Ә. КЕКІЛБАЕВТІҢ АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ РОМАНЫНДАҒЫ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 Ә. КЕКІЛБАЕВТІҢ «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1 . 1 Меңгеріле, қабыса, жанаса байланысқан сөз тіркесі сыңарларының жасалуы, түрлері . . . 7

1. 2 Қабыса байланысқан сөз тіркестері сыңарларының жасалуы, түрлері . . . 19

1. 3 Жанаса байланысқан сөз тіркестері сыңарларының жасалуы, түрлері . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29

КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары есімді, етістікті бағыныңқы сөздердің байланысу формасына, тұлғасына қарап бірнеше топқа бөлінеді. Соның бірі - меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері. Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін, олардың құралу тұлғасынан қарап айырамыз. Олар барыс, шығыс, жатыс, табыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не есім болады. Осыдан меңгеріле байланысқан сөз тіркесі жасалады. Орын тәртібі арқылы байланысатын синтаксистік байланыс амалының бірі - қабысу. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің сыңарлары бірімен-бірі ешқандай дәнекерсіз, іргелес, қатар тұру арқылы байланысады. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары зат есім немесе заттанған сөз таптарынан болады.

Байланысу амалының ішінде түрлі көзқарасқа ие байланысу амалының бірі - жанасу. Қазақ тіл білімінде жанасу байланысу формасы жайлы үш түрлі көзқарас бар. Олар:

  • бағыныңқы сыңарының басыңқымен ешқандай қосымшасыз орын тәртібі арқылы бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы;

- алғашқы көзқарасты қолдай келе, оның күрделі түріне бағыныңқы сыңары негізгі сөз бен нумеративті сөздер немесе көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жасалған сөз тіркестері;

- бағыныңқы сыңары негізгі сөз бен септік жалғаусыз көмекші сөздер арқылы жасалған сөз тіркестері.

Бірінші және екінші топтағы пікірлер бойынша үстеулер басыңқы сыңармен іргелес тұрса қабысуға, алшақ тұрса жанасуға жатқызу орын алған. Дегенмен, бұл жанасудың тілдік табиғатын ашып бере алмайды. Себебі, біріншіден, бұл шатастырады, ал екіншіден, екеуі де қосымшасыз орын тәртібі арқылы жасалған. Сондықтан да оны біресе жанасу, біресе алшақ қабысу деп, қабысудың бір түрі деп бөлмей, қабысудың аясында қарастырылған. Ал септеулік шылаулардың қатысы арқылы жасалған сөз тіркестерінің ішінде атау септігін қажет ететін септеулік шылауларды ғана жанасуға жатқызып, басқа септік жалғауларын қажет ететін септеулік шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеруге жатқызу жқмыстың өзектілігін көрсетеді.

Қазақ тілінде меңгеріле, қабыса, жанаса байланысқан сөз тіркесі сыңарларының жасалуы мен қолданылуы жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеудің нысаны. Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы меңгеріле, қабыса, жанаса байланысқан сөз тіркесі сыңарларының жасалуы мен түрлеріне талдау жасау.

Зерттеудің тілдік материалдары. Зерттеу жұмысының тілдік материалдары Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романынан алынды.

Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында сипаттама, тарихи- салыстырмалы, топтау, талдау, әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының мақсаты - меңгеріле, қабыса, жанаса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы, бағыныңқы сыңары қандай сөз таптарынан келетіндігін анықтау.

Бұл мақсатты шешуде төмендегідей міндеттердің орындалуы көзделді:

  • Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің бағыныңқы сыыңарларының есімді сөз таптары, етістікпен және септік жалғаулырымен келуін талдау;
  • Сын есімді, сан есімді, үстеулі қабыса байланысқан сөз тірестерінің жасалуын бағдарлау;
  • Жанаса байланысқан есімді, етістікті сөз тіркестерінің жасалуы.

Зерттеу жұмысының теориялық негіздері.

Зерттеу жұмысында М. Балақаев, Т. Қордабаев, Т. Сайрамбаев, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов т. б. ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.

Жұмыстың жаңалығы. Етістікті сөз тіркестерінің көне дәуірдегі үлгілері мен қазіргі тіліміздегі қолданысының арасында дыбыстық, құрылымдық ерекшеліктері болмаса, айтарлықтай айырмашалақтар жоқтығы айқындалды.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні.

Етістікті сөз тіркестерінің жасалу жолы мен олардың қалыптасуы тарихын зерттеу нәтижелері мен тұжырымдамалары қазақ тілінің тарихи грамматикасы мен түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасына септігін тигізеді.

Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, бір тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ә. КЕКІЛБАЕВТІҢ «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Меңгеріле, қабыса, жанаса байланысқан сөз тіркесі сыңарларының жасалуы, түрлері

Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркестерінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі сыңарларының жасалуына тоқталсақ:

Зат есімді сөз тіркесі. Тілдік қолданыста аса көп қолданылатыны - зат есім. Зат есім басыңқы сыңарда тұрып бағыныңқы сыңармен меңгеріле байланысқан ішкі заңдылықтары толық ашылды дей алмаймыз. Зат есім арқылы жасалатын есім баяндауышты сөйлемдердің етістікті баяндауышқа қарағанда дәлдігі, ықшамдығы жағынан ерекшеленетіні белгілі [1, 14] .

Осы ғылыми зерттеуде басыңқы сыңары зат есімнен, ал бағыныңқы сыңары барлық сөз табынан болатын меңгеру байланысу формасының ішкі ерекшелігіне төмендегіше тоқталмақпыз. Олар мынадай құрамда келеді:

Зат есім. Зат есім мен зат есімді меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарында зат есімдер жалқы есім, топонимикалық атаулар, жалпы есім, абстракті, конкретті зат есімдердің бәрі де қатысады. Ондай сөз тіркестеріндегі бағыныңқы сыңарлар дара да, күрделі де түрде келеді.

Анау көлдей терезеден албастыдай боп төніп тұрған қап-қара түнге де, күні-түні ауыз жаппай сыпсың-сыпсың сылдырап тұрған кішкене хауызға да, жамбасын абжыландай шығап жатқан төсекке де, анау күні кеудесінен басып, ойда жоқта көңілінің тұңғиық түкпіріндегі тым құпия тілегін жарқыратып жайып салған мынау көрпеге де лағынет . Осынша тамұқтың бәрін көріп, бәрін біліп, төбесінен төңкеріле құламай тұрған көкке де лағынет . Осының бәріне шыдап, көтеріп жатқан көнтері жерге де лағынет, осынша сұмдықты ішіне бүгіп, талай-талай нәресте көңілдің маңдайын тасқа ұрғызған мынау тымырайған тымсырық қаныпезер дүниеге түгел лағынет (153-бет) .

Осы сөйлемдердегі: түн, төсек, хауыз, көрпе, көк, жер, дүние сөздері лағынет сөзі арқылы меңгеріле байланысқан толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін жасаған. Бұл бір жағынан зат есімді сөз тіркесіне экспрессивті мән туғызса, екіншіден, сөз тіркесіне қатысты сөздерде сөз таптарының жұмсалуында үнемдікке де әкеледі.

Қазіргі кезде зат есімдер арқылы өзара меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін құрауда дәнекер қызметін атқаратын тұлға - көмекші етістік. Ол анадағы түсінің өмірге деген, бақытқа деген соңғы құштарлығы, соңғы ықыласы екеніне әбден мойын ұсынып алған-ды (151-бет) .

Есімдік. Басыңқы сыңары зат есімді сөз тіркестерінде бағыныңқы сыңарларда есімдіктердің сілтеу есімдіктері жұмсалады. Мұнда да күйген бауырдай қоңыр шоқылар (196-бет) .

Етістік. Етістіктің тек есімше, қимыл есімді түрлерінің барыс жалғауында тұрып заттанып, зат есімді сөз тіркесін құрауы сирек болса да тілімізде кездеседі. Арыстандай ақырған асау бәйбіше мынандай мүскін немені табанына салып таптап кетпегеніне шүкір (126-бет) .

Бұл жерде есімше барыс жалғауында келіп зат есіммен меңгеріле байланысып тұр.

Үстеу. Үстеулер де барыс септігінде тұрып зат есіммен меңгеріле байланысады. Мұндайда үстеулердің таза түрінен гөрі көмекші сөзді түрі мол жұмсалады. Ия, сол бір қараңғы зындандардың көңілімде қандай әсер қалдырғаны әліге дейін есімде (203-бет) . Бұл үстеулі бағыныңқы сыңарлар мезгілді білдіреді.

Міне, басыңқы сыңары зат есімнен, ал бағыныңқы сыңары зат есім, есімдік, етістік, үстеу сөздері барыс жалғауында тұрып меңгеріле байланысатын сөз тіркесіне тоқталып өттік.

Шығыс жалғаулы сөз тіркестері

Етістік. Оның осылайша айтуында бір сыр бар (59-бет) .

Зат есімді сөз тіркесінде шығыс жалғаудағы бағыныңқы сыңарлар: зат есім, сын есім, сан есім сөз таптары болып келеді.

Зат есім. Зат есімді бағыныңқы сыңар мынадай құрамда кездеседі: Бұның қит еткеніне аузын ашып, көзін жұмып отыратын қара тобыр бұдан былай ала бөтен өлімін де ауыздан ауызға, елден елге, ғасырдан ғасырға көшкен сайын өсе, өркештене түсетін күпіме аңызға айналдыралы (195-бет) .

Сын есім. Басыңқы сыңары зат есімді сөз тіркесінде сын есімдер шығыс жалғауында былай келеді : Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (65-бет) .

Сан есім. Кешегі жорығынан да мыңнан астам шеберді көзінен тізіп айдап келді (38- бет) .

Сын есімді сөз тіркестері

Меңгеру байланысу формасының өзіндік ерекшелігі - бағыныңқы сыңардың барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде тұрып, басыңқы сыңары етістік баяндауыш, есім сөздерден болған баяндауыш және құрама баяндауыштармен сөз тіркесін құрауы [2, 16] .

Басыңқы сыңары сын есімді сөз тіркестері күрделілігіне қарай зат есімнен кейінгі орында келеді. Зат есімдердің басыңқылық қызметі сөйлемнің соңынан гөрі сөйлемнің басында (өлеңде), ортасында болуы тиіс. Өйткені зат есімдер табиғатында бастауыш, толықтауыш қызметінде жұмсалатыны белгілі. Бұл екі сөйлем мүшесі де сөйлемнің ортасында болуы тиіс. Сонда табиғатында сөйлемнің ортасында жұмсалатын зат есім мен сын есімнің сөйлемді тиянақтау үшін сөйлемнің соңында да келе беретінін байқадық. Мұның өзі ғылыми соңғы зерттеулерде есімді сөйлемді баяндауыштар болып тұжырымдала алатын сын есімдер енді меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңары да бола алады [3, 26] .

Қазақ тіл білімінде сын есімдердің басыңқы қызметте жұмсалуы туралы алғаш пікір білдірген ғалым - профессор М. Балақаев. Осы мәселе кейін көптеген синтаксис мамандары жағынан қолдау тапты. Осы негізде профессор Ә. Аблақов - меңгеру байланысу формасының басыңқы сыңарының етістік және оның бірнеше категорияларынан жасалатын түрлеріне және жалпы меңгеру байланысу формасына тоқталса [4, 35], доцент А. Тұрарова жалпы сөз тіркестерінің басыңқы сыңары қандай-қандай сөз таптарынан келетіндігіне тоқталған болатын.

Біз осы ғалымдар пікірін әрі қарай дамыта отырып, алдымен сын есімді меңгеріле байланысқан сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі формалары бойынша олардың әрқайсысының ішкі ерекшеліктерін айқындамақпыз. Соңында бағыныңқы сыңардың негізінде қай септікте қай есім сөз мол жұмсалатындығы және олардың қандай тұлғаларда келетіні белгілі болады.

Барыс жалғаулы сөз тіркестері

Басыңқы сыңары сын есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, бар-жоқ сөздері арқылы болады.

Зат есім . Барыс жалғаулы зат есімдердің басыңқы сыңары сапалық та, қатыстық та сын есімдері. Мысалы: Ендеше пірдің бұған күнәкарлық куәсы көк мұнараны құртып, басындағы масқара халды жарқыратып өзің жайып сал дегені адам түгіл құдайдың да құлағына ерсі естілетін есірік әңгіме (202-бет) . Зат есімді бағыныңқы сыңар күрделі құрамда да кездеседі: Ғұмыры көрмеген алыс өлкенің көз алдына тап осынша анық сайрап келе қалғанына қайран қап отыр (191- бет) .

Сын есім . Сын есімдер бағыныңқы сыңарда көбінесе толықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы: Бөлменің іші ұяң жұмсақ жарыққа толы (149- бет) . Қапас зынданда жамбасыңа тас батып, жон арқаңнан сыз өтсе де, жан-жағыңнан анталай қоршаған қорқау қараңғыға қарсы сілтейтіндей қайран таба алмай, тырп етпес тымырсық күн кешсең де, әйтеуір қайда екенің белгілі тұрлаулы тіршілік қой (99-бет) .

Есімдік . Есімдіктердің ішінде барыс жалғауында көбіне жіктеу, өздік және сұрау есімдіктері келеді. Мысалы: Егер дәл қазір ол өзі кіріп, бұның шашын бір талдап жұлса, қойдай қып, сабаса, жонынан таспа тілсе, көкірегін жайлап алған әзәзілдің қызыл құртының көзіне су құятындай қып, аяғына салып таптап, күл-паршасын шығарып, сүйек-сүйегін ұн қып үгіп, әбден мылжа-мылжа қып, қайдағы бір қорқаулардың ортасына лақтырып тастаса, оған да ырза (151-бет) . Ендеше, жар алдындағы, ақ неке алдындағы алтынбасты тәж иесінің абыройы алдындағы төмен етек қылмысы үшін шегетін жазаның қайсысына да пейіл (151-бет) . Ендеше оған лайық аныз табылды (167-бет) . Былайғы пенденің бәріне тән қарапайым тілек, іңкәр атаулы оған жат (181-бет) .

Етістік. Меңгеріле байланысқан сын есімді сөз тіркестерінде бағыныңқы сыңарда есімше, қимыл есімі жиі кездеседі. Мысалы: Сонда да пенде пақыр жұрт көзіне түсуге құмар (99-бет) . Мен өзім ол найсаптардың онын өз қолыммен бауыздауға әзірмін (20-бет) . Үй іргесіндегі алақандай бақшалықта тұқшыңдап жүруге құлқы шамалы; кішкене қыстақтың азғантай қозы-лағын айдап, өріске кетуге құмар (79-бет) .

Жатыс жалғаулы сөз тіркестері

Басыңқы сыңары сын есімді сөз тіркесіне жатыс жалғаулы бағыныңқы сыңарлары зат есім, үстеу сөз таптарына болған.

Зат есім . Екі кісі зорға айналып тұрардай тап-тар мұнарада жапа-жалғыз (74- бет) . Сондай-ақ зат есімді бағыныңқы сыңар мынадай құрамда да қолданылады екен: Иә, Ұлы Әміршінің алдында тек өзі ғана күнәлі (150 - бет) . Барша күпірліктің ар жағында ындыны қанбас тойымсыз құштарлық жататын (193-бет) .

Үстеу . Төменде -сол баяғы хан бағы (102-бет) .

Шығыс жалғаулы сөз тіркестері

Шығыс жалғаулы бағыныңқы сыңарда көбіне зат есім, сын есім, сан есім, есімдік және үстеулер келеді.

Зат есім. Төңірегі дауылдан кейінгі көл бетіндей туырылып тұнып тұрған мөлдір ауа (98-бет) . Төңбекшіген мазасыз түндер жан-жаққа елеңдеумен өтетін күннен де жаман (153-бет) . Ер жүрек бау кеспе ұрының төсегі құр тұрмас салдақыдан ешқандай артықшылығы жоқ болатын секілді, өз қолындағы өкіметте орынсыз қызықтайтын падишаның да сол борбайын бұлдаған арзымсыз ұрғашыдан айырмасы шамалы (193-бет) .

Сын есім. Мұндай тіркесте басыңқы сыңары мынадай болып келеді. Мысалы: Аңшылықта жүріп көрген түсі мен қапияда тап болып оққа ұшқан жолбарыс онсыз да шытырманға айналып бара жатқан тіршілігін бұрынғыдан гөрі де түсініксіз , бұрынғыдан гөрі де жұмбақтандырып жіберген тәрізді (196- бет) .

Сан есім . Бағыныңқы сыңардағы сан есімдердің есептік және жинақтық түрлері ғана толықтауыштық қатынаста жұмсалады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (Мәтел) .

Есімдік. Сын есімді басыңқы сыңарда есімдіктер үнемі толықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы: Дәл қазір мынау Байтақ шаһардың сыртындағы құладүздің әлдебір жерінде санаулы ғұмырының қалған күндерін итшілеп өткізіп жатқан соқыр жігіт те, тас зынданда зарығып отырған бас шебер де, төрт қабырғаның арасына қамалып, құса боп жүрген кіші ханым да - бәрі де бұдан жақсы (199-бет) .

Етістік. Түнек қараңғының түкпір-түкпіріндегі жымысқы көздердің бәрі бұны көреді, ал бұл төңірегін тас қып қымтап алған тас қараңғының тасасында не болып, не қойып жатқанынан атымен бейхабар (49-бет) . Олар үшін бұл дүниеде бұны киіндіріп, шашын тарап, сыландырудан артық рақат жоқтай (112-бет) . Қосағыңның етегіне көзін сұқтағаны іргеңнен найза шошаңдатқаннан кем оспадарлық па? (161-бет) .

Көмектес жалғаулы сөз тіркестері.

Көмектес жалғаулы бағыныңқы сыңар зат есім, сын есім, есімдік сөз таптарынан жасалады.

Зат есім. Түнек қараңғының түкпір-түкпіріндегі жымысқы көздердің бәрі бұны көреді, ал бұл төңірегін тас қып қымтап алған тас қараңғының тасасында не болып, не қойып жатқанынан атымен бейхабар (49-бет) . Бұның қасында төңірегі шұлғау сасыған жортуыл түндер не деген пейіш, ертең оққа ұшатынынан, не тірі қалатынынан атымен байхабар , ерін жастанып, найзасын құшақтап, қор-қор ұйықтап жататын жауынгерлер неткен періште, сондай түнде сәл мызғыған не ертеңгі шабуылдың жай-жапсарын ойлап көрер таңды көзімен атқызған неткен рақат (50-бет) .

Міне, сын есімді басыңқы сыңарға жоғарыда аталған бес септік жалғауында тұрып меңгеріле байланысатын бағыныңқы сыңарлардың тұлғалық ерекшелігі, яғни қандай сөз таптарында тұрып меңгеріле алатындығы белгілі болды.

Есімдікті сөз тіркестері. Есімдіктер негізінде зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатындықтан ол сөйлемнің басында да, ортасында да, соңында да келе береді. Яғни, бірде бастауыш, бірде анықтауыш, бірде баяндауыш қызметінде сөйлемнің барлық орнында жұмсалады [5, 17] . Дегенмен сан есім, сын есімдердегі орын тәртібінің өзгеруі сияқты есімдіктер де сөйлем соңында жұмсалатын дәрежеге ие болды. Мұның өзі есімдктердің сөйлем мүшесі болуы жағынан да, сөз тіркесінің басыңқы сыңарында келуі жағынан да үлкен өзгеріс әкелді. Сонда сөйлем соңында көбіне етістік сөз табы ғана жұмсалады десек, енді есімдер, соның бірі есімдік те сөйлем соңында келіп, сөз тіркесін құрауы есімдік сөз табының тіркесімділігінің артуы деп білеміз. Сонымен есімдіктер де басыңқы сыңарда жұмсалып, есімдікті меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құрайды.

Етістікті сөз тіркестері

Осы күнге дейінгі ғылыми зерттеулерде әрбір сөз тіркестерінің басыңқы сыңарының қай сөз табынан болуына қарай есімді (зат есім, сан есім, сын есім, есімдік) және етістікті (етістік және етістіктің барлық категориялары) деп қарастырылып келеді [6, 32] .

Барыс жалғаулы сөз тіркестері

Зат есім . Біз жоғарыда бағыныңқы сыңары зат есімнен болғанда олар толықтауыштық және пысықтауыштық қатынаста жұмсалады дедік. Енді осы толықтауыштық қатынастағы зат есімді сөз тіркестері туралы тоқталсақ.

Жалқы есімдер арқылы: Ертеңіне таң намазын оқып болған соң, Хазіретке құран аштырды (21-бет) . Анада той тұсында қалыңдыққа шымылдық ұсталған бөлме енді Жаппарға тиді (70-бет) . Қалың қолға жол ашып тұрған қарулы сақшылардан айбынған жұрт шерудің алдындағы көк найзалы көп нөкердің ортасында тек кекілі ғана мөлдей қара нысаналы ақбоз атқа мініп келе жатқан Ұлы Әміршіге ентелей қарайды (155-бет) .

- Деректі зат есімдер арқылы: Әкесімен екі ай бірге істеген бала шебер көгілдір мешіттің күншығыс жағындағы көк мұнараға алғаш рет бір өзі шығарда қатты қобалжыды (89- бет) . Істеп жатқан ісіне , төңірегіне қанша зер салып қарағысы келсе де, зейіні быт-шыт шашырап, ештеңеге тұрақтамайды (92-бет) .

- Дерексіз зат есімдер арқылы: Енді оған бір аптадан бері ұшпаққа шығарғандай қып қуантып жүрген мұнара басы да көңілін құлазытып, жерінте бастады (91-бет) . Өз жүрегінің іңкәрінен көрер көзге айрылып қалған жігерсіздігіне осы кезге дейін іші өртенеді (97-бет) .

Зат есімдер етістікті сөз тіркестерімен меңгеріле байланысқанда үнемі дара, бірыңғай түрде ғана емес, олар күрделі бағыныңқылы сыңарда келеді. Мысалы: Әр тасты қалаған сайын анадай жердегі биік тас дуал қоршаған Кіші ханым бағына жалтақ-жалтақ қарап қояды (98-бет) . Мынау сұп-сұр топырақтың төсіне қонжита қойған мылқау тас үйікке көк пен жерді астастырып тұратын айрықша ажар таппақшы (101-бет) . Бір уақытта емен есік ашылды (113-бет) . Осындағы қарамен жазылған зат есімді бағыныңқы сыңарлар зат есімдер мен сан есім арқылы күрделі түрде берілген.

Жалпы есімдер дара да, күрделі түрде де мекендік қатынас құрайды. Әмірші алдында отырған жас жігіттің анау ауыр есіктерден әрі асқан соң енді қайтып жарық дүниеге шықпайтынын, оған көр қараңғы тас з ынданға жол түсіп тұрғанын біліп отырды (159- бет) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романындағы Әмірші бейнесі
МАТАСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ, ОЛАРДЫҢ СЫҢАРЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Жазушы романында образ жасаудың монологтік қолданыстары
Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
Қазақтың байырғы шешендік өнерінің бір бай саласы - шешендік дау
Көркем прозадағы психологиялық талдау жайлы
Жаңа ғасырдағы әдеби ағымдар
Көркем шығармадағы түс көру ұғымы
Қазақ әдебиетінің прозасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz