Экологиялық білім мен тәрбие негіздері: ұлттық саясат, ғылыми қамтамасыз ету және практикалық шаралар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Экологиялық білім және тәрбие беру негіздері

Мақсаты: Экологиялық білім және тәрбие беру негіздерін қарастыру.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2003 жылғы 3 желтоқсанындағы №1241 Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында» қоғамды экологияландыру, яғни адамның табиғат пен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесін қалыптастыру мәселесі қарастырылған. Онда экологиялық білім мен тәрбие беруді дамыту, ғылыми қамтамасыз ету, экологиялық үгіт-насихат жүргізу және жұртшылықты қатыстыру шаралары арқылы қоғамды экологияландыру жүзеге асырылады делінген.

Экологиялық білім және тәрбие беру дегеніміз білім берудегі барлық деңгейдегі оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерін енгізу жолымен экологиялық білім берудің жүйесін қалыптастыру. Адамзат қоғамының, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында экологиялық жаппай және үздіксіз білім беру нәтижесінде экологиялық дағдарыстың ұлғаюын мейлінше тежеу. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін жастарға ұғындыру және экология саласында білікті мамандарды даярлау.

Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық негіздері

Экологиялық қауіпсіздікті ғылыми қамтамасыз ету тұрақты дамуға көшудің теориялық және технологиялық негіздерді қалыптастыруды көздейді, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің мынадай кешендерін қамтиды:

  • табиғи жүйелердің экологиялық сиымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерін айқындау; экологиялық таза және ресурс үнемдейтін технологияларды, өндірістерді, шикізаттың түрлерін, материалдарды, өнімдер мен жабдықтарды әзірлеу; биологиялық әртүрлілікті, биоқауіпсіздіктің ғылыми негіздерін сақтау проблемасын зерделеу; климаттың жаһандық және өңірлік өзгерістерін және табиғи ортадағы апаттарды зерттеу; экологиялық қатерлерді айқындаудың ғылыми негіздерін әзірлеу; ластанулардың алдын-алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауіпті қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдістерін әзірлеу; қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған білімді жүйелеу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру; адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерістерінің арасындағы байланысты зерделеу.

Экологиялық проблемаларды шешу жолдары

Экологиялық проблемаларды шешудің негізгі жолдары: экологиялық білімді жетілдіру, экологиялық сараптама, экологиялық мониторинг, экологиялық маркетинг, экологиялық бизнес, экологиялық нарық және экологиялық менеджмент.

Экологиялық білім-балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерге, ЖОО-да үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.

Экологиялық сараптама-табиғат құрамдас бөліктерінің өзгеруін, өнімдердің барлық түрлерін сол сияқты адамдардың денсаулығына тигізетін зиянды зардабын анықтайды.

Экологиялық мониторинг-қоршаған ортадағы табиғи құбылыстарын тұрақты бақылау мен тексеру жүйесі. Ол 3 сатыдан тұрады: негізгі жағдайды бақылау, бағалау, алдын ала болжау. Экологиялық мониторингтің түрлері: ұлттық, аймақтық және жергілікті.

Экологиялық маркетинг-кез келген шаруашылық саласынан пайда табуды жүзеге асыратын шаралар жүйесі.

Экологиялық бизнес. Бизнес-жекелеген немесе бір топ адамдардың өздерінің ынтасымен пайда табудың мол көзін іздестіру. Бұл мәселеде де табиғат ресурстары бизнестің көзіне айналады.

Экологиялық нарық-тұтынушыларға экологиялық жағынан сапасы жоғары өнімдерді сату мен сатып алуды жүзеге асыратын қызмет жүйесі.

Экологиялық менеджмент- экологиялық бизнес талаптарын орындау менеджмент шегінде ғана жүзеге асуға негізделген. Ол экологиялық маркетинг ережелері мен талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықты қатыстыру.

Халықтың арасында экологиялық үгіт-насихатты жүргізу үшін орталық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары қатыстырылады.

Мемелекеттік органдар экологиялық проблемаларды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауы тиіс. Бұл үшін интернетте экологиялық сайттар құрып, онда ресми ақпаратты орналастыру, ғылыми мақалаларды, монографияларды жариялауды жалғастыру, экологиялық газеттер мен журналдарды басып шығару қажет.

Халықаралық конвенциялар бойынша міндеттемелерге сәйкес үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың әлеумктін қоғамдық бақылаудан жандандыру. Қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргізу арқылы экологиялық проблемаларды шешуге, қоршаған ортаның сапасын жақсарту мақсатында қоғамдық көзқарасын қалыптастыру қажет.

Қорыта айтқанда, мемлекетіміздің бүгінгі күн тәртібінде тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі-Отанымыздың барлық территориясын ұлттық байлық деп қарап, қорғауға алу. Табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, экологиялық зардаптардың мөлшерін, таралған аумағын, экономикаға келтірілген зиянын, жер бетіндегі тіршілік иелеріне тигізетін қолайсыз құбылыстарын айқындап, оған қарсы пәрменді күрес

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық саясат және үздіксіз экологиялық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету тәсілдері
Экологиялық білім мен тәрбие: ғылыми-педагогикалық негіздері, мазмұны және Қазақстандағы жағдай
Қазақстанда мектептегі экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері мен практикалық тәжірибесі
Мектепте экологиялық білім мен тәрбие: теория, әдіс-тәсілдер және практикалық қолдану
Ұлттық психология мен ұлттық тәрбие: теориялық негіздері және практикалық аспектілері
Үздіксіз білім беру процесіндегі мектепке дейінгі кезеңдегі экологиялық тәрбие сабақтастығының ғылыми-педагогикалық негіздері
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері мен эксперименттік әдістемесі
Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету: қатерлер мен мемлекеттік шаралар
Қазақстандағы экологиялық ахуал мен экологиялық білім беру: мәселелер мен шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz