СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ҚАЛЫПТАСУЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Сөз тіркесінің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Матаса байланысқан сөз тіркестерінің тіл білімінде қалыптасуы мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3 Қазақ тіліндегі меңгеру байланысу формасының берілу дәрежесі ... ... ... ..15
1.4 Қабыса байланысу формасы туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
1.5 Жанаса байланысқан сөз тіркестерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... 25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...29
КІРІСПЕ
Сөздің, сөз тіркесінің табиғи жұмсалу айналасы, өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың өмір сүру қызметі сөйлем ішінде жүзеге асады. Сондықтан сөз тіркесі сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі. Сөз тіркесі екі сөздік форманың арасындағы синтаксистік қатынасты білдіреді. Бұл оның жеке сөзден құрылымдық ерекшелігін көрсетеді. Ал қызметі жағынан алғанда ол сөзбен бірдей: екеуі де атауыштық қызмет атқарады. Бірақ сөз заттың, құбылыстың, сапаның атауы болса, сөз тіркесі сондай номинативті атаулардан құралған синтаксистік топ. Демек, айырмашылығы - сөз тіркесі заттар мен құбылыстардың сапа, белгілерімен қоса алғандағы кең де нақтырақ түрдегі атауын білдіреді. Мысалы: алма - қызыл алма, піскен алма; жапырақ - қайыңның жапырағы, еменнің жапырағы. Қимыл-күйді де оның қосымша жағдайларымен (мекенімен, мезгілімен, объектісімен) ашып, дәлдеп атап көрсетеді: үйге келу, бүгін келу, поезбен келу.
Сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығын көрсететін белгілері де бар. Ол - пікірді, ойды білдіретін коммуникативтік тұлға емес, сондықтан онда предикативтік мағына, интонациялық аяқталғандық болмайды. Сонда лексика-грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне-бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептелінеді.
Жұмыстың өзектілігі. Тіл - стильдің жаны. Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік қолданысы бар. Көптеген халыққа танымал ірі қаламгерлердің үлкенді-кішілі атақты шығармаларын қолға алып үңіле түссең-ақ, кімнің шығармасы екенін айнытпай айтуға болады. Әдемі өрнек, сұлу сөзге тұнып тұрған, ұзын сонар ширатылған ойды көркемдеген Әуезов сөйлемдерін, өлең жолдарындай өзара ұйқасын тауып, үйлесіп, төгіліп тұратын артық деп бір сөзін де алып тастауға көнбейтін Аймауытов сөйлемдерін, есте ұстауға ерекше икемді, қысқа әрі нұсқа, әрбір кейіпкерін өмірдің өзінен ойып алған Майлин сөйлемдерін ешкіммен шатастыруға болмас. Қандай да бір жазушы болмасын оның шығармашылығына қойылатын басты талаптардың бірі - сөз саптау тұрғысынан өзгеге ұқсамайтын, өзгені қайталамайтын ерекшелігінің болуы. Мұның өзі жазушының өз қолданысына жекелеген сөздер жасауына, сөздерді сөйлете білуіне, сөзбен сурет сала білуіне, сөз мағынасын жаңа қырымен жарқырата қолдана білуіне байланысты. Бұл туралы жазушы Ғ.Мүсірепов былай дейді: Сөз сөзге жарыған да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады. Біріне-бірі жарығын түсіріп тұратын сөздерден құралған сөйлем айтайын деген ойыңды оқушыға діл жеткізеді. Бұл арада ерекше ескеретін бір нәрсе - әр сөздің ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы, ең үлкен арман осында. Біріне-бірі көлеңкесін түсіріп тұратын сөздер өз мағынасын дәл баспай, екі оқты болып ауытқып шығады [1,53].
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты сөз тіркестерінің жасалу жолдары мен олардың құрамының сөз таптарына қатысы тұрғысынан тілдік талдау жасау, олардың көркем мәтінде қолданылу қызметін көрсету. Жұмыста мына міндеттерді шешу көзделді:
- матаса, меңгеріле, қабыса және жанаса байланысу амалдарының қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы мен қалыптасу кезеңдерін анықтау;
- матаса, меңгеріле, қабыса және жанаса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы және бағыныңқы сыңарларының ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыс материалдары. Зерттеу жұмысында ғылыми-көпшілікке арналған еңбектер, оқулықтар мен ғылыми журналдар пайдаланылды. Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық тұғыры ретінде қазақ тіл білімі мен орыс тіл біліміндегі сөз тіркесі саласына қатысты тұжырымдар, соңғы ғылыми зерттеулерде кездесетін пайымдаулар басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеу жұмысында тілдік деректерді жинақтау, топтастыру, жүйелеу, ғылыми тұжырымдарды салыстыра сипаттау, компоненттік талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы. Зерттеу қорытындылары мен тұжырымдары тіл білімінің синтаксис, стилистика пәндерінен оқытылатын теориялық және тәжірибелік дәрістер мен арнайы курстар және арнайы семинарларда пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бір тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
1 СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Сөз тіркесінің мазмұны
Қазақ тіл білімінің зерттеле бастағанына (түркология құрамында) бір жарым ғасыр болса да, синтаксис саласында 1950 жылдарға дейін тек сөйлем синтаксисі ғана айтылып келген. Орыс тілінің синтаксисінде В.В.Виноградов еңбектерінің негізінде сөйлем синтаксисімен бірге сөз тіркесінің де ғылыми негізі жасалды. Осыған орай түркі тілдерін зерттеуші орыс ғалымдары да осы бағытты әрі қарай дамытты.
Қазақ тілінде сөз тіркесінің зерттелуі М.Балақаев есімімен тығыз байланысты. Автор қазіргі қазақ тілі синтаксисіне сөз тіркесінің ғылыми негізін қалыптастырды. Бұл ғылыми жаңалықты кеңестік аймақтағы басқа түркі тілдері де басшылыққа алып, өзіндік тілдік ерекшеліктері негізінде әрі қарай дамытты.
Жалпы тіл білімінде сөйлем синтаксисіне қарағанда сөз тіркесі синтаксисі кейін қалыптасты. Дегенмен қазақ тілі мен басқа түркі тілдеріндегі сөз тіркесі мәселесі ғылымда соңғы кезде ғана сөз болғанымен, славян, үндіевропа тілдерінде сөз тіркесі ертеден сөз болып келе жатқаны белгілі. Сөз тіркесі қазақ тіл білімінде XIX ғасырдың соңына қарай орыс ғалымдарының ішінде тек П.М.Мелиоранский еңбегінде аздап ғана сөз бола бастады [2, 7-9]. Ол кезде синтаксистің зерттеу нысандары нақты көрсетілмеген болатын. Дегенмен автордың ғылыми тұжырымдары мен ойларында сөйлем синтаксисімен бірге ара-тұра сөз тіркесінің де мәселелері сөз болып қалады.
Қазіргі кезде сөз тіркесі синтаксистің үлкен бір саласы дәрежесіне көтеріліп, оның өзінің:
- байланысу формалары;
- байланысу тәсілдері;
- синтаксистік қатынастары;
- түрлері - сияқты нысандары айқындалды.
Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В.Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланысу формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екенін айтады.
Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек 1930 жылдардан бастап сөз бола бастады. Мұны ең алдымен А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов т.б. ғалымдарымыздың еңбектерінін айқын көруге болады. Ал Қ.Басымовтың Сөйлем мүшелері туралы, Пысықтауыш т.б. мақалаларында тек бастауыш пен баяндауыштың қиысуын сөз еткені болмаса, басқа түрлеріне арнайы тоқталмаған.
Сөз тіркестері туралы мағлұмат мектеп грамматикаларында тек 1939 жылдан беріле бастады. Бұл ретте С.Аманжолов, С.Жиенбаев, Т.Сауранбаев т.б. еңбектерін атауға болады. Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген С.Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды. 1940 жылғы Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы деген еңбегінде сөз тіркестеріне арнайы тоқталған.
Жалпы сөз тіркесіне арнайы еңбек жазып, орнығуына үлкен үлес қосқан М.Балақаев болды. Оның Основные типы словосочетании в казахском языке деген еңбегінде сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері, байланысу амалдары мен тәсілдері, есімді, етістікті сөз тіркестерін т.б. мәселелерді көтерген болатын.
М.Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті етіп екіге бөліп, оның әрқайсысының өзіндік ерекшелігін, олардың басыңқы компоненті мен бағыныңқы компонентінің қандай сөз таптарынан болатындығын айтады [3].
Сондай-ақ, профессор Т.Сайрамбаевтың Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері атты еңбегінде сөз тіркестерінің күрделі формасының құрылымы, құрамы, ерекшеліктері жайында сөз етілумен қатар, есімді күрделі сөз тіркестері мен етістікті сөз тіркестері тереңінен қарастырылып, толығымен ашылады [4].
Жалпы осы күнгі түркі тілдерінде, қазақ тіл білімі еңбектерінде зат есімдердің синтаксистік қызметі деген бөлімінде екі зат есім тіркесіп, алдыңғысы соңғысына анықтауыштық қызметте жұмсалады деп айтылғаны болмаса, сөз тіркесі тұрғысынан арнайы зерттеу болған емес. А.Ысқақов жалғаусыз зат есімдердің тіркесі туралы айта келіп, оның осы күнге дейін арнайы зерттеу обьектісі болмағандығын, қазақ тіліндегі күрделі мәселенің бірі екендігін сөз етеді [5].
Профессор Р.Әмірдің Жай сөйлем синтаксисі еңбегінде қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөз тіркестеріне арнайы бөлім арнап, олардың құрамы мен құрылысы, түрлері туралы сөз етеді. Есімді сөз тіркестерінің табиғатына мен жасалу жолдарына баса назар аударады [6].
Есімді сөз тіркестерінің тарихының зерттелуі туралы сөз еткенде ең алдымен М.Томановтың елеулі еңбегін айту керек. Оның Қазақ тілінің тарихи грамматикасы атты зерттеуі осы күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтпаған еңбек болып саналады [7]. Сондай-ақ, Е.Ағмановтың Қазақ тілінің тарихи синтаксисі зерттеуі - өз кезеңінде де, қазіргі кезеңде де таптырмас зерттеулердің бірі [8].
Синтаксистің негізгі салаларының бірі - сөз тіркестері. Өйткені тілдің атқаратын қызметі - адам ойын бір-біріне жеткізудің, адамдар арасындағы қатынастың құралы болу қызметі - сөздердің бір-бірімен байланысының, тіркесіп барып сөйлем құраудың нәтижесінде ғана іске асады. Өзара сабақтаса байланысқан, әрқайсысы дербес лексикалық мағынаға ие кем дегенде екі не одан да көп сөздердің тобынан құрылған синтаксистік бірлік сөз тіркестері деп аталады. Сөз тіркесі де сөз тәрізді қолданылады. Жалпы сөз лексикологияның, семасиологияның, сөзжасамның, морфология мен синтаксистің нысаны екендігі белгілі. Егер сөз сол тілдік салалардың барлығына да қатысты десек, сөз тіркесін құраудың да басты тірегі болып саналады. Сөйлемде үнемі жекелеген сөздер ғана емес, тіпті тұрақты тіркестер, күрделі терминдер де сол сөз сияқты өмір сүреді. Сонда да сөз де, тұрақты тіркес, күрделі сөз де сөйлемде қолданысы жағынан ұқсас. Олай болса бұл топтар - сөйлемге негізгі тірек. Әрбір сөз сөйлемде өзі мағыналас сөздермен өзара сөз тіркесін құрайды, сол топтардың жиынтығы сөйлем құраудың негізі болып табылады. Сөз тіркесінің сөйлемнің іргетасы болуының өзі оның ажырамас бір бөлігі ретінде қолданылатынын, әсіресе сөйлемнің ойды білдірудегі алғышарты сөз тіркестері арқылы жүзеге асатынын көрсетсе керек. Мұның өзі сөз тіркесінің тек сөйлемде жұмсалатындығының негізгі шарты, негізгі міндеті. Мына жайды еске алған жөн. Сөйлем үнемі бірнеше сөз тіркесінен құрала бермейді. Сөйлем жеке сөзді де, екі сөзді де бола береді. Әрине, ол сөйлемнің негізгі құрылымдық ерекшелігінен туады, жалпы сөз де, сөз тіркесі де бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста келіп, тек сөйлем ішінде сөйлем құрауға негіз болады. Сонымен, сөйлемдегі сөз тіркесінің қалыптасуының өзі сол сөйлемді құрайтын әрбір сөздің келесі бір сөздермен қарым-қатынасының, мағыналық бірлігінің негізінде айқындалады. Сөйлемдегі сөздер дара-дара, дара сөз бен күрделі сөз немесе сөз бен күрделі сөз болып келеді. Күрделі тіркес пен тұрақты тіркес те басқа сөздермен мағыналық байланысқа түсіп, сол тобымен бір ырғақты топ құрай келіп, сөз тіркесінің де, сөйлемнің де құрамын кеңейтеді. Бұдан шығатын қорытынды-сөйлем үнемі тек сөз тіркестерінен құрала бермейтін де жайттар бола береді.
Сөз тіркесі-синтаксистік бірлік. Сөз тіркесі сөйлем жасаудың негізгі ергетасы болуының өзі синтаксистің бір саласы ретінде жұмсалатынының белгісі. Орыс тіл білімінде сол сияқты түркологияның алғашқы қалыптасу кезінде де сөз тіркесі айтылып келді. Бірақ сөз тіркесі бірде жай сөйлемнің синтаксисінде, кейде жай сөйлем сөз тіркесінің бір түрі ретінде қарастырылып келді. В.В.Виноградов еңбектерінен бастап сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің негізгі нысаны ретінде қарала бастады да, сол кезден осы күнге дейін орыс тіл білімі жайлы еңбектердің барлығында синтаксистің басты зерттеу нысаны ретінде сөз тіркесі және сөйлем деп берілу негізгі бағыт болып отыр.
Сөйлемдегі сөздер сабақтаса және салаласа байланысады. Тіл мамандары арасында сөздердің сабақтаса байланысын сөз тіркесіне жатқызу туралы пікірталасы болмаса керек. Соңғы кезде сабақтаса байланысқан топпен бірге салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады. Егер сабақтаса байланысқан сөз топтары құрамындағы сөздердің біріне-бірі бағына байланысып, олардың синтаксистік қызметі мен мағыналық тобы, әр түрлі сөз таптарынан жасалуы сөз болып келсе, салаласа байланысқан сөздер тобын сөз тіркесі дейтін ғалымдар: олар тең дәрежеде әрі жалғаулы, әрі жалғаусыз болады деп, Балжан мен Айжан, мұғалім мен оқушы, ащы мен тұщы, әрі оқиды, әрі жұмыс істейді сияқты екі сыңары да бір ғана сөз таптарынан жасалған топты жатқызады. Сөз тіркесі салаласа да байланысады деген тұжырымды ұсынушылар сөз тіркесін басқаша түсінеді. Сөз тіркесі тек сабақтаса байланысады. Сөзде ондай тіркесу нәтижесінде жаңа грамматикалық мағыналар, атап айтсақ анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынастар пайда болады. Сол мағыналар тек сабақтаса байланысқан сөздерде ғана пайда болады, тіркес құрамындағы сөздер біріне-бірі бағынады. Тек сабақтаса байланысқан сөз тіркестері арқылы сөз тіркестерінің заңдылықтары жан-жақты айқындалады.
0.2 Матаса байланысқан сөз тіркестерінің тіл білімінде қалыптасуы мен ерекшеліктері
Міне, сөз тіркесінің осындай нысандарының ішінде П.М.Мелиоранский еңбектерінде матаса байланысқан сөздер тобы жеке көрсетілмейді. Байланысу формаларынан қиысу, меңгеру түрлерінің кейбір көрінісі ғана сөз болды. Қазан төңкерісіне дейін тек М.А.Казем-Бек ілік жалғаулы сөзді "Сочетание слов при управлении" дей келіп [9,102], оларды "фраза" деп атағаны белгілі. Басқа да түркологтар еңбектерінде байланысу формасының бірі матасу жайлы сөз болған емес. Біз қарастырып отырған тек матасу байланысу формасы ғана емес, бүкіл сөз тіркесі мәселесі тіл майталманы А.Байтұрсынұлы еңбегінде де қарастырылмаған. Автор еңбектерінде, тіпті, сөз тіркесі түгіл тіркес деген мәселенің өзі байқалмайды. Сол сияқты бұл мәселе профессор Қ.Жұбанов еңбегінде де арнайы берілмеген. Бірақ профессор Қ.Жұбанов еңбектерінде жай сөйлем синтаксисімен бірге "словосочетание" мен "сочетание слов" деп, екі терминді де бірдей қолдана келіп, сөз тіркесі мәселесінің шет жағы, сонымен бірге, әсіресе қазіргі қолданылып жүрген қиысу, предикаттық қатынас, матасу, қабысу, жанасу, меңгеру терминдері аздап болса да көрініс тапқан. Бірақ ол көрініс терминдік дәрежеде емес, тек сол терминнің мәнін етістік сөз табы немесе сол сөйлемнің баяндауыш сөйлем мүшесімен көрсетіп беріп отырады. Біз бұл жерде байланысу формаларының ішіндегі тек матасу терминнің негізін ғана келтіреміз. Проф. Қ.Жұбанов еңбегінде "Сөйтіп бұл үш сөз жағалай матастырылмаған" деген сөйлем арқылы осы жерде матастырылмаған деген етістікті бірінші рет кездестіреміз. Сол сияқты "Қазақ тілінің емлесі мен грамматикасының мәселелері" туралы Жанғазыға хатында матасу, жалғауыш деген осы төркіндес, мағыналас сөзді тағы да кездестіреміз. Автор матасу сөзін әртүрлі тұлғада бере келіп, осы сөздерді етістік сөз табы ретінде пайдаланады. Ал осы матастырылмаған деген етістігі туралы материалы арқылы автор матасу байланысу формасын бермегенімен, негізгі ойы ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөздер екені айқын. Біз бұл жерде ғалымның бұл байланысу формасын арнайы айтпағанымен, осы етістіктің қолданылуы арқылы осы терминнің тіл саласында алғаш көрініс табуы деп білеміз [10, 148]. Сөз тіркестері туралы алғашқы мағлұматтарды проф. С.Аманжолов еңбектерінен аламыз. Әрине, автор пікірлері дәл қазіргідей айтылмағанымен, ол еңбектерде сөз тіркестерін сөйлем мүшелерінің байланысуы негізінде алып, қиыса, меңгеріле, жанаса, қабыса байланысқан байланысу формалары деп көрсетеді. Бұл пікір әсіресе, автордың акад. Н.Сауранбаевпен бірігіп жазған мектеп грамматикасында алғаш орын алды. Бұл еңбекте проф. С.Аманжолов байланысу формалары туралы айтқанда, матаса байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің аясында қарастырады. Автор ілік жалғаулы сөздер туралы "Меңгерілетін сөзіміздің қатарына барлық септік жалғаулы сөздер жатады. Меңгерушілер грамматикалық жағынан тиянақталмайды. Меңгерілетіні, негізінде, толықтауыш, меңгеретіні, көбінесе, етістік иә тәуелді жалғаулы сөз болып келеді" [11, 8] - дейді. Автордың бұл пікірі 1940 жылғы "Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы" еңбегінде де орын алды [12, 104]. Осы пікірді түрколог В.В.Решетов те қолдайды [13, 140]. С.Аманжоловтың ілік жалғаулы сөздер мен тәуелдік жалғаулы сөздердің де өзара сөз тіркесін құрауы негізгі мәселе болатынын, "Сөйлемде, сөз тізбегінде ілік жалғаулы сөзді тәуелдік жалғаулы сөз меңгереді" деп, мына мысалдарды келтіреді:
баланы көрді,
балада бар,
баладан алды,
баламен келді.
Ал проф. С.Аманжоловтың пікіріндегі ақылдың кені, заманның ері сөз тіркестерінде кені, ері сөздері ақыл, заман ілік жалғаулы сөздерін меңгереді деп, дәл алдыңғы сөз тіркестеріндегі шеңберде қарастырады. Сонымен автор байланысу формасының ішінен матасуға өз алдына тоқталмайды және ол топты сөз тіркестерін меңгерудің ғана аясында қарастырады. Әрі қарай автор ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөз тіркестерінің өзіндік ерекшеліктеріне былай тоқталады:
а) ілік жалғауы түсіріліп айтылуы арқылы олар: Арал теңізі, колхоз басшысы сияқты бір сөз болып кетеді;
ә) кейде тәуелдік жалғаулы сөздер ілік жалғаусыз да айтыла береді деп, біздің, сіздің жіктеу есімдіктерінің басыңқы сыңарларындағы сөзде кейде тәуелдік жалғауы түсіріліп те беріледі деген тұжырымдарын толығымен мойындауға болады [14, 265]. Бірақ автор мұндай меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бірінші, екінші сыңарларының қай сөз таптарынан, қандай қатынаста жұмсалатынын, қалай жасалатынын сөз етпейді. Автордың А.Әбілқаев, И.Ұйықбаевтармен бірге шығарған мектеп грамматикасының соңғы басылымдарында ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің тіркесін енді меңгеруден жеке бөліп алып, матасу деп бергені белгілі. Бұл еңбекте матаса байланысатын сөздер жекеше, көпше түрде және жақ-жағынан үйлесіп айтылатынын дұрыс көрсетеді [15, 33].
Академик Н.Сауранбаев изафет, оның түрлері туралы айта келіп, оның 3 түрін көрсетеді:
а) бас киім
ә) Арал теңізі
б) колхоздың малы.
Автор осы үш түрдің а, ә топтарын лексикалық изафет, ал соңғы түрін синтаксистік мәнде айтылатын изафет дейді. Әсіресе автордың ілік жалғауының ашық түрі мен тәуелдік жалғаулы түрлерін анықтауыштық қатынаста дей отырып, кейде матастыру деген сөзді де қолданып қалады. Бұған қарағанда, автор мұндай ілік жалғаулы сөздер мен тәуелдік жалғаулары арқылы тіркескен сөздер тобын сөз тіркесі тұрғысынан да берді деп топшылауға болады. Автордың ондай тіркесті көбіне сөйлем мүшесі тұрғысынан ғана дәлелдеуі бір жақты сияқты. Әсіресе ілік жалғаулы сөздерді субстантивті анықтауыштардың тобы деп атау керек дегенімен, ілік жалғаулы сөздер де субстантивтенеді деген пікірі ойлануды қажет етсе керек. Автор қазақ тілінде алғаш рет ілік жалғаулы сөздердің тәуелдік жалғаулы сөздермен келген түрін таза матаса байланысқан деп арнайы айтпағанымен, изафет деп көрсетуін бұл мәселеге алғаш назар аударушылардың бірі деп түсінген жөн [16, 20]. Автор 1953 жылғы педучилищеге арналған Қазақ тілі грамматикасы еңбегінде сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы айта келіп, онда матасу байланысу формасын жеке қарамайды. Автор зат есімнің септелуі туралы айтқанда, Ілік жалғаудағы сөздің тәуелдік жалғаудағы сөзбен тіркесін изафет дейміз- деп байланысу формасы туралы арнайы айтпағанымен, сөз арасында ескеріп, қолданып та отырады [17, 86].
Акад. Н.Сауранбаев еңбегінде матасу сөзі кездеседі. Бірақ ол сөз тіркесі термині емес, сөйлем мүшелері, соның ішінде бастауыштың күрделі түрінің жасалуында: Бастауыш сөз тізбегімен де айтылады. Мұндай сөз тізбектері матасу арқылы жасалады-деп, матасу сөзін қолданады. Бұдан бұл сөз термин дәрежесінде емес, тек тілде, қарым-қатынаста орын алғандығы мәлім болды. Сол сияқты автордың анықтауыштың түрлерін қабыспалы, матаулы анықтауыш деп бөлуінде бұл сөз енді терминдік дәрежеге ауыса бастағандығын және қазіргі меншікті анықтауыш деп беріп жүргенімізді байланысу формасына қарай матаулы анықтауыш деп орынды берген [17, 174]. Бірақ бұл сөз, біріншіден, сөз тіркесі аясында емес, сөйлем мүшелерінің құрамы кезінде күрделене түседі деген сөздің синонимі ретінде алынған. Проф. С.Аманжолов, акад. Н.Сауранбаев еңбектерінде байланысу формасы қиысу, меңгеру, қабысу, жанасу деп беріліп келді. Осы арада мынаны қоса кеткен жөн. Сол кезеңге дейінгі еңбектерде байланысу формалары екі түрлі жағдайда берілді. Біріншіден, жоғарыда айтылғандай, Қ.Жұбанов еңбектерінде байланысу формалары етістік түрінде берілді. Екіншіден, П.М.Мелиоранский, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев еңбектерінде терминдік дәрежеге ие болды. Аталған еңбектердегі байланысу формаларында қиысу, меңгеру, қабысу, жанасу түрлері айтылды да матасу түрі еленбеді. Демек, осы байланысу формаларының ішінде ең соңғы қалыптасқан байланысу формасы-матасу деген тұжырым жасауымызға әбден болады.
Жалпы матасу термині сөз тіркесі ретінде 1940 жылдардың аяғынан бастап енгізіле бастады. Оны бірінші рет енгізуші проф. М.Балақаев еді. Ғалым бұл байланысу формасын алғаш рет Изафеттік құрылыстағы анықтауыштар деген мақаласы арқылы танытты [18]. Проф. М.Балақаев та алғашқы еңбектерінде байланысу формаларын сөйлем мүшесі мен сөйлем мүшесінің байланысы тұрғысынан сөз еткен. Сонда автор бұл жердегі анықтауыштың анықталатын мүшемен байланысы ретінде алғанын ескерте кетеміз. Проф. М.Балақаев 1949 жылғы мектеп грамматикасына матасу байланысу формасын алғаш енгізіп, Сөйлемде ілік және тәуелдік жалғаудағы сөздердің өзара байланысуын матасу дейміз [3, 11] - деген ереже берді. Осы пікірін автор 1954 жылғы академиялық грамматикада нақты көрсетіп, матасу байланысу формасының жасалу жолдарын бағыныңқы, басыңқы сыңар бойынша жеке-жеке дәлелдеді. Автор осы пікірін 1957 жылғы Основные типы словосочетания в казахском языке, проф. Т.Қордабаевпен бірге шығарған Қазіргі қазақ тілі синтаксис кітабында да береді. Сонымен, қазақ тіл біліміне матаса байланысу формасы еніп, оның анықтауыштық қатынаста жұмсалуы да дұрыс әрі ғылыми шешімін тапты.
Матаса байланысқан сөз тіркестері туралы проф. С.Исаевтың да өзіндік пікірі барлығы айқын. Автор матаса байланысқан сөз тіркесінің қиыса байланысқан сөз тіркестерімен ұқсастық жақтары болғанымен, екеуі екі үлкен категория екенін: рассматриваемая конструкция отличается от согласования и способом связи, и выполняемый ею функций в целом, и выражением языковых явлений - деп, бөлек, жеке қарауды қолдайды. Бірақ матасу деген терминді орысша соподчинение деген терминнен гөрі взаимоподчинение деп аудару жағын ұсынады. Автор изафеттің II және III түрінің қазақтың мерзімді баспасөзінің бір кездегі тілі екенін айта келіп, изафеттің екі түрін де матасуға жатқызуына келісу қиын. Автордың матасудың әрбір сыңарларының байырғы, орыс сөздері, тіпті басқа тілдерден енген сөздер, сол сияқты изафеттің әрбір түрінің қалыптасуы туралы А.М.Щербак пікіріне кере қарыс ойлары ғылыми жағынан дәлелді [19, 47].
Проф. Р.Әмір байланысу формаларын беске бөліп, матасуды арнайы байланысу формасы ретінде қарастырады. Автор матасуды толық құрамды және толық емес құрамды деп бөле келе, колхоздың малы толық құрамды, колхоз малы толық емес құрамды деп, ілік септігінің жасырын түрін де матасуға жатқызады [6, 21]. Бірақ автор толық емес құрамды сөз тіркестері екі сыңары да тек зат есімнен болған кезде ғана жүзеге асатындығын баса көрсетеді. Матаса байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларының қай сөз таптарынан жасалуына қарай автор зат есім, сын есім, сан есімдер туралы арнайы қарастырғанымен, сөз арасында менің көмегім, сенің шаруашылығың сияқты сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары арқылы есімдіктің де қатысын көрсетіп отырады.
Автордың әсіресе матаса байланысқан сөз тіркестерінің зат есім, сын есімдердің қайталануы арқылы жасалуын көрсетуі - бұл мәселені алғаш, әрі тиянақты айтушылардың бірі екендігі [20, 27]. Етістікті сөз тіркестері туралы айтқанда автордың оны байланысу формаларына қарай қабысу, матасу, меңгеру амалдары арқылы да жасалады деп, оған матасуды қосуын ойлану керек.
Қазақ тілінде Г.Әбуханов тек тәуелдік жалғаулы сөздер туралы диссертация қорғаса [21, 23], Ж. Балтабаева табыс, ілік септіктерінің тарихи ескерткіштегі көрінісі және стилистикалық жағына назар аударады [22, 15]. Онда бұл жұмыстар ілік септігі мен тәуелдік жалғауына байланысты болғанымен, олар тәуелдік, ілік жалғауларын тек морфологиялық тұрғыдан ғана сөз етеді.
Түркологияда ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің тіркесін екі түрлі қарастырады. Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің тіркесін бір-бірімен жақ және жекелік-көптік жағынан үйлесіп тұруына сәйкес қарастырады. Көптеген тілдерде қиыса байланысқан сөз тіркестеріне бастауыш пен баяндауыштың арасындағы байланысты жатқызады. Мысалы: Көлемі аз бұлақтың айналасына жиі қонған ауылдардың үйлері де, шұбыртқан малы да, адамдары да ию-қию араласып жатқан сияқты . Осы сөйлемде:
үйлері де
малы да ------------------ араласып жатқан сияқты
адамдары да
үшінші жақта көпше түрде байланысады деп беріледі. Бірақ түркологиялық еңбектерде қиысу байланысу формасын сөз тіркесіне, не сөйлемге жатқызу туралы түрлі көзқарастар бар.
Түркологтар Н.К.Дмитриев, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Н.А. Баскаков т.б. бастауыш пен баяндауыштың арасындағы байланыс негізінде аяқталған ойды білдіреді. Сондықтан да ол сөз тіркесі емес, сөйлемнің аясында қарастырылуы керек деп, ондай құрамды сөз тіркесі синтаксисінен шығарып тастайды. Н.А.Баскаков: На второй группе относятся словосочетания также состоящие из двух или более слов, но связанных между собой согласованием, грамматический выраженным аффиксом родительного падежа при определении и аффиксом принадлежности при определяемом - дейді, [23, 50]. Түркологиядағы қиысу байланысу амалы туралы бұл пікір көбіне орыс тіл білімі еңбектеріне сүйенгендіктен туған еді. Өйткені орыс тілінде сөйлемдегі сөздердің тіркесін негізінде законченное және незаконченное деп екіге бөліп, біріншісін сөйлемге, екіншісін сөз тіркесіне жатқызу туралы пікірлер бар. Түркологияда да, жоғарыдағы ғалымдар да бастауыш пен баяндауыштың өзара байланысын сөйлем аясында қарауды жөн көреді де, бірақ олар да қиысу деген сөз тіркесі терминін қолданады. И.А.Батманов қырғыз тіліндегі сөз тіркестері мәселесін талқылай келіп, ондағы байланысу формаларын қиысу, меңгеру, қабысу деп береді [24, 13]. Жалпы орыс түркологтарының бәрі де орыс тіліндегі сияқты согласование, примыкание және управление түрінде береді. Осы пікірді Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов т.б. қиысу деген терминді пайдалана отырып, енді оны жаңа қырынан көрсетуді мақұл көреді. Сонда бұл ғалымдардың пікірінше, қиыса байланысқан сөз тіркестеріне ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің тіркесі жатады. Мысалы:
I Менің дәптерім, біздің дәптеріміз
II Сенің дәптерің, сендердің дәптерің
Сіздің дәптерінің, сіздердің дәптерлерінің
ІІІ Оның дәптері, олардың дәптері - дегенде, біріншіден, I, II, III жақтың байланысы, екіншіден, олардың жекеше-көпше жағынан үйлесімді айтылуы. Сондықтан да олар өзара жақ және сан жағынан қиысады деп, ондай сөз тіркестерін қиысуға жатқызады. Әрине, мұндай сөз тіркестерінде жақтық, сандық та байланыс бар екендігі белгілі. Осы күнге дейін матаса байланысқан сөз тіркестері қаншалықты айтылып келе жатыр дегенімізбен, жоғарыдағы зерттеу жұмыстарында әлі де болса матаса байланысқан сөз тіркестеріне қатысты өз шешімін таппаған мәселелер бар деп айта аламыз.
Доцент Е.Ағмановтың еңбектерінде тарихи ескеркіштер тіліндегі матасуға назар аударылады да, ал оның қазіргі жағдайына нақты бара алмайды. Матасу жайлы оқулықтардағы пікірлер де қысқа, ықшам, ол туралы толық мағлұмат бере алмаса керек. Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің жалпы түркологияда байланысы үш түрлі жолмен қаралуда:
Біріншіден, меңгеріле байланысқан сөз тіркестері аясында;
Екіншіден, қиыса байланысу формасы ретінде;
Үшіншіден, сөз тіркесі аясында.
Осылардың ішінен ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздер арнайы түрде сөз тіркесі аясында қарастырылып, байланысу формасының бірі ретінде түркологияда алғаш рет қазақ тіл білімінде қалыптасты. Сонымен, Қазіргі қазақ тілі синтаксисінде сөз тіркесінің байланысу формалары қиысу, меңгеру, матасу, қабысу, жанасу болып беске бөлініп беріледі. Бірақ проф. С.Исаев тіліміздегі қиысу байланысу формасын сөз тіркесі емес, сөз байланысы деп танып, оны предикаттық қатынас деп атайды. Автор бұл ғылыми тұжырымын Қисынды қиысу еңбегінде дәлелдеп өтеді.
1.3 Қазақ тіліндегі меңгеру байланысу формасының берілу дәрежесі
П.М.Мелиоранскийдің синтаксиске арналған еңбегінде негізінен сөйлем мәселесі сөз болады да, сөз тіркесі мәселесі сөз бола бермейтіні көрінеді. Автордың айтуынша: Так как в киргизском языке нет отдельных форм для выражения рода имен, то согласование сказуемого с подлежащим ограничивает изменениями первого по числам и лицам [2, 13] деген термині қолданылғанымен, оны сөз тіркесі ме әлде жай сөйлем тұрғысынан айтып отыр ма, ол жағы белгісіз. Әйтсе де ғалымның согласование деген терминін пайдаланғанын көреміз. Осы еңбегінде автордың меңгеру байланысу формасына аздап болса да орын бергеніне көз жеткіземіз.
Қазақ тілінің алғашқы қалыптасу кезеңінде қазақтың аса көрнекті лингвист-ғалымдары А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов еңбектерінің орны ерекше. Әсіресе А.Байтұрсыновтың синтаксис саласындағы еңбектері тек қазақ тілінде ғана емес, түркі әлеміне әсері мол болды.
А.Байтұрсынов еңбектері Қазан төңкерісіне дейін де, онан кейін де жарық көрді. Әрине, автордың Тіл - құрал еңбегі сөйлем жүйесіне арналған. Еңбекте сөйлемнің түрлері, сөйлем мүшелері, бұратана сөздер т.б. кең көлемде сөз болғаны белгілі. Бірақ ғалым еңбегінде сөз тіркесі оның ішінде меңгеру байланысу формасы туралы мәселе қозғалды ма деген сұрақ туады. Енді ғалымның мына пікіріне назар аударсақ: Сөйлем дегеніміз - сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. Сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады. Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап, біріне-бірінің қырын келтіріп, қисындастырады. Қыры келетін сөздер, сол тұрған күйінде алса да, қисындаса қалады. Қыры келмейтін сөздерді қисындастыру үшін қырларын өзгертіп қиюын келтіреміз [25, 263] дейді. Ғалымның бұл жердегі негізгі ойы сөйлемнің жігі туралы болса керек. Десек те автор осы еңбегінде сөз тіркесі мәселесін қозғамайды. Ғалым өзінен бұрынғы орыс ғалымдарының ізімен сөздердің қисындасатынын сөз етсе, ал басқа байланысу формалары туралы сөз қозғамайды.
Э.Н.Оразалиева А.Байтұрсынов еңбегіндегі сөз тіркестері туралы зерттеуінде: Еңбекте келтірілген мысалдар сөз тіркесінің барлық түрлерін қамти алады. Сондықтан біз әрі меңгеруге, әрі қабыса және матаса байланысқан тіркестерге мысалдарды қиналмай таптық. Мысалы, қысқа жіп -- қабыса байланысқан, аналитикалық тәсілмен жасалған анықтауыштық қатынастағы есімді тіркес - деген. Біздіңше, автор еңбегінде сөз тіркесінің ғылыми терминдері дәлелмен берілмесе де, ал кез келген келтірілген мысалдардан зерттеушінің тұжырым бергеніне келісу қиын. Өйткені, әрбір сөйлем осы үш байланысу формасы арқылы келмегенде енді қалай болуы керек? Сондықтан орыс ғалымдарында жоқ пікірді үлкен ғалымға телу орынды болмас.
А.Байтұрсынов ілімі, әсіресе синтаксис туралы ілімі - қазақ тілі синтаксисінің негізгі көзі, алғашқы бастауы, қазіргі қазақ тіл біліміне бағыт-бағдар берер бағдаршамы. Сондықтан ол кісінің сөйлем жүйесіне қатысты мәселелерін барынша құптай, қолдай отырып, бүкіл синтаксис саласын жай, құрмалас сөйлем деп бөліп жазған тұңғыш қазақ ғалымының тіл білімінің, әдебиеттанудың, сөз өнерінің, көркем өнердің т.б. ұлт ғылымының ғылыми негізін салуға алғаш көш бастаған шоқтығы биік ғалым деп білеміз.
Профессор Қ.Жұбанов еңбектері де, негізінен, осы бағытта жазылды. Бірақ Қ.Жұбанов еңбектерінде П.М.Мелиоранский, А.Байтұрсынов еңбектеріндегі сөз тіркестерінің берілуіне қарағанда өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Бұл авторда сөз тіркесі, тіркес сөздер сияқты атаулар кездеседі. Автор сөз тіркестерінің сыңарларын жеке сөз, жетекші сөз деп бере келе, қиыспайды, матаулы қосар т.б. деп, қиысу, матасу терминдерін атамағанымен, ол терминдерді етістік тұлғасында көрсете білген. Автор мектепке келдік - сөз тіркесін меңгеру деп талдамағанымен О формах сочетания в казахском языке деген еңбегінде: Слова же көрген только потому, что находится после слова Теміртайдан исследовательно, управляет им коренным образом меняет свое значение [10, 139] деп управляет деген етістік арқылы көрсете білген. Міне, автор меңгеру байланысу амалын атап айтпаса да, сөздердің септік жалғаулары арқылы меңгерілетінін көрсетеді. Профессор Қ.Жұбанов еңбегінде жанасады, қабысады деген етістіктерді де жиі кездестіруге болады.
Жалпы алғанда, П.М.Мелиоранский, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерінде сөз тіркесі мәселесі арнайы айтылмайды. П.М.Мелиоранский мен А.Байтұрсынов еңбектерінде бұл мәселе туралы тек қиысады, меңгереді деген ғана қимыл атауы кездессе, ал Қ.Жұбанов еңбегінде қиысады, матасады, жанасады, меңгереді, қабысады сияқты сөз тіркесінің барлық байланысу формаларын тағы да тек қимылдың қасиетімен берушілік орын алған.
Меңгерудің аясын Х.Басымов тіпті кеңейтіп жібереді. Автор Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деген мақаласында Баяндауыштың меңгермейтін сөйлем мүшесі жоқ. Бастауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш бәрін баяндауыш меңгереді [26, 38] дейді. Міне, осында автор алдымен меңгеруді сөйлем мүшесі тұрғысынан сөз етеді, одан соң баяндауыш бастауышты да, анықтауышты да меңгереді деген пікірін ұсынады.
Ә.Ермеков Қазақ тіліндегі сөздерді меңгеру және оның меңгерілуі туралы мақаласында қазақ тілінде меңгеру, меңгерілу мәселесін стильге байланысты сөз етеді. Автор:
Бір кило қой етін алдым -
Қойдың бір кило етін алдым - деген екі сөйлемді талдай келіп, алғашқы сөйлемдегі ой бойынша бір кило қой бар екен, оны ойып, етінен алған екен деген мағына тууы мүмкін. Керісінше, екінші сөйлемде мағына дәл, стилі күшті және ондағы сөздердің әрқайсысы өз орнында тұр, яғни қазақ тілінде сөздің меңгерілуі мен меңгеру заңдылықтары сақталып тұр деп көрсетеді. Сол сияқты автор мына сөйлемді талдай келіп, өз ойларын одан әрі дамытады. Шырт ұйқыда жатқан Айдосты дабырлаған дауыс оятты - дегенде: Ұйқыда, Айдосты - деген септік жалғаулы сөздердің осы септіктерде тұруына негіз болып отырған оятты, жатқан етістіктері. Одан әрі автор: Бір сөз бір жағынан меңгерсе, екінші жағынан меңгермей тұра беретіні Айдосты оятты сөзі, дауыс сөзін де оятты сөзі меңгеріп тұр - дейді. Негізінде автордың бір сөз бір сөйлемде бірнеше сөзді меңгере беретінін дұрыс айтқанымен, ал дауыс сөзін оятты сөзі меңгеріп тұр дегенін құптау қиын, ойлану керек. Негізінде дауыс оятты - бұл өзара меңгеріле байланысқан сөз тіркесі емес сияқты.
Әсіресе, автор бір сөзге бірнеше жалғаудың жалғануы бар дей келе (ауыл-ы-н-да) меңгеру және меңгерілу сөйлемдегі сөздердің жақталуы арқылы да болады дейді. Сөйлемдегі сөздерді меңгеруі және олардың меңгерілуі жақ арқылы болғанда, меңгеруші сөз қай жақта тұрса, меңгерілуші сөз де сол жақта тұрады [27, 22] деп, мына сөйлемді талдайды: Толстой толғағы піскен кекті, жақсы тұрмысқа қарай ұмтылған талапты, ескіден құтылуға ой өрісінің өскендігін, саяси тәрбиесіздікті, революциялық бостандықты суреттейді дегенде суреттейді деген сөздің ді жіктік жалғаулы болуы Толстой меңгеруші, суреттейді меңгерілуші деп беруі ойланарлық мәселе болып отыр. Одан әрі автор: Меңгеру мен меңгерілудегі қиысу әдеттегі қиысудан (бастауыш пен баяндауыш арасындағы) өзгеше. Әдеттегі қиысуда сөйлем мүшелерінің тең праволығы болса, ал меңгеру, меңгерілуде тең право болмайды, бір-біріне бағынып тұруын еске алу керек - дейді. Одан әрі ғалым ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөзді де меңгеруге жатқызған.
Жалпы байланысу формаларының терминдік дәрежеге ие болуында профессор С.Аманжоловтың ғылыми тұжырымдарының қызметі ерекше.
Профессор С.Аманжолов та алғашқы пікірінде Сөйлемнің барлық мүшесі өзара тығыз байланыста болады. Бұлар не бірімен-бірі қиысады, не бірін-бірі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz