МАТАСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ, ОЛАРДЫҢ СЫҢАРЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . ……… . . . 5
1 МАТАСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ, ОЛАРДЫҢ СЫҢАРЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
1. 1 Түсіндірмелі сөйлемдердің ғылыми еңбектердегі сипаттамасы . . . 7
1. 2 Етістік, үстеудің бағыныңқы сыңарда жұмсалуы . . . 18
1. 3 Матаса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңары, оның жасалу жолдары . . . 20
1. 4 Есімдердің тәуелденуі . . . 22
1. 5 Әр түрлі тұлғалардың тәуелденуі . . . 25
1. 6 Күрделі басыңқы сыңарлар . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ … . . . 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30
КІРІСПЕ
Матасу деп сөз тіркесіне енген екі сөздің де біріне-бірі іліктес грамматикалық формалар алып байланысу амалы айтылады. Бұл формалар - ілік жалғауы мен тәуелдік жалғауы. Басыңқы сөз тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып, бағыныңқы сөз ілік септікті тұлғада тұрады. Сөз тіркесі анықтауыштық қатынасты білдіреді: көшенің жиегі, машинаның кабинасы.
Сөз тіркесіндегі екі сөздің формасы біріне-бірі ылғи қатысты. Тәуелдік формалы сөз, ілік формалы сөзді қажет етсе, ілік формалы сөз де тәуелдеулі сөзді тіркеске шақырып тұрады. Жалпы грамматикалық сипатына қарай матасып тіркескен сөздер өзара анықтауыштық қатынаста тұрады.
Матасып байланысқан сөз тіркестеріндегі бағыныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың, құбылыстың меншіктілік сапасын білдіреді. Матасып байланысқан сөз тіркестерінің бастапқы және негізгі мағынасы меншіктілік қатынас болғанмен, осыдан дамып шыққан басқа да мағыналық қатынастар көрініп тұрады. Матасып байланысқан сөз тіркестері білдіретін мағыналық қатынасты іштей былай саралауға болады:
1. Меншіктілік қатынас: інімнің кітабы, фермердің үйі.
2. Бүтін зат пен оның бөлшектерінің қатынасы: көлдің ортасы, пышақтың жүзі, етіктің қонышы.
3. Зат пен заттың арасындағы (релятивтік) қатыстық байланыс: желдің лебі, қылыштың жарасы т. т.
Бұл қатынастар тіркеске енетін сөздердің лексикалық мағыналарының ыңғайына қарай туады.
Матаса байланысу амалы екі түрде көрінеді: толық құрамда, толық емес (толымсыз) құрамда: колхоздың малы, колхоз малы. Сөз тіркесіне бағыныңқы сөз ілік жалғаусыз формада кіріксе, матаса байланысу амалының толық емес (толымсыз) құрамда жұмсалғаны. Матасудың толымсыз түрі толық түрінің негізінде қалыптасады,
Матаса байланысқан сөз тіркесінде грамматикалық амалдар толымсыз құрамда жұмсалғанда, тіркестегі сөздердің арасындағы қатынас негізінен басыңқы компоненттің тәуелдік формасынан көрінеді. Бірақ мұндайда анықтауыш компонент басьңқы сөзден жұбын жазбай қатар тұруға тиіс: көл жиегі - толған құрақ. Көлдің тік жағасы толған құрақ.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары есімді, етістікті бағыныңқы сөздердің байланысу формасына, тұлғасына қарап бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі - матаса байланысқан есімді сөз тіркестері. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы басыңқы сыңарларының зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, тұрақты тіркестерінінен жасалады. Сөз таптарының өзінің де қолданылуы әр түрлі. Мата байланысқан сөз тіркесі сыңарларының жасалуы мен қолданылуы жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің нысаны. Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы матаса байланысқан сөз тіркесі сыңарларының жасалуы мен түрлеріне талдау жасау.
Зерттеудің тілдік материалдары. Зерттеу жұмысының тілдік материалдары Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романынан алынды.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында сипаттама, тарихи- салыстырмалы, топтау, талдау, әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты - матаса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы, бағыныңқы сыңары қандай сөз таптарынан келетіндігін анықтау.
Бұл мақсатты шешуде төмендегідей міндеттердің орындалуы көзделді:
- Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларының есімді сөз таптарымен келуін талдау;
- Зат есімді, сын есімді, сан есімді, матаса байланысқан сөз тірестерінің жасалуын бағдарлау;
- Есімдікті, үстеулі матаса байланысқан сөз тіркестерінің жасалуын бағдарлау;
- Матаса байланысқан есімді сөз тіркестерінің жасалуы;
- Тұрақты тіркестердің бағыныңқы сыңарда жұмсалуы;
- Күрделі сөздердің басыңқы сыңарда жұмсалуы.
Зерттеу жұмысының теориялық негіздері.
Зерттеу жұмысында М. Балақаев, Т. Қордабаев, Т. Сайрамбаев, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов т. б. ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні.
Етістікті сөз тіркестерінің жасалу жолы мен олардың қалыптасуы тарихын зерттеу нәтижелері мен тұжырымдамалары қазақ тілінің тарихи грамматикасы мен түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасына септігін тигізеді.
Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, бір тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МАТАСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ, ОЛАРДЫҢ СЫҢАРЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
1. 1 Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларының жасалу жолдары
Матаса байланысқан сөз тіркестері, жалпы матасу деген термин тек 1949 жылдардан кейін ғана жеке алынып, өз алдына сөз тіркесінің бір байланысу формасы ретінде қалыптасты. Басқа байланысу формаларына қарағанда қалыптасуы жағынан матасу соңғы кезде ғана қолға алына бастады. Матаса байланысу формасы кейін қалыптасқанымен, ал оны жасайтын ілік, тәуелдік жалғауы, олардың қай сөз таптарына жалғануы тілде бұрыннан бар екені айқын.
Матаса байланысатын сөздер - ілік септікті сөздер мен тәуелдік жалғаулы сөздер. Матаса байланысатын сөздер көбіне есімді тіркес болады, себебі басыңқы сыңары тәуелдік жалғаулы сөз болады, яғни не зат есім, не заттанған басқа сөз табы болады. Матаса байланысатын сөздердің кейде бірінші, кейде екінші компоненттерінің жалғауы түсіп те айтыла, жазыла береді. Матаса байланысқан сөздердің компоненті көбіне екеу, кейде одан да көп болып келетіні белгілі.
Тілші ғалымдардың зерттеуіне қарағанда ілік жалғауы Орхон-Енисей жазба ескерткіштері тілінде де барлығы, ол кезде де меншікті білдіргендігі айқын. Профессор Т. Сайрамбаев өз еңбектерінде матаса байланысқан сөз тіркестерінің бірінші сыңары ретінде есімдер, етістіктер (есімше, қимыл есім т. б. ), тұрақты тіркестер, бар, жоқ сөздері, негізгі сөздер мен көмекші сөздер деп береді [1, 6] . Бұл ғалымдардың матаса байланысқан сөз тіркестерінің тек бағыныңқы сыңары туралы пікірлері десек, оның басыңқы сыңарларының да қай сөз таптарынан болуы нақтыланбағаны айқын. Ғалымдар матасудың бірінші сыңары қай сөз таптарынан жасалуына тоқталу барысында олар зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, тұрақты тіркестерді ғана келтірумен шектеледі. Саралай келсек, бұл топтың ілік жалғауында келуі жетімсіз. Бұл - бір. Екіншіден, мұндай топты ілік жалғаулы сөздер бағыныңқы сыңарда жұмсалады делінгенмен, әрбір сөз табының ішкі ерекшеліктерін, құрамын сөз етпей, тек осы сөз таптары ғана бағыныңқы сыңарда жұмсалады деп өткен. Әрбір сөз табының ішкі ерекшеліктері жан-жақты қарауды қажет етеді. Мысалы: зат есімдер жалқы есім, оның өзі антропонимикалық, топонимикалық болып келеді. Нақты зат есім мен абстракты түрлері, ал етістіктің есімше, қимыл есімі т. б. сияқты іштей морфологиялық топтарының жігі ашылмайды. Сөз таптарының өзінің де қолданылуы әр түрлі. Ондай ерекшелікті әр сөз табында қарастырып отыруды қажет етеді.
Есімдердің бағыныңқы сыңарда жұмсалуы.
Зат есімді бағыныңқы сыңар. Зат есім матаса байланысқан сөз тіркесінің бағыныңқы да, басыңқы да сыңарында өте көп жұмсалады. Өйткені зат есім - ілік септік жалғауында да, тәуелдік жалғауында да түрлене алатын сөз табы [2, 15] . Бағыныңқы сыңары зат есімді матаса байланысқан сөз тіркестерін төмендегідей топтауға болады:
1. Зат есім мен зат есімнің тіркесі - яғни бағыныңқы да, басыңқы да сыңары зат есімдер болып келеді. Мысалы: Әмірші ұлы шөлге келгелі бері оппа құмның осы бір обыр мінезінен назарын қанша алып қашса да, құтыла алмай-ақ қойды (5- бет) . Тасбақаның дауылы басылғаны таяуда ғана емес пе еді (5-бет) . Әумесер жел бұл мініп келе жатқан сары күймені де жер бетінен жұлып ап, төбесінде бедірейіп жатып алған сұп-сұр кеңістіктің әлдебір тұңғиығына жітіріп жібергісі келгендей, екілене жұлқылайды (6- бет) . Таңғалған кісінің жақсы мен жаманды таразылап жатар шамасы қайсы? (9- бет) .
Осы сөйлемдерде: құмның мінезі, тасбақаның дауылы, кеңістіктің тұңғиығы, кісінің шамасы - матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы да, басыңқы да сыңары зат есімдер. Бірақ ол зат есімдер әр түрлі. Оның ішінде әр түрлі мағыналы зат есімдер өзара сөз тіркесін құраған.
Зат есімнің бағыныңқы сыңарда жұмсалуында өзіндік ерекшеліктер де баршылық. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде ең көп қолданылатын - зат есімдер [3, 23] . Өйткені барлық сөз табының ішіндегі септелуге бейімі де - осы зат есім.
Зат есімдердің ілік жалғауда бағыныңқы сыңарда жұмсалуының өзіндік ерекшеліктері де бар. Ол, ең алдымен, зат есімнің грамматикалық категорияларымен байланысты. Зат есімдегі осы ерекшеліктер, олардың сөз тіркесін құрауына да әсері мол болмақ.
Бағыныңқы сыңары жалқы есім де, басыңқы сыңары жалпы есімдер арқылы болуы. Мысалы: Жердің беті қызыл-жасыл құлпырып, гүл-гүл жайнап шыға келгенде, пенделер оны бұндай көз тойдырар көрікке бөлеп жүрген өзіміз ғой деп ойлайды (21-бет) . Біраздан соң Жаппардың сөзіне не қашқанын түсініп қалғандай бас шебер мұнараның басына өзі шықты (107- бет) . Қызметші әйелдің беті бүлк етер емес, дастарқанды реттеп болды да, басын иіп, тағзым еткен күйі жұп-жұмыр бөксесіне сарғыш шытыра көйлектің етегін бүлк-бүлк тепкілетіп, тек әйел ғана ойлап таба алатын бір әдемі әзәзіл жүріспен есікке жылысты (29- бет) .
Бағыныңқы да, басыңқы да сыңарлары жалпы есімді зат есімдер мұндай сөз тіркестерінің бүтіндей негізін құрайды деп айтуға болады. Мысалы: Ханым арманындай әсем мұнараны салып жатқан шебердің әр саусағын сүюге әзір (138-бет) . Әмірші кемпірдің әлгі әңгімесінің миына кірмейтін шым-шытырық шытырман бірдеңе тыңдағандай, басы мен аяғын таба алмай, дал болып отыр (164-бет) . Тулармен көзге түскен онбасы, жүзбасылардың қыл құйрық нысана найзалары да шашақтарын желге сылап желк-желк етеді (27-бет) . Осы сөйлемдердегі матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары да, басыңқы сыңарлары да - деректі жалпы есімдер.
Кейде осы құрамды сөз тіркестері тек дара түрінде ғана емес, олар түрлі себептермен бағыныңқы сыңардағы зат есімдердің әр түрлі құрамда келуіне сәйкес күрделене түсетіні де баршылық. Осы күнгі зерттеу жұмыстарында ілік жалғаулы бағыныңқы сыңардағы зат есімдер көбіне бір жақты, яғни тек деректі зат есімдердің ғана жұмсалуы сөз болып жүр. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарында деректі зат есімдермен қабат дерексіз (абстракт) зат есімдердің де жұмсалатынын тек Е. Ағманов еңбектерінде ғана алғаш сөз болады. Дерексіз зат есімдерге мына сөздер жататыны белгілі: реніш, арман, батырлық, зеректік, ар, тәсіл, ақыл, шыдам, ой т. б. Осы зат есімдер де деректі зат есімдер сияқты септеледі: ақылдың кені, батырлықтың өзі, ойдың жүйесі, арманның орындалуы. Олай болса матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы да, басыңқы да сыңарларына дерексіз зат есімдер де қатысады деп білеміз. Мысалы: Көктемнің майда самалындай әлдебір майса сезімнен мұның жанында пәлен жылдан бері тапжылмай жатып алған қаттылық пен қатыгездіктің меңіреу тоңы біртіндеп мүжіле түскендей (41- бет) . Қақсал кемпір ханымның биліктің дәмін түсіне бастағанын аңғарып, ішінен қыбы қанып, бұрынғы-бұрынғы ма, енді ауыр денесін асықтай үйіріп, шұнаңдап кетті (119-бет) .
Зат есім матаса байланысқан сөз тіркесінің құрамында тек дара түрінде ғана емес, күрделі құрамда да кездеседі. Зат есімді мұндай сөз тіркестерінің күрделенуі әрі басыңқы, әрі бағыныңқы сыңарлары жағынан да айқын байқалады [4, 35] .
Бағыныңқы сыңардың күрделенуі:
- Жалқы есімдердің күрделі түрде келуі арқылы: Мысалы: Алмас ханның бар назары шаһар үстіндегі шалқар аспанға асқақтай бой көтерген жаңа мұнарада (14-бет) . Және бұл жолының ақ болуына Ақсақ Темірдің жәрдеміне қатты сенген (26-бет) . Ол енді жұртпен бірге ауланың ішіндегі қағбаны салған Ыбырайым пайғамбардың қабіріне барып тағзым етті (187-бет) .
- Күрделі атаулардың ілік жалғауда келуі арқылы: Ұлы Әміршінің кейде қарауындағылардың оп-оңай нәрсеге қайтып ақылдары жетпейтініне қайран қалатыны бар (16-бет) . Жаратқан иенің туралап жіберген ажалынан да өзі арашалап қалғанына қарағанда, бұдан бір түбегейлі шешім күтетін тәрізді (196- бет) .
Кейде ілік жалғауының түсіріліп, тәуелдік жалғауы арқылы құралған изафеттің II түрі сол тобымен ілік жалғауы арқылы да бағыныңқы сыңардың күрделі түрін жасайды. Мысалы: Міне, сары ала күйменің ішінде отырып, көз салғанының өзінде жанарын пышақтай кескілеп келе жатқан кесір құм мұның талай борбайын осқылап, табанын күйдірмеп пе еді (7-бет) . Мінекей, алдында күн батыстың талай елінің қазынасында жатқан алтын мен асылды теңдеп ап, тау-тау шағылдардың жып-жылмағай көбесін омыра опырып, балп-балп басып бара жатқан пілді алғаш көрген адам, «бұл жақсы хайуан ба, жаман хайуан ба» деп бас қатырып жата ма? (9 -бет) .
Кейде ілік жалғаулы зат есімдердің құрамында анықтауыштық қызметте жұмсалатын сын есім, сан есім, есімдік сөз таптары мағыналық бірлікте олардың ажырамас бөлшегі ретінде тұрып, бағыныңқы сыңарларды күрделендіруші қызмет атқарады: Мысалы: Бас шебердің солқылдақ жеңіл арбасы бас уәзір отырған ақ сарайдың қақпасының алдына кеп тоқтады (72- бет) . Мың сан тұяқтың саздауыт жерді шегелеп басқан қуатты дүсірі мен даңғырлаған дабылдан Байтақ шаһардың барша күмбездері мен мұнаралары байлаудағы тұлпардай арқасы қозып жер тарпып тұрғандай, күллі дүние тітіреп кетті (14-бет) . Осы сөйлемдерде мынадай күрделі бағыныңқы сыңарлар бар: бас шебердің арбасы, байтақ шаһардың күмбездері . Осы сөз тіркестері негізінде: шебердің арбасы, шаһардың күмбездері болып та айтыла беруі керек, бірақ кейде осындай матаса байланысқан сөз тіркестерінде өзіндік мағыналық үйлесімділіктің онша бола бермейтініне байланысты сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңардағы ілік жалғаулы зат есімдерге сан есім, сын есім, есімдік сөздерінің түйдектелуі арқылы үйлесімді күрделі матаса байланысқан сөз тіркестері құралады.
Міне, осы пікірлерге қарағанда зат есімнің матаса байланысқан сөз тіркестерінің құрамында дара да, күрделі де түрлері, іштей бірнеше ерекшеліктерімен сөз тіркесі сыңары бола алады екен. Сол сияқты осы басыңқы сыңарлар сөйлемде бірыңғай да келе береді.
- Ілік жалғаулы зат есімдер ортақ ілік жалғауы арқылы басыңқы сыңарда мен, пен жалғаулықтары арқылы байланысады. Мысалы: Әлде, бір апта бойы ұлы құмның ішінде қыс пен көктемнің өліарасы - Бесқонақтың дауылына тап боп, әбден титықтап қажығанынан ба (10- бет) .
- Бірнеше ілік жалғаулы бағыныңқы сыңардың бір басыңқыға ортақ келуі арқылы: Мысалы: Көшенің екі бетіндегі кең жаймаларда қытайы жібек, күнге шағылысқан әр алуан асыл тас, алтын, күміс, былғары мен шұға, аң терілері, шартараптың саудагерлері әкелген ірілі-ұсақ бұйымдар ыбырсып жатыр, жылы самсаның , кепкен мейіздің , буы бұрқыраған ыссы палаудың , сексеуілдің шоғына шыжғырған кәуаптың ию-қию иісі мұрын жарады (13- бет) .
- Кейде матаса байланысқан сөз тіркестерінің сөздері бірыңғай келе береді. Мысалы: Бұрын тасбақаның дауылы мен қазанның кірісінде жолға шықпаушы еді (25- бет) .
Кейде бір бағыныңқы сыңарға бірнеше басыңқының тіркесіп келуі арқылы ондай сөз тіркестері құрала береді. Мысалы: Өлтіріп-өшіріп, күйдіріп-жандыратын оның шоғынан гөрі шуағы , естен тандырар сиқыр күлкісінен гөрі кісі қиып кете алмастай жұмсақ нұры мол, ұялшақ, биязы, махаббатқа адал әйелдердің түр-түсі әдетте солай келеді деседі (42- бет) .
Кейде көмекші сөзді ілік жалғаулы сөздерді тек ілік жалғауына қарап ажыратудың орнына мағыналық жағына да баса назар аудару қажет болады. Мысалы: Тіпті, қасына дейін ағарғанын айтсайшы. Осы сөйлемде қасына дейін барыс жалғаулы зат есім мен дейін шылауының түйдекті түрін қай сөйлем мүшесіне жатқызу ойландырады. Осы күнгі әдебиеттерде шылау арқылы келген сөздердің бәрі де тек пысықтауыш сөйлем мүшесі делініп келгені белгілі. Бірақ мына сөйлемдегі қасына дейін түйдекті тіркесі бұл сөйлемде пысықтауыш бола алмайды. Екіншіден, соңғы кезде дейін, шейін шылауларының активтену процесі арқылы, ондай құрамды түйдекті тіркестері сөйлемде әрі бастауыш та, әрі толықтауыш та қызметінде жұмсалуы проф. Р. Әмір, Т. Сайрамбаев еңбектерінде сөз болып жүргені белгілі. Ал енді ол пікірлерге саятын болсақ, онда бұл түйдекті тіркесі пысықтауыш сөйлем мүшесі бола алмайтын болса, онда енді не бастауыш, не толықтауыш мүшелердің біріне жатқызуға бола ма? Дәл осы сөйлемдегі қасына дейін түйдекті тіркесінің байланысатын сөзіне назар аудару да қажет. Өйткені ондай тұлғалы сөздер пысықтауыш, толықтауыш қызметінде жұмсалған кезінде баяндауышқа қатысты жұмсалуы тиіс. Мысалы: үйге дейін барды, үйіне дейін біледі. Дәл осы сөйлемдегі қасына дейін бұл сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалып тұрған айтсаңшы етістігіне еш қатысы жоқ. Ол сөздер тек ағарғанын сияқты толықтауышқа қатысты жұмсалған. Әрине ағарғанын сөзінің заттанып барып қана толықтауыш болып тұрғаны да айқын. Ол есімшелі етістік алдымен тәуелдік жалғауының III жағында келуі арқылы өзіне қасына дейін түйдекті тіркесін қажет етіп отыр. Олай болса, бұрын мұндай құрамды сөздер сөйлемдегі мағынасына ғана қарап бірде пысықтауыш, бастауыш, толықтауыш деп келген еді. Енді бұл құрамды сөздің осы ерекшелік негізінде тіпті анықтауыш қызметіне де ауысу процесі белгілі болып отыр. Олай болса, дәл осы тұрысында бұл түйдекті тіркесі ілік септігінің қызметінде жұмсалған да, сол себепті енді осындай тұлғалы анықтауыш сөйлем мүшесі жасалған. Бұған қарағанда дейін шылауы арқылы анықтауыш сөйлем мүшесі де жасалады деген қорытындыға келуге болады. Ал байланысу формасына қарап қасына дейін ағарғанын сөз тіркесін матаса байланысқан сөз тіркесі деп берген жөн. Бұлардың бәрі бағыныңқы сыңарлары тек зат есім арқылы құралған сөз тіркестері, олардың ерекшеліктері болса, енді зат есім қатысты сөз тіркестерінің екінші бір ерекшелігі де анықталуы тиіс. Ол мынадай: ілік жалғаулы бағыныңқы сыңардағы зат есімдердің басыңқы сыңары үнемі зат есім бола бермей, басқа да сөз таптары болады. Әрине, ондай сөз тіркестері әр түрлі сөз таптарының тіркесі тұрғысынан, басыңқы сыңардың қай сөз таптарынан және қандай тұлғада келуіне негізделетіні белгілі. Әрине, бұл жерде біз тек бағыныңқы сыңарды ғана сөз етіп отырмыз. Енді бірер сөзбен бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңардың қай сөз таптарынан болатынын бірер мысалдармен ғана көрсетеміз.
1. Жан-жануар болып жаралғанның сұлуы екен (Ғ. Мүсірепов) .
2. Он шақты саулықтың үшеуінің қозысы өліпті, ақ қара бас саулықты қасқыр жеп кетіпті (Ж. Аймауытов) .
3. Бүгін сол елдің бәрі де киіз үйлерін жығып, жүктерін қораға тасып, жылы үйлеріне қауырт кіріп жатқан (М. Әуезов) .
4. Таңертеңнен елдің ағылатынын білмеген, күтпеген ұлықтар, жәрмеңкеге бүгін ерекше көп елдің келіп қалғанын түске тақағанда ғана байқап еді (М. Әуезов) . Осында бірінші сөйлемнің басыңқы сыңары сұлуы сын есім, екінші сөйлемнің басыңқы сыңары үшеуі сан есім, үшінші сөйлемнің басыңқы сыңары бәрі есімдік, төртінші сөйлемнің басыңқы сыңары келіп қалғаны, ағылатыны етістік екені белгілі. Әрине сын есім, сан есім, есімдіктердің ондай басыңқы сыңарда жұмсалуы онша ой сала қоймағанымен, етістіктердің ішінде көбіне қимыл етістігі мен есімше тұлғасында жұмсалатыны айқын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz