Экожүйелердің классификациясы



Тақырыбы: Экожүйелердің классификациясы

Жоспары:

I. Кіріспе.(3)

II. Негізгі бөлім.

1. Экожүйе типтері. (4)
2. Экожүйелердің трофикалық қызметі.(6)

III. Қорытынды.(8)

IV. Пайдалынған әдебиеттер тізімі.(9)

Кіріспе

Энергия экожүйе күйінің мәнді функциясының бірі болып табылады. Биосфераны
сипаттайтын энергияның жалпы ағыны күн сәулесінен және жақын орналасқан
денелерден таралатын ұзын толқынды жылу сәулесінен құралады. Сәулелердің
екі түрі қосылып ортаның жағдайын анықтайды, бірақ тірі құрауыштарды
энергиямен қамтамасыз ететін фотосинтезге тек күн сәулесі энергиясымен
шағын бөлігі ғана пайдаланылады. Осы энергияның есебінен әр экожүйенің
немесе бастапқы өнімі түзіледі. Фотосинтез процесі және дем алу арқылы тірі
организмдер қоршаған ортамен оттек пен көмір қышқыл газымен алмасып
отырады. Қазіргі кезеңдегі атмосфераның тұрақты газдық құрамының
қалыптасуына және ғаламшардың геохимиялық эволюциясында тотықсызданған
ортаның тотыққанға ауысуында негізгі рөлді атқарған өсімдіктер.
Экологияның ең негізгі объектісі Экологиялық жүйе, немесе Экожүйе –
тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі
бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан
жүйесі. Функциялы тұрақтылығы аз уақытқа созылса да қарым-қатынаста болатын
құрауыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Былайша
айтқанда, экожүйе заттектердің айналымы мен энергия тасымалдануы жүретін
табиғи бірлік. Экожүйеде заттектер айналымының жүруіне органикалық
молекулалардың сіңімділік түрде белгілі қоры және ағзалардың үш
функционалды әртүрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер,
редуценттер болуы қажет.

1. Экожүйелерді салыстырып және сипаттау үшін, оларды белгілі
бір типтерге бөліп, классификациялау қажет. Экожүйелер келесі
түрлерге бөлінеді: микроэкожүйелер (шіріген ағаштың бағанасы),
мезоэкожүйелер (орман, тоған, көл және т.б.), макрожүйелер (құрлық,
мұхит), глобальдық экожүйе (Жердің биосферасы).
Ірі аймақтар мен табиғи белдемдердің (арктикалық тундра,
қылқан жапырақты ормандар, шалғын дала және т.б.) түрін
сипаттайтын негізгі ірі экожүйелердің (макроэкожүйелер) кешенін
биомдар деп атайды.
Экологиялық жүйелер функционалдық және құрылымдық белгілеріне қарай
бөлінеді. Функционалдық жіктеу экожүйесі – энергияның түсімінің сан
мен сапасының энергияның көзіне тәуелділігіне негізделген. Құрылымдық
жіктеу экожүйесі – өсімдіктердің типтері және ландшафттың негізгі
физикалық ерекшеліктеріне негізделген. Ірі экожүйелердің құрылымдық
жіктеуі көбіне көп таратылады:
1. Жер үсті – тундра, тайга, орманды дала, шөлейт, шөл, тропик,
таулар.
2. Тұщы су – ленталық (латын сөзінен lentis – тыныш) немесе
ағынды емес сулар (көл және тоған). Лотикалық (латын сөзінен
lotus – жуылатын) немесе ағынды сулар (өзен, бұлақ, арық).
Батпақты жерлер – батпақ (болота), батпақты орман.
3. Теңіз суы – ашық мұхит, теңіз қайраңының суы (жағалау суы), апвеллинг
ауданы, көлтабандар.
Су организмдері келесі экологиялық топтарды қосады: планктон, нектон,
бентос, перифитон.
Планктон – ағыс көмегімен пассивті жүзетін организмдер. Планктондар
екіге бөлінеді: фитопланктон (бір клеткалы балдырлар) және зоопланктон (бір
клеткалы жануарлар, медузалар және т.б.).
Нектон – суда активті тез жүзетін жануарлар (балықтар, амфибиялар,
тасбақалар, кит тәрізділер және т.б.)
Бентос – су астында және грунтта мекендейтін организмдер. Олар екіге
бөлінеді: фитобентос (балдырлар мен жоғарғы өсімдіктер) және зообентос
(шаян тәрізділер, теңіз жұлдыздары және т.б.)
Ішкіқұрлықтық жағдайы, теңіз бен мұхиттардан алыстығы, жалпы
тегіс жер бедері, кең және ұзақ бағыттағы кеңістіктің кеңділігі, табиғи
климат жағдайының әралуандылығы, ландшафтың және Қазақстанның экожүйесінің
әртүрлі болуына жағдайын жасайды.
Қазіргі таңдағы экожүйе концепциясы биологияның ең басты
жалпылауы болып табылады. Қазіргі кезде биосфераны қорғау
мәселесі және табиғатты қорғау әрекетінің теориялық негіздерін
құру мәселесі туындады. Экологиялық жүйені зерттеудің екі жолы
бар: аналитикалық – жүйенің белгілі бір бөлімдерін зерттесе,
синтетикалық – бүкіл жүйені зерттейді. Осы екі бөлім бір-бірін
толықтырады.
Экожүйенің тұрақтылығы (гомеостаз). Тұрақтылық – организмдердің,
популяцияның және экожүйелердің биологиялық жүйелерінде болып
тұратын өзгерістерге төзімді болуы және тепе-теңдікті сақтау
мүмкіндігі. Экожүйелерді басқару үшін, оған сырттан еш нәрсенің
қажеті жоқ – бұл өзін-өзі басқаратын жүйе. Өзін-өзі басқаратын
экожүйенің тұрақтылығы экожүйелік деңгейде көптеген басқару механизмдермен
қамтамассыз етілген. Солардың бірі – жыртқыш – құрбандық атты
субжүйесі. Ең тұрақты болып, ірі экожүйелер саналады, ал ең
нақты тұрақтысы – біосфера да, ең тұрақсызы – жас экожүйелер.
Бұл үлкен экожүйелердегі өзін - өзі басқаратын тұрақты экожүйенің
пайда болуына байланысты, ал тұрақты экожүйе энергияның және
заттардың айналымына байланысты құрылады (Ю. Одум).

2. Экожүйенің энергиясы.
Күн сәулесінің болуынан Жер бетінде тіршілік бар. Жарық –
Жердегі жалғыз тіршілік ресурсы болып табылады, ал оның
энергиясы су мен көмірқышқыл газы қосылғанда, фотосинтез
процесін тудырады. Фотосинтезделетін өсімдіктерден органикалық
заттектер пайда болады, осы заттектерді өсімдікпен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйелер
Экологиялық мониторинг жайлы
Дара организмдер экологиясы
ҚОРШАҒАН ОРТА МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА САПАСЫН НОРМАЛАУ
Ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық мәселелері
Адамзаттың XXI ғасырдағы табиғатты тиімсіз пайдалануына байланысты экологиядағы ғаламдық проблемалар
Химиялық және биологиялық заттардың қоршаған орта мен өндірістік аймаққа түсуіне жол бермейтін заманауи әдістер. Өндірістік және қоршаған орталардың биологиялық ластануының алдын алушы негізгі әдістер
Диплом алды іс-тәжірибенің апталық есебі
Жалпы экологияға кіріспе
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Пәндер