Экономиканы экологияландыру және қоршаған ортаны басқару саясаты


Экологиялық саясат

Мемлекеттiң экологиялық саясаты өндiрiстi экологияландыруға бағытталған.
Қоршаған ортаны қорғау шешiлу нәтижесi экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ мемлекеттiң саяси және әлеуметтiк жағдайына ықпал ететiн, стратегиялық мiндет болып табылады. әлеуметтiк-экономикалық қайта өзгерістердiң күллi жетiстiгi қоршаған ортаны қорғау және табиғатты орынды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатқа тiкелей байланысты.
Республикада қоршаған ортаның жағдайы қанағаттанғысыз болып отыр әрi ауаның, топырақтың және судың ластануы халық денсаулығына керi әсер тигiзуде. Бұл факторларды өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың және ластанған ағын сулардың шоғырлана жиналуы едәуiр күшейте түсуде.
Елде ескiрген технологиялардың болуы ластайтын заттарды қоршаған ортаға тастаудың жақын арада азаймайтынын болжауға негiз болады.
Экономика салаларын қалпына келтiру мен дамыту ластанған заттарды қоршаған ортаға шығару мен тастау көлемiн бiр деңгейде ұстап тұрған кезде жүзеге асырылуы тиiс. Сондықтан өнеркәсiптi дамыту, қала құрылысы және басқа да ауқымды кез келген салалық бағдарламаны әзiрлеу кезiнде, оның қоршаған ортаға әсерiн бағалау мәселелерi қаралуы тиiс. Осылайша, қоршаған ортаны басқару жүйесiн жетiлдiретiн экономиканы экологияландыру жүзеге асырылуы тиiс.

Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның барабар қажетiне орай, табиғатты пайдалану процесiн реттеу үшiн, өндiрiстiң өсуi кезiнде қалдықтарды шығару, тастау және жиналу деңгейiн тұрақтандыру қажет әрi қарай осы шарттарды сақтай отырып, қоршаған орта объектiлерiн қалпына келтiру жөнiндегi нақты шараларды дәйектi түрде жүзеге асыру қажет. Бұл қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасын халықаралық талаптарға сәйкес келтiрудi сөзсiз талап етедi.

Экономика мен экологияның ортақ мүдделерiн барынша жақындата түсу үшiн экспорттық саясатты өзгерту, жоғарғы технологиялық өндiрiстердi дамыту, табиғи ресурстарды мейлiнше аз пайдаланатын, қоршаған ортаға мейлiнше аз залал келтiретiн өндiрiстердi құру қажет.

Экологиялық қауiпсiздiк проблемаларын кешендi түрде шешу үшiн қоршаған ортаны нормадан артық, ластайтын кәсiпорындар үшiн міндетті экологиялық аудиттi енгiзе отырып халықаралық стандарттардың ИСО сериясы 14000 және ИСО сериясы 9000 "Сапа менеджментiнiң жүйесiн" практикаға енгiзу қажет.

Қоршаған ортаны басқару жүйесi ИСО сериясы 14000 пайдалану табиғатты қорғау заңнамасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыруға, өнеркәсiп кәсiпорындарының экологиялық мiндеттемелерiн орындауға, нәтижесiнде импорт пен экспорт өнiмдерi бойынша көптеген проблемаларды шешуге байланысты ДСҰ-ға кiруге ықпал етедi.
Жоғары технологиялы өнiмдерге, тауарларға, қызмет көрсетулерге бағытталған экономикалық даму қоршаған ортаға салмақтың аз түсуiн қамтамасыз етедi.

Барлық экономикалық iс-әрекетте табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану принципi болуы тиiс. Қалдықсыз технологияларды мемлекет марапаттауы тиiс.

Әуе бассейнi. Республика қалалары әуе бассейнiнiң тым ластануы - ластаушылардың металлургия, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарының, автомобиль және темiр жол көлiгiнiң зиянды заттарды шығаруынан, сондай-ақ қоспаларды сейiлтетiн қолайсыз климаттық жағдайлардан туындап отыр.

Республика қалалары әуе бассейнiнiң ластануына автомобиль көлiктерiн пайдаланудың да үлесi аз емес.

Қоршаған табиғи ортаға керi антропогендiк әсердi болдырмау әрi оның күшiн жою, адамның қалыпты ө міp сүpуi ортасын жасау үшiн бiрiншi кезекте, елдегi экологиялық жағдайды шынайы, нақты және уақтылы бағалау қажет. Осындай жағдайда ғана табиғи орта сапасын реттеу жөнiнде негiзделген шешiмдердi қабылдау мүмкiн болады.

Ғаламдық әлеуметтiк сипаттағы қауiпсiздiк проблемалары мұнай өңдеу салаларында барынша айқын көрiндi. Адамзат баласы 1999 жылдың басында 90 млрд. тоннаға дейiн мұнай жақты. Бұл ретте мұнай өңдеу өнеркәсiбi өндiрiсте жаңартылмайтын шикiзат көздерiн пайдаланатынын, ол Жердiң биосферасын ҚОСЫМША күн сәулесiнен қорғаушы озон қабатының ыдырауына, булану әсерiнiң күшеюiне, Жердiң атмосфера қабатын ҚОСЫМША қыздыруға әкеп соғатынын атап өту керек.

Мұндай проблемаларды шешу бiрiншi кезекте шикiзатты үнемдi пайдалануға әкелетiн барынша қайта өңдеудi талап етедi. Қазақстан Республикасы Киото Хаттамасын бекiткен жағдайда, бу газдарының шығарындысына белгiленген квоталарды сату мүмкiндiгiне елге жол ашу бүгiнгi күнi нақты шындық деуге болады.

Су ресурстары. Республикадағы барлық су объектiлерiнiң сапалық жағдайы қанағаттанарлықсыз. Су объектiлерiне өндiрiстiң мұнай-химия, машина жасау салалары мен түстi металлургия кәсiпорындарынан шығарылған шайынды сулармен бiрге негiзгi ластанулар құйылады.
Қазақстанда бар ресурстарға және елдiң транзиттiк әлеуетiне көршi елдердiң өткiр мұқтажын ескере отырып, трансшекаралық суларды пайдалану проблемаларының кешендi ымыралы шешiмiн iздестiру қажет.
Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан аумағынан құйылатын өзен сулары бiздiң елдiң аумағына ластанып келедi. Осы елдердiң бiрде-бiрi Су ресурстарының трансшекаралық ластануы жөнiндегi конвенцияға қосылмаған. Осы елдермен екi жақты шарттарда бұл мәселелер жеткiлiксiз көрсетiлген, оған бiрлескен мониторинг және трансшекаралық су ресурстарының ластануын болдырмау жөнiндегi ереженi қосу қажет.

Қайтарылатын сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың көзi болып табылады, оларды кәдеге жарату мен тазарту шешiмiн тапқан жоқ. Қайтарылатын сулардың көлемi - 4, 0 шаршы км-дi құрайды, су қоймаларына қайтарылатыны - 2, 0 шаршы км-ден аспайды, қалған ағындар тарала ағады немесе жоғалады.

Су ресурстарын қорғау және тиiмдi пайдалану үшiн:
шетелдiк және отандық озық технологияларды, пайдалану ластанған суларды тазарту, сулардың тартылуын, қоқыстануы мен ластануын болдырмау жөнiндегi тәжiрибенi пайдалану;

қолдағы шаруашылық күшiн, кадрларды, жобалау және ғылыми әзiрлемелердi пайдалану;

суға аса мұқтаж өңiрлерде суды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамыту қарқыны мен көлемiн шектеу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы корпоративтік және саяси экологиялық саясат: экологиялық менеджмент, қалдықтарды басқару және заңнаманы экологияландыру
Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетіктері
Қазақстандағы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқару
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау: урбанизация, өнеркәсіптік ластану және қалдықтарды басқару
Адам және биосфера: қоршаған ортаны қорғау, табиғатты басқару және адам денсаулығы
Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздік: қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері мен басқару мәселелері
Биосфераға әсерді реттеу және экологиялық стандарттау: ИСО 14000 мен қоршаған ортаны басқару жүйелері
Табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік экологиялық сараптама
Қоршаған ортаны қорғау және тоқыма өндірісінің ластануын есептеу мен басқару шаралары
Құрылыс жұмыстарының қала экологиясына әсерін бағалау және қоршаған ортаны басқару принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz