасында жер қыртысының топырақ қабаты және әр түрлі пайдалы қазбалар құралады. Пайдалы қазбалардың дүниежүзілік мөлшерінің - 60% - экзогендік процестерге байланысты түзілген кен орындарынан өндіріледі.
Сонымен қатар өзен, көл және теңіз жағалауларының бұзылуы, құлама жарқабақтардың опырылып құлауы немесе сырғып-жылжуы, қар көшкіндері, тау беткейлерінің бұзылып-шайылуы, терең сайлардың ұлғаюы және
кейбір аудандардың батпаққа айналуы секілді қолайсыз жағдайлар экзогендік геологиялық процестердің нәтижесі болып саналады. Әрине, мұндай күтпеген оқиғалардың халық шаруашылыьына тигізетін зияны орасан зор.
Гипергенез деп, жер бетіндеғі және жер қырытысының жоғарғы бөліктерін құрайтын минералдық заттардың физикалық-химиялық әрекеттерінің нәтижесінде өзгеруін айтады.
Бұл әрекеттер атмосфераның, гидросфераның және тірі организмдердің қатысуымен жүріп жатады.
Гипергендік процестерге байланысты химиялық ажырау, еру, гидратация. (су қосып алу, жұту), карбонаттану (көміртегімен қосылу) процестері байқалады үгілу қыртысының, тотығу зонасының топырақ қабатының құрамының қалыптасуы, хемогендік (химиялық туындылар) және биогендік шөгінділердің түзілуі гипергендік процестермен тікелей байланысты. Бұл процестердің жүруіне химиялық ортаның қышқылдығы мен сілтілігі, тотығу мен тотықсыздану көп әсерін тигізеді, Бұлар мен катар сорбция (жұтып бойға сіңіру), гельдердің кристалдануы, қайта тұну, иондық алмасу, биохимиялық әрекеттердің маңызы зор. Бұл құбылыстардың климат ерекшеліктеріне байланыстылығын алғаш рет В. В. Докучаев айтқан еді.
Үгілу қыртысы Үглу процестері физикалық (механикалық), химиялық және биохимиялық болып ажыратылады.
Физикалық үгілу кезінде тау жыныстары мен минералдардың жарықтары мен жарықшақтарындағы судың қатуы, су құрамындағы тұздардың кристалдануы көп әсерін тигізеді. Химиялық үгілу судың ауа құрамындағы оттегі және көмір қышқыл газы, сонымен бірге, әр түрлі органикалық қышқылдар мен организмдердің тіршілік әрекетімен тығыз байланысты.
Су минералдарды, тау жыныстарын ерітеді; гидротациялық құбылыстарды туғызады. Оттегі тотығуды күшейтеді; көмір қышқылы судың химиялық активтігін және сутегі иондарының концентрациясын арттырады. Осындай әрекеттердің нәтижесінде жаңа минералдар түзіледі. Мысалы, дала шпаттары - каолинитке, слюдалар - гидрослюдаларға айналады.
Аридтік, биік таулық, полярлық аймақтарда физикалық үгілу, ал қоңыржай-ылғалды, субтропиктік зоналарда - химиялық үгілу басым келеді. Үгілу заттары борпылдақ, кесек болшектерден құралған немесе сазды жыныстардан тұрады. Жасына қарай үгілу қыртысы көне және қазіргі жас қабаттар болып ажыратылады.
Топырақ суларының деңгейінен төмен жатқан үгілу қыртысы - тереңдік (0, 5-1, 0 км) үгілу деп аталады. Үгілу аймағында байқалатын әрекеттер гипергендік процестер, ал үгілу аймағы - гипергендік зона деп аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz