Тахауи Ахтанов


Тахауи Ахтанов
(1923 - 1994)
Тахауи Ахтанов 1932 жылы қазан айының 25-де Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1940 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде, өзі сұранып майданға аттанады. Т. Ахтановтың алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. Отты мақалалары арқылы жауынгерлерге отаншылдық рух беріп, жеңістің жақындауына қарудың да, қаламның да ұшымен үлес қосады. Жеңіспен елге оралып, өмірдің, сұрапыл соғыстың қиындық мектебінен өтіп келген, жауынгер жазушы басқа жолды таңдамай, әдебиетке келеді.
1948 жылы әскер қатарыннан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысты. Алғашқы өлеңдері «Жастар даусы» деп аталатын өзі тұстас ақындардың коллективтік жинағында жарық көреді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланалы. әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті де еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.
Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі «Күй аңызы». 1956 «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрді. Бұл жазушы өз басынан өткізген, көз көрген Ұлы Отан соғысындағы суреттемесі. «Дала сыры» повесі үшін (өңделіп, толықтырылып «Боран» романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ ҚСР-ның Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
1968 жылы жазылған «Сәуле» драмасы, одан кейінгі «Боран», «Ант», «Әке мен бала» драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында жүріп жатыр.
Ол көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценария бөлімнің бастығы, «Әдебиет және искусство» - «Жұлдыз» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының секретары, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды. Қазір творчестволық жұмыста.
Ахтанов әдебиет зерттеушісі ретінде де мәлім.
Ол А. Н. Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
Т. Ахтанов II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен наградталған.
Тахауи Ахтан:
« Құдай халқымызға тауфиқ берсін!»
Тіл, ел туралы толғамдар.
Осыдан он бес жылдай бұрын « Ант» қойылымынан кейін, қазіргі Ұлттық Ғылым академиясының А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері менімен кездесу өткізген еді. Мен сонда: « Не байқап жүрсіздер, қазақ тілі аударма тіл болып жатыр. Ол өзінің табиғатынан ажырап кетті. Ал газет тілі - орыс тілінің көшірмесі» - деп пікір айтқанмын. Бүгін осы кемшіліктен тілімізді толық тазарттық дей алмаймын. Ертеректе: «Мұғалім - мектептегі басты тұлға» деген сөйлемді оқыдым да, ойланып қалдым. Маған ол орысша сөйлемге ұқсап көрінді. Қазақ: «Мұғалім - мектептің тірегі» десе керекті.
Қазақ тілі - табиғатынан бейнелі тіл. Соңғы кезде табиғатын сирек те болса тауып келе жатыр. Тілге, жазуға жүйрік адамдар шыға бастады. Бұлардың қатарында парасаты, ойлылығы жағынан бірінші болып Ә. Кекілбай тұр ғой. Мен оны М. әуезовтен кейінгі тілге бай жазушы санаймын. Ә. Нұрпейісов те - тілі шұбарайлы жазушы. Кісі өзіне сын көзбен қарау керек қой, менің тілімді бай тіл деуге болмайды. Мен атаған жазушылар тіл мәдиниетіне жауапкершілікпен қарайды. Біз - ескінің соңымыз; Әбіш жаңаның бастамасы.
Мен «ов»-ты баяғыда алып тастағанмын. 1956 жылы шыққан Ғабит Мүсірепов туралы жазған кітабыма «Тахауи Ахтан» деп қол қойғанмын. Кітап осы аты-жөніммен шықты. «Қаһарлы күндер» романының журналдық нұсқасында да - ныспым - «Тахауи Ахтан». Сол кезде ақын Хамит - Хамит Ерғали, жазушы Сафуан - Сафуан Шаймерден болып шыққанды. Кейін осы аты-жөн қолданысымыз Орталық Комитетте сөз болып, «ов»-ымызға қайта көшуге тура келді . . .
Мен «ов»-ты алып тастауға қарсы емеспін. Қазір баспагерлер, журналисттер фамилиямды жазғанда кейде қосады, кейде алып тастайды. Ал өзім жазған дүниемде әрқашан «Тахауи Ахтан» деп қол қоямын.
Елтану тіл білуден басталады. Ең алдымен тіліңнің құдіретін ұғынуың қажет. Тіл ана сүтімен дарымаса, оны меңгеру қиын. Кейде ынтамен, ыждаһаттылықпен тілді игеруге де болады. Мысалы, Джозеф Конрад (түбі поляк) 20 жасына дейін ағылшын тілін білмеген жаг екен. Алайда 20-ға келгенде ағылшындардың ортасына теңізші болып, сол ұлтқа сіңіп кеткен. Тіл үйренудің еш қиындығы жоқ. Сондықтан белгілі жағдайларға байланысты ана тілімен сусындамағандар осы кемшілігін жою үшін тіл үйренуі керек. Содан кейін қазақтың әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін құнттау керек. Ол үшін қазақ әдебиетін оқу керек. Айталық, М. әуезовтың «Абай жолымен» ана тілінде танысқаны жөн. Ол роман қазақты дүниеге танытты, тіпті қазақты өзіне танытты. Тәубе деп қояйық, қазақ ұлттығын, елдігін, дәстүрін кеңінен арқау еткен көркем шығармаларымыз аз емес. Бұған поэзиялық, драматургиялық туындыларды қосыңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz