СӨЙЛЕСІМ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ СИНТАКСИСТІК СӨЙЛЕСІМНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАБИҒАТЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 СӨЙЛЕСІМ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ СИНТАКСИСТІК СӨЙЛЕСІМНІҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАБИҒАТЫ
0.1 Сөйлесімнің тіл білімінде зерттелуі және сөйлесімнің қатысымдық
бірлігі жайында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
0.2 Сөйлесім және мәтін ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
0.3 Сөйлесімнің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...29
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ тіл білімінің дамуында екі түрлі бағыт бар. Бірінші бағыт қоғам қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты қалыптасса, екінші бағыт қол жеткізген, анықталған ғылыми нәтижелер негізінде зерттеу пәнін тереңдете қарастыру, тұжырымдалған теорияны тіл бірліктеріне қолдану үстінде пайда болатын қайшылықтарды шешу барысында дамып отырады.
Қазіргі таңда жеке ғылыми бағыттар ретінде қалыптасқан құрылымдық синтаксис, туындаушы синтаксис, функционалды синтаксис, коммуникативті синтаксисте тіл бірліктері мен сөйлеу бірліктері әр түрлі аспектіде алып қарастырылады. Құрылымдық синтаксисте тіл бірліктері жекелей алынып, ішкі байланысы құрылымдық-мағыналық деңгейде қарастырылса, функционалды синтаксисте осы белгілердің қалыптасуы контекст, мәтін деңгейінде зерттеледі.
Ал коммуникативті синтаксисте сөйлем мүшелері мен сөйлемнің актуальды мүшеленуінің арақатынасы анықталады. Функционалды синтаксис мәтін ішінде сөйлемдердің түзілу механизмін түсіндірсе, коммуникативті синтаксис сөйлемдегі берілген ойды тема-ремалық (ескі - жаңа) қатынасқа жіктеп, сөйлемде жаңа ойдың берілуін басшылыққа алады. Қазақ тіл білімінде осы бағыттарда жүргізілген.
Б.Шалабаев, Ж.Жакупов, О.Күлкенов, С.Аташев, А.Таусоғаровалардың зерттеу жұмыстарын атауға болады. Сөйлеуші, контекст факторлары құрылымдық синтаксисте сөйлем модальдігін, оқшау сөздерді сөз тіркесінің синтаксистік байланысу түрлерін анықтау барысында мақсатты түрде болмағанымен, ескеріліп отырды.
Сөйлесім синтаксисі семантикалық (мағына мен мазмұн), қатысымдық пен танымдық, прагматикалық т.б. сипаты арқылы ажыратылады. Сөйлесім лингвистикасын қарастырғанда, оның да өзіне тән бірліктерін, олардың түрлерін т.б. білу қажет болады. Сөйлесімнің табиғатын толыққанды көрсете алатын, тілдесушілердің басты құралы сөйлесім болып табылады. Сөйлесім әрекеттен тұрады десек, онда сөйлеген сөздің қалай жасалатындығын білу маңызды.
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде синтаксис мәселелері сөз тіркесі, сөйлемнің құрылымдық түрлерін зерттеу барысында анықталып, өз шешімін тауып отырды. Синтаксистік бірлік, предикативтілік пен оның түрлері (толық, жартылай, полипредикатив, монопредикатив), синтаксистік байланыс пен қатынас, сөйлем құрылымының кеңею жолдары грамматикалық категориялардың анықталуына қарай негізделіп, сараланды. Қоғам мен ғылыми ойдың дамуы сол бай мәліметтерді тілдің қарым-қатынас құралы қызметі тұрғысынан бағалауды, олардың қолданысқа түсуін сыртқы факторлар, соның ішінде тілді қолданушы адамның қажеттілігі мен мүддесінің жүзеге асуы түрінде қарастыруды талап етіп отыр.
Синтаксистік бірліктердің коммуникативті қызметі тілді қолданушының мақсаты мен прагматикалық көрсеткіштердің өзге түрлерінің ықпалына тәуелді. Синтаксистік бірліктердің коммуникативті қызметі тілді қолданушының мақсаты мен прагматикалық көрсеткіштердің өзге түрлерінің ықпалына тәуелді. Тіл бірлігі бірнеше прагматикалық сыртқы сүзгіден өткеннен кейін қолданысқа түседі. Адамның тіл бірліктерін өз ыңғайына қарай пайдалануы тіл құрылысында соған жауап беретін бейімділіктің жоқ екенін байқатады. Тілдің негізгі - коммуникативті қызметі үстінде әсер етуші, ықпал етуші қызметті жүзеге асырушы оның ішкі мүмкіндігіне негізделеді. Өйткені тілдің пайда болуы мен дамуы қарым-қатынас жасау қажеттілігімен байланысты екені белгілі.
Синтаксистік бірлестіктің қолданысқа түсу бейімділігінің, прагматикалық қабілетінің мүмкіндігі мен шекарасын анықтау, сөйлеуші мақсатының жүзеге асуы мен синтаксистік бірліктер арасындағы байланыстың сипатын ашу қазақ тілінің коммуникативті қызметін жан-жақты сипаттауға, ұлттық дүниетанымның тілде бейнеленуін жаңа мәліметтермен толықтыруға әкеледі.
Зерттеудің нысаны. Сөйлесім синтаксисінің лингвистикалық-фунционалдық табиғаты.
Жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеттері. Сөйлеу тіліндегі сөйлесімдерді талдау арқылы синтаксистік сөйлесімнің функционалдық табиғатын ашып көрсету жұмыстың мақсаты болып табылады. Айтылған мақсатымызды жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:
- сөйлесімдердің тіл біліміндегі зерттелуіне талдау жасау және сөйлесім синтаксисінің дербес бірлігі ретінде қалыптасуының алғышарттарын көрсету;
сөйлесімнің мәтіндегі рөлі мен байланысын талдап, анықтау, сөйлесімнің түрлерін саралау;
тілдің қарым-қатынас құралы қызметін қалыптастырушы негіз ретінде синтаксистік бірліктердің ұйымдасуына тигізетін ықпалын, сөйлесімнің синтаксистік құрылысындағы көрінісін анықтау.
Зерттеу әдістері. Курс жұмысында бақылау, сипаттама, анализ және синтез тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың теориялық маңызы. Зерттеу нәтижелерін тіл білімінің психолингвистика, этнолингвистика, этнопсихолингвистика, когнитивті лингвистика, қатысымдық лингвистика сияқты салалары бойынша теориялық мәселелерді айқындауға жәрдемін тигізеді.
Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінен мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының филология факультетінде синтаксис саласы бойынша студенттердің таңдауына ұсынылатын элективті пәндерде оқытуға септігін тигізеді.
Жұмыстың құрылымы. Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бір бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 СӨЙЛЕСІМ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ СИНТАКСИСТІК
СӨЙЛЕСІМНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАБИҒАТЫ
1.1 Сөйлесімнің тіл білімінде зерттелуі және сөйлесімнің қатысымдық бірлігі жайында
Адамдардың өзара түсінісуі белгілі бір жағдаятта, нақтылы тіл (сөйлесім) бірліктерінің қызмет етуі нәтижесінде толыққанды ақпараттар арқылы жүзеге асады. Тіл байлығы, адамның жан дүниесі сөйлеу барысында, яғни тілдік қарым-қатынас үстінде көрінеді. Сол себепті қарым-қатынастың қандай бірліктер негізінде жүзеге асатыны, қалай пайда болатындығы, қолданысы өте маңызды. Бұл үшін сөйлесім синтаксисін психолингвистика, нейролингвистика, қатысымдық лингвистика, прагмалингвистикамен тоғыстыра қарастырудың маңызы зор.
Психолингвистика - адам санасындағы сөздің пайда болып, жарыққа шығуын, оған қабылдаушының (немесе тыңдаушының) әсерін көрсететін, басқаша айтқанда, сөйлесімге қатысты толассыз әрекеттер мен үдерістерді зерттейтін ғылым. Тілдің қатысымдық, танымдық жағы психолингвистиканың мәліметтерінсіз толық ашыла алмайды. Ал тілдік қатынас сол толассыз үдерістердің көрінісі болғандықтан, ол сөйлесіммен, сөйлесім әрекетімен тікелей байланысты [1, 330 ].
Сөйлесім синтаксисі семантикалық (мағына мен мазмұн), қатысымдық пен танымдық, прагматикалық т.б сипаты арқылы ажыратылады. Сөйлесім лингвистикасын қарастырғанда, оның да өзіне тән бірліктерін, олардың түрлерін т.б. білу қажет болады. Сөйлесімнің табиғатын толыққанды көрсете алатын, тілдесушілердің басты құралы Сөйлесім болып табылады. Сөйлесім әрекеттен тұрады десек, онда сөйлеген сөздің қалай жасалатындығын білу маңызды.
Тілдің қатысымдық тұрғыдан қарастырылуы сөйлесім әрекетінде пайда болған сөйлесім бірліктерінің табиғатын ашуға мүмкіндік береді, басқаша айтқанда, тілді әрекеттің құралы ретінде қарастырады. Тіл мен сөйлесім, тіл мен ойлау проблемаларының анықталған уақытында, олардың мәнін, ара-жігін ашып көрсететін бірліктерді айқындау қажет. Қарым-қатынас ауызша жүзеге асатындықтан, тілдің қандай бірліктері қатысымдық шарттарды толықтай орындай алатынын анықтау, сөйлесім әрекетіндегі сипаты мен тыңдаушының қабылдау үдерістерінің ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туады.
Қазақ тіл білімінде сөйлесім мен тілді ажыратқан уақыттан бері олардың синтаксистік сипатын анықтау ғылыми еңбектерде айтылмай жүрген жоқ. Сөйлесім лингвистикасын бөліп, оның нысаны мен зерттеу әдістерін қалыптастыруға талпынған еңбектер көбіне сөйлесім тілінің стилистикасы, норма мәселесі, сөйлесім әрекеті, мәтін лингвистикасы туралы сөз етеді. Бұл ғылыми жұмыста сол айтылып кеткен мәселені қайта қозғауға сөйлесімнің тіл бірлігі, я болмаса сөйлесім бірлігі болатындығын ажырату себеп болып отыр. Сондай болғанда тіл бірліктері мен сөйлесім бірліктерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындау керек болады.
Сөйлесім синтаксисі тікелей тілдік қатынастың табиғатымен байланысты болғандықтан, ондағы қатысымдық бірліктердің бір жүйеде болуы шартты. Алайда тіл бірліктерімен салыстыра отырып сөйлесім бірліктерін де көрсетіп жүрміз. Олар: мәтін (мәтін), сөйлесім (сөйлем), сөз - сөйлесімдер (сөз), морфтар (морфема), дыбыс (фонема). Бұлар сөйлесім актісінде жүзеге асады. Осылардың ішінде толыққанды тілдік қатынасты жүзеге асыратындары тек мәтін мен сөйлесім болып табылады [2, 88]. Себебі сөйлесім уақыт пен кеңістікке қатысты, субъективті болады, тұлғаның өмірлік тәжірибесін көрсетеді, белгілі бір мақсатқа бағытталып, аяқасты, ретсіз бірліктердің жіберілетіндігі, шексіздігі болады, ақиқаттық пен жалғандық тұрғысынан қарастырылуы мүмкін, тыңдау, көру, сезу сияқты сезіммен қабылданған дыбысты таңбалардан тұрады. Көрсетілген белгілерді салыстыра отырып, Сөйлесімді сөйлесімнің бірлігіне жатқызуға болады.
Мидың ұзақ мерзімді жадысында сақталған, сөйлесім тіліндегі ауыспалы мағыналы сөздер, мақал-мәтел, фразеологизмдердің тілді бейнелі жасайтындығы белгілі. Мұндай құрылымдар сол тілде сөйлейтін коммуниканттардың бәріне ортақ бола отырып, ішкі сөзді оңай таңдауға мүмкіндік тудырады. Бұл әрі сөйлесімнің пайда болуындағы қазақ тілінің өзіндік ұлттық бояуын көрсетеді.
Сөйлесім мәселесі қазақ тіл білімінде әлі де түрлі талас тудырып келе жатыр. Тіпті высказывание атауының өзі де термин ретінде әлі тұрақтанып, ғылыми айналымда қалыптана қоймады. Соңғы жарыққа шыққан бірқатар ғылыми еңбектер мен мақалаларда высказываниеге сөйлесім, айтылым, айтылыс, сөйленіс, сөз сияқты не түбірі, я болмаса қосымшасы бірыңғайланбаған баламалар беріліп жүр. Қазір тілдік қарым-қатынаста айтылым термині сөйлесім әрекетінің бір түрі говорение терминінің баламасы ретінде де қолданылып жүр [2,89].
Айтылыстағы ыс ортақ етістің жұрнағы болғандықтан высказываниенің жекелік сипатын көрсете алмайды.
Сөйлесім (речь) терминінің орнына тіл деп қолданылатыны сияқты (баланың тілі, мылқаудың тілі, әдеби тіл т.б.), высказывание терминінің орнына сөз қолданылады. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде высказывание сөзінің баламасы ретінде бірде сөз, бірде лебіз атаулары қолданылғанын байқаймыз. Мысалы, ғалым шаршы топ алдында сөйленетін сөзді шешен сөз деп атап, оның негізгі 5 түрін көрсетеді: саясат шешен сөз, билік шешен сөз, қошемет шешен сөз, білмір шешен сөз, уағыз [3, 405].
Ж.Жақыпов шартты түрде высказывание терминінің мәнін сөйлем термині дұрыс беретінін айта келіп, орыстың предложениесі қазақтың сөйлем терминінің мағынасын көмкермейтінін айтады. Әйтсе де, бұрыннан қалыптасқан грамматикалық сөйлем атауынан бас тартпайтындығын тіл - мән, сөйлеу - құбылыс, екеуінің тығыз диалектикалық байланысы тұрғысынан түсіндіреді [4, 4].
Ғалымның пікірімен келісе отырып, сөйлем терминінің предложение сөзінің баламасы ретінде қалыптасып кетуіне байланысты высказывание терминінің баламасы ретінде сөйлесім сөзін қолдануды жөн көрдік. Әрбір сөйлесімнің сөйлеушісі болатынын, оның жекелік сипатқа ие бола отырып сөйлесім әрекетіне түсуі себепті сөйле түбіріне өздік етістің н жұрнағы жалғанып, оған сөз тудырушы ім жұрнағы тіркесіп, жағдаяттың белгілі бір объекті немесе субъектіге қатысты болатындығын білдіреді.
Сөйлесім әрекетін жүзеге асырушы - сөйлеуші, ал сөйлесімге жекелік сипат тән болғандықтан өздік етістің н жұрнағы сай келіп тұр.
Орыс грамматикасында сөйлесім термині кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынада сөйлесім сөзі кез келген хабар беруші бірлік болады да, тар мағынада - грамматикалық сөйлем сияқты хабар жеткізетін бірлік. Сөйлем мен сөйлесімді салыстыру тілдегі құрылымдық және қатысымдық көзқарастардың қарама-қайшы келуіне әкеледі. Бірқатар ғалымдар сөйлемді құрылымдық бірлікке, сөйлесімді қатысымдық бірлікке жатқызады [5,100].
Сөйлесім теориясын қарастырған зерттеулердің түрлі бағытта болғаны нақты. Атап айтқанда, дәстүрлі грамматикаға қарсы бағыт, функционалды, мәтін теориясы, фонетикалық, семантикалық, физиология-психологиялық бағыттар.
Дәстүрлі грамматикаға қарсы бағыт сөйлем мен сөйлесімнің қарама-қайшылығына, я болмаса екеуінің тең қойылуына немесе бірінің грамматикалық бірлік, екіншісінің сөйлесім бірлігі болатындығына негізделеді. Мұны құрылымдық бағыт пен қатысымдық бағыттың қарама-қайшылығынан туған бағыт деп те есептеледі.
Функционалды бағытқа сөйлесімді сөйлесім актісімен байланысты қарастыру жатады. Мәтін теориясы бағыты сөйлесімді мәтін түзуші бірлік ретінде қарастырады. Фонетикалық бағыт сөйлесім тілінің ең кіші бірлігі дыбыс деп тануымен немесе сөйлесім сөйлемнің фонетикалық формасы деген пайымдармен ерекшеленеді.
Сөйлесімнің мазмұны мен оның шындыққа қатысы, оның экспрессивті-эмотивті т.б. жағы семантикалық бағыттың үлесінде. Физиология-психологиялық бағыт басқа бағыттардан сөйлесімнің туындауы, оның қандай тетіктер арқылы сөйлесім әрекетіне түсетіні мен сөйлеушінің сана-сезімі т.б. толып жатқан ұғымдардың анықталуымен айрықшаланады.
Нақтырақ айтқанда сөйлесім әрекетін лингвистикамен психология, физиология ілімдерін байланыстыру арқылы қарастыру болады. Барлық аталған бағыттардың ортақ мүддесі - сөйлесімді қатысым бірлігі ретінде қарастыру. Бұл зерттеу жұмысында фонетикалық бағыттан басқасының бәрі де кездеседі. Бір ғана бағытты ұстану сөйлесімнің жан-жақты табиғатын тануға кедергі келтіреді. Қазақ тіл білімінде аталған бағыттардың ішіндегі дәстүрлі грамматикаға қарсы бағыт, мәтін теориясы және семантикалық бағыттар дамып, өз өрісін табуда [6, 115].
Сөйлесім туралы барлық көзқарастарды саралай келе жалпылама түрде былайша анықтама беруге болады: Сөйлесім әрекетінде жүзеге асып, белгілі бір кеңістік пен уақытта, белгілі бір жағдаятта немесе жағдаяттан тыс, мақсатқа құрылған, я болмаса жағдаяттың әсерінен болатын, экспрессивті-эмотивті интонацияны қажет ететін, ойдың толық немесе біршама аяқталып, кейде аяқталмайтындығы тән, сөйлесім нормасына сай сөйлесімнің басты бірлігі сөйлесім деп аталады.

Сөйлесім синтаксисі тікелей тілдік қатынастың табиғатымен байланысты болғандықтан, ондағы қатысымдық бірліктердің бір жүйеде болуы шартты. Алайда тіл бірліктерімен салыстыра отырып сөйлесім бірліктерін де көрсетіп жүрміз. Олар: мәтін (мәтін), сөйлесім (сөйлем), сөз-сөйлесімдер (сөз), морфтар (морфема), дыбыс (фонема). Бұлар сөйлесім актісінде жүзеге асады.
Осылардың ішінде толыққанды тілдік қатынасты жүзеге асыратындары тек мәтін мен сөйлесім болып табылады. Себебі сөйлесім уақыт пен кеңістікке қатысты, субъективті болады, тұлғаның өмірлік тәжірибесін көрсетеді, белгілі бір мақсатқа бағытталып, аяқасты, ретсіз бірліктердің жіберілетіндігі, шексіздігі болады, ақиқаттық пен жалғандық тұрғысынан қарастырылуы мүмкін, тыңдау, көру, сезу сияқты сезіммен қабылданған дыбысты таңбалардан тұрады. Көрсетілген белгілерді салыстыра отырып, сөйлесімді сөйлесімнің бірлігіне жатқызуға болады.
Сөйлесім әрекеті сөйлесушілердің өзара түсіністік тудыратын үдеріс болып табылады. Ол үдеріс сөйлеу, тыңдау, түсіну ұғымдарымен тікелей байланысты болады да, олардың жүзеге асу сәтін сөйлесім актісі деп атайды. Сөйлесім актілері сөйлесім әрекетінен құралады. Әрбір сөйлесім актісінің ақпар жіберушісі мен ақпар алушысы болады. Ал ақпараттың тақырыбы, формасы (жанры), қандай жағдаятта айтылатындығы ақпар алмастырушылардың түпкі ойы мен тұрмыстық немесе басқа да жағдайларға байланысты өз таңдауларымен болады.
Сөйлесім актісінің белгілеріне, яғни сөйлесім актісін тудырушы шарттарға сөйлеушінің ниеті немесе түпкі ойы, сөйлеу мақсаты, психологиялық күйі, әлеуметтік мүддесі, көзқарасы, жалпы дүние туралы білімі т.б. жатады. Сөйлесім актісінің мазмұнын және оның түрін де осы шарттар анықтайды.
Сөйлесім актісінің жүзеге асуына әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Сыртқы факторларға уақыт парадигмалары, қоғамдық және әлеуметтік орта жатса, ішкі факторға тілдік сананың қызметі (Олар: референция, сөйлесімнің иллокутивті, перлокутивті актісі т.б) кіреді. Ішкі және сыртқы факторлардың бәрін байланыстырушы және үдеріске айналдырушылар - тіл (сөйлесім) бірліктері.
Сөйлесім әрекеті адамның тіл арқылы ішкі сырын шығаруынан пайда болады. Сөйлесім синтаксисі әрекеттегі тілдің ішкі табиғатын қарастыратын болғандықтан, оның бірліктері сөйлесім әрекетінде нақты мәнге ие болады. Сөйлесім әрекетінің нәтижесінен сөйлесімдер туындайды. Басқаша айтқанда, сөйлеушінің сөйлесім және ойлау әрекетінің жемісі Сөйлесімдер болып табылады.
Тілдік санаға, сөйлесім әрекеті мен сөйлесім актісіне, сөйлесімнің қарым-қатынас үдерісінің ұйымдасуына ұлттық-мәдени ықпал әсер етіп отырады. Сөйлеушінің жалпы білім қоры адам мінез-құлқын реттеуші тетік пен қатысым жасау кілті екендігі анық. Сонымен қатар дүние туралы білім (аялық білім) қабылдау үдерісі кезінде оқығанымыз бен естігенімізді талқылай алуға және оны жақсы түсінуімізге мүмкіндік тудырады.
Аялық білім өмір сүрген ортаға, ана тілге де қатысты. Адам миының сол жақ жарты шар мен оң жақ жарты шарларының қызметіне қарай отырып, аялық білімді оң жаққа жатқызуға болады. Өйткені оң жақ жарты шардағы жадының түрі эпизодтық, контекстік сипатқа ие. Оның нақтылы пайда болуы Сөйлесімнің ішкі сөйлесім деңгейіндегі мазмұндық бөлікте көрінеді.
Аялық білім қарым-қатынаста маңызды орынға ие. Сөйлеушінің тұрған жері, ұлтының салт-дәстүрі, дүние туралы алған білімі сияқты қатысымдық міндеттің шарттары аялық білімнің анықталуына мүмкіндік береді.
oo Байғұс-ау, күн батқанда қайда бармақсың?
oo Еркек жолын әйел сұрамас болар!
Еркек жолын әйел сұрамас болар! Сөйлесіміндегі қарсылық мәнін, сұраққа тура жауап бермей, жауапсыз қалдыратын тұсын сол тілді меңгерген қабылдаушы жақсы түсінеді. Қазақ халқының ер адамның жолын кеспеу керек деген түсінігі аялық білімнің болуымен анықталады. Мұнда әрі гендерлік сипат та бар.
Аялық білімнің қалыптасуы әрбір адамның ана тілінің шығуымен байланысты құбылыс. Содан бастап ол жадыда жасырын пресуппозициялар түрінде сақталады.
Сөйлесімнің туындау үлгілері және сол туралы жазған ғалымдардың пайымдары мен еңбектеріне де шолу жасалады. Тілдік санадағы барлық ақпараттарды жұмсалымға қалай түсіру керек екендігі жөніндегі зерттеулер әр қилы. Сөйлесім әрекетінің ішкі тетіктері мен оның жүзеге асуы туралы зерттеу жұмыстары өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғы мен 70-жылдарының басында қарастырыла бастады. Алдымен психологиялық пен психолингвистикалық, кейінірек лингвистикалық сөйлесімнің үлгілері ұсынылды. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары ғана қатысым теориясы жайында зерттеулер жүргізілуде.
Отандық бірқатар психологиялық еңбектердің ішінде Жүсіпбек Аймауытовтың Псиқолоғиа атты еңбегін психологияның және психолингвистикалық мәліметтердің алтын қорына жатқызуға болады. Сонымен қатар Қ.Жұбановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың құнды пікірлері қазақ психолингвистикасының негізін көрсетеді.
Қазақ тіл білімінде сөйлесімнің туындауы жолдарын жаңаша лингвистикалық, психолингвистикалық тұрғыдан қарастыру тың мәселе. Оның қалыптасу үдерісін жете білу үшін лингвистикалық та, психолингвистикалық та қырларына тоқталу қажет. Сонда ғана тілдік қатынастың табиғатын ашуда толыққанды нәтижеге жету мүмкіндігі туады.
Сөйлесімдердің пайда болуы үдерісіне келместен бұрын мидың қызметіне тоқталу қажет. Себебі ми қызметі жалпы сөйлесім үдерісін жүзеге асыратын орталық болғандықтан, оған үстірт қарамай, сол үлгілер мен тетіктердің ми қызметі арқылы жүріп отыратындығын ескеру қажет. Адам миының сол және оң жақ жарты шарларының қайсысы сөйлесім үстінде белсенді қызмет атқаратыны нейролингвистер үшін, қала берді, психологтар мен психолингвистер үшін маңызды болды.
Мидың екі жарты шарының да тілдің пайда болуында атқаратын қызметі тең. Дегенмен сол жақтың қызметі басым. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және байланыстырушы нәрсе - жартышараралық спайка (мозолистое тело). Көптеген ғалымдардың пікірінше сол жақ пен оң жақ жарты шарлардың қызметі бірін-бірі толықтырып, берілген міндетіне қарай әрқайсысының рөлі ауысып отырады.
Мидың ұзақ мерзімді жадысында сақталған, сөйлесім тіліндегі ауыспалы мағыналы сөздер, мақал-мәтел, фразеологизмдердің тілді бейнелі жасайтындығы белгілі. Мұндай құрылымдар сол тілде сөйлейтін коммуниканттардың бәріне ортақ бола отырып, ішкі сөзді оңай таңдауға мүмкіндік тудырады. Бұл әрі сөйлесімнің пайда болуындағы қазақ тілінің өзіндік ұлттық бояуын көрсетеді. Сөйлеуші жадыдағы бұрыннан бар мақал-мәтелді де жағдаятқа қарай орнымен қолдана біледі. Оған мына мысалдан көз жеткізуге болады:
Бір сәтте үйге Нұрекеңнің үйіндегі жеңгеміз кірді де, Баукеңнің бетіне күлімдей қарап:
oo Ей, жігіт, тамақ даяр болып қалды, қолыңды шай, - дегені мұң екен, Баукең, о сұмдық, жеңгесінің жылы сөзі құлағына тиер уақытын күтіп жатқандай, майпаң қағып, жүзі жадырап шыға келді:
oo Жақсы жеңге қайнысының қарнын бағады, төсегін қағады, жаман жеңге қабағын шытады! Есть, товарищ! - деді де, шөккен түйедей ырғала қимылдап орнынан тұрды.
Осы мысалда сөйлеушінің іс-әрекетті бағалауын байқауға болады.
Қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді жиі қолдану ауызекі сөйлесім тілінің өзіне тән сипатын анықтай түседі. Қыстырма құрылымдарды сөйлесім тұрғысынан мақсатына қарай үшке бөлуге болады:
а) тыңдаушыға ақпараттың түсінікті болуы мақсатында жұмсалатын қыстырма құрылымдар;
б) тыңдаушыға жаңа, қосымша ақпарат беру мақсатындағы қыстырма құрылымдар;
в) сөйлеушінің өз сөзіне немесе бөгде адамның айтқан сөзіне эмоциялық реңк мәнін беру мақсатындағы қыстырма құрылымдар.
Құрылымдық грамматикада қыстырма, қаратпа, одағай сөздердің грамматикалық байланысқа түспеуінің, сөйлем мүшесі бола алмауларының бірден-бір себебі - олардың нақтылы сөйлесім синтаксисінің табиғатын көрсететіндігінде. Олар қатысым актісінде болатын эмоцияны, сөйлеушілердің ішкі жан-дүниесін, көзқарасын, пайымын т.т. көрсетіп, тілдік қатынаста белгілі бір ақпараттарды жеткізе алатындықтарымен ерекшеленеді. Оқшау сөздер деп аталып жүрген осы бірліктердің ішінде тыңдаушыға ақпарат жеткізуі жағынан қыстырма құрылымдар мен одағайлардың мүмкіндігі мол.
Сөйлесім - әрекет және оның нәтижесі, ол әрқашан жағдаятқа қатысты, белгілі бір мақсатқа ие, әлеуметтік және жеке қажеттіліктерді шешіп, тілдік қарым-қатынас жасауға арналған. Сөйленім сөйлесім тілінің бірлігі болып саналады. Себебі сөйлесім тілінің табиғатын ашатын ерекшеліктердің (сөйлесімдегі еркіндік, дауыс ырғағы, ақиқат пен жалғандыққа, уақыт пен кеңістікке қатыстылығы т.б.) барлығы ауызекі сөйлесім тіліне тән сипаттар болып табылады.
Тіл мен сөйлесімді байланыстырушы - сөйлесім әрекеті. Сөйлесім әрекеті сөйлесушілердің өзара түсіністік тудыратын үдеріс болып табылады. Ол үдеріс сөйлеу, тыңдау, түсіну ұғымдарымен тікелей байланысты болады да, олардың жүзеге асу сәтін сөйлесім актісі деп атайды. Сөйлесім актілері сөйлесім әрекетінен құралады. Әрбір сөйлесім актісінің ақпар жіберушісі мен ақпар алушысы болады. Ал ақпараттың тақырыбы, формасы (жанры), қандай жағдаятта айтылатындығы ақпар алмастырушылардың түпкі ойы мен тұрмыстық немесе басқа да жағдайларға байланысты өз таңдауларымен болады.

Сөйлесім әрекетінің формалары қандай болмасын оның қалыпты жүзеге асуы үшін, қысқа уақытты жады мен ұзақ уақытты жадыдағы адамға керек мәліметтер мен хабарларды т.б сананың қорынан алып, сөйлесім актісіне сәйкес жүзеге асыратын тілдік формалар қажет. Ол бірлік - сөйлесім.
1.2 Сөйлесім және мәтін
Мәтіннің жан-жақты зерттелуі сөйлесім лингвистикасының үлкен бір қыры ашылғанынының көрінісі болып саналады. Бірақ Сөйлесім мәтіннің ерекше бір түрі бола алмайды. Ғалымдардың тұжырымдарына сүйенетін болсақ, аяқталған ойға мәтін де, Сөйлесім де ие болады. Мәтін де басқа бірліктер сияқты тілдің таңбалық жүйесіне жатады.
Қатысымдық қызметте әрбір бірліктің қызметі мәтін деңгейінде көрінеді. Мысалы, сөз атауыштық, сөйлем құрылымдық-мағыналық қызмет атқарса, мәтін оның бәрін жалпылайды, яғни белгілі бір хабардың үзіндісін тудырады. Сөйлесімнің мәтіндегі қызметі - мәтін құрушы бірлік болуында.
Мәтіннің ең кіші бөлшегі сөйлем сөйлесім тұрғысынан Сөйлесім болатыны айтылды. Ең кішкене қатысымдық бірліктер - сөз-сөйлесімдер. С.М.Аташев Өрт! деген Сөйлесімді мысалға келтіре отырып, оның шындыққа қатысты болатындығын және белгілі бір интонациямен көмкерілетінін, информативті-эмотивті сипатта болатынын айтып өткен [5, 12].
Солай болғанда мәтіндегі предикативтілікке қатысты, мәтін тақырыбының желісімен мазмұндас т.б. элементтердің барлығы оның құрылымына өз үлестерін қосады.
Мәтін мен сөйлесім екі түрлі бірліктер. Мәтін - мақсатқа бағыттала ұйымдасқан, мағыналық және формалды-грамматикалық байланыстармен жақын мүмкіндікте біріккен сөйлесімдердің желілі бірізділігі. Сөйлесімнің біртұтастық белгісі осы мәтін ішіндегі оның мазмұндық бірізділігі арқылы анықталады.
Жағдаятқа байланысты сөйленімдердің мәні мен мазмұны белгілі бір сөйлеу әрекеті үстінде айқындалады. Сонымен қатар жағдаяттық сөйленімдер сөйлеушінің сөйлей білуінен (шешендігінен), өмірлік тәжірибесіне, мамандығына т.б. байланысты қолданыс табады.
Сөйленімнің құрылымы әртүрлі болып келеді. Ол бір элементтен де құрала алады. Құрылымдық тұрғыдан алғанда, сөз тіл бірлігі ретінде сөйлемді құраушы, аталымдық бірлік болады да, сөйлесім тілінде ақпарат жеткізетін қатысым бірлігі ретінде сөз-сөйленімнің қызметін атқарады. Қатысымды жүзеге асыратын сөйлесім тілінің бірлігі сөйленім болғандықтан, мұндай сөйленімнің түрі сөз-сөйлем емес сөз-сөйленім деп алынды. Кез келген бірлік сөз-сөйленім бола бермейді. Бірақ мәтіндегі сөйлесім мазмұнының бірізділігі бола да бермеуі мүмкін [7,17].
Егер мәтінді сөйлесімдерге бөлгенде сөйлесім мазмұнының әрқашанда үздіксіз бірізділік сипатына ие болмайтыны белгілі болды. Сөйлесім мазмұнының бірізділігі диалогтық сөйлесім түрінде де сақталмайтыны кейбір мысалдардан байқалды:
oo Сіздің әкеңізді де кеме басып өлтірген бе, - Арман ағай ауыр күрсінді, - толқында туамыз, толқында өлеміз... .
Сөйлесім мазмұнының бірізділігі сақталмайтындығы мынандай жағдайлардан болады:
а) сөйлесім тіліне тән табиғи немесе арнайы кідірістердің болуынан;
ә) сөйлесім мақсатына қарай сөйлеушінің Сөйлесім мазмұнының бірізділігін сақтамауынан.
Бұл екі жағдай да тікелей сөйлеуші психологиясына қатысты болады. Сөйлесімді мәтін теориясы бағытында қарастыру олардың құрылымын, яғни сөйлем формасындағы Сөйлесім бе, болмаса кең көлемді мәтін, абзац деңгейіндегі күрделі Сөйлесім екендігін анықтауға мүмкіндігін тигізеді. Дегенмен сөз соңында қарым-қатынастың негізі біртұтас мәтіндерден емес, жекелеген Сөйлесімдерден бастау алатындығын тағы да еске саламыз.
Сөйлесімнің номинация, предикация, локация қызметтерінен басқа ақпараттық-мазмұндық, байланыс орнату, қатысымдық, экспрессивтік т.б. қызметтері бар [8, 356]. Біздің жұмысымызда сөйлесімнің қатысымдық қызметі басты орын алады.
Сөйлесім бірліктерінің қатысымдық табиғатын әркім әр түрлі тұжырымдайды. Мысалы, мәтіннің қатысымдық табиғаты оның динамикалық ұйымдасуымен байланысты (мазмұн жағынан да, форма жағынан да). Ал Сөйлесімнің қатысымдық ерекшелігін В.Матезиус өзінің актуалды мүшелену теориясымен айқындап берді [9].
Әрбір сөйлесімнің қатысымдық міндеті үшін бәрінен бұрын онда не туралы айтылғаны (тема) мен бұл туралы не айтылатыны (рема) арасындағы орнайтын нақтылы қатынас маңызды. Алдыңғы Сөйлесімнің ақпарының не туралы болатындығы белгісіз болуы міндетті емес. Тема мен реманы айтылған, енді айтылатын, жаңа, ескі, белгілі, белгісіз ұғымдары түрінде қарастырса, бірі (тема) мидың оң жақ жартышарынан, енді бірі (рема) сол жақ жарты шарынан орын алады [10, 75]. Өйткені жаңа ақпараттар оң жақтан өңделіп, сол жақтағы жадыда сақталуына ауысып отырады.
Белгілі бір жағдайларда тема немесе рема кинесикалық белгілермен алмасуы мүмкін немесе ішкі сөйлесім жағдайында қалады. Жағдаятқа байланысты тілімізде Сөйлесімдердің сөздей берілмеуі көбіне келісімді, мақұлдауды білдіреді. Мұндайда тема мен рема біріне-бірі селбесіп те келеді. Сондай болғанда қарым-қатынас үзілмей, тілдесушілердің өзара түсінісулері мүмкін. Мысалы:
oo Мұхтар, - деді Ғабең әлден соң. Сен Шың басындағы оқиғаны бір адамға арнайы оқысаң қайтеді?
oo Кімге?
oo Раисаға...
oo ?
oo Кімді айтып тұрғанымды түсіндің бе? - деді тағы да.
oo Түсіндім, - дедім мен
Сөйлеушінің жауабы болмаса да, контекст арқылы әйтеуір оның ішкі сөйлесімінде бір ойлардың ағыны болып жатқанын сезуге болады. Күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі, әсіресе қарапайым (мысалы, әйел затының ортасы) ортада жамырай сөйлеу қалыпты жағдай. Мұны ғылыми тілмен айтқанда полилог дейміз.
Полилог арнайы зерттелмегенімен, оның құрамында көбіне тема да, рема да бір-біріне ұқсамайды және әрбір Сөйлесім жаңа ақпарат тасиды. Жамырай сөйлеу қатысымды жеңілдетіп, сөйлеушілердің алдына қойған сөйлесім мақсатының, түпкі ойдың жүзеге асуына ықпалы күшті болады. Мұнда барлық сөйлеушілердің араласуымен ортақ мақсат шешіліп, жадыдағы сақталған тілдік ақпараттар жаңғырып қана қоймай, жаңа хабарлармен де толысқанын көруге болады.
Жамырай сөйлеуде сөйлесушілерге тақырып ортақтығының болуы маңызды. Тақырыптың ортақтығы тема мен реманың өрілуінің көзі болып саналады.
Көрші-қолаң, бала-шаға мені қоршап алды.
oo Кәне, қарағым, көзіңді көрсетші.
oo Операцияны қай жеріңе жасады?
oo Әй, өзі бұрынғыдан үлкейіп, әдеміленіп кетіпті, былай қара!
oo Батыр-ау, өзінің тіккен орны да білінбейді ғой, - десе, енді бірі:
oo Ой, тұра тұршы. Бәрінен бұрын операция қалай болады екен, соны айтшы, - дейді
Сөйлеушілердің білім қорының аздығынан немесе аялық білімнің жоқтығынан тақырыптан ауытқуды байқауға болады. Мұндай жағдай тек білім қоры ғана емес, түрлі жағдайлардың әсерінен де болады. Жоғарыдағы мысалда әңгіме көз туралы. Тек екінші сөйлеуші жағдаяттан нақтылы хабардар емес (Операцияны қай жеріңе жасады?). Көзге жасалған операцияны және көздің операциядан кейінгі жағдайы қатысымның өрбуіне арқау болып тұр.
Тыңдаушыға бірінші кезекте сөйлесімнің грамматикалық жағы емес, семантикалық жағы маңызды, ал ол сөйлесім тіліне тән басты ерекшелік. Сөйлеуші айтар ойын жеткізу ұстанымын алға тұтып отырады да, сөйлесімнің құрылымына, қала берді семантикалық дұрыс қолданысына мән бере бермейді.
Монологтық сөйлесім кезінде нақтылы кері жауап қататын сөйлесушінің болмайтын кезінде мынадай жайттар кездеседі:
а) сөйлеуші ойдың бірізділігін сақтау мақсатымен, сонымен бірге паралингвистикалық белгілердің (кинесикалық белгілердің) болмауынан тема сақталып отырады;
б) көп жағдайда сөйлесімнің темасы сөздей берілуге ие болады. Егер сөйлеуші оны алдыңғы сөйлемдерде немесе абзацта айтып кетіп, одан ойдың бүтіндігі мен семантикалық байланыс бұзылмайтын болса, ол түсіп қалады.
Монологтық сөйлесімнің басқа сөйлесім әрекеттерінің түрінен ерекшелігі сол, уәж тек субъектінің өзі арқылы жүзеге асады. Солай болғанда, монологтық сөйлесімнің актуалдануы уәждің туылуына тәуелді болады.
Кейде монологтық сөйлесімде актуалды мүшеленудің қолданылуының белсенділігі аз болады. Көбіне тема да, рема да анық, айқын беріліп отырады. Ішкі сөйлесім жағдайында, сөйлеуші өзімен-өзі әңгімелесуші болып табылғанда: сөйлесім бірлігі ретінде сөйлесім болмайды, тек қажетті ақпараты бар қатысымның элементтері ойша белгіленеді; бірізділік үзіледі; сөйлемнің темасы түгелдей болмайды, яки сөйлеуші-әңгімелесуші оны қажетсінбейді және оның не туралы екендігі таныс болса да, ішкі сөйлесім тек іштей құрылған сөйлемнің ремалық элементтері арқылы жүріп отырады.
Мұндағы бірінші деңгейде сөйлеушінің сөйлесімді сөйлесім актісіндегі белгілі бір мақсатқа байланысты жұмсауы үшін тілдік санада уәж пайда болады. Оның жүзеге асуына тілдік санадағы адамның жалпы білімі, қажеттілік немесе жағдаят т.б. түрткі болады. Сөйлесім емеуріні (ой, сөйлесім ниеті) өзінен-өзі тумайды, ол өзара әрекеттесетін факторлармен қатар қалыптасады, олардың ең бастысы болып уәждер жүйесі орын алады.
Жалпы уәжділіктің өзі лингвистикада теория ретінде қалыптасқан. Ғалым Б.Қ.Қасым уәждеме теориясын лингвистикалық тұрғыдан жаңа күрделі атауларды жасауға, қалыптастыруға уәждік қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін, туынды бірліктерді анықтайтын заңдылық [6, 158] ретінде түсіндірді. Қатысымдық тұрғыдан уәж сөйлеушінің әрбір сөйлеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz