ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
- ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ
ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
1. 1 Зат есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер . . . 7
- Сын есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер . . . 14
1. 3 Сан есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер . . . 17
1. 4 Есімдікті құрама баяндауышты есімді сөйлемдер . . . 20
1. 5 Көмекші есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32
КІРІСПЕҚазақ тіліндегі есімді сөйлемдер бір жүйеге түсірілмеген, оған вербоцентристік көзқарастың ықпалы мол. Өйткені етістік шақ жəне модальділік қатынасты білдіреді деген көзқарас басым орын алған. Сол себепті де жалпы тіл білімінде (орыс тіл білімінде) есімді сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп немесе нөлдік тұлғадағы сөйлемдер деп қана танылды. Ал түркі тіл білімінде А. П. Поцелуевский, қазақ тіл білімінде М. Балақаев бірінші рет есімді сөйлемдерді жеке бөліп, оның етістікті сөйлемдерден ерекше екенін алғаш көрсетті. Біздің жұмысымызда қазақ əдебиетінің классигі, жазушы М. Əуезовтің «Абай» эпопеясындағы есімді сөйлемдер, түрлері, олардың берілу жолдары, жұмсалымдық мəселесіне назар аударылды. Соның бірі - автордың есімді сөйлемдер түрлерін молынан қолдануы жəне олардың жасалу ерекшеліктерін анықтау. Жалпы басқа түркі тілдерінде М. Əуезов сияқты жазушылардың еңбектерін тілдік жағынан талдау жан-жақты қолға алынған. Ал қазақ тілінде осы сияқты еңбектердің тілдік жағы тіпті сөз болмады десе де болғандай. Сөйлем синтаксисі өте күрделі. Осы күрделілік олардың түр-түрімен байланысты. Қазіргі кезде қазақ тілінде жай сөйлем, құрмалас сөйлем, жалаң, жайылма, жақты жақсыз, хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрықты, болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, белгілі жақты, белгісіз жақты, атаулы деп беріліп келеді. Осылайша сөйлемдерді беру қалыптасты да, дегенмен соңғы кезде осы сөйлемнің түрлері қатарына есімді, етістікті сөйлемдер дейтін де түрлері орын ала бастады.
Есімді сөйлемдерде ой қысқа, нақты түрде жеткізілетіні белгілі. Есімді сөйлемдер стильге тек нақтылық пен қысқалық беріп қоймай, сонымен бірге мəтін көркемдігін арттырып, шығарма мəтініне эстетикалық мəн, стилистикалық, экспрессивтік реңк беріп, коммуникативтік-прагматикалық қызметте жұмсалады. Сондықтан қазақ тіл біліміндегі ертеден келе жатқан есімді сөйлемдердің ерекшелігін М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан іздеу, етістікті сөйлемдерден өзгешелігі мен коммуникативтік мақсатын анықтау арнайы зерттеуді қажет етеді. М. Əуезов романдарының көркемдік күшінің ең негізгі ерекшеліктерінің бірі оның тіл шеберлігінде. Жазушы тілінің шеберлігі, оралымдығы оның авторлық баяндауларынан да, табиғат көріністерінен де, кейіпкерлердің сөздік, бейне сипаттарынан да əрдайым айқын көрініп отырады. Қазақтың ғасырлар бойы жасалып, молығып келген тіл байлығын жазушы толық меңгерген жəне сонысын өзінің романдарында мейлінше мол əрі шебер пайдаланған. Тарихи тақырыпқа арналған шығарма болғанымен М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы қазақтың қазіргі əдеби тілімен жазылған жəне сонымен қатар оны белгілі дəрежеде байыта, молықтыра түскен, жаңа биікке көтерген. Бұл ретте М. Əуезов романдарының атқарған рөлі ерекше. Қазақтың қазіргі əдеби тілінің байлығы мен алуан түрлі қырын М. Əуезовтің Абай туралы романдары мейлінше анық көрсетті. Есімді сөйлемдерді тек «Абай жолы» эпопеясынан ғана іздеу, оның ерекшеліктерін көрсету мəселесінің де өзіндік ерекшеліктері бар.
Оның негізгі себебі мынада деп білеміз. Осы кезге дейін есімді, етістікті сөйлемдердің жасалуы, эволюциясы туралы түрліше көзқарастар бар. Сонда ірі ғалымдар есімді сөйлемдер бұрын қалыптасты десе, керісінше, етістікті сөйлемдер бұрын қалыптасты деген де көзқарастар орын алуда. Əрине ол ғылыми талас пікір.
Зерттеудің дереккөздері. Тілдік материал негізінде М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының 1956 жылы түзетіліп басылып шыққан екінші кітабы, «Абай жолы» роман-эпопеясының 1961, 1989 жылдары жарық көрген 1, 2 кітабы, Қ. Б. Бектаевтың «М. Əуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі алынды.
Жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеттері. М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы құрама баяндауышты есімді сөйлемдердің жасалуы мен түрлері көрсету жұмыстың мақсаты болып табылады. Айтылған мақсатымызды жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:
- зат есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер түрлерін саралау;
- сын, сан есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер түрлерін талдап, анықтау,
- есімдікті құрама баяндауышты есімді сөйлемдер түрлерін тану;
- көмекші есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер көрінісін анықтау.
Зерттеу әдістері. Курс жұмысында бақылау, сипаттама, анализ және синтез тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың теориялық жəне практикалық маңызы. Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нəтижелер мен тұжырымдар есімді сөйлем туралы теориялық зерттеулерге үлес қоса отырып, қазақ тіл білімінің синтаксис, морфология, тарихи грамматика салаларының дамуына қызмет етеді. Осы сала бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына ықпалын тигізе алады.
Жұмыс қорытындыларын жоғары оқу орындарында филология факультеттерінің студенттеріне қазақ тілінің синтаксис саласы бойынша жəне көркем мəтін лингвистикасын талдауда оқылатын дəрістер мен жүргізілетін практикалық сабақтарда, арнайы курстарда, орта мектептерде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Курс жұмысы кіріспеден, негізгі бір бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
- Зат есімді құрама баяндауышты есімді сөйлемдер
Сөйлемнің баяндауышы дара, күрделі есімдер не сондай етістік тұлғалары мен кейбір көмекші етістіктер, не айрықша көмекші модаль сөздер, кейбір демеуліктер түрінде келген сөз тіркестерімен де айтылып жұмсалады. Құрама баяндаушы бастауыштың қимылдық күйін не заттың қатынасты сапалық болмысын, сұраулық, болымсыздық, міндеттілік-керектілік, мүмкіндік- мүмкінсіздік, сенімділік-ақиқаттық, күмəнділік-болжалдылық, өкініш- армандық, қалау-тілектік тəрізді мағыналарды ұластырып не тек шақтық мағынада бекітіп мəндендіреді.
Құрама баяндауышты көмекші компоненттердің мəні мен түрлеріне қарай негізгі екі топқа жіктеп қарастыруға болады: кейбір демеулікті көмекші модаль сөзді болып келген құрама баяндауыштар жəне көмекші етістікті болып келген құрама баяндауыштар.
- Көмекші модаль сөздер мен кейбір демеуліктер арқылы құралатын құрама баяндауыштардың негізгі компоненттері - етістік не есім түрлері болады.
Көмекші компоненттері рөлінде жұмсалатындар «емес», «жоқ», «сияқты», «керек», «білем», «шығар», «болар», «еді», «екен», «мүмкін», «тиіс» - деген сөздер мен «ма», «ме», «мыс», «міс», «ды», «ді», «ғой», «қой», «ғана», «қана» демеуліктері. Бұлар субъект, зат қимылына не оның заттық, сындық тəрізді болмысына деген қосымша субъективтік-объективтік қатынасты көрсетеді: негізгі компоненттік сөздердің мəніне болымдылық - болымсыздық не қарсылықты, күмəнділік белгісіз модальдық мағына үстеп, бастауышпен байланыстырып тиянақтауда синтаксистік элемент болып тұрады. Аталған айырым мағыналар жиынтығы, əдетте, модальдық категория деп түсіндіріледі. Мұның өзі сөйлем мазмұнының шындыққа деген қатынасының не сөйлеушінің зат, болмыс туралы субъективтік-объективтік көзқарасының етістік райлары арқылы, жоғарғыдай көмекші сөздермен айтылған белгілі бір мүшелік тіркестер арқылы, қыстырма сөздер арқылы жəне интонация арқылы берілуіндегі ерекше грамматикалық мағыналар жиынтығы болып ұғынылады.
- Модальдық көмекші сөздер баяндауышының синтаксистік компоненті ретінде етістік формаларға тіркесіп жұмсалғанда бірқатары негізгі етістік компоненттің шақтық мəнін емес, мұнымен байланысты қимылдың мағынасын тек модальдық мағынада құбылтса, бірқатары əрі шақтық, əрі модальдық мағына үстеп құбылтатын болады. Демек, модальдық көмекші сөздер субъектінің не заттық, қимылдық сапасын, не заттық, сындық болмысын емес (бұларды негізгі етістік не есім компоненттер атап білдіреді) . Модальдық не логикалық мағынадағы дəнекерлік сөздер мен демеуліктердің негізгі етістік, есімдерге тіркесіп келуі жағынан, осыған сəйкес, білдіретін мəні жағынан айырмашылықтары бар [1, 125-126] .
Біз осы жұмысымызда М. Əуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы құрама баяндауышты сөйлемдерді талдағалы отырмыз. Біз оларды М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында құрама баяндауышты сөйлемдерді: зат есімді құрама баяндауышты сөйлемдер, сын есімді құрама баяндауышты сөйлемдер, есімдікті құрама баяндауышты сөйлемдер, сан есімді құрама баяндауышты сөйлемдер деп топтастырдық.
Зат есім мен модаль сөз. Жалқы есім мен модаль сөз:Кеңінен көселіп, күлдіргі сөздер айтып отырған Алшынбай сияқты .
Жалқы есім мен модаль сөзге көмекші етістіктің тіркесуі: Кінаға, дауға жүйрік Байдалы сияқты емес.
Күрделі сын есім мен нөлдік тұлғадағы жалпы есімге модаль сөзінің тіркесуі: Шаттық пен сауықтың жаны да, сөнбес шырағы да - дəл осы еркін сұлу жас қыз сияқты .
Тəуелдік жалғаулы зат есім мен жіктік жалғаулы модаль сөзі арқылы: Шалқып жүрген еркенің еркесі тəріздімін .
Тəуелдік жалғаулы жалпы зат есім мен көмекші етістікке модаль сөзінің түйдектелуі: Əнінің сылтауы бауырындағы баласы болу керек. Соны əлдилеп тербете түсіп, айтқан əн сияқты .
-дікі жұрнағы мен сұраулық шылау арқылы: . . . Жоқ, басқа қыздікі ме?
-нікі жұрнағы мен көмекші етістік арқылы: Жаңағы атаған Тобықтыдан алам деп жатқан құдық, қоныстардың бəрі анығында Тобықтынікі емес, Көкен елінікі.
Көптік жалғаулы жалпы есім мен модаль сөз: Бұның кейбірі Тентек Оязбен елге ере шыққан стражниктер сияқты. Егер көмекші есімді түйдекті тіркестер көбіне сөйлемдердің ішінде жұмсалса, керісінше модаль сөздер көбіне сөйлемдердің соңында негізгі сөздермен түйдектеліп жұмсалады. Соның бірі - модаль сөздердің зат есім мен модаль сөзді түйдекті тіркестерінің сөйлемнің соңында келіп сөйлемді тиянақтауы. Ондайда сияқты, тəрізді сөздері жиі қолданылады.
- Баяндауыштары дара, түйдекті болып келген зат есімдерге«сияқты»көмекші сөзінің тіркесуі арқылы жасалған. «Сияқты»көмекші сөзінің салыстыру не ұқсастыру мағынасында, етістік компоненттердің өткен, келер шақпен байланысты мағынасы жəне есім компоненттердің де заттық, сындық мағынасы сенімсіздік (белгісіздік) реңкті модальдық мағынада құбылып тұрады.
Баяндауыштың «еді», «екен», «керек», «тиіс», «мүмкін», «шарт», «қажет», «жөн» көмекші сөздері арқылы құралуы. Бұл көмекші сөздер кейбір етістік формаларға ғана байланысып жұмсалады; қалау-тілектік не өкініш, керектілік, міндеттілік тəрізді мағыналық мағыналарды құбылтып тиянақтайды. Мысалы: Абай осыған орай: - Елге өнер, білім керек . Оқу, тəрбие керек . . . деген. Оның бəріне ас пісіретін, отын-су қамдайтын халық керек. Осы аз күн ішінде оязбен менің жауаптасуым мүмкін .
Күрделі сан есім мен жалпы зат есім: Бастарын ақ шытпен керте байлап алған асбасшылар жиырма шақты жігіт. Құлыншақ аулы он шақты үй .
Сын есім мен зат есімге көмекші етістіктің түйдектелуі: Көлқайнар суы мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес.
Есімді сөйлемді жасауда көмекші етістіктердей қызметте болмағанымен, шылаулар да қатысты. Кез келген нөлдік тұлғадағы зат есімдер сөйлемді өз беітмен тиянақтай алмайды, оларға көмекші ретінде дəнекерлік қызметте шылаулар да қолданылуы арқылы сөйлемде ой тиянақты беріледі. Шылаулар сөйлемнің соңында келіп, зат есімдермен түйдекті тіркес құрау арқылы сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалады. Роман-эпопеяда əсіресе жиі кездескен шылаулар: нақтылық, шектік, күшейткіш, сұраулық шылаулары.
Сілтеу есімдігі мен жалпы есімге демеулік шылауының түйдектелуі: Біздің мырзаның анық тілеуі, жақыны сол бақыр ғой . . . - деп, Жақып Алшынбайдың күндізгі мінезін еске алып еді.
Нөлдік тұлғадағы жалқы есім мен демеулік шылауы: Ол тек Абай мен Əйгерім ғана. Тек алғашқы қамшы тиген Базаралы ғана. Бұл үйде жас жігіттің дəл осы күйін іштей танып жүрген Қарашаш қана.
Нөлдік тұлғадағы жалпы есім мен демеулік шылауы: Жылқы қамынан аман болған Жидебайдағы ауыл ғана. - Байғұс Алшекең де дос-ақ қой!
Тəуелдік жалғаулы жалпы есім мен демеулік шылауы арқылы: - Менің аңғаруымша, сіз тарихқа көп ат салыспаған сияқтысыз. Ол - ғылымдардың анасы ғой.
Тəуелдік жалғаулы жалпы есім мен көмекші етістікке сұраулық шылауының тіркесуі: - Неге? Сəуір қыстың айы емес! Жаздың айы емес пе? - Е, олжа, əкеңнің олжасы емес пе?
Туралы септеулік шылауы тек тура толықтауыштық тұлға деп берілуі барлық түркі тілдеріне тəн. Сонда шылаулы түйдекті тіркестер тек сөйлемнің ішінде қолданылып жүрсе, енді ондай түйдекті тіркестер сөйлемді тиянақтау дəрежесіне ие болуда.
Атау тұлғадағы жалқы есім мен туралы: Оның біреуі - Тəкежан туралы. Атау тұлғадағы жалпы есім мен туралы : Хабарының басы - ертең Есқожа ауылында болатын той туралы.
Тəуелдік жалғаулы зат есім мен туралы: Ол - осы жақында болатын ас туралы, Бөжейдің асы туралы. Ол - осы елдің ішіндегі тынымсыз бұзар, атқамінер, партияқорлардың толып жатқан дау-шары туралы.
«Еді», «екен» көмекші етістіктер екендігі белгілі. Бірақ «еді» мен «екен» бірді-екілі етістік формаларға байланысуында шақтық емес, таза модальдық дəнекер болады. Есімді сөйлемдердің жасалуында көмекші етістіктер үлкен орын алады. Көмекші етістіктер есімдерге түйдектелгенде есімді сөйлемдерде шақтық мəн пайда болады. Оның өзі өткен шақ, келер шақ, осы шақ, негізінде жүзеге асады. Сонымен бірге таза есімді баяндауышқа қарағанда көмекші етістікті есімді сөйлемдерде сөйлемнің тиянақтылығы əлде қайда басым болады.
Роман-эпопеяда баяндауыштары жалқы есім болып келген зат есімдерге « еді » көмекші етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер біршама , мысалы: Бұл Құнанбаймен ере келген Көтібақ Пұшарбай еді . Ол сөйлеген Ұлжан еді . Ендігі басу айтқан Сүгір еді . Шығыс жақтан келген Сүгірдің көршісі Қабас еді . Өзгеден бұрын бұл жөнді ұққан Абай еді . Ол жібергені - Ербол еді .
Баяндауыштары тəуелдік мəнде болып, оған «еді» көмекші өзінің тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер роман-эпопеяда мол, мысалы: Баланың бұл ерте əзірлеген жауабы еді . Қодар аталас жақыны еді . Тегінде ертекші, өлеңші, не басқа əңгімеші адамға талай уақыт тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі əдеті еді . Бұл Желқұйын туралы өз ауылындағы бір үлкен аңшының айтқан сөзі еді . Өз баласының аузынан үн, сол бір - «дəуренің өтті» деген суық сарынның қатаң лебі еді . Бұл Абайдың да ойы еді . Кітаптан алатын білім нұсқаның бүгін тіршіліктің қолма-қол керегі үшін асығыс қажет болған бір шағы еді . Араз-құразға ынтасы мен бейімі жоқ, жай шаруаның ауылдары еді .
Баяндауыштары атау тұлғалы дара болып, оған «еді» көмекші етістігі тіркескен дара болып келген сөйлемдер: Далада жылы түн еді . Үй ішіне де, Абайға да Ғабитханның табысы үлкен олжа еді. Тегінде жұртты сескендіріп, қашқындардың жүрегін шайлықтыру үшін шығарылған отряд еді . Бұл жүргіншілердің сөзі ұшқары сөз емес, шын еді . Үйдің іші бұл кезде тұтас аңырап зарлаған мол жылау еді . Онысы - əжесінің адамшылық аналық қасиеттерін жоқтау еді .
Баяндауыштары (сын есім+ зат есім) түйдекті болып келген оған «еді» көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер: - Мына бес баламның ортасында аяғының желі бар жалғыз-ақ ат, бөрте ат еді . Сондай, ұйқы мен ояудың, түс пен өңінің арасында əсіресе шаршаған күнгі ұйқыда болатын қызық бір, аралық хал еді . Абылғазы емендей, шақпақ сүйек, зіл салмақты адам еді . Қасындағысы - жыртық шапанды, жүдеу жүзді, жалаңаяқ, аяғын қалың күс басқан, 10-11 жасар бала еді .
Соңғы сөйлемнің баяндауышы 10-11 жасар бала еді - сан есім + зат есім+еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы күрделі баяндауыш құрамында жұмсалған. Тінібек пен қыз əкесі - ылди бойының саудагер байы Əлдеке - құдандалы, дос еді . Абайдың қайтар жолда мінбегі «Аймандай» деген бір қара жал, қара құйрық, сұлу құла ат еді .
Баяндауыштары көптік тұлғада тұрып, оған «еді» көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер: Бұл сөздер биылғы жазды не қылса да үлкен ылаңның зор бəленің жазы етуге айналған сөздер еді. «Жігітек», «Бөкенші» деген сондай аттар еді. Абайды шын балаға айналдырып жіберген осы сүйістер еді. Араз-құразға ынтасы мен бейілі жоқ, жай шаруаның ауылдары еді.
Соңғы сөйлемде баяндауышы тəуелдік жалғауының ІІІ жағында келіп оған «еді» көмекші етістігі тіркескен.
Баяндауыштары зат есімнен болып оған «екен» көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалған сөйлемдер: Е-е, айыпкер табылды де?. . Ол əн екен! Күйеу алдыннан шыққан қыз-келіншек екен. Тіл көмегі болса да мынандай мырза көмекке қуанып кетті. Ендігі бір ғана күдігі Базарлы екен.
1, 2 сөйлемдердің баяндауыштары атау тұлғада тұрып оған «екен» көмекші етістігі тіркескен. 3-ші сөйлемнің баяндауышы жалқы есімнен жасалып оған «екен» көмекші етістігі тіркесіп келген. Сəлем беріп, иба қып кірген күйеулер екен . 4-ші сөйлемнің баяндауышы көптік жалғаулы зат есім мен «екен» көмекші етістігі арқылы жасалған.
ІV «Емес», «жоқ» көмекші сөзді құрама баяндауышта субъектінің, заттың ісі не болмаса объективті болымсыздық формада факт етіледі, субъектінің істі істеуге қабілеттілігі, сапаға иелігі болмайтындай мағына білдіреді. «Жоқ» көмекші сөзді құрама баяндауыштың болымсыздық мəні «емес» көмекші сөзді құрама баяндауыштыкінен гөрі тұжырымды келеді. «Емес» сөзі «емес» көмекші етістігінің болымсыздық формасы келер шақтың есімше түрінде: алдыңғы тіркескен сөзіне болымсыздық не қарсылықты мағына мағына үстеп жұмсалады. Баяндауыш «емес» көмекші сөзінің дара түрінде айтылған атау, жатыс, шығыс септік формалы болымды мəнді зат, сын, сан есімдер мен есімдіктерге жəне есім тіркестерге «жоқ» көмекші сөзінің атау септік формалы, кейбір зат есімдер мен жіктеу есімдіктеріне тіркесуі арқылы да құралып жұмсалады. Мысалы: Сіз қызмет адамы емессіз. Көлқайнар суы мөлдір, мол бұлақ болғанмен, кең қоныс емес . Хатерден қашатын Абылғазы емес . Абай Тəкежан үйіне ат қойып келген жоқ. Жас балаға ат қою жақсы ырым емес.
Бұл сөйлемдердің бірқатары тек болымсыз формалы бір баяндауышты, бірқатары болымсыз да, болымды да формалы екі баяндауышты болып жұмсалған. Болымсыз формалы баяндауыштар «емес» сөзінің атау септік формалы есімдерге тіркесуі арқылы жасалған; бастауыштың заттық, сындық, сандық сапаға иелігі не қатыстылығы сөйлеу уақытымен байланысты болымсыз екендігін білдіреді. М. Əуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы зат есімді есімді сөйлемдердің жай жəне құрмалас түрлерін көрсетсек.
Жай сөйлем түрлеріХабарлы сөйлемдер : Бəрінің қолында үкілі домбыра. Бұл Бөкенші мен Борсақтың көші.
Сұраулы сөйлемдер : Ашуланба, баламысың?
Лепті сөйлемдер: - Қоңыр қозым!. . Жас! Сонысы осы жол - тек Керімбала!
Жалаң сөйлемдер : Ол - ақындар. Кəмшат ауру.
Жайылма сөйлемдер : Оның аты үлкен үміт. Күндіз болса барлық жұрт ат үстінде. Қыстыгүні де Шыңғыс желі шаруаның досы.
Жақты сөйлемдер : Ол - қозышы Бөрібасар. Құнанбай қиналған күйде.
Толымды сөйлемдер : Бұл өзі оңынан соғатын жел. Көктемде бұл жел игілік желі. Ол жамбы - кешегі Ұлжан əкелген күміс еді.
Толымсыз сөйлемдер : Қыз ішінде жалғызы едім. Шыңғыстың қыс басындағы көркі. Құла түсті ықшам тігілген шапан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz