Экологиялық білім және оқу процессін экологияландыру
ЗС 1-тақырып. Экологиялық білім және оқу процессін экологияландыру
Сабақтың мақсаты: студенттердің экологиялық білім және экологияландыру
процесі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Тапсырма: Экологиялық білімнің қажеттілігі. Экологияландыру процесін
жүргізудің принциптері. Экологиялық негізгі түсініктер.
Көрнекі материалдар: плакаттар, оқулықтар, кестелер.
ҚТ ережесі: лабораторияда өткізу қажеттілігі.
Елiмiздiң табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы
халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық
дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады десек, бүгiнге
дейiн адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзi деп қарап
келгенi де рас.
Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам
үйлесiмдiлiгiн сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын
мақсатына қарай төмендегiше екiге бөлiп қарау маңызы айқындала түсуде:
- табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелi-
эстетикалық қажеттiлiктер үшiн шектеулi пайдалану құқығы.
- табиғи ресурстарды адамның өмiрi мен тiршiлiгi үшiн шектi пайдалану
құқығы.
Бұдан шығар негiзгi түйiн, ғылымда “экология” ұғымының негiзiн алғаш
қалыптастырған немiс ғалымы Эрнест Геккель айтқанындай: “қоғам мен
табиғаттың қатар өмiр сүруi бiр-бiрiне тығыз байланысты заңдылық. Қоршаған
табиғи орта - адам тiршiлiгiне, шаруашылығына қатысты әлеуметтiк және
экономикалық қажеттiлiктердi өтейдi, оның байлығын дұрыс пайдалана бiлсе,
ол сарқылмайтын игiлiк көзi” болмақ.
Бiрақ мыңдаған жылдар бойы өсiп тұрған орман-тоғай, таза сулы бұлақ пен
өзендер, құнарлы топырақты аймақтар қазақ жерiнде адамдар жиi қоныстанған
аумақтарда бей-берекет пайдалану салдарынан бүлiнiп, кейбiреулерi
пайдалануға жарамай қалды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде
кешендi пайдалану табиғи қорлардың тез азаюына әкеп соқты.
Осылайша, табиғи шикiзатты пайдаланатын өнеркәсiп өндiрiсiнiң дамуы
табиғи байлық қорларының азаюына ғана емес, ол сондай-ақ табиғи ортаның
ластануына әкеп соқтырды. Өнеркәсiп орындарынан шығатын керексiз қалдық
заттар қоршаған табиғи ортаның топырағын, суын және ауа кеңiстiгiн ластады.
Ашына айтсақ, бұл шiркiн экология проблемасы дегенiңiз сiз онымен
айналыспасаңыз, түбi апатқа, құрдымға апарып соқтырары хақ.
Осыған орай, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қоршаған
ортаны қорғау туралы Заңы құқықтық нормасының орындалу барысы елiмiзде
экологиялық проблеманың алдын алуға қызмет ете ала ма?
Қызмет ете алса, қандай дәрежеде? Қызмет ете алмаса, не үшiн ол заң
қолданыста жүрiп жатыр? – деген орынды сұрақ туары даусыз.
Аталған нормативтiк құқықтық акт мазмұнында “жойып жiберуден,
бүлiнуден, зақымданудан, азып тозудан, ластанудан ұтымды пайдаланбаудан
және өзге де зиянды ықпал етуден: жер, жер қойнауы, су, атмосфералық ауа,
ормандар мен өзге де өсiмдiктер әлемi, жануарлар дүниесi, табиғи
экологиялық жүйелер, климат және жердiң озонды қабаты қоршаған ортаны
қорғау обьектiлерi ретiнде ерекше қорғалуға тиiс” екендiгiне салмақ
түсiрiле отырып көрiнiс тапқан [1].
Бұл құқықтық норма елiмiзде қоршаған ортаның құрамдас бөлiгi ретiнде
қоршаған ортаны қорғау обьектiлерiн кешендi түрде экологиялық қорғау
сипатын берсе, аталған табиғи ресурстарды арнайы тиiмдi пайдалану мен оны
ұтымды пайдалану арқылы құқықтық қорғау нысанын қамтитын жекелеген
нормативтi құқықтық актiлер жүйесi де қалыптасқан.
Олардаң қатарында Қазақстан Республикасының Жер кодексiн (2003 ж. 20
маусым), Орман кодексiн (2003 ж. 8 шiлде), Су кодексiн (2003 ж. 9 шiлде)
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңын (2002 ж. 11 наурыз), Өсiмдiктердi
қорғау туралы заңын (2002 ж. 3 шiлде), Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн
молайту және пайдалану туралы заңын (2004 ж. 9 шiлде), Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
заң күшi бар жарлығын (1996 ж. 27 қаңтар) және ерекше құқықтық қорғау
режимi бар табиғат обьектiлерiне арналған Қазақстан Республикасы Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңын (2006 ж. 7 шiлде) атауға болады.
Бұдан өзге де бұған дейiн қабылданған заң асты нормативтi 50-ге жуық
құқықтық актiлердiң экологиялық талап мүддесi ескерiлмей қалатын жағдайлары
да кездесiп, олар құқық бұзушылық әрекетi ретiнде жауапкершiлiк туындататын
процеске алып келедi.
Осыған орай, халық арасында заңдарды құрметтеу, әрбiр адамның құқықтық
санасын ояту және оларға құқықтық насихат жүргiзу жұмыстарын жетiлдiру
мақсатын көздеген Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 20
қыркүйектегi N949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық
саясат Тұжырымдамасы дүниеге келдi.
Онда қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды жетiлдiру мақсатында:
- Экологиялық сақтандыру жүйесiн;
- Кiнәлiлердiң жазадан құтылмауына кепiлдiк беретiн және қоршаған
ортаға келтiрiлген шығынды өтеудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк бақылаудың
броконьерлiкпен және орман бұзушылықпен күрестiң барынша жетiлдiрiлген
жүйесiн;
- Бiрыңғай мемлекеттiк экологиялық мемлекеттi мониторинг жүйесiн;
- Белгiленген нормативтерден тыс қоршаған ортаны ластайтын
кәсiпорындардағы мiндеттi экологиялық аудиттi;
- Коммуналдық және өндiрiстiк қалдықтарды басқару жүйесiн;
- Қоршаған ортаны реттеудiң және оны ластауды болдырмаудың бiршама
жетiлдiрiлген экономикалық құралдарын енгiзу үшiн қажеттi заңдар мен заңға
тәуелдi актiлер әзiрлеу қажет болады делiнген .
Бұған қоса, су, жер, орман ресурстарын, өсiмдiк пен жануарлар дүниесiн
қорғау жөнiндегi заңнамада тек шаруашылықта пайдалануды дамытуға ғана емес,
табиғи ресурстарды қорғау мен өндiруге де бағытталған жаңа заң нормалары
қажет. Жер қойнаулары мен жер қойнауларын пайдалану туралы заңдарда пайдалы
қазбаларды өндiру кәсiпорындары әрекетiнiң келеңсiз зардаптарын жою
жөнiндегi шаралар көзделуi тиiстiгi ереше аталып өтiлген.
Бiздiң ойымызша, ең алдымен экологиялық және табиғат қорғау заңдарын
жетiлдiруде нормативтi құқықтық актiлер санын көбейту емес, бұған дейiн
қолданыста болған қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалар жүйесiнен
бiртұтас кодификацияланған құқықтық база жасақтау мүмкiншiлiгi ескерiлуi
қажет.
Неге? Себебi, халықаралық деңгейде Қазақстан экологиясы туралы жағымды
пiкiр айтылмайды. Елiмiз жетпiс жыл бойы Кеңес Одағының құрамында болды.
Сол кезде республикамыздың ұлттық қазба, кен байлықтары барынша
пайдаланылып, ысырапшылыққа ұшырады, экологиялық апатқа тап болды. Бiрақ
бұл туралы ешкiм жақ ашпады. Өйткенi, бұл салада жариялылық принципi мүлдем
айтылмайтын. Сондықтан қоршаған ортаның қалыпты жағдайына қоғамдық үн қосу
деген мәселе ескерiле бермейтiн.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бiртұтас экологиялық заңнама
механизмiмен алмастыруға мүмкiшiлiк те болмады. Өйткенi жерiмiздiң,
қоршаған ортаның табиғи жағдайы бiрқалыпты деп саналып, тек оны алдағы
уақытта қорғауға алу принциптерi жүйеленген болатын.
Бүгiнгi күнi жасыратыны жоқ жер, су, ауаның ластануы қалыпты деңгейден
2-3 есе, кейбiр жерлерде 10-15 есе асып кеткенiн, жерiмiздiң 44 пайызы
аридтi (шөл), 23 пайызы субаридтi (шөлейт) екенiн, елiмiздiң егiстiк
жерiнiң 20-30%-ы табиғи жолмен пайдалану шеңберiнен шыққанын, 63 млн
гектар тозып кеткен жайылымдық жер тiркелгенiн, республика жерiнде 20 млрд
тонна өндiрiс қалдығы бар екендiгi, оның iшiнде 237 млн тонна радиоактивтiк
қалдықтардың ашық аспан астында үйiлiп жатқандығы мен ормандардың тiлсiз
жау өрт құшағына оранған оқиғалары жиiлеп кеткендiгiн анықтап алған кезде
сөзсiз Экология кодексiн қабылдау қажеттiгi туындайды.
Ол туралы Елбасымыз өзiнiң Қазақстан халқына жолдаған биылғы
Жолдауында: “2006 жылы бiздiң экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық
актiлермен үйлестiруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттiк бақылау
жүйесiн жетiлдiруге бағытталған Экология кодексi қабылдануға тиiс” деп
ерекше атап өткен болатын.
Бұл тапсырмалы мiндеттiң халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған
ортаны қорғау және экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатын көздеп
отырған стратегиялық бағдары уақыт келген сайын пысықталып, нақты iске
асырылу механизмi кезек күттiрмес мәселенiң бiрi болып отыр.
Қоғамда кейбiр ғалымдардың көрсеткен “экологиялық ақпараттандыру”
“экологиялық аудит”, “экологиялық бiлiм беру және насихат”, “экологиялық
қалдықтар туралы” заңдарды дайындау тұжырымын бiрiздiлендiретiн экология
кодексiнiң сараптамалық негiздерi қоғамда пiсiп жетiлгенi айдан анық.
Демек, дәл бүгiнгi күнi экологиялық жағдайға талдау жасау, оның
зардабынан сақтану, тиiстi iс-шара қолдану, қоғамдық пiкiр туғызу үшiн
көпшiлiктiң бiлiмi мен тәрбиесiн, мәдениетiн көтеру керек. Ол үшiн барлық
оқу орындарында экологиялық бiлiм мен тәрбие берудi саяси әлеуметтiк
деңгейге жеткiзу қажет. Осы туралы қоғамдық пiкiрдi қолдап-қуаттау сiз бен
бiздiң ортақ мүддемiз болып отыр.
Бұдан өзге, әрбiр жергiлiктi әкiмшiлiк жанынан экологиялық бiлiм беру
орталықтарын құру идеясын орта жолда қалдырмай, аумақтық экологиялық
жағдайдың одан әрi асқынуына тосқауыл қоюға шынайы үн қата алатын
экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны қалыптастыру дағдысын күн тәртiбiне
шығару қажет.
Осы орайда, экологиялық бiлiм берудiң мақсаты - жеке адамның бойында
табиғатқа деген iзгiлiк қатынастарды қалыптастыра отырып, “адам-қоғам-
табиғат” арасындағы толық үйлесiмдiлiк рухында тәрбиелеу турасында
айқындалып, бiлiм жүйесiнде экологиялық бiлiм мен тәрбие беру
тұжырымдамасының жобасы да жасалып қойылған.
Соның нәтижесiнде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын,
экологиялық мәдениетiн қалыптастыру үшiн кейбiр әлеуметтiк және
экономикалық мәселелердi шешу қажеттiгi экологиялық бiлiм берудiң басты
мiндеттерi болып табылатындығы нақты танылған.
Оларға:
1) экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетiлдiру және оларды
бұлжытпай орындау;
2) табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалануда жауапкершiлiктi күшейту;
3) қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестiгiн
сәйкестендiрудi;
4) үздiксiз экологиялық бiлiм берудi ұйымдастыруды тездетудi;
5) елдегi экологиялық жағдайлар мәлiметтерiнiң көпшiлiкке жетуiн
қамтамасыз етудi жатқызуға болады.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу
мен экологиялық апаттардың алдын-алудың негiзi кез-келген мемлекеттiң
әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын аңғартса
да, жаңа ғасырдың экологиялық дағдарыс пен табиғи дүлей апаттармен басталуы
бүгiнгi қоғам үшiн экологиялық құқықтық сананың жетiлу толғағында
ойланарлық жағдайды қалыптастырып отыр.
Бұл бағытта елiмiз келешекте экологиялық қауiпсiздiк мүддесiне үмiт
артып, “Қазақстан-2030” даму стратегиясының басымдықтарын ескере отырып,
Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына
сәйкес және ХХI - ғасырдағы күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған
орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының
қағидаларын, сондай-ақ Иоханнесбургте өткен (2002 жылы) тұрақты даму
жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып, Қазақстан
Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiгi
Тұжырымдамасын бекiтуi құптарлық жағдай [9].
Жалпы Тұжырымдама ұсынылған экологиялық қауiпсiздiк пен табиғат
пайдаланудың аса маңызды проблемалары бойынша зерттеулердiң, оның iшiнде
iргелi ғылыми зерттеулердiң iлгерiлмелi дамуын қамтамасыз ету, қоршаған
ортаның жай-күйiне мониторингтiң бiрыңғай жүйесiн енгiзу, Қазақстан аумағын
экологиялық аудандарға бөлу және арнаулы картографиялау үрдiстерi
экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң 2004-2007 жылдар, 2008-2010
жылдар және 2011-2015 жылдарды қамтитын үш кезеңдегi бағыттары мен негiзгi
тетiктерiн жоспарлы түрде айқындап бердi.
Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар
байлығын адам игiлiгi үшiн мейлiнше ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту
iсi бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған келелi мәселе. Дархан табиғат
қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын
шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста
экологиялық үздiксiз бiлiм берудi заңдастыру ұстанымы мен қоршаған табиғи
ортаны қорғау саласында экология кодексiн қабылдау ұсынысы еңжарлыққа бой
алдырмай, көзi қарақты, ойы ұшқыр азаматтардың қолдауын күтетiн қоғамдық
тұжырым деп бiлемiз.
Ал, бұл iс-шара халықтың жаппай экологиялық мәдениетiн көрсететiн
белсендiлiк қабiлетiнсiз мүмкiн емес. Сондықтан да экологиялық бiлiм мен
тәрбие қоғамның әрбiр мүшесiне табиғатты қорғауға немқұрайдылықпен
қарамауды үйретiп, қоғам мүшесiн әрқашанда қоршаған ортаны қорғауға
дағдыландыруды көздейдi.
Сонымен, бiз елiмiздiң барлық жергiлiктi аумақтарының әкiмшiлiктерiнде
экологиялық сақшылар штабын, бiлiм бөлiмдерiнде биология, география пәндерi
оқытушыларынан экология клубы мақсатындағы әдiстемелiк бiрлестiктер құруды,
ал мектептердегi дәстүрлi өткiзiлетiн “Табиғат - туған үйiмiз”, “Экология
және бiз” атты сарындағы семинарлармен шектелмей, әрбiр мектеп жанынан
нақты питомниктер ашып, жас экологтарды табиғатты сүюге тәрбиелей отырып,
оларды мектеп жасынан бастап қоғамның бiр мүшесi ретiнде бейiмдеп оқытуды
ұсынар едiк.
Бақылау сұрақтары
1. Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты қандай?
2. Жалпы халықты экологияландыру принциптері неде?
3. Тұрақты даму концепциясының мақсаты неде?
Әдебиеттер
1. Кирова З.Г. Экологическое образование и воспитание в дошкольных
учреждениях. М., Педагогика, 2001 г.
2. Назарова Н.С. Охрана окружающей среды и экологическое воспитание
студентов. М. Высшая школа, 2002 г.
3. Сарыбеков М.Н. Теория и практика экологической подготовки будущего
учителя начальных классов. Алматы, 2000 г.
4. Концепция экологического образования РК (проект), 2002 г.
ЗС 2-тақырып. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде, жаратылыстану
сабақтарындағы экологиялық білім және дүниетаным. Оның мақсат-міндеттері
Сабақтың мақсаты: студенттердің бала бақшаларда жаратылыстану сабақтарында
экологиялық білім берудің әдістерімен танысу, мектепке дейінгі мекемелерде
экологиялық білім берудің мақсат міндеттерімен танысу.
Тапсырма: Жаратылыстану сабақтарында экологиялық білім берудің әдістерін
танып білу. Оның мақсат міндеттерін анықтай білу.

Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру барысында,
алдымен жалпы іс-әрекеттердің негізгі бағыт-бағдарын айқындайтын
ғылыми-әдістемелік тұжырымдаманың қажет екенін, осы мәселе бойынша
зерттеулер жүргізген ғалымдардың еңбектері дәлелдейді. Жас ұрпаққа
экологиялық тәрбие беруде зиялы қауым өкілдерінің мұраларын
пайдалану аса қажет.
Экологиялық тәлім-тәрбиеге қатысы бар көптеген тақырыптар мен
тәлімдік ұстанымдар бар. Аталмыш мұраларды және кейінгі жылдары
мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарына ендіріліп жатқан экологиялық тәлім-
тәрбиелік үлгілер мен тәжірибелерді - бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде
одан ары дамыта отырып қолдану қажет.
Бастауыш сынып оқушыларына экология ұғымы туралы толық
мағлұматтар беру:
- Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жөнінде
жинақталған озық тәжірибелер мен ғылыми зерттеулер қағидаларына
негізделу:
- Бастауыш сынып оқушыларына кешенді тұрғыда экологиялық тәлім-
тәрбие берудің оңтайлы әдістемелік-педагогикалық жолын іздестіру;
Негізгі дерек көздері:
- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ Конвенциялары,
халықаралық заң құжаттары мен ҚР Заңдары;
- Ғылыми экология жөніндегі іргелі зерттеулер;
- Экологиялық ұйымдар мен ғылыми-зерттеу орталықтарының
құжаттары мен әдістемелік нұсқаулары;
- Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру жөніндегі
жинақталған озық тәжірибелер;
- Экологиялық мониторинг, кадастр және статистикалық мәліметтер
жинағы;
- Экология тақырыбына байланысты өткен ғылыми-практикалық
конференция материалдары;
Экология - әр халықтың қоршаған ортаның табиғатын, жер қойнауы мен
бедерін, өсімдік-топырақ жамылғысы мен жануарлар дүниесін,
гидросферасын, ауа қабаты мен биосферасын тану мен зерделеудегі
мынғасырлық тәжірибелерінің жиынтығы.
Экологиялық білім мен тәрбие - халықтың табиғатты қорғау жөніндегі
тәлім-тәрбиелік дәстүрлері болмақ. Экология - ғылыми және қолданбалы
экология саласының бір бөлігі ретінде, өзінің негізгі қағидаларын аталмыш
сала негіздеріне сүйене отырып айқындайды.
Экологияның негізгі қарастыратын мәселелері:
- әлемдегі глобальдік экологиялық проблемаларды тану мәдениетінің
жаңа әрекеттерін айқындау болмақ;
- Экология ғылымы атап көрсеткен қағидаларға сүйене отырып, әр ұлттың
табиғи болмыстарының ерекшеліктері негізінде экологиялық білім мен тәрбие
концепциясын жасау;
- Болашақта экология курсы негізінде оқушы-студенттерге дәріс беру ,
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда экологиялық білім
беру, ғылыми конференциялар өткізу және зерттеулер жүргізу.
- Жұмыр жер жаратылысы. 15 млрд. жыл бұрынғы Ғарыш әлемі мен
кеңістігіндегі Ұлы Жарылыс. Аса ірі беймәлім химиялық - астрофизикалық
қоспа заттардың жиынтықталуы. Әлемдік экологиялық геохронология. Күн
системасының қалыптасуы және Жер планетасында атмосфералық қабаттың пайда
болуы туралы геоболжамнама. Ұлы мұхит және кішкентай құрлық тарихы.
- Жертану негіздері. Жердің геохронологиялық таблицасы: Архей,
Протерозой, Докембрий тау жыныстары. Палеозой эрасындағы девон, карбон,
силур, ордовик, кембрий дәуірлеріндегі экологиялық жағдайлар.
- Мезозой эрасындағы бор, триас және юра дәуірлеріндегі табиғат
көріністері. Кайназой эрасындағы палеоген, неоген, һәм антропоген
дәуірлеріндегі қоршаған ортадағы құбылыстар.
- Магмалар атқылаулары мен жер плиталарының қақтығысы, жер бедерінің
өзгеруі. Жаңа табиғат флорасы мен фаунасының қалыптасуы, жануарлар дүниесі
жане басқа табиғат пен ғарыш әсерлерінен болған экологиялық факторлар.
-Антропоген дәуірінің көне тарихы мен әлеуметтік- географиялық
жағдайлары. Жер ландшафтысындағы өзгерістер.
- Әлемдік мұздық катастрофа және климаттық өзгерістер. Зооморфтық,
териоморфтық және фитоморфтық экологиялық проблемалар.
Палеоантропоген, мезоантропоген және неоантропоген дәуірлеріндегі
экологиялық факторлар.
- Экология негіздері. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңдеріндегі
экологиялық көріністер. Экологиялық сананың мифологиядағы, дінтану
фәлсафасындағы және табиғат пен тұрмыстағы көрністері.
- Ұлы даладағы экологиялық көріністер.
- Діни-мифологиялық, тотемдік және табиғи күштерге сену мен таңданудан
туындаған экологиялық таным һәм дәстүрлер .
- Евразия даласындағы номадтар цивилизациясының өкілдері: көне арий
тайпалары, сақ-скифтер мен ғұн ұлыстары дәуірлеріндегі адам мен табиғат
байланыстары. Шығыстан батысқа қарай Ұлы қоныс аудару кезеңдеріндегі-Ұлы
даладағы климаттық, тектоникалық һәм саяси-географиялық жағдай.
Ауа райының өзгеруі, жер сілкіну салдарынан жер асты суларының тартылып
қалуы, өзендердің құрғауы және жануарлар дүниесінің тұрақсыздануынан пайда
болған экологиялық факторлар.
- Ұлттық мұралар: мақал-мәтелдер, ырым-тыйым сөздер, бата-тілектер,
жыраулар поэзиясы, нақылдар, өсиеттер, аңыз-жырлар, тарихи-әдеби жазба
ескерткіштердегі экологиялық мағлұматтар.
Қазақ халқының қоршаған орта мен табиғатты тану, зерттеу мен
зерделеудегі ғасырлық тәжірибелері мен ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрлері.
Жеті Жарғы Заңындағы жер және оны қорғау мәселесі. Ұлы данышпандар:
Асанқайғы, Қазтуған, Кетбұға, Бұхар, Төле, Қазыбек, Әйтеке, әз Тәуке,
салқам Жәнгір, Абылай және басқа ғұламалар мұралары.
Ресей империясының отаршылдық саясаты кезеңдеріндегі қазақ халқының
экологиялық танымдық-тәлімдік мұралары. Абай шығармаларындағы табиғат
лирикасы.
Ш.Уәлихановтың ғылыми-географиялық еңбектері мен сурет деректері. Шоқан
картасы.
Ірі кәсіпорындарының салынуы. Тың игеру саясаты және экология.
Гидрологиялық құрылыс және оның антропогендік және техногендік факторлары.
Атмосфера және гидросфера қабаттарын ластайтын құрылыс объектілерінің
салынуы.
Байқоңыр Ғарыш айлағындағы экологиялық ахуал. Семей ядролық атом қаруын
сынау полигонының салынуы және оның қоршаған ортаға тигізген қасіреттері.
Семей-Невада қозғалысы. Арал, Балхаш қасіреті. Батыс Қазақстандағы
ядролық полигон айлақтары. Экологиялық қауіпсіздік және заң мәселелері.
Каспий теңізі бойындағы экологиялық проблемалар.
Тәуелсіз Қазақ Елі және оның геосаясаты. Қазақ топырағындағы пайдалы
қазбаларды игеру және оның зардаптары. Глобальді әлемдік экологиялық
апаттар аймағы.
Құмды және шөлді аймақтар мен орман мәселелері. Экологиялық заң жүйесі
және оны қолдану мен бақылау. Демография, этномиграция және экономикалық
реформалар.
Қала және адам экологиясы. Экологиялық ғылыми-зерттеу, білім һәм тәрбие
мәселесі. Топономикалық жер-су атаулары.
Географиялық атаулар: өсімдіктер, жануарлар, өзен-көлдер және таулар.
Экологиялық өлең-тақпақтар. Аңыздар мен ертегілер. Жұмбақтар. Экологиялық
жер, су, жұлдыз атаулары мен табиғат құбылыстары ауа райы, найзағай,
температура, жауын-шашын т.б. Дала өсімдектері тақырыбына арналған тәрбие
сағаты. Хайуанаттар түрлері мен атаулары туралы тәрбие сағаттары. Жігілікті
жерлердегі ірі кәсіпорындарға экосаяхат жасау. Тарихи және ерекше маңызы
бар мекендер мен табиғат аясына жорық.
Жер-су атауларының топономикасы. Тау, өзен-көл, тұма-бастау, шөл
атаулары. Өсімдіктер және олардың түрлері, аттары. Жануарлар және оның
түрлері. Ауа райын бақылау және күнделік жүргізу. Экологиялық топтар құру.
Экология тақырыбына байланысты ойын-сайыс, сурет салу, поэзиялық кештер
ұйымдастыру.
Қазақтың мақал-мәтелдеріндегі экологиялық тақырыптар. Экологиялық
аңыздар, ертегілер, жұмбақтар. Халықтық ырым- сырым һәм тыйым сөздер.
Экологиялық терминдермен танысу және жаттау.
Жердің ауа қабатын ластаушы кәсіпорындарға саяхат. Экологиялық аппаттар
тақырыбына шығарма жазу, карта жасау. Температура және оның өзгеруі.
Сауытбеков шығармаларындағы ертегілер.
Адам экологиясы. Жыл мезгілдері. Экологиялық уақыт өлшемдері. Табиғат
күштері жер сілкіну, су тасқыны. Құстар экологиясы. Орман экологиясы.
Өзен-су мен көлдер экологиясы.
Қала және ауыл экологиясы. Ауа қабатын ластайтын заттар. Химиялық
улы заттар атаулары. Музыкалық шығармалардағы экологиялық тақырыптар.
Жер Планетасы туралы түсінік. Күн системасы және оның Планеталары.
Оның атаулары мен ықпалдары.
Әлемдік ауқымды экологиялық апаттар және оның себептері. Халық
әндеріндегі экологиялық көріністер. Экологиялық сұрақтар мен викториналық
ойындар.
Экологиялық кроссвордтар мен ребустар. Экологиялық қоғамдық ұйымдар.
Экологиялық заңдар. Экология тақырыбында арналған суреттер, көрмелер,
кітап-альбомдар және кинофильмдер. Тәрбие сағаттары, ойын-сайыстар және
саяхаттар ұйымдастыру.
Қазақстанның экологиясы және ондағы экологиялық апаттар аймағы Қазақ
халқының табиғатты қорғау дәстүрлері мен тәлім-тәрбиелік мұралары. Егістік
жерлер экологиясы.
Зиянды-улы тыңайтқыштар мен дәрілер. Ауа райының бұзылуынан туындаған
ауру-сырқау түрлері.
Экологиялық қауіпсіздік шаралары. Мемлекеттік экологиялық бақылау және
оның құжаттары. Қорықтар және оның түрлері.
Бақылау сұрақтары
1. Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық білім берудің және
балалардың дүнеитанымын қалыптастырудың негізгі мақсаты қандай?
2. Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық білім берудің және
балалардың дүнеитанымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері қандай?

ЗС 3-тақырып. Ботаника сабақтарында экологиялық білімді қалыптастыру
Сабақтың мақсаты: Ботаника сабақтарында экологиялық білім берудің
әдістерімен танысу, ботаника сабақтарында экологиялық білім берудің мақсат
міндеттерімен танысу.
Тапсырма: Ботаника сабақтарында экологиялық білім берудің әдістерін

Жер туралы түсінік. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz