Химияны оқытуды экологиялық білім берудің негізгі мақсаты


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ӘДЕБИ ШОЛУЭкологиялық білім берудің мәні мен сипаты . . . 5
1. 2 Экологиялық мазмұндағы көрнекті құралдарды дайындаудағы кейбір
жолдары . . . 14
- Экологиялық білімнің психологиялық-педагогиялық негіздері . . . 20
- Сыныптан тыс сабақтағы экологиялық білім беру . . . 24
- ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМІ . . . 25Тәжірибе кезінде өткізілетін сабақтардың мазмұны . . . 26Алынған нәтижелер мен оларды талдау . . . 28Табиғатты қорғау жұмыстары жөніндегі тапсырмалар . . . 39
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 51
КІРІСПЕ
Экологиялық білім - қазіргі таңда жалпы білімнің бір бөлігі. Оқушылардың табиғатты қорғау білімдерін кеңейту, білім сапасын жақсарту, химия сабағында экологиялық мәселелердің мазмұнына қарай тақырыптарда кеңінен қарастырылуы, табиғаттағы айналымдар, зат адмасулар және басқа да химиялық қосылыстар өзгерістерін терең түсінуге мүмкіндік беріледі.
Қазіргі таңда қоғам алдындындағы негізгі мәселе - экологиялық мәселелер, табиғатты аялау, оның байлықтарын тиімді пайдалану, экономикалық және әлеуметтік міндеттердің негізі болып саналады.
Экологиялық білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік қатынастарды қалыптастыра отырып, <<адам - қоғам - табиғат>> арасындағы толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу. Экологиялық білім беру - өте күрделі процесс. Қоршаған ортаның өзі мен қоғам үшін мәңгі қажеттілігін сезіне отырып, оқушының дүниеге деген дұрыс көзқарасын қалыптастру.
Экологиялық білімді қалыптастыру балалық шақтан басталады, ал балаларға қоршаған орта туралы көзқарастарын үнемі кеңейтуге ұмтылу тән. Экологиялық ағарту осы қажеттілікті қанағаттандыра алады, сол үшін білім берудің ошағы мектепте. Жас өспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастырудың күн тәртібіне қойылуы - орынды жағдай.
Химия сабағы оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің орталық ядросы болуы керек. Жүйелі әдіс пен проблемалық оқыту әдістерін қолдану шығармашыл қызмет дағдысын қалыптастыратыны белгілі. Химиялық құбылыстар мен процестерді түсіндіру, баяндау, жүйелік әдісті үйрету әлдеқайда қиын жүреді. Оқушылар оқылатын пәннің басқа ғылым салаларымен, пәндермен және аралас ғылымдармен байланыстыруда қиналады.
Дидактикада білім беру біртұтастығын және оған кіретін білімдер түрлерін талдай келе білімді толыққанды меңгеру жүйесін. Білімнің жеке салалары арасындағы сияқты пәндердің арасындағы өзара байланыстар баяндалып, оларды қалыптастыру шарттары Скаткин М. Н және т. б. тарапынан анықталған. Оқушылардың ойлау қабілетінің дамуы жүйелілік келіс (әдіс) өзінің негізгі мақсаты ретінде оқушыларда дидактикалық ойлауды, яғни оқытылатын обьектілер ішінен элементтерді және басқа жүйелер ішіндегі байланыстарды шеше білу, обьектілерді үйрену және баяндау арқылы дидактикалық жүйелі білім берудің тиімділігін айқын көрсетті. Бұл мәселені біз өткізген педагогикалық практикада (сынып) экспериментальды және теориялық бірнеше тапсырма беру арқылы бұл нәтиже тексерілді. Мысалы, бір тапсырмада былай делінген еді: Төмендегі заттардың біреуіне мүмкіндігінше толық және жүйелі жауап беріңіз: NH 3 , HCL, CH 4 және т. б. Оқушы өзінің ауызша және жазбаша жауаптарында заттық термодинамикалық сипаттамасына сүйене отырып құрылысын, химиялық байланыстарының сипатына тоқталды. Заттың тұрақтылығымен, оның басқа заттармен әрекеттесуі. Заттардың алынуы, ондағы оптималды термодинамикалық және кинетикалық шарттарды көрсететін мағлұмат, қосылыстың периодтық жүйедегі период, топ бойынша аналогтарымен салыстыру (NH 3 -H 2 O, HF-H 2 O, H 2 O-H 2 S) . Табиғаттағы бұл заттардың кездесуі, ластағыш ретінде және тіршілікті қамтамасыз етуші ерітінділер негізі ретінде маңызды жақтарын айта келе судың табиғаттағы өсімдіктері, жануарлар және адам өміріндегі құнды химиялық қосылыс екені туралы тұжырымдама жасады. Онсыз өсімдіктерде фотосинтездің жүрмейтіні, ол фотосинтез болмаса өсімдіктің болмайтыны, ол өсімдік болмаса жануарлар, адамдар және бүкіл тіршіліктің болмайтыны туралы айтылған. Бұдан, экологиялық мәселелерді қарастыруға химия пәнінің көптеген тақырыптарын икемдеп, әрі химияны, әрі басқа пәндермен пәнаралық байланысты қолдана отырып, шын мәніндегі білімді проблемалық жағдай туғыза отырып беруге мүмкін екені байқалып отыр.
I ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1 Экологиялық білім берудің мәні мен сипаты
Қазіргі кезде дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі проблемалардың бірі - адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Осы проблема бүкіл елді толғандыруда. Мұны шешудің бірден-бір жолы экологиялық білімді жеке тұлғаға қалыптастыру керек екенін көптеген ғалымдар айтқан.
Айналамыздағы орта бүлініске ұшырап ауқымды экологиялық проблемалар туындаған қазіргі жағдайда білім мен насихат барлық қоғам мүшелерінің - оқытушылардың, дәрігерлердің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өндірушілердің, саясаткерлердің назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды - XXI ғасырдың азаматын қалыптастыра алады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік экологиялық жағдайда іс-әрекет жасауға үйретеді.
Экологиялық проблемаларды шешудің негізгі бағыттары мен оны жетілдіру жолдары анықтала бастады.
Олардың негізгілері:
- экологиялық білімді жетілдіру;
- экологиялық сараптама;
- эколгиялық мониторинг;
- экологиялық маркетинг;
- экологиялық бизнес;
- экологиялық нарық;
- экологиялық менеджмент болып табылады.
70-80 жылдары экологиялық білім мен тәрбиенің негізгі принциптерін И. Д. Зверев, И. Т. Суравегина, А. Н. Захлебный мазмұндады[1] .
Қазақстан Республикасында экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негізіне өркениетті елдің өзін-өзі қолдап, тұрақты дамуы жатады. Бұл тұжырымның негізі Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған Қоршаған орта және даму “РИО-92” конференциясында қабылданды. 1992 ж. маусымда Рио-де-Жанейрода БҰҰ қоршаған орта және даму туралы конференциясы өтті. Оған 179 мемлекеттің басшылары мен үкімет мүшелері және сарапшылар, сондай-ақ көптеген мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдары және кәсіпкерлер қатысты.
Жас ұрпаққа экологиялық білім беру, бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес мәселе екендігі “Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымында (1993) ” атап көрсетілген[2] .
Осыған орай, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Республика білім және ғылым қызметкерлерінің II съезінде “жалпы адамзаттық құндылықтың мәні - маңызын түсінетін, ой - өрісі дамыған, білімді, экологиялық мәдениетті тұлғаны қалыптастыру - жаңа ғасырдың күн тәртібінде тұрған басты талабы”, - деп көрсетуі бұл мәселенің көкейстілігін айқындай түседі. Демек, экологиялық білімді тұлғаны қалыптастыруда педагогика ғылымдарындағы экологиялық білім ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеп, оны ұтымды пайдалану - өте маңызды мәселе. Сондықтан, қазіргі таңда “адам - табиғат” жүйесіндегі қарым-қатынастың үйлесімділігін қамтамасыз етуде, экологиялық білім жетекші орын алады. Оқушылардың экологиялық білімін қалыптастыру, олардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын, ізгілікті қарым-қатынасын орнатуына, нақты, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді. Оқушыларға экологиялық білім бере отырып, бір мезгілде табиғат қорғауға тәрбиелейміз
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Экологиялық білім беруді ЮНЕСКО-ның жіктеуі бойынша:
- мектептегі білім беру;
мектеп қабырғасынан тыс;
- бос уақытта кітап оқу, көпшілікке таралатын ақпарат, тұрмыстағы қарым-қактынас, т. б.
Осындай компоненттерден тұратын оқыту жүйесінде іске асады деп қарастырады айтуға болады. Мұндай білім берудің негізгі мақсаты - үзіліссіздікте. 1967-1968 ж. ж. ЮНЕСКО “үзіліссіз білім беру” терминін қабылдап, осы салада кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады. Үзіліссіз білім беруді зерттеген ғалымдар, соның ішінде ТМД елдерінен О. С. Аббасова, В. М. Назаренко, ал қазақ елінде А. Г. Сармурзина, Н. А. Нуркеев, Ә. С. Бейсенова, Н. Сарыбеков, және т. б. Олар білім берудің үздікссіздік ұстанымын - жеке тұлғаның ұзақ уақыт оқып білім алуы және осы білім беру мекемесіндегі үзіліссіз білім беру үрдісі деп қарауға болатынын айтқан.
Экологиялық білім берудің негізі мектепте қаланып, одан жоғары оқу орындарының 1-2 курстарында жалғасын табады. Ал жоғары курста студенттер кәсіби мамандығына сай білімді игереді[3] .
Экологиялық білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның экологиялық санасын, мінез-құлқын, мәдениетін жоғары деңгйге көтеру. Жеке тұлғада бұл қасиеттер жеке-дара қалыптаспайды. Керісінше ол білім мен тәрбие беру арқылы бір-біріне егіз сияқты қатарласа жүреді.
Экологиялық білім беру сабақтастық пен жүйелілік және үзіліссіздік ұстанымын тірек етеді. Үзіліссіз экологиялық білім беру мектепке дейінгі тәрбие беру оның бастапқы сатысы болып табылады. Бұл кезде балалардың табиғатпен қарым-қатынасын барынша дамыту қажет, себебі олар жас кезінен бастап қоршаған ортаға әсер ететін немесе зиян келтіретін заттарды түсіне өсуі керек. Балалар үлкендерге еліктеп өсетіндіктен отбасындағы мүшелер мен тәрбиешілердің өздері өнеге көрсетуі қажет. Сол үшін қазақ халқымыз “ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің” деп бекер айтпаған.
Жалпы білім беретін орта мектептегі экологиялық білім берудің теориялық мәселелерін зерттей келе мынадай басты принцептерге тоқталамыз:
- оқушының экологиялық білімін қалыптастырудағы пәнаралық тәсіл.
- экологиялық білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі.
- оқушылардың қоршаған табиғи ортаны оқып үйренудегі және көркейтудегі интеллектуалды және эмоциолық негіздегі іс-әрекеттің бірлігі.
- экологиялық білім беру мәселесін әлемдік, ұлттық және өлкелік деңгейде қарастыру [4] .
Осы аталған принцептерді сақтайтын болсақ, табиғат қорғауды және соған тәрбиелеу жұмыстары оң нәтиже береді.
Бастауыш сыныптарда оқушы экологиялық мәдениеттің негізі қалыптаса бастаған азаматқа айналады. Ол қоршаған ортада өзін дұрыс ұстаудың нормаларын және экологиялық біліммен қоса іс-әрекеттер элементінің дағдасын игереді. Оның санасында табиғаттың тұтастығы туралы түсінік, қоршаған ортаға ғылыми қатынасы қалыптасады. Бастауыш сыныптарда балалар экологиялық прблемаларды өсімдіктермен, жануарлармен және табиғи обьектілермен танысу кезінде кезіктіреді.
Оқушылар 5-7 сыныптарында жаратылыстану пәндері арқылы алған негізгі білімі ғылымның әр саласын терең игеруге мүмкіндік береді. 8-9 сыныптарда табиғатта жүретін, күнделікті тұрмыста кездесетін химиялық құбылыстармен танысады. 10-11 сыныптарда оқушылардың білімі тереңдей бастайды.
Адамның білім алуы ғұмыр бойы үзіліссіз болуы тәрізді химиялық-экологиялық білім алу да үзіліссіздікпен іске асырылуы керек. Ресейдің атақты әдіскер - ғалымы Г. М. Чернобельская үзіліссіз білім беруде күнделікті игерілетін ақпараттың көлемі күн сайын пәрменді бола беру керек деп айтқан [5] .
Үздіксіз химиялық-экологиялық білім берудің негізгі бағыттары мыналар:
- Химияның негізіне сүйене отырып, өлі табиғат, тірі табиғат және олардың арасында болатын құбылыстардың салдарынан туындайтын заттарды ашып көрсету.
- Химиялық эксперимент нәтижесінде түзілген заттардың зиянды жақтарын нақтылау.
- Химия ғылымының экологиялық аспектілері арқылы химиялық-экологиялық ұғым мен көзқарасты қалыптастыру.
- Химиялық-экологиялық ұғымдарды басқа жаратылыстану ғылымдарының жүйесімен қалыптастыру.
- Химиялық-экологиялық ұғымдарды қалыптастыру кезінде жергілікті, өлкелік материалдарды кеңінен пайдалану.
Химиялық-экологиялық білім берудің негізгі қызметі - ғылым мен техниканың әсерінен және табиғатта болып жатқан құбылыстардың арқасында пайда болған заттардың тірі ағзаға тигізер зиянды әсерлерін оқып үйрету, сол зиянды болдырмау жолдарын іздеу, тиіп жатқан зияннан арылу жолдарын іздеу, қысқаша айтқанда жастарды салауатты өмірге үйрету. Мысалы, ауыр металдардың жоғары концентрацияларының адам денсаулығына әсерін айтуға болады.
1кесте
Ауыр металдардың жоғары концентрацияларының адам денсаулығына әсері
Экологиялық білім беру дегеніміз - адамзат қауымы, қоғам, табиғат және қоршаған орта үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпағымызға жеткізу. Оның ішінде қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары ұрпақты тәрбиелеу маңызды орын алады. Экологиялық білім беру жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудан бастап көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беруді қарастырады. Экологиялық білім беру - өте күрделі процесс. Қоршаған ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып, оқушының айналадағы ортаға деген көзқарасын бірте-бірте қалыптастыру көзделеді. Экологиялық білім жүйесі білім мекемелерінен бөлек жалпы халықтық хабарлар арқылы да қалыптасады. Мұғалім оқушыда шынайы псилхологиялық қазіргі замандағы экологиялық қайшылықтарды шешуге деген сезімді қалыптастыруда белсенді рол атқарады.
Экологиялық білім берудің психологиялық ерекшеліктері мынадай тұжырымдамамен негізделген:
- қоғам мен сыртқы ортаның үйлесімдлігін арттыруда адам баласының сана-сезімін имандылық және азаматтық ережелерін сақтауға бағыттау;
- экологиялық білім беріп оқытудың проблемалылығы;
- сыртқы ортадағы жүріс-тұрыстың және қызметтің жоғары мәдениеттілігін қалыптастыру мақсатында адам бойында табиғатқа деген эмоционалдық және эстетикалық қарым-қатынасын дамыту.
Оқушылардың экологиялық санасын жүйелі түрде көтеру психологиялық зерттеулердің нәтижесінде көрініп отырады.
Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелілік тәсілге негізделіп үздіксіз жүзеге асырылғанда ғана табысқа жетеді. Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылым және тәжірибелік бөлімнің бірлігі негізінде оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мәдениетті және іс-әрекетті қамтамасыз ету.
Экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге қарағанда оның әртүрлі моделі қолданып келеді. Атап айтқанда :
- көп пәнді жүйе (мектепте оқытылатын барлық пәндер өздерінің тақырыптарына сәйкестендіріп экологиялық білім беру) ;
- бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі) ;
- аралас (экология жеке пән ретінде оқытылады) [5] .
Дүниежүзілік тәжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды (1999) [5] . Оның негізгі мақсаты - көпшілікке, жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру. Ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:
- мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;
- мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;
- арнайы білім беретін колледждерде экологиялық білім беру;
- жоғарғы оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі саласы бойынша) ;
- мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;
- көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Орта мектептегі оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше арнайы жағдайларды жасауды керек етеді [6] :
- оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар және техникалық құралдар жасау, табиғат музейлерін, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Бұлардың бәрінде мұғалім әзірлігінің деңгейі, оқушыларда экологиялық көзқарас қалыптастырудағы білімі мен білігі шешуші рөл атқарады;
- химия, биология, география және басқа да пәндердің, солардың ішінде гуманитарлық пәндердің мұғалімдері қоу жоспарларын іске асырады, әр түрлі оқу жабдықтарын, техникалық құралдарды пайдаланылады, табиғат музейлеріне, жануарлар паркіне және табиғат жайларына экскурсия ұйымдастыру. Сондықтан мұғалімдер қоршаған орта туралы оқушылардың білімін анықтайды, білушілікке деген ой-пікірін қалыптастырады. Сол тіршілікті түсінуге, оған оқушылардың қарым-қатынасын анықтауға көмектеседі. Қоршаған орта жайында білім беру - сол ортаның күйін және оның проблемаларына жауапкершілікпен қарау және сол проблемаларды шешуге қамқорлық жасау процессі. Оқушылардың экологиялық сауатты болуы Адам мен Табиғат арасындағы қарым-қатынасты айқындап түсінуге жол ашады.
Жалпы және арнайы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарындағы экологиялық білім беру мен тәрбие осы алғашқы мәліметтерге сүйене дамытылады. Бұл кезеңде компьютерлік моделдерді қолдану да тиімді. Экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, оқушыларды қоршаған ортаны қорғау сезімі мен жауапкершілікке баулу, экологиялық білім жетістіктерінен хабардар болу, нормалық-құқықтық құжаттарды білу, негізінен, мектеп қабырғасында жүзеге асады. Оларда оқытудың, үйретудің әдіс-тәсілдері де әрқилы болмақ (семинар, конференциялық сабақтар, компьютерлік ойындар, пікір сайыс, КВН, викторина, т. б. ) . Адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін, оның зардаптарын талдау, табиғаттағы өзгерістерді салыстыру ғылыми-зерттеу жұмысының алғашқы элементтері есебінде баланың ізденуіне жол ашады. Сонымен бірге оқушыларға білім беретін факторлардың ғылымилығын, табиғат компоненттерінің (ауа, су, топырақ, өсімдік, жан-жануарлар, т. б. ) өзара байланысын, табиғаттағы тепе-теңдікті, балаларды табиғатты сүюге, оған қызығуға баулуды, экологиялық білім беретін пәндердің (география, биология, химия, математика, физика, әдебиет, тарих, қоғамтану, т. б. ) үйлесімділігін, көрнекілік ұстанымдарын іске асыру да түпкі мақсатқа жетудің айла-амалдары есебінде қолданылады. Экологиялық білімді қалыптастыру құралдарының жүйесі - бұл педагогикалық жүйедегі экологиялық білім берудің мен мазмұнды және ұйымдастыру-басқару компоненттерінің жиынтығы. Мазмұнды компонент экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің белгілі бір қағидалары, әдістері мен түрлері негізінде жүзеге асырылады және оқытушылар мен студенттер арасындағы өзара әрекетте белгілі бір нәтижелі мақсатқа қол жеткізу үшін жасалатын өзара біріккен қызметтерінде көрінеді.
Адам мен табиғаттың арасын алшақтатудан ХХ ғасыр өзінің қаруынды техногендік дамуымен табиғатқа орын толмас зиян келтіреді. Жер бетінде болып жатқан соңғы ғылым мен техника, білім саласындағы жетістіктер, экономикалық күрт өсулер экологиялық апаттарды дүниеге әкелді. Осының салдарынан ғаламшарымыздың экологиялық ахуалы күннен күнге нашарлап келеді.
Оқушыларға көмек болсын деген мақсатпен халықаралық ұйымдар мен экологиялық ұйымдардың түрлі масштабта жүргізілетін акциялардың тізімін әрбір сыныпта жазып іліп қоюдың оқушылардың экологиялық білімдерін көтеруге пайдасы тиетінін жүргізген сабақтарда аңғардық экологиялық материалды ұсыну керек.
БҰҰ-ның халықаралық экологиялық акциялары.
2 ақпан - Бүкіл дүниежүзілік сулыбатпақты алқаптар күні;
22 наурыз - Бүкіл дүниежүзілік су күні;
23 наурыз-Бүкіл дүниежүзілік метеорологтар күні;
1 сәуір - Халықаралық құстар күні;
7 сәуір - Бүкіл дүниежүзілік денсаулық күні;
22 сәуір - Жер күні;
2 мамыр - Күн күні;
5 маусым - Бүкіл дүниежүзілік коршаған ортаны қорғау күні;
17 маусым - Бүкіл дүниежүзілік шөлейттену мен құрғақшылыққа қарсы күрес күні;
6 тамыз - Бүкіл дүниежүзілік ядролық қаруды қолдану әрекеттеріне тыйым салу күні;
16 қыркүйек - Халықаралық озон қабатын қорғау күні;
26 қыркүйек - Бүкіл дүниежүзілік теңіз күні;
4 қазан - Бүкіл дүниежүзілік жануарларды қорғау күні;
11 қазан - Табиғи аппатардын қауіптігін азайтудын халықаралық күні.
Осы аталған күндерді әр сабақта айқындап атап өтсек, жас жеткіншектің санасында экологиалық сауаттылыққа жол ашамыз. Экологиялық ойлауды жетілдіру жүйелі түрде жүргізілеуге бет бұруда.
Оқушылардың экологиялық білімдерін арттыру процесі көбінесе дәріс, семинар, практикалық сабақтарда жүзеге асырылды.
Дәріс - үздіксіз экологиялық білім беру жүйесіндегі ұстанымдардың бірі. Ол мекеме қызметін вертикалді және горизонталді білім беру бағдарламаларын үйлестіруді білдіреді. Оқушылардың теориялық білімін дамытуда экологиялық зерттеу және мониторинг іс-әрекет түрінің маңызын ерекше атап өту керек. Оқу орындарындағы экологиялық білім беру оқушылар мен басқа да қатысушылардың оқу қызметін ұйымдастыру түрлері мен әдістерін зерттейтін тәжірибелік сипатқа ие.
2 кесте
Қосымша қарастырылатын экологиялық мәселелер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz