ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ДАМУЫ


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ДАМУЫ Етістікті сөз тіркестерінің зерттелу тарихы . . . 7

1. 2 Сын есімді етістікті сөз тіркестері . . . 8

1. 3 Сан есімді етістікті сөз тіркестері . . . 12

1. 4 Үстеулі етістікті сөз тіркестері . . . 18

1. 5 Бағыныңқы сыңары септік жалғаулары арқылы байланысқан

етістікті сөз тіркестері . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34

КІРІСПЕ

Етістіктердің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелуі түркі негіз тілі дәуірінде басталып, кейбір іздері оның жеке тілдерге ыдырау дәуірінен кейін де жалғасады. Соның бір көрінісі - қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде-ақ жақтық қосымшалар етістіктер мен есімдерге бірдей жалғанады.

Тарихи-түркологиялық зерттеулер қазіргі тілдердегі етістік тұлғаларының арғы негізі қимыл есімдері деп дәлелдейді. Қимыл есімі атауы тарихи грамматикада шығу тегі, мерзімі жағынан бүкіл етістіктермен немесе етістік деп аталатын грамматикалық категориялармен бірге қалыптасқан топ деген мәнде қолданылады. Сөз тіркестерінде сөз таптарының жасайтын қызметі айрықша.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тілінде етістікті сөз тіркестері жан-жақты кеңінен зерттеліп, орныққан ортақ теория бар. Ал етістікті сөз тіркестерінің тарихи даму кезеңінде қандай қолданыста болды, қандай күйде кездестетіні толық ашылмаған. Осы айтылған мәселелер тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеудің нысаны. Жұмыста етістікті сөз тіркестерінің зерттелуі, сын есімді, сан есімді, үстеулі етістікті сөз тіркестері, бағыныңқы сыңарлары септік жалғаулары арқылы байланысқан етістікті сөз тіркестерінің дамуы жаңа қырынан айқындалады.

Зерттеудің тілдік материалдары. Зерттеу жұмысының тілдік материалдары көне және орта ғасыр жазбаларынан материалдар алынды.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында сипаттама, тарихи- салыстырмалы, топтау, талдау, әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының мақсаты - сөз тіркестерін жасауда етістікті сөздердің қызметін анықтау. Қазақ тіліндегі аталған сөздердің түрлену мүмкіндіктері мен шегін анықтау.

Бұл мақсатты шешуде төмендегідей міндеттердің орындалуы көзделді:

  • Етістікті сөз тіркестерінің зерттелуі;
  • Сын есімді, сан есімді етістікті сөз тіркестері, үстеулі етістікті сөз тіркестерінің дамуы мен қалыптасуын бағдарлау;
  • Бағыныңқы сыңары септік жалғаулары арқылы байланысқан етістікті сөз тіркестерінің дамуы.

Зерттеу жұмысының теориялық негіздері.

Зерттеу жұмысында Ф. А. Ғаниев, Е. Айманов, Р. Элейр, Т. Сауранбаев, т. б. ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды. Сонымен бірге тақырыпты игеру барысында А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, М. Томанов, Б. Сағындықұлы, Е. Ағманов, А. Салқынбай т. б. ғалымдардың еңбектері ғылыми-әдістемелік бағдар берді.

Жұмыстың жаңалығы. Етістікті сөз тіркестерінің көне дәуірдегі үлгілері мен қазіргі тіліміздегі қолданысының арасында дыбыстық, құрылымдық ерекшеліктері болмаса, айтарлықтай айырмашалақтар жоқтығы айқындалды.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні.

Етістікті сөз тіркестерінің жасалу жолы мен олардың қалыптасуы тарихын зерттеу нәтижелері мен тұжырымдамалары қазақ тілінің тарихи грамматикасы мен түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасына септігін тигізеді.

Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, бір тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ДАМУЫ

Етістікті сөз тіркестерінің зерттелу тарихы

Етістікті сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі етістік болады да, соның негізінде басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығын байқаймыз. Етістіктер мен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шылаулы есімдер тіркесе алады. Алайда бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сол сияқты, мағыналық қатынастарыда әр түрлі болып отырады. Толып жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте етістіктер мен есімдердің өзара байланыс түрі қабысу болады [1, 68] .

Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В. В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланысу формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екенін айтады [2, 200] .

Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек 1930 жылдардан бастап сөз бола бастады. Мұны ең алдымен А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов т. б. ғалымдарымыздың еңбектерінін айқын көруге болады. Ал Қ. Басымовтың «Сөйлем мүшелері туралы», «Пысықтауыш» т. б. мақалаларында тек бастауыш пен баяндауыштың қиысуын сөз еткені болмаса, басқа түрлеріне арнайы тоқталмаған.

Сөз тіркестері туралы мағлұмат мектеп грамматикаларында тек 1939 жылдан беріле бастады. Бұл ретте С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Т. Сауранбаев т. б. еңбектерін атауға болады. Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген С. Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды. 1940 жылғы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегінде сөз тіркестіріне арнайы тоқталғандығы белгілі.

Жалпы сөз тіркесіне арнайы еңбек жазып, орнығуына үлкен үлес қосқан М. Балақаев болды. Оның «Основные типы словосочетании в казахском языке» деген еңбегінде сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін т. б. мәселелерді көтерген болатын.

М. Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті етіп екіге бөліп, оның әрқайсысының өзіндік ерекшелігін, олардың басыңқы компоненті мен бағыныңқы компонентінің қандай сөз таптарынан болатындығын айтады [3] .

Сондай-ақ, профессор Т. Сайрамбаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері» атты еңбегінде сөз тіркестерінің күрделі формасының құрылымы, құрамы, еркшеліктері жайында сөз етілумен қатар, есімді күрделі сөз тіркетері мен етістікті сөз тіркестері тереңінен қарастырылып, толығымен ашылады [4] .

Жалпы осы күнгі түркі тілдерінде, қазақ тілі еңбектерінде зат есімдердің синтаксистік қызметі деген бөлімінде екі зат есім тіркесіп, алдыңғысы соңғысына анықтауыштық қызметте жұмсалады деп айтылғаны болмаса, сөз тіркесі тұрғысынан арнайы зерттеу болған емес. А. Ысқақов жалғаусыз зат есімдердің тіркесі туралы айта келіп, оның осы күнге дейін арнайы зерттеу обьектісі болмағандығын, қазақ тіліндегі күрделі мәселенің бірі екендігін сөз етеді [5] .

Профессор Р. Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» еңбегінде қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөз тіркестеріне арнайы тарау арнап, олардың құрамы мен құрылысы туралы сөз етеді. Есімді сөз тіркестерінің табиғатына баса назар аударады [6] .

Есімді сөз тіркестерінің тарихының зерттелуі туралы сөз еткенде ең алдымен М. Томановтың елеулі еңбегін айту керек. Оның «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» атты зерттеуі осы күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтқан емес [7] . Сондай-ақ, Е. Ағмановтың «Қазақ тілінің тарихи синтаксисі» зерттеуі өз кезеңінде болмасын, қазіргі кезеңде болмасын таптырмас зертеулердің бірі [8] .

1. 2 Сын есімді етістік сөз тіркестері

Етістіктермен қарым-қатынасқа түсіп, сөз тіркесінде бағыныңқы мүше құрамында сөз таптарының барлығы да жұмсала береді. Олардың ішінде атау тұлғада тұрып, орын тәртібі арқылы қабыса байланысатындары үстеулер (кеш келу, жоғары көтерілу, шапшаң сөйлеу), еліктеуіштер (сақ-сақ күлу, сыну) сын есімдер (жақсы оқу көңілді жүру), есімдіктер (кім айтты, анау айтты, мынау айтты) көмекші етістіктер (сүріне-қабына кіру) кейде зат есімдер де хат жазу, кітап оқу. Зат есімдер негізінен етістік сөздерге бағынып, сөз тіркесін құрағанда, оларға меңгеріле бағынады: барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірін қабылдайды (әрине етістік сөздің лексикалық семантикасына қарай, соның талғауына сәйкес) .

Сапалы сын есім есімдердің етістіктермен тіркесі ескі тілде де, жаңа тілдегі сияқты, олардың пысықтауыштық қызметте жұмсалғанда ғана мүмкін екенін атап айтқан қажет.

Жалпы сөз тіркесі құрамында сын есімдердің жұмсалу ерекшелігін және олардың семантикасын еске алғанда олардың етістікпен байланысып, сонымен тіркесіп келуін тарихи тұрғыдан сөйлем құрылысының ерекшелігімен соның құрамына ғана тән құбылыспен байланыстыру қажет сияқты.

Аналитикалық ойдың дамуымен байланысты қимылды әртүрлі сапалық жағынан сипаттап айту қажеттігі туған кезде қазіргі тілде үстеулер атқаратын қызметте ескі дәуірде сын есімдер қолданылғандығы сол тілдің фактыларынан байқалады. V-VIII ғасырларға қатысты ескерткіштер тілінде айқын қалыптасқан үстеулер жоқтың қасы. Бірақ сол қызметте, мәнде қолданылып қалыптаса бастаған сөздер бар. Оған көз жеткізу үшін ескерткіштер тілінің фактілеріне көз жүгірту қажет: қарағу эгүті үрғыл «қарауылды мықтап қой», қатығды сағындым «қатты қайғырдым» иұқа қалың болсар, тоблағұлық алп өрміс, йінчге йоған болсар, үзгілік алп эрміс. «жұқа қалың болса, топтағанда мықты болады, жіңшке жуан болса, үзу қиын болады. «Эдгүті», «қатығды» сөздері туынды, бірақ сөз тудырушы - ты, -ды қосымшасы ол кезеңде тап қазіргі біздің тіліміздегі сын есім жасайтын қосымшасы емес, одан мұның қызмет ауқымы әлдеқайда кең. Бұл бір кезде тілде еркін қолданыс тапқан қимыл есім формасы (қазіргі жедел өткен шақ формасымен негіздес) . Ал «қалың», «алып» сөздері қазіргі тіл құрамында кең қолданылатын сын есімдер екені айқын. Жоғарғы тіркестерді қазіргі қазақ тілі нормасына сәйкестендіріп, йоғын болсар - жуандаса, қалың болсар - қалындаса, үзгілік алп эрміч - үзу қиындайды, деп айтуға болар еді. Кічіг, үкүш сөздері - үстеу мәнінде қолданылған сын есімдер.

Олар басқа жағдайда зат есім шылауында атрибуттық қатынастағы есім сөз тіркесінің бағыныңқы компоненті қызметінде де жұмсалған ( үкүш кісі елтіг т. б. ) . Бұл жайлар мынадай байламға негіз болады: әдетте сөз тіркестері ыңғайында зат есімге қатысты айтылатын сын есімдер сөйлем құрамында ойға қатысына қарай логикалық екпінге орайласа орналасу арқылы етістіктермен де байланыста қолданылатын болған. Бұл бір жағынан, тіл құрамында жаңа синтаксистік топтың пайда болуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан сөздердің жаңа грамматикалық класының қалыптасуына жағдай жасады.

Сын есімдер мен үстеулердің тарихи жағынан, мұндай функциялық байланыстығы олардың семмантикалық ұқсастығына, ыңғайластылығына келіп тіреледі. У. К. Дмитревтің үстеуді «признак признака» деп анықтауы осыған меңзейді. Қазіргі тілде де кейде үстеу мен сын есімді ажырататын критерий ретінде олардың қандай синтаксистік қоршауда жұмсалуын негізге алу қажеттігі байқалады. Айталық, егер сөз көбіне есімге қатысты, сонымен тіркесіп қолданылса, сын есім ретінде ұғынылады да, көбіне етістікпен тіркесіп айтылатын болса, үстеу деп қарау қажет.

Қазақ тілінде бірнеше сөз табына ортақ болып келетін кейбір тұлғалардың бірде сын есім, бірде үстеу деп қаралуының өзі осы екі таптың тарихи төркіндерінің ұштасып жататындығына байланысты. -ын тұлғалы сөздердің біразы сын есім деп қаралады: «жатын» (жер), «жегін», «жайын», «бүтін», ал бірсыпыра осындай сөздер үстеулер тобына жатқызылып жүр: «астыртын», «үстіртін», «жасырын» т. б. Дұрысында осы сөздердің қайсысы да етістіктермен де, есімдермен де бір тіркесте айтыла береді, бірақ сын есім деп танылып жүргендер есімді тіркестер қарамағында жиы қолданылады да, үстеу деп танылып жүргендер етістік тіркестер құрамында жиі айтылады. Ал бұлардың синтаксистік қызметінің осы ерекшелігі екі түрлі грамматикалық топқа бөлінуінің басты өлшемі болып орнығып кетті.

Туынды сын есімдердің де етістікпен тіркесу қабілетіне ие болуы қашанда олардың синтаксистік қызметінің өзгеруінің байланысты болып келеді. Қатыстық сын есімдер (жұрнақ арқылы жасалған) сапалық сын есімдер де (адвербализацияланып) үстеу қызметінде жұмсалып не субстантивтеніп етістіктер жетегінде айтылуға икемді. V-VIII ғасыр жазбалары тілінде -сыз, -дақы тұлғалы туынды сын есімдердің етістіктер жетегінде айтылуы біршама жиі ұшырасады: Балықдақы тағықмыс, тағдақы інліс «қаладағылар көтерілді, таудағылар төмен түсті». Көгмен йір эдбідісіз қалмазуы. «Көгімен жері иесіз қалмасын». Сонымен қатар, сол ескерткіштер тілінде -тег қосымшалы сөздер де етістіктер жетегінде жиі қолданылған: қағын сүсі бөрі тэг эрміс, йағасы кон тғг эрміс. «Хан әскері бөрі дей еді., жауы қойдай еді». Орта ғасырлық жазбалар тілінде - ғы, -лы тұлғалы сын есімдердің етістіктермен тіркесіп қолданылуы ұшырасады: асғы булур «пайдалы болар», Йазықлы эрмен көргенімде «жазықты едім көргенімнен» [9, 22-23] . Туынды сын есімдердің етістікпен тіркесін жалпы шолып қарағанда, мынадай ерекшеліктер байқалатын тәрізді; ен алдымен, туынды сын есімдердің етістікпен тіркесі ойды саралап, мәңерлеп айтумен байланысты дамыған құбылыс болса керек. Бірақ туынды сын есімдердің барлығы бірдей бұл қызметте ие бола ламайды, мағыналық жағынан үйлесетіндері ғана етістіктер жетегінде үстеулік мән береді. Ескі түркілік -лығ қосымшалы туынды сын есімдер мұндай қызметте ұшыраспайды. Оның үстіне туынды сын есім топтарының етістіктермен тіркесуі бірден қалыптаса қалған заңдылық болмаса керек. Жоғарыда келтірілгендей, V-VIII ғасырға қатысты ескерткіштер тілінде туынды сын есімдердің кейбір тұлғалары ғана етістіктермен тіркесетін болса, кейбіреуінің мұндай синтаксистік қызмет атқаруы көбінесе XI-XIV ғасырға қатысты жазбалар тілінде ғана ұшырасады.

Жоғарыда V-VIII ғасыр жазбаларынан «балықдақы тағықмыс, тағдақы інміс» деген мысал келтірілді. Бұл жерде айрықша ескеретін жай -дақы тұлғалы сын есімнің бұл қолданысы субстантивизация құбылысын танытады. Ескі түркілік жазбалар құрамында сын есімдердің заттанып, септік жалғаулары арқыла етістікпен тіркесулері де ұшырасады. Күлтегін Аэман ақығ бініп. «Күлтегін Азман ағын мініп». Күлтегін Аз йағызын бініп. «Күлтегін Аз торысын мініп». Алтун йысығ йолсузын. «Алтын жердің жол-сызымен асып». Ертіс үчүзүг кечігсізін кендіміз. «Ертіс өзенінің өткелсіз жерінен өттік» (Күлтегін) . Ол сөзүн Христос бүгүн де айтар барча йазықлыларға. «Ол сөзін Христос бүгін де айтар барша жазықтыларға». Алайда ескі түркілік жазбалар тіліндегі сын есімдердің жаттануы, сөйтіп септік жалғауын қабылдап етістіктермен меңгеріле байланысуы аса көп таралған, қалыптасқан құбылыс деп қарауға болмайды. Қазіргі тілдегі сын есімдер мен меңгеру арқылы құрылған сөз тіркестері тілдің кейінгі дамуының, оның қолданыс мүмкіндіктерінің саралануынан, қолданылу шеңберінің кеңуінен деп қана түсінуге болар еді.

Пысықтауыштық қатынасты білдіретін сын есімді етістік сөз тіркестері -көне түркі жазбаларында ғана емес, қазіргі түркі тілдерінде де таралған модель. Мысалы: азерб . Сүкүт узун түрдү «тыныштық ұзаққа созылды»; башқ . Бик ауыр һәм озақ барзылар «аса қиналып және ұзақ жүрді»; тат . Купәрдән таш, кирпеш тояған машиналар бер туктаусыз узып торалар. «көпірден тас, қыш тиеген машиналар еш тынымсыз етіп жатады» т. б. Осының бәрі аналитикалық жолмен жасалған сын есімді етістік сөз тіркестерінің жалпы түркілік синтаксистік моделдер қатарына жататындығын көрсетеді. Осыны XVII ғасыр қазақ жазбалары материалдары да дәлелдейді.

Бұл кезде де сын есімдер зат есімдермен тіркесіп қана қоймай, етістіктермен де тіркесіп, я пысықтауыштық сөз тіркесін жасауға қатысқан, не болмаса күрделі баяндауыш құрамында жұмсалған. Қадырғали Қосымұлының кітабынан бірер мысал: Ұғлан биғаят аура, сахып жамал уа хүп сортлығ болды. Соңғы келіндин бү екі келун пәкизалырақ, көріклүкірәк түрор. Ол ішні үлұғ көрді. Хатун яшұрын иман келтірді. Бір күн Оғұз яшурун ол қызға айды. Осы мысалдардан байқалатын бір еркшелік көне түркі жазбаларында (V-VIII ғасыр аралығында) -лығ тұлғалы сын есімдер етістікпен тіркесіп кездеспесе, бұл ескерткіште осындай фактілер көрініс бере бастаған.

Қазіргі қазақ тіліндегі сын есімді етістік сөз тіркесінде бірқатар өзгерістердің болғандығы белгілі: лексикалы құрылымдағы өзгерістер, сөздердің контексте әр түрлі қоршауда кездесуі, басқа тілдердің әсері сын есімді етістік сөз тіркестеріне де сөз жоқ тиді.

Қазір осы модель бойынша жасалған күрделі сөз тіркесі біраз бар. Олардың күрделі компоненттерінің өзі әртүрлі формада көріне беретін болған: қосарланып келіп те, қатыстық сын есімдер негізінде де күрделі етістік сөз тіркестері жасала беретін болды. Мысалдар: әлгілер, қатты-қатты сөйлеп терезенің алдына келді де, бір кезде қақпаға қарай ығысты. Буын-буыным құрып безгекке ұшырағандай бойым қалтырай түсті. (Ә. Нұршайықов) .

Сын есімдердің етістіктермен тіркесу қабілеттілігінің артуына әртүрлі факторлардың әсері болды. Әдетте түсті білдіретін және «ыстық», «суық», «салқын», «жылы» секілді заттың табиғи сапасын білдіретін сын есім сөздері етістікпен тіркеспейтін, өйткені бұл сөздер белгілі топтағы заттардың ғана сапасын білдіретін. Кейін ойды көркемдеп білдіру мақсатымен халық осы сөздердің кейбіреуін ауыспалы мағынада қолдана бастайды, осыдан олар бұрын тіркеспейтін сөздермен, оның ішінде етістіктермен, тіркестіретін болды. Осыдан келіп «жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады» тектес оралымдар пайда болады. Осы арда ескеретін жай «жылы» сын есімін кез-келген етістік бағындыра алмайды: «жылы айтты» деуге келмейді, «жылы сөйлейді» дейміз. Оның себебі «сөйле» етістігінің зат есім негізді болуында. Осыдан «жылы» сын есімнің ең алдымен зат есімге тіркесіп қалыптасқанын, содан кейін сатылай келіп сол негізде өрбіген етістікке тіркесетін мүмкіндікке ие болғанын байқауға болады. Сонымен, бұл сөздің тіркесу қабілеттілігінің дамуы мына бағытта болса керек: «жақсы сөз» аналогы бойынша «жылы сөз» құрылымы пайда болған, содан бұл тіркестің басыңқы компоненті жұрнақ жалғану арқылы етістікке ауысқан да, «жылы» сөзі де сонымен бірге есім сөз тіркесі құрамынан етістік сөз тіркесіне өтсе керек: «жақсы сөз», «жақсы сөйле». Ал «салқын амандасты», «ыстық амндасты», «суық амандасты», «суық қарсы алды», «ыстық қарсы алды» тіркестеріндегі сын есімдердің тіркесу қабілетінің артуы басқаша. «Салқын амандасты» тіркесінің пайда болуын К. Мұсаев орыс тіліндегі «холодно поздоровался» тіркесінің қазақ тіліне дәлме-дәл аударылуынан деп түсіндіреді. Олай болса «ыстық амандасты», (горячо поздоровался), «суық қарсы алды», (холодно встретил), «ыстық қарсы алды», (тепло встретил, горячо встретил) тіркестерінің жасалуында осы негізде түсіндірген жөн болу керек [10, 111] .

Сын есімді етістік сөз тіркестерінде мынадай жайлар да болады: бұрын етістікпен тіркесе алмайтын сын есімдер күрделі сөз тіркесінің бағыныңқы компонентінің құрамында қолданыла келе, осы құрамдағы доминант сөздің түсіп қалуынан барып, келесі сөзбен тіркесу қабілетіне ие болады. Мысалы: «Батыс жақта жанған өрті тұтасып, қып-қызыл күреңденіп, түнгі аспанды едәуір белдеулеп кетеді» деген сөйлемдегі «қып-қызыл күреңденіп» тіркесінің пайда болуында осындай себеп бар. Өйткені түсті білдіретін сын есімдер етістік сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалмайды, егер олар етістікпен тіркесе қалса, синтаксистік құрылым ыңғайында емес, лексикалық единица құрау ыңғайында тіркеседі (қызыл күрңдену қара сұрлану, қара қошқылдану) т. б. «Қып-қызыл күреңденіп» тіркесіндегі бағыныңқы компоненттен «болып» сөзі түсіп қалған да, оның қызметін күрделі сөздің алдыңғы сыңары атқарған. Осыдан ол («қып-қызыл») «күреңденіп» етістігімен тікелей байланысатын болған, яғни «қып-қызыл болып күреңденіп», «қып-қызыл күреңденіп». Бұдан тілдік үнем заңының сын есімді етістік сөз тіркесінің дамуына алатын орны бөлек екенін көреміз. Бұл арада осы заңның әсерімен бірқатар өзгерістер болған: бұрынғы күрделі сөз тіркесі дара тіркеске ауысқан, көсемшелі етістік сөз тіркесі сын есімді етістік сөз тіркесіне айналған.

1. 3 Сан есімді етістік сөз тіркестері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
Сөз тіркесінің нормалық сипаты
Етістікті сөз тіркестері
Қабыса және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ҚАЛЫПТАСУЫ
Сөйлем мен сөз тіркесін оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің басыңқы сыңары: грамматикалық құрылымы және танымдық мәні
Ағылшын және қазақ тілдерінің байланысуы
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Сөз тіркесі жүйесінің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz