Экологиялық білім берудің маңызы


Экологиялық білім берудің маңызы.

Мусаева Сарагүл

Этнопедагогикалық колледждің. оқытушысы

Табиғат әлемі - адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сол себепті табиғатпен қоғам арасындағы қарым - қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп - жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі әлемдік деңгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден - бір қажетті кезек күттірмейтін мәселе екендігі 1991 жылы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері» тұжырымдамасында және 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің» тұжырымдамасында көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақастан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңының 89 - бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз етуге арналған. Бұл қабылданған заңдарда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетілген. Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Сол қоғам дамуына себепші - адам болып табылады. Адам мен табиғат арасында жақындық болмаса, даму да, біздің болашағымыз да болмайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғатпен оның ерекшелігін, маңызын жадында қалыптастыру, экологиялық білім беру маңызды болып отыр. Экологиялық білім берудің маңыздылығын әрбір сабақта оқушылардың білім, білікті игеруі, дүниетанымдары мен ойларының дамуы, тұлғалық сапалары мен сезімдерінің тәрбиеленуі тұтас күрделі жүйе болып табыдады. Оқушыларға экологиялық білім беруде сабақ оқыту үдерісінің негізгі формасы ретінде білім беру, тәрбиелеу және дамытушы міндеттерді шешеді. Сабақ, оны құру және өткізу әдістері - биологияны оқытудың ең басты проблемасы. Сондықтан сабақта негізгі биологиялық және экологиялық білім жүйесі мен біліктілікті игеруге аударылуы тиіс. Сабақ - тұрақты, жастары бойынша және дайындықтарымен шамамен біркелкі, сыныптағы оқушылар ұжымымен - биологияның белгілі бағдарламасы бойынша тұрақты сабақ кестесімен және мектеп бөлмесінде ұстаздың оқу - тәрбие шарасын ұйымдастырудағы жұмысы. Биология сабақтары ашық аспан астында, мектеп жанындағы оқу тәжірибе алаңында, мектеп айналасында немесе өлкетану және табиғат мұражайларында өтуі де мүмкін. Экологиялық білім берудегі басты мәселе сабақтың міндеттерін анық құрып оның сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау, бағдарлама талаптарына сай оқу - таным міндеттерін ескере отырып мазмұнымен әдістерді дұрыс таңдау, оқушылардың таным белсенділігін қамтамасыз ету.

Сабақтың сапасына қойылатын басты талап - балалардың осы пәнге деген қызығушылығын дамытуға үлес қосу, шығармашылық белсенділігін дамыту. Экологиялық білім беру міндеттерін шешу оқыту әдістерін тиімді қолдануға байланысты, оларды тәсілдермен, көрнекі құралдар пайдаланумен өлкетану материалдарын өмір тәжірибесінде қолданумен, бақылаулармен тәжірибелермен тағы басқа пәндерден алған білімдерін толықтырумен байланысты. Оқушыларға экологиялық білім беруде сабаққа қойылатын мынандай тәрбиелік талаптар орындалады:

  • биологиядан игерілген ғылыми білім негізінде қамтамасыз етілетін ғылыми әлем бейнесін қалыптастыру, эстетикалық талғам, еңбексүйгіштік және экологиялық мәдениет қалыптастыруды қамтамасыз ететін сабақтың тәрбиелік міндеттерін нақты қою;
  • оқушыларда танымдық қызығушылықты, білімді өзбеттерімен игерудегі біліктілік пен дағдыны, шығармашылық ынтаны және белсенділікті қалыптастыру мен дамыту;
  • мұғалімнің педагогикалық әдепті сақатуы;

Сабаққа қойылатын ұйымдастыру талабы:

  • тақараптық жоспарлаудың негізінде сабақты өткізудің жоспарының болуы;
  • сабақты өткізудің барлық кезеңінде оны нақты ұйымдастыру;
  • оқытудың әртүрлі құралдарын дайындау және тиімді пайдалану;

Экологиялық білім беруде осы аталған талаптарды орындау сабақтың тиімділігінің оның ішінде биология сабағының тиімділігінін қажетті жағдайы. Биология пәнінің мұғалімі осы талаптарды жақсы білуі тиіс, сабаққа дайындық және оны өткізу кезінде олардың орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Экологиялық білім мен тәрбие берудің аса маңыздылығы бұл қоғамдық талаптардан туындап отырған мәселе. Қазіргі жағдайда еліміз экологиялық аса қауіпті аймақтармен әлем назарына ілініп отыр. Осы тұрғыда еліміздің кез келген азаматы экологиялық жоғары сауатты болуы өте қажеттілікті талап етеді. Сондықтан шығарылған заңдар мен тұжырымдамаларға сәйкес экологиялық білімнің ғылыми негізі қазіргі таңда жасалынған. Білім алатын жастар білімге деген құштарлығымен қатар экологиялық білім алу барысында қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерімен, білімдерін қалыптастыра алады. Сонда ғана біздің еліміздің болашақ ұрпақтарының кез келгені экологиялық сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғат пен жан дүниесі үйлескен, дүниетанымы кең болып тәрбиеленеді.

Түркістан қаласы

Этнопедагогикалық колледжі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің әдіс-тәсілдері
Бастауыш мектептерде жаратылыстану пәндері арқылы экологиялық білім беру
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ АРҚЫЛЫ ХИМИЯҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Орта мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұны, түрлері мен әдістері
Бастауыш сынып оқушыларына дүнетану пәнін оқыту барысында экологиялық тәрбие беру жолдары
Студенттерді табиғат қорғауға даярлау туралы
Қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы
Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz