Оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін теориялық тұрғыда негіздеу



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І тарау. Экологиялық тәрбие бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық
көзқарастарын дамытушы фактор.

1.1 Экологиялық тәрбие туралы түсінік және педагогикалық мәні (ғылымның
қалыптасуы).

1.2 Экологиялық тәрбиеде қоршаған ортаны қорғау туралы ұлттық қайнар көздің
рөлі.

ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесін жетілдіру
жолдары.

2.1. Қазіргі экологиялық тәрбие түрлері формалары, әдістері, құралдары.

2.2 3-ші сынып оқушыларына дүниетану пәнінің мазмұны арқылы тәрбие берудің
жетілдірудің кейбір жолдары.

Экологиялық тәрбие туралы түсінік және педагогикалық мәні (ғылымның
қалыптасуы).
Зерттеудің өзектілігі. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара
әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі тандағы көптеген
жарамсыз технологияларымен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың
шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары
үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді.
Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай
апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда (Арал өңірі), Батыс
Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық Қазақстан (Саршаған, Байқоңыр,
Балхаш), Оңтүстік Қазақстан (Созақ) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи
экологиялық жүйе тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды,
ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып
саналады. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы
дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал
жасауда.
Рио-де-Жанейрода (1992, маусым) БҰҰ-ның қоршаған орта бойынша өткізген
конференциясында қарастырылған мәселелер (дүние жүзіндегі бүгінгі
экологиялық жағдай; әлемдік қауымдастардың экологаяны тұрақты дамытуға
талпынысы т.б.) бойынша қабылданған шешімдср білім мен тәрбиені
экологияландыруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Жеткіншекгердің экологиялық білімі мен тарбиесі міндеттерінің маңыздылығы
арта түседі
Экологиялық проблеманың пайда болуы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық
факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де,
жеке адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын
қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Адамзат экологиялық түрғыда
қоғамды дамытудағы көзқараспен байланыстағы жаңа менталитетті қалыптастыру
қажеттігін мойындайды. Әлеуметтік әрекет құралы ретінде қоғамдық
экологиялық таным әлеуметтік бақылаудың барлық механизмдерін дұрыс іске
асыруды қамтамасыздандыруы қажет, тұртылықты халық қоршаған ортаны жақсарту
мәселесіне, сонымен бірге оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
мәселелеріне аса назар аударғаны жөн.
Осы тұрғыда жеткіншектердің экологиялық ой-өрісін дамыту, экологиялық
мәдениетін қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен-күнге арта
түсуде. Ғалымдардың пайымдауынша, экологиялық білім мен тәрбие барлық
тіршілікке қатысты ішкі жауапкершілік сезімі мен парызды дамытуы қажет,
өйткені тіршілікті ортаны сақтау мен адамның денсаулығы қоғамның
құндылық жүйесінде ең маңызды категорияның бірі болып саналады.
Экологиялық білім бүгінгі заманның кешенді проблемасы ретінде
философиялық-әлеуметтік зерттеулердің обьектісінен түскен емес. Олардың
еңбектерінде экологиялық проблема жалпы адами тұрғыда қарастырылады
(Э.В.Гирусов, Ю.Т.Марков, Д.Ж.Маркова, Н.Н.Моисеев). Экологиялық білімді
дамытуда бірқатар тұжырымдамалардың (Рио-де-Жанейрода(1992) БҰҰ-ның
өткізген конференциясында қабылданған; ЮНЕСКО-ЮНЕП үкіметаралық
конференцияда (Тбилиси, 1977) қабылданған; Қазақстан Республикасының 2004-
2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы 2003 ж.
қабылданған) негізгі қағидаларының маңыздылығы жоғары болды.
Экологиялық білім проблемасын А.Н.Захлебный, И.Д.Зверев, В.Г.Иоганзен,
Н.Н.Моисеев, Н.А.Рыков, А.С.Бейсенова, А.Б.Бигалиев, Ж.Ж.Жатқанбаев,
М.Н.Сарыбеков, А.Г.Сармурзина, Н.Т.Торманов, А.П.Сидельковский және т.б.
зерттеген, олар экологиялық білімнің жалпы теориялық және әдіснамалық
аспекгілерін жасады.
Экологиялық білім тұжырымдамасының ұлттық-аймақтық деңгейде даму
проблемасы бірқатар еңбектерде көрініс тапқан (В.Н.Большаков,
О.Г.Завьялова, С.В.Комов, А.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков, Е.В.Ткаченко,
Г.А.Ягодин және т.б.).
Экологиялық білімге оқытушыларды даярлау проблемасына бірқатар еңбектер
арналған (А.А.Вахрушев, В.С.Ильин, С.Е.Петров, Е.С.Сластенина,
М.Н.Сарыбеков, А.А.Бейсенбаева, Б.Ы.Мұқанова, Г.К.Длімбетова және т.б.).
Педагогикалық тәжірибе көптеген ғалымдардың Экологиялық білім деңгейі әлі
де болса төменде қалуда (А.В.Миронов, Т.Ю.Юшакова, А.Е.Тихонова
Н.М.Чернова т.б.) деген пікірлерін қолдауда. Әсіресе, оқушыларды оқытудың
мазмұнын, формалары мен әдістері бойынша көптеген мәселелердің шешімін
таппағанын көрсетеді.
Оқушыларға экологиялық білім беру проблемалары бойынша да біршама
еңбектер орындалды (И.Д.Зверев, А.Т Зверев, С.В.Алексеев, Н.Ф.Винокуров,
В.С.Шилов, К.Н.Сарыбекова, Г.М.Сабденалиева, Б.И.Иманғалиева жөне т.б.).
Қазақстанда қазіргі таңда экологиялық білім жүйесін дамыту стратегиясы
қоғам өмірінің барлық жағын, мүмкіндігінше демократизадиялау мен
гуманизациялау процесімен айқындалады. Білімді оның құрылымын, мазмұны мен
диагностикалық нәтижесін ғылыми дәлелділікпен жобалау негізінде
мақсаттылықпен дамыту проблемасына ғалымдардың бірқатар еңбектері арналған
(А.Х.Белкин, М.А.Галагузова, Б.С.Гершунский, О.Е.Лебедев, В.Б.Сериков,
А.П.Сейтешев, Н.Д.Хмель, В.В.Шапкин және т.б.).
Демек, оқушыларға экологиялық білім берудегі қоғамның сұранысы мен
мектептерде оқушылар меңгеретін экологиялық білім мазмұнының ғылыми тұрғыда
негізделмеуі арасында: мектеп оқушыларына экологиялық білім беру қажеттігі
мен оны пайдалануға байланысты әдістемеліктің жеткіліксіздігі байқалады.
Осының тиімді шешімін табу біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және
тақырыпты: “Кіші мектеп жасындағы оқушылардың экологиялық тәрбиесі және
оның құралдары” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерртеу объектісі: Жалпы білім беретін бастауыш мектептің оқу-тәрбие
процесі.
Зерттеу пәні: 3-ші сынып оқушыларының экологиялық білім мазмұны арқылы
дүниетанымдық көзқарасының дамуына ықпал жасау.

Зерттеудің міндеттері:
1. Қазақстанда экологиялық білім жүйесінің қалыптасу кезеңдерін
сипаттап беру;
2. Оқушыларғы экологиялық білім мен тәрбие сын қалыптастырудың алғы
шарттарын жасау, анықтау;
3. Оқушылар жаңа технология арқылы дүниетану пәнін оқыту әдістемесін
негіздеу және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде тексерістен
өткізу;
4. Оқушылардың экологиялық мазмұны бойынша дидактикалық жабдықтар
жасау;
5. Табиғат қорғаудың халықтық негіздерін жүйелеу арқылы дамуын
көрсету.
Зерттеудің болжамы: Егер оқушылардың экологиялық білім мен тәрбиесі
теориялық әдіснамалық тұрғыдан дәлелденсе, тиімді әдістер арқылы жүзеге
асырылса, оқушылардың экологиядан білімі артып, практикалық іскерлігі мен
дағдысы шыңдалады, дүниетанымдық, адами – эстетикалық көзқарасы
қалыптасады. Өйткені табиғатты сақтау әр оқушының тікелей экологиялық
мәдениетіне, табиғаттағы қорғаудағы сауатты көзқарасына байланысты.
Зерттеудің басты мақсаты: Оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін
теориялық тұрғыда негізден, қалыптастыру.
Зерттеу әдістеріне: Педагогикалық – психологиялық негізде жазылған
әдебиеттерді жинақтау және әдістемелік нұсқауларды қарастыру, талдау,
сұрыптау, озат іс-тәжірибелермен танысу.
Зерттеу базасы: Экологиялық тәрбие мазмұнын, әдістерін арттыру,
экологиялық білім мазмұнының тиімді меңгерілуінің алғы шарттарын жасау
мақсатында №12 Қаныш Сәтбаев мектебінде өткіщзілді.
Зерттеудің практикалық мәні: Зерттеудің нәтижелерін мұғалімдердің білім
жетілдіру семинарларында, ашық сабақтарда, практикант студенттердің сабақ
беруде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, әр тарау екі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан
тұрады.

І тарау. Экологиялық тәрбие бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымдық
көзқарастарын дамытушы фактор.

1.1 Экологиялық тәрбие туралы түсінік және педагогикалық мәні (ғылымның
қалыптасуы).
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп
жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтікті ескере
отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын
талаптар күшейе түсуде. Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам
туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты
және оларды үнемі бірлікте дамитын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып,
түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетанудың бастауыш сыныпта
оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Білім беру барысында
оқушының жеке тұлғысын жан-жақты жетілдіруге, оларждың танымдық әрекетін
дамытуға, ой-санасын қалыптасыруға ерекше назар аударылды. Жастардың
болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, бүкіл
қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Мемелекетіміз осының бәрін ескеріп,
білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне
аса мән беруде. Білімнің әр бір бөлігі оқушы дүниетанымын, қоршаған орта
жайлы білімін қалыптастыруға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой
жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Дүниетанымның көзі –көзі білім. Бюілім
тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Табиғат заттарын
оқып білу арқылы адам табиғат байлығын керегіне пайдаланады және қажетіне
жаратады.
Дүние – ол тек бізді қоршаған табиғат қана емес, ол –адам, адам
мен адамның қарым –қатынасы, ол табиғат, табиғат заттары мен құбылыстары,
ол –қоғам. Дүниетану –“дүние” және “тану” деп аталатын екі бөліктен
тұрады. Адам дүниені өмір бойы танып білумен, оның таусылмас
ерекщшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бәрақ оның сырын
түгел біліп шегінге шыға меңгеру мүмкін емес.
Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой -пікірі, білім
деңгейі дамыуы керек. Дүниетану ұғымына диалектикалывқ тұрғыдан қарайтын
болсақ, қазіргі таңдағы ғылысм мен техниканың дамыуын ірі ашылыстардды ғана
есепке алып қоймай, өндіріс күштерінің, ондағы адаммен қоғам аралық
қатынасты да қадағалай білген жөн. Жаңа заманда ғылым қоғамның үлкен
өндіріс күшіне айналуына байланысты өндіріс күшін өндірістік қатыннастан
бөліп қарауға болмайды. Керісінше, қадағалау арқылы ғылым-техникалық
революцияның қоғамға тигізер пайдасымен қатар, табиғи ортаға, адам
тіршілігіне келдтіретін қиындығын түсіну қадет.
Ғылдым мен техникагың дамуына байланысты адам баласы табиғи
дүниемен қарама-қайшылыққа түсіп отыр. себебі дамыған техниканың әсеріне
айнала қоршаған орта ластанып, табиғи объектілердің, заттардың түрлері
азайып, денсаулығы мен өміріне қауіп төнуде. Түрлі машиналарждың, зауыттар
мен өндіріс орындларынан шыққан улы газдар көбейіп, тіршілікке қауіп
туғызуда. “Адамзат өмір сүретін табиғат аясы да азып- тазып барады, ендігі
жас ұрпақтың қандай табиғат жағдайында өмір сүретіні күрделі мәселешге
айналуда”.
Қазіргі кезде орын алып отырған экологиялық апаттар еліміздің
түкпір-түкпіріне зиянын тигізуде. Бір ғана Алрал теңізінің апаты бүкіл жер
жүзіне зиян келтіргендігі белгілді болып отыр.
Есепсіз кесілген ағаш, есепсіз пайдаланған судың қоршаған ортаға
тигізіп, отырған зияны ұшан-теңіз.
Ағаштың азаюынан топырақтың құрғап кетуі, судың тартылуынан аса
бағалы халық байлығы –балықтың азаюы осының бәрі де бізді қорошаған дүниеге
адам баласының өз қолымен жасап отырған. Зияны. Пайдалы қазбалар өндірген
шахталар орны толмайтын үңгір апандарға айналды. Ол жерлерде тіршілік
ететін қаншама тірі табиғат енжді келлмеске келтті. Топырақтың табиғи
қалпындағы құрамы органикалық затқа соншама бай, оны санап болмайды. Егер
оны микроскоп арқылы қарасақ, 1шаршы метр жерде мыңдаған бактериялар,
миллиондаған балдырлар, мыңдаған бунақденелер тіршілік ететінін білеміз. Ал
сол өте құнды да бай тіршілік ортасы топырақты жырту оның құрылымының
бұзылып, құрамындағы тіршіліктердің жоғалуына әкеп соғады. Тірі табиғатың
топырақ құрудыға пайдасы жайында оқып, білген адамға бұл айтылған зиянды
түсіну қиын емес. Осындай есепсіз, жауапсыз ысыраптан дүниені сақтау үшін р
адамның экологиялық сауаттылығы болуға тиіс. Дүниеге енжарлық, сауатсыз
қарау, жауапсыз іс-әрекет жасау әдейі зиян келтірумен бірдей.
Табиғат байлығын, адам еңбегін үнемді пайдалану экологиялық
білімі жоғары, дүниетану деңгейі дамыған, мәдениетті қауымның өсуін қажет
етіп отыр.
ХХ ғасырждың соңы мен ХХІ ғасырждың басталар шағында адам
қоғамының даму мәселесі адам мен табиғаттьағы қарым- қатынастың дұрыс
жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті.
Осы жағдайды саналы азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әр
бір азаматтың өмір сүру барысынэда табиғит пен табиғат қорларын пайдалану
үрдісіне оны таза, мол қазыналы, көркем қалпында мәңгілікке сақтап қалудың
ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің
қажеттігін Президентімізді Н.Ә.Назарбаев өзімнің “Қазақстан-2030” бүкіл
халыққа Жолдауында бірнеше рет ерекше ескертіп өтті.
Саналы түрде табиғатты пайдалануда жауапкершілікті сезінуді адам
бойында қалыптастырудың, оның бүкіл болмысын, табиғатқа жаны аши отырып,
пайдалануға жұмылдырудың бір-ақ жолы бар, оны қысқаша айтқанда, бүкіл
халыққа экологиялық білім берумен оларды табиғат қорғауға тәрбюиелеу деп
атаймыз.
Мектепте оқытылатын әрбір пәннің экологиялық білім берумен
жастарды табиғатты қорғауға қосатын үлестері бар.

Соның бірі –дүниетану пәні.
Дүниетану пәндерінің материалдары арқылы бастауыш мектепте
эколгиялық білім беруді жүзеге асыруға болады.
Қазіргі кезде республикамызда “Халыққа білім беружүйесіндегі
экологиялық оқыту мен тәрбие” мәселесін шешуде жас ұрпаққа, көпшілікке
үздіксіз экологиялық білімі мен тәрбие беру тұжырымдамасына екөп көңіл
бөлдінуде. Бұл мәселен ішешу үшін балалық щақтың, әсіресе, бастауыш мектеп
жасындағы балалардың экологиялық бюілімі мен тәрбиесінінң мәні өте зор.
Табиғаттың даму заңдылықтарын оқыту мен тәрбиедлеу жұмысына
педагогтардың көбі баса назар аударып, тәрбие жұмысын баланың жас
кезіне бастау керек екендігін айтдқан болатын. Мысалы, Ж.Ж.Руссо өзінінің
педагодгикалық трактатында А.Я.Коменскийдің табиғат және оны қорғауға
тәрбиелеуге қатысты ой-пікірдлерін толықтырып, лоны ары қарай дамытты.
К.Д.Ушинскйи, В.А.Сухомлинский балалардың ойлау қабілетін арттыруда,
эстетикалық сезімін тәрбиелеуде табиғаттышебер пайдаланып, табиғатқа деген
адамның сүйіспеншілігін туғызу мәселесін анық көрсете бюілген педагог
ғалымдар.
Сонымен қатар, И.В.Зверев, И.Г.Суравегина, А.Н.Захлебный,
Н.С.Сарыбеков, О.Танабаева, Н.М.Сарыбековтер де экологиялық білім мен
тәрбие беруді сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда, мектептен тыс оқу-тәрбие
мекемелерінде ұйымдастырудың жағдайлары мен мүмкіндіктерін жазған болатын.
Экологлиялық білім беру тәрбие жұмысы балалардың жас
ерекшелігіне байланысты және табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе
ұтымды болады.
Бастауыш мектеп жасындағы кезеңнің ерекшелігі, бұл кезеде
балалар қоршаған орта туралы білімдерін жинақтап қана қоймай, құбылыстардың
мәнін жете түсіндіруге және оларға деген өзіндік көзқарастарын қалыптасыра
бастайтындығы. Сол себептен, де осы жастағы балараға, үлкен адамдардың іс-
әрекетін ешқандай ойланбастан қайталайьтын, айтқұанды айтқанг екі етпей о
трындайтын , санасы жетбілмеген адам длеген, көп жыл бойы дәстүр болып
кетекн көзқарастан бірден ауытқып кету мұғалімдерге оңай соқпаса да,
олардың шын өмірде өзджерін белгілі бір әс әрекеттерде тәрбие үрдісніңі
субъектісі ретінде көрсете алатындығын ескеру, қажеттігі заман талабы
екенджігі түсінілдікті.
Экологиялық білім беруді кешендік тұрғңыдан қарастыру мәселесін
біздің республикамызда, Ресейде көптеген авторлар, әр түрлі
альтернативті бағдардламалар жасап, оларды мектептердің оқу тәрбиежлік
үрдісіне өндіруде.
Мысадлы, біздің елімізде мектептерде 1999-2000 оқу жылында,
бастауыш сыныптарға арналған “Атамұра” баспасынан шығарылған “Дүниеташну”
оқулығын (авторлары Қ.Аймағанжбетова, З.Ф.Ожлейник, Т.М. ЭЖүнісова),
Ресейдегі Н.Ф.Виноградовтың “Қоршаған орта”, А.А.Плещаковтың “Әлем және
адам”, Л.П.Симоновтың “Аждпамжәне қоршаған орта” атты жас ұрпақты қоршаған
ортамен таныстаыратын бағдарламаларын алайық. Бұхл бағадарламалардың
маңыздылығыының мәні, табюиғаттатғы экоэжүйелер, осы жастағы балалардың
сезімталдығы мен әсерленушілік қабілеттерлін есәйкес мынадай мазмұнлы
бағыттардан тұрады:
биосфера –бүкіл жер шарынқамтитын экожүйе;
қарапайым экожүйе;
адам және жер экожүйесіндегі адамзат;
Бастауыш мектеп осы жастағы балалардың психофизиологиялық
ерекшеліктерлін байланысты адам дүниетанымының қалыптасуындағы негізгі
кезең болып табылады. Біздің республикамызда, 1999-2000 жылы бастауышы
мектеп пәндлерінің арасында балаларды қоршаған ортамен таныстыратын
пәннің бұрынғыдай “Табиғаттану” емес “Дүниетану” деп аталуы да бекер
емес. Балалардың осы кезеңдегі дүниетанымдық ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
үрдісіне экологиялық бағыттылығы бар тапсырмалар беру арқылы мақсатты
түрде басқарудың мәні зор.
Экологиялық білім мен тәрбие беруді және адамды қалыптастырудың басқа
салаларынан, бәрінен бұрынқоғамдық саяси салаларынан бөліп алмау керек.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы көп жағдайда дүниетанымдық
мәселе болып табылады.
Адамның рухани қалыптасуында оның ерте балалық шақтан табиғатты
бақылап, табиғатпен етене араласып, оны аялап, оған жәрдемдесіп, қамқорлық
көрсетудің маңызы зор.
Экологиялық тәрбие тек адамдарждың сезіміне ғана емес, олардың
біліміне сүйенеді. Табиғаттың өзі де өзгеріске ұшырайды. әйтсе де адамдар
экологиялық заңдылықтардды ескерместен, табиғатты ойланбастан және
жауапсыз өзгермеуге бой алдырмауы қажет. Егер адамдардың іс-әрекеті осы
заңға сәйкес жүргізілсе ғана “Осы кезге дейін жиі болып тұрғандай” адамның
табиғатты өзгертуі бүлдірудің емес, қайта оны сақтаудың әдісі болып
табылады.
Табиғат –адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын
өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең
дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат, бойына күш, көңіліне
шабыт береді. Жастарды экологиялық біліммен қоршаған ортаны қорғауға
тәрбиелеу, жалпы тұлғаның ой-өрісін дамытудағы педагогикалық бағыттардың
бағыттардың бірі болып саналады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру 1970 жылы БҰҰ деңгейінде
ұйымдастдырылған (ЮНЕСКО). “Адам және биосфера” деп аталған бағдарламаны
қабылдауы басталды. Онд алағаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын
қорғау және оны тиімді пайдалдану туралы бағдарлама жасалып, кең
экологиялық сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швецарияда Еуролпалық
конференция өткізіліп, онжда айнадла қошаған ортаны табиғат орта және
табиғат қорғау мәселелері көтерілді. 1972 жылы Стокгольмде қоршаған
ортаны қорғау туралы көпшілікке білім беру конференциясы болды. 1977 жылы
Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары экологиялық
білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық
стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму
кезеңдері атақты Найроби (1982ж), Бдеч (1983ж), Мәскеу (1987ж), т.б.
қалаларда өткен конференцияларда жалғасып тапқаны мәлім.
Экологиялық білім берудің теориялық негіздері орыстың табиғат
зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В.Белинский, А.Герцен,
Н.Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан соң А.Бектов,
К.Темирязев, Д.Кайгородов, т.б. ғалымдар табиғатты зерттеу мен қорғау
туралыв мәселелерді көтерді.
ХХ ғасырдың орта шенінде педагогтар В.Натали, Н.Верзилин,
В.Корсунская, т.б. экологиялдық білім беруді география, биодлогия
пәндерімен байланыфстыра олтырып, оқытуды ұсынған. 1947 жылдан бастап
көпшілікке экологиялық білім беру бұрыңғы КСРО бойынша оқу жүйесін
енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Белоруссия мемлекеттік
университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу
олрындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург т.б.) “Биосфера”, “Экология”,
“Табиғат қорғау” т.б. экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла
бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог- ғалымдар И.Зверев, С.Дрябь,
Н.Суравегина, А.Захлебный т.б. халықтық оқу жүйесіне экологиялық білім
берудің сан қырлы теориялық-тәжірибелік негіздерін ұсынды.
Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім қалыптастыруда қазақстандық
ғалымдардың еңбегі зор. Шетелдік және отандық білім беруде мол іс-
тәжірибелер жинақталды.
Экологиялық білім беру бағытында ғылымында жаңа ұғымдар мен түсініктер
қалыптасты.
Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну
оқушының табиғатқа деген көзқарасын қалыптастьырып, экологлия ғылымын
меңгеруге жол ашады және пәнге деген көзқарасын қалыптастырып, оған деген
қызығуды арттырады.
Қоршаған ортаны ғылыми жаратылыстық жағынан түсінудің маңызды
теориялық негізі В.И.Вернадскийдің биосфера –ноосфера туралы ілімі.. бұл
ілім “адам –табиғат” жүйесіндегі қарым-қатынасытың әдіснамалық негізін
құрайды. Ол экологиялық білім беру саласында кешенді пәнаралық тәсілді
қарастырды, қоршаған ортаның проблемаларын біріктіре қарастыруды
меңзейді. Арнайы экологиялық пәндер енгізумен бірге дәстүрлі пәндердің де
мазмұнын жердің тұтастығы, ол барлық тіршілік етушілердің ортақ мекені
екендігі жөніндег іидеямен толықтыру керек. Мақсатына карай экологиялық
білім беру 3 сатыдан өтеді.
Алғашқы саты –мектепке –дейінгі және бастауыш мектеп.
Екінші саты –орта мектеп және колледж.
Жоғарғы саты –жоғарғы оқу орындары. Алғашқы саты мектепке дейінгі
және бастауыш мектепті қамтиді. Мұнда қоршаған ортамен танысу, адам мен
табиғат бірлігі, өз үйінде, аулада, сыныпта, жануарларға, өсімдіктерге
қамқорлық салауатты өмір салтының негіздері қалыптасады. Бұл саладағы
оқытудың негізгі әдістері мен амалдары –экологиялық мазмұнға құралған
танымдық негізіндегі дамытушы ойындар.
Орта мектептерде оқушыларға экологиялық білім беру бірнеше арнайы
жағдайларды жасауды керек етеді.
оқу жоспарларын, оларға сәйкес оқулықтар және техникалық құралдар
жасау, табиғат музейлерін, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды
ұйымдастыру. Бұлардың бәрінде мұғалім әзірлігінің деңгейі, оқушыларда
экологиялық көзқарас білімі мен білігі шешуші роль атқарады.
Биология, химия, география және басқа пәндердің, солардың ішінде
гуманитарлық пәндердің мұғалімдері оқу жоспарын іске асырады, әр түрлі оқу
жабдықтарын, техникалық құралдарды пайдаланады, табиғат музейлеріне,
зоопаркке және табиғат жайларына топ –серуендер ұйымдастырылады.
Сондықтан мұғалімдер қоршаған орта туралы оқушылардың білімін
анықтайды, тіршілікке деген пікірін қалыптастырады. Олар тіршілікті
түсінуге, оған оқушылардың қарым –қатынасын анықтауға жәрдемдесед,
қоршаған орта жайында білім беру, сол ортаның күйінжәне онымен байланысты
проблемаларға жауапкершілікпен қарау және оларды шешуге қамқорлық жасау
процесі. Ол үшін күнделдікті туындайтын проблемаларды шешетіндей білім,
жеке және ұжымдық жұмыстардың дағдысы болуы керек.
Бұл міндеттерді экология және табиғат қорғаудан жан –жақты әзірлеген
мұғалімдер ғана атқара алады. Сондықтан айналадағы ортаны қорғау саласында
мұғалімдер әзірлеу –ең маңызды міндеттердің бірі. Оларға біріншіден,
экологиялық факторлар және әлеуметтану мен адам экологиясының өзара
байланысының негіздері туралы білім беру қажет. Екіншіден, мұғалімдер
қоршаған ортаның проблемаларына сын көзімен қарап, оны сақтай білудегі
оқушылардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеу тиіс. Үшіншіден, табиғат
қорғау мәселелері мұғалімдер даярлайтын жоғарғы оқу орындарымен бірге
мұғалімдердің білімін жетілдіретін курстардың бағдарламаларын енгізген
жөн. Төртіншіден, қазіргі техникалық құралдар оқытуды компьютерлендіру
және оқытудың жаңартылған әдістерін, солардың пәнаралық тәсілді және
ұжымдық оқытуды мұғалімдер даярлаудың бағдарламаларына енгізу қажет.
Ақырында, тәжірибе, оқу құралдары және оқу материалдарымен алмасу үшін
ақпарат жинақтау орын құрылыуы тиіс.
Қоршаған орта саласындағы мектеп мұғалдімдері үшін қоршаған орта
туралы білім аса қажет. Олар білім беру әдістерінің, әсіресе оқушыларды
қоршаған ортаның негізгі көрсеткіштерін өздігінен анықтай алуға
ұмытулалырының мәнін тез түсініп алатындай болуы керек. Барлық пәндердің
мақсаты табиғи ресурстарды неғұрлым көбірек мөлшерде шығару арқылы адамның
және қоғамның қажеттілігін өтеу болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес табиғат байлығын игерудің аса кең көлемді, кейде
жыртқыштыққа әкелетін шаралары белгіленеді, олардың нәтижесінде орын
алатын әлеуметтік –экологиялық апаттың салдары ескерілмейді.
Сондықтан экология және табиғат қорғау пәндері болээашақ инженерлердің
табиғатқа деген байсалды, аяулы қарым-қатынасын қалыптастырып, табиғат
байлықтарын оңтайлы пайдаланатындай білімі мен дағдылар беруі қажет.
Экологиялық білім берудің нақтылы күйі экологиялық сана мен мәдениет
қалыптастырудан тым алшақ жатыр. Экологиялық білім берудің мақсаты мен
маңызы әдіснамалық және әдістемелік әдебиеттерде ашылғанымен мақсатты
жүзеге асырудың жолдары әлі жеткілікті анықталған жоқ. Қазіргі жағдайда
үздіксіз білім беруді басқаратын ұйымдастырушы қажет.
Мұндай бағдарламалар жасауға үздіксіз экологиялық білім берудің
барлық субъектілері қатысады.
Бағдарлама жасаудың кезеңдері мыналар:
Экологиялық білім беру жүйесінің жайын талдау және қайшылықтары мен
кемшіліктерін анықтау;
Жүйенің функциясын ғылыми негіздеу. Жүйенің диалектикасын, құрылымын
және функциясын талдау. Соның нәтижесінде жүйенің заңдылықтарын және
дамуының тенденциясын айқындау;
Тәжірибелік және тұжырымдама құндылық талдау арқылы үздіксіз
экологлиялық білім беруді қалыптастыру және дамыту бағдарламасының нақты
мәселелерін анықтау;
Білім беруді дамытудың мақсаттарын, міндеттерін және нақтылы жолдарын
анықтау.
Экология бастапқы кезде биологиялық объектілер мен қоршаған орта
арақатынасын зертеу мен қанағаттанса, қазіргі оның бағыты адамның,
қоғамның қоршаған ортамен арақатынасын зерттеу болып табылады. Мектептегі
алатын экологиялық білім осы бағыттардың әрқайсысын, яғни биологиялық
экологияны, аумақты экологияны, адам экологиясын, әлеуметтік экологияны
қамту керек.
Қазақстан Республикасынының Конституциясының 31-бабында мемлекет
адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап қоршаған ортаны
қорғау мақсатын көздейді делінген. ҚР 15.07.1997ж қабылданған "Айналадағы
ортаны қорғау туралы" Заңының 73 және 75 баптарында экологиялық білім мен
тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз болуы қарастырылған,
сонымен бірге басшылар мен мамандарды жұмысқа тағайындағанда, аттестация
және қайта аттестация жасағанда олардың кәсіби экологиялық әзірлігін
ескерту қажеттігі айтылған. Бұл ережелер мен принциптер Қазақстан
Республикасының “Білім туралы” заңында көрініс табуы тиіс, әр түрлі халық
тобының жса және білім ерекшеліктері ескерілуі керек. Сонымен қатар мынадай
жіктеулер ұсынады:
Экологиялық білім және тәрбие берудің құқықтық негіздерін жүзеге асыру
үшін; экологиялық білім беру саласыдағы мемелекеттің саясаты туралы "Заң
қабылдау";
Бұл заңды жүзеге асыру мен бақылаудың нормативті механизмін жасау
арқылы экологиялық білім мен жүйесінің функциясын және дамуын қамтамасыз
ету;
Экология саласында кадрларды даярлау сапасын бағалау критерийлерін
белгілейтін нормативтік құжаттар жасау және экологиядан мамагдар даярлайтын
білім орындарына мемелекеттік лицензиялар беру;
Экологиялық білім беру мен тәрбиеберу бағдарламаларын жүзеге асыратын
мемелекеттік, қоғамдық, коммерциялық және басқа мекемелерге тағайындалатын
жеңілдіктер мен жәрдемді анықтау;
Қазақстанның көптеген аудандары бүгінгі күнег дейін экологиялжық
мүшкіл хәл кешіп отыр.
Адамзат баласына экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығы IX-
XV ғғ Әл- Фараби, Ж. Баласұғни, Қожа Ахмет Иасауи, М. Қамқори, С.Бақырғани
т.б. шығыс ғұламаларының тіл, этика, психоллогия, метафизика т.б.
ғылымдар жайлы жазбаларында көрініс тапқан. Сонымен қатар халқымыздың
ұлы ағартушы ғалымдары, ақын жазушылары Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
Ш.Уалиханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев,
еңбектеріне де табиғатқа деген қамқорлық көшпенді елдің өмірімен, ұлттық
әдет- ғұрыптарымен тығыз байланыстырылып берілген.
Экологиялық білім мен тәрбие беру жайлы ұлы ағартушы ғалымдардың
ұлағатты сөздеріне көрініс тауып, бастау алады.
Әл-Фраби “ тиянақты білім аламын десең” табиғаттың ұлы кітабын оқы
деге табиғаттың құдіреттілігін білдіретін сөзі бүгінгі күнге дейін мәнін
сақтап келеді
М Жұмабаев: “ табиғат- адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар
махаббат мейірімімен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан Ана” деп
табиғат – ана жайлы өзінің терең толғанысын білдіреді.
А Байтұрсынов; “Біздің көріп сезіп, біліп тұрған айналамыздағы
нәрселердің бәрі-не табиғат ісінен шыққан жасалынды нәрсе” дей келе,
өзімізді қоршаған ортадағы тіршілікті сақтау адам баласының қолында
екендігін ескертеді.
Ш Уалиханов;” О, табиғат! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап,
одан құпия не бар?” деген сөздерді табиғат сұлулығына, кереметтігіне және
оның түсінікті – түсініксіз жұмсақ құбылыстарына таңданысын байқатады.
А.Құнанбаев: “Кім өзіңе махаббат қылса сен де оған махаббат қылмағың
парыз ” деп өскелең ұрпаққа өзін қошаған айналасындағы әрбір жақсы,
игілікті әрекетке жауапкершілікпен қарап, оның есесін қайтаруды
ұмытпауды, онымен үнемі санасудың қажеттілігін міндеттейді.
Табиғат сырын білуге ұмтылу, оның қорын қажетіне пайдалану адам
баласын қанына сінген, туа біткен қасиет екендігі құлтегін құлыншасындағы
(VIII ғ) “Жоғарыда көк аспан, қара жер пайда болған соң екеуінің арасында
адам баласы жаралған ” деген жазу айғақтайды. Бұл түркі түсінігінде осы үш
құбылыс, яғни көк тәңірі- адам жер тұтас дүние түрінде қаралғанын
көрсетеді. Ежелде ата бабаларымыз тірге табынған. Тәңірге табынудың
негізгі- табиғатқа адамгершілік қарым – қатынас жасау, жанашырлықпен
қарап, қадір тұту.
Ата бабаларымыз ерте заманның өзінде ақ табиғаттың сан түрлі
құбылыстары мен үдістерін бақылаудан жинақталған білімдері мен
түсініктері негізінде, оның жемісін өз игіліктеріне шешімді қолдану,
қорғау дәстүрлерін дамытты.
ТМД елдерінің педогог – ғалымдары И.Зерев, А.Захлебный Н Рыков,
И.Сурабешна, А.Сиделковский, И.Понолерова, Ә.Тұрдықұлов және т. б.
экологиялық тәрбие мен білім берудің мақсат – міндеттері мен мазмұн
жүйесін жасап, мектеп алдында тұрған күрднлі міндеттерді шешуге
атсалысуда.
Қазақстандық ғалымдардың ішінде Ә.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев,
Н.Сарбеков, Ә.Бірмағамбетов, К.Жүнісова, Н.Сарманова, М Сарбеков, Ж
Шілдебаевтар өз еңбекткрінде оқушылардың экологиялық білім- біліктері
мен дағдыларын қалыптастыру жайларына асаа назар аударды. Қазақстан
Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен
тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Бұл проблемалар призидент ННазарбаев
ұсынған “2030 стратегиясы” бағдарламасында басты орында тұр. Қоршаған орта
бүлініске ұшырап ауқымды экоглогиялық проблемалар туындаған қазіргі
жағдайда білім мен насихат қана жаңа адамдардың, мұғалімдердің,
дәрігерлердің, ғалымдардың бизнесмендердің өндірушілердің
саясаткерлердің назарына ілініп отыр. Қоғамның ілгері құрылымынан
қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды XXI ғасырдың
азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеумменттік
экологиялық жағдацда ісм әрекет жасауға үйретеді.
Хэкологиялық білімнің тиімділігі жүйелік тәсілге негізделіп
үздіксіз жүзеге асырылғанда ғана артып табысқа жетеді. Үздіксіз
экрологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты ғылыми және тәрбиелік
білімнің бірлігі негізінде оқушылардың экологиялық көзқарасын
қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты,
мінез- құлықты, іс- әрекетті қамтамассыз етті. Қазіргі кезеңнің
ерекшелігі экологиялық білім және тәрбие беруді қолма- қол өмірге
енгізіп жетілдіру керек. өйткені табиғаттағы апатты жағдацлар “ жасынан
” экологияландырған ұрпақтың өсіп жетілуіне, ұзақ мерзімді эксприментті
жүргізуге уақыт қалдырмайды.
Экологиялық білім көпшіліктің санасына айналадағы ортаны
сақтаудағы жауаапкершілік идеясын ұялатып, қоғамның әр мүшесінде
табиғатқа аялай қарауды қалыптастыру керек.
Экологиялық апатты болдырмаудың бір шарты білім берудің мақсатымен
мазмұнына жаңа бағыт беру үздіксіз экологиялық білім беру арқылы ғана
әртүлі деңгейлердегі мамандықтардың экологиялық сауатсыздығын жою
болады. Экологиялық білім мен тәрбие берудің үздіксіздігі мен
сабақтастығының маңызы айрықша зор. Оларды жүзеге асыру үшін білім
жүйесін тұтасынан және оның жеке кезеңдері мен деңгейлерін кешенді
түрде жетілдіретін шаралар қажет. Экологиялық білім беру жүйесін
қалыптасыру және дамыту үшін теориялық жағынан негіздейтін ғылыми
зрттеулер жүзеге асырылуы керек. Олардың нәтижелері мектепке
дейінгілерден бастап жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейге арналып
жасалған жалғаспалы бағдарламасында жүзеге асады. Мемлекетіміздің
дамуының жаңа кезеңінде экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы арта
түсуде. Экологиялық білімнің шешімділігі, ол үздіксіз жүзеге асырылған да
ғана табысқа жететіндігін Қазақстан Республикасы білім және ғылым
министрлігінің “ Экологиялық білім бағдарламасында ” атап көрсетілген.
Жаратылыс құбылыстарының ықплымен, адамзаттың іс - әрекетінің,
тіршілігінің салдарынан қоршаған табиғи ортаның өзгеруі заңдылықтарын
қарастырып, оған тәуелді байланысты заттар мен құбылыстарды анықтайтын
жаратылыс тану ғылымының бір бөлігі экология деп аталады.
Дербес ғылым ретінде экология шамамен 1900 жылдары қалыптасты,
“Экология” терминін 1869 жылы белгілі табиғат зерттеушісі, биолог,
дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э Реккель ғылымға бірінші болып
енгізді. Қазақстан Республикасында экологиялық білім берудің
тұжырымдамалық негізіне өркенниетті елдің өзін өзі қолдап тұрақты
дамуының тұжырымы жатады. Бұл тұжырымдаманың негізі біріккен ұлттар ұйымы
комиссиясы әзірлеп оны 1993 ж мемлекеттері басшыларының бос қосқан
коференциясында мақұлданды. Тұрақты даму табиғаттағы заттардың табиғи
айналымын сақтаудың басты факторы ретінде тіршіліктің көп түрлігін
азайтпауды, қоғам және табиғи орта құрайтын әр түрлі деңгейдегі
әлеументтік экожүйесінің динамикалық тепе теңдігі бұзбауды көздейді.
Сондықтан экологиялық білім мен тәрбие беру қоғамдық өндірістік,
отбасылық қарым - қатынастармен тығыз байланысты және ғылыми, моральдық,
саяси, құқылық – эстетикалық сана түрлерінің бәрін қамтиды.
Экологиялық білім берудің ғылыми негізінде ғылым және оқу пәні
ретіндегі экологиялық мазмұны, ұғымдары мен заңдары жатады. Экожүйесіің
қалыптасуы мен дамуы принциптері жалпы сипатта болуы экологиялық білім
берудлің барлық кезеңіне жарай береді.
Оқушының табиғат құпияларын білуге деген ынтасы өте ерте пайда
болады. Табиғи ортаны адамзттың жан – жақты қажетін мәңгілікке
қамтамассыз етуге жарайтындай етіп сақтай білуі, мейлінше үлкен іс.
өкінішке орай, адам баласының табиғатты қорғауы, оның таабиғатты
тоздыруы, ластауы, уландыруы шашып төгіп пайдаланумен қатар жүріп
келеді.
Табиғатты пайдалануға жауапсыз қараудың түп тамыры әр адамның
санасына байланысты. Табиғаты таза, сұлу, мол қалпында келешекке сақтап
қалу үшін әрбір адамды табиғаттың шын мәнәндегі саналы сақшысы етіп
қалыптастыру қажеті. Табиғатпен адам бір- бірімен тығыз байланысты. Адам
баласы табиғат байлығын өз игілігіне орынсыз жұмсамай, табиғатты
қоғаудың қажеттігін түсіну керек. Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса
ғана пайда болды. Экология сөзін “ естественая история происхождения ”
(Natuval History of Creation) атты өзінің кітабында ең бірінші қолданған
неміс биологы Эрнест Геккель (1968). Экология “ойкос” деген грек сөзі, “үй
баспана ” ұғымын білдіреді. Э Геккельдің айтуы бойынша, экология
–зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды мақұлықтар және лоарды
қоршаған органикалық ортамен өзара қатнастьы зерттейді.
Экологияны зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға
қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның
оларға ықпалы.
Экология – тірі организмдердің тіршілік әрекетін және өзара
қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Көптеген ғалымдар әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және
адамдардың мекендеген ортасымен өзара байланысын ашу жөнінде
айтарлықтай үлес қосты.
Экологиялық зерттеу XX ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал
соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа
көзқарасын тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты, оның
байлығын көп уақыттан бері аяусыз пайдаланып келді. Міне, осыған
байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда.жер
бетінде өсімдіктер, жануалар, өзен- көлдер, адамның жабайы, рахымсызіс-
әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапсын жойып
апатқа ұшрауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнер кәсіптері және цемент
заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар,
жергілікті өндіріс орындары шығаратын заттардың, өнімнің яғни азық- түлік,
ет- сүт тағамдарының қалдық қоқыстары іріп- шіріп бұзылуынан түлі
бактериялардың пайда болуы тұғындардың денсаулықтарына зиян келтіреді,
аурудың жаңа түрлері шыға бастайды.
Көптеген ғылыми мәліметтеге қарағанда, қоршаған ортаға әсер ететін
екі факторды атауға болады: жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның іс-
әрекеті.
Біз бәрімізде табиғатты қорғауда, сақтауда және оны дұрыс
пайдалануда ұрпақтың алдында, тарих алдында жауаптымыз. Міне, осы тұрғыдан
барлық жастарға экологиялық білім және тәрбие беру мақсаты, мазмұны оның
және нақты көрсетуі керек.
Қоршаған ортаны қорғау шараларына республикамыз біршама мөлшерде
мемлекеттік және орныққан түрде қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі,
республиканың ұлттық табысының 1 % ке де жетпейді.
Қоршаған ортаны зиянды заттармен техногенді қалдықтармен ластауда
Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше “үлес қосып” отыр: Батыс
Қазақстанның мұнайгаконденсат кен орны, Өскемен қорғасын – мырыш
комбинаты, Өскемен титан- магний комбинаты, Лениногор полиметалл
комбинаты, Жамбыл супер – фоспат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаштау
кен комбинаты, Жезқазған тау кен комбинаты, Павлодар аллюминий заводы,
Ақтөбе хром қосылыстарымен химия заводы, "Фосфор“ Шымкент өндіріс
бірлестігі, Шымкент қорғаныс заводы т.б.
Республикадағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың тазалау
қондырғыларының сапасымен тиімділігі 30 %- тен аспайды. Өндіріс сарқынды
суларының әсерінен – Ертіс, Орал т.б өзендерінің суы зияндылығы жөнінен
нормативтік көрсеткіштерден әлде қайда асып түседі.
Қоршаған ортаның, Республикамыздағы халықтың науқастануына тигізген
әсері 60% шамасында. Ол әсіресе, тау кен өнеркәсібі орналасқан қалаларды
жоғары қалаларда экологиялық ахуал, соматикалық ауру түрлерінің өршуіне
ықпал етуде.
Арла өндірісінің экологиясы, Арал қасіркеті республика аумағынан
асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында
Орталық Азиядағы бес мемлекет президенттері бірнеше рет кездесті.
Қазақстандағы көптеген экологиялық проблемалардың қордаланып
жиналуы оларды шешуге бағытталған түрлі шараларды көрсетеді. Осының бәрі,
экологиялық бағалау көрсеткіштері мен экожүйелерді қалыпқа келтіруді
бағытталған мемлекеттік шаралардың әлі де болса мардымсыз екендігін, бұл
іске жалпы халықтың деңгейіде жұмыла кірісу ғана экологиялық апаттан аман
болып қалудың төте жолы екендігін көрсетеді.
Қазіргі замандағы негізгі мақсат Қазақстандағы экологиялық білім
берудің халықаралық және тәрбиелеудің дүниежүзілік үрдісіне қосу болып
табылады. Бұл үшін:
- экологиялық білім берудің халықаралық тәжірибесін зерттеп, оған сындарлы
талдау жасау;
- қолда бар оқу бағдарламалары,оқыту әдебиеттері, оқыту құралдары туралы
деректердің банкіп жасау.
- Экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің мазмұнын әдістерін игеруге,
сондай- ақ экологиялық ақпаратты таратуға бағытталған экология және
қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдарламаларға қатысу. Адамзаттың
глобалдық әрекеттері – қарапайым емес, өзгеше процесс, бүгінгі күндегі ең
басты мәнге ие болатын мәселе: өмір сүретін ортаны құру жолында адам
қандай нәтиже күтеді және сол мақсатта қоршаған ортаны қалай өзгертеді.
Міне, сол жасанды ортаны үнемі жетілдіріп, толықтырып, өзгерту жолында
адам өз айналасында техносфераны құрып, оны биосферадан изоляциялап,
бөлектеп, бұндай
- ” жетістіктерден” өзі де рухани шығындап, ішкі дүниесі, дүние
танымы кедейленеді.
Адамның санасы оны қопршаған әлемнің бейнелеуіен қалыптасып, бұл
бейне адамның мәдениетінің (өнер, мәдениет ғғылым ) қалыптасуына тікелей
себепкер екені мәлім. Жеке адамның күрделі құрылымы қоршаған ортаға
психологиялық бейімделуін қамтамассыз етеді. Адам өміріндегі белгілі бір
“қажеттіліктердің” басылуы, орындалмауы оның жалпы психологиялық жүйесінің
қайта құрылуына апарады,сөйтіп адамның санасы, дүниеге көзқарасы қайта
қалыптастырып, “басылған талаптар компенсатция ретінде осы жүйедегі басқа
басқа талаптар арқылы шығып, іске асырылуы мүмкін- осы кезде барлық жүйе
өзгеріске ұшырайды”адам әрекеттерінің әсерінен табиғи экологиялық
жүйесінің, биосфераның ықшамдалу процесі жүріп жатыр. Адамзат санасындағы
бұндай ықшамдалу процесі дәл сол адамның алуан түрлі және бай . әлемдегі
орын қарапайым кеңістік – уақыттағы нүктеге дейін ықшамдалып, техногендік
жасанды “бағыитқа жеткізуді” Мысалы, мыңдаған жылдар бойында қалыптасып,
өзіне ғана тән жануарлар – құстар ораунасы мен жидектердің өзіне ғана
тән түрлері бар аралас ормандардың орнын түп түзу сап түзеген ағаштардың
“жасанды”, аз ғана түрден тұратын “кедей” ормандар пайда болды.
Айналасын “әдемі заттармен толтырамын” деп адам өзінің “тамаша қиялын ”
іске асыру жолында әректтенді, сөйтіп күрделі проблемаларды туғыздырды.
Табиғатпен ұқарым – қатынасында қиялдағы “ жұмбақтың бақшалары” іс
жүзінде техногедік қуаң дала мен тақырлар болды.
Бұл жерде Ф. Беконның жазып кеткен ақиқатты ойы орынды болар еді:
табиғатқа үтем болу үшін, әуелі оған бағына білу керек “ адамзат сана
мен бөленген, ұлы геологиялық күш. Бірақ сол адамның “ табиғаттың соқыр
күштерін” басуға, олармен күресуге бағытталатын. Адамның тамаша
қасиеттері – сана – сезім, ақыл- иойы, білімі – жердегі алатын орнын
белгілеп, кез- келген кататастрофаларға қарсы төтеп бере алады. Ал тамаша
техниканы жасап, космостық факторға айналды. Табиғатқа қоршаған ортаға
деген көзқарасын қайта қарап, “үстам болу немесе бағыну” деген
альтернативадан бас тартуға мәжбүр болып, табиғатты қорғау және онымен
бірге өмір сүру қажет екндігіне көзі жетті.
XXI ғ цивилизацияның табиғатқа әсері антропогендік деңгейіне жеткені
соншама, тіпті табиғаттыңөзін- өзі “емдеуіне”де күші жетпей жатыр. Енді
өндірістік күштер қызметінің табиғатқа тигізетін зияны табиғи ортаны,
яғни биосфераны (адам өміріне қажетті шарт) деформациялап, өзгертуде,
жоюда. Егер жер бетідегі вулкандар жер қойнауынан жылына 16 км3 күл
түрдегі тау жыныстарын шығаратын болса, онда бульдозерлер мен
экскаваторлар, бұлғылау қопаратын көлемдер 60 км3 екен. Жылда өндірістік
қызметтер нәтижесінде бізді қоршаған ортаға жүздеген милион тонна зиянды
заттар лақтырылып, жер қойнауынан шамамен 100 млрд тонна пайдалы қазбалар
шығарылып, жер бетін ластайды. Сонымен қатар жылда жағылатын отын,
жармай күлдерді атмосфераға шығып, 20млрд тонна көміртегі қышқылдары, 700
млн тонна басқа қатты, бу және газ қосындылары пайда болды. Оған қоса
жылда 60 млн тоннадан аса табиғатта жоқ синтитикалық матириялдар шығрылып
ластайды.
Ертедегі дана адамдар айтыпты. “Табиғатта ортақ зат жоқ” әр нәрсенің
өз қажетті орны бар, керексіз дүние жоқ. Ал егер табиғат, адам қолынан
шыққан , “белгісіз” заттармен толса, онда жүріп тұрған сағатқа құм
сепкенмен тең бөлшектерді тежеп, сағат жарамсыз болып қалады.
Адамзат “зиянды” деген құрттармен, бактерия – микроптармен, ұлы
жәндіктермен күресемін деп, нағыз зиянды, өмірді түбімен құртатын
құралдарды, заттарды, материалдарды өз қолымен жасайды. Мысалы жылда ауыл
шаруашылығында қолданатын жерлерге 500 млн тоннадан улы химикаттар
енгізіледі. Бұлардың үштен бірі жаңбыр суларымен теңіз- мұхиттарға
жуылып кетеді де, бір бөлігі самалетпен сепкенде, атмосферада тұрып
қалады. Бұл заттар ауыл шаруашылық өнісм уақытша арттырсада, ұрпақтарға
тимгізетін зияндарын әлі де ешкім өлшеп, есептеген жоқ. Таза су мен
атмосфераны өндіріс өте үлкен көлемде қолданылады, содан мұхиттармен
топрақтарды ластайды, плнетаны қажетсіз жылытады. жылда жер бетінен бір
өсімдік және бір жануар түрі құрып кетіп, құнарлы топрақ аудандары 6-7%
кемиді, ал планетамыздағы шөл және тақыр алқаптар 500002 –қа өсіп, 6млн га
10,6%) орман ағаштары жойылады.
Бұл тізбектелген құбылыстардың барлығының қоғамға әсері – рак, жүрек
ауруы, гипертопия сияқты аурулардың көбейіп, XXI ғ ең қауіпті де жазылмас
ауруының жаңа түрі спидтің пайда болуына себеп болды.
Қорыта айтсақ барлығынан пайда болған неме,се пайда болатын
әлеуметтік, интелектуалды және психоәлеументтік өте айыр дағдарыста
апаруы мүмкін, ал мұндай дағдарыстардың шын көлемін және күшін алдын ала
болжау мүмкін емес, себебі бұл тереңге кеткен бір ғұмыр ішінде шешусіз
болатын процесс, бір емес, бірнеше ұрпақ зерттейтін шешен проблема.
Дүниедегі ең бағалы байлық – мадам болғандықтан, оның қоршған дүниеге
көз қарасы, танып, білу деғңгейі қоғам дамуына, табиғатты сақтауда және
өзінің тұға ретінде қалыптасуына негізгі орын алады.” Оның адамдық
қасиеттері, ұстайтын жолы, дүние көзқарасы, мақсат- тілегі, мінез- құлқы,
морлаьдық бейнесі іштей өзімен бірге тумайды, қоғамда, басқа адамдар
арасында өмір сүру барысында қлыптасады”. Сондықтан да дүние танымды дұрыс
қалыптастыру мектеп қабырғасында басталады да, өмір талабына, ғылым
дамуына орай жалғаса береді.
Ғылым мен техника жаңалықтары дамның табиғатпен ара қатынасының түрін
өзгертіп, табиғат байлықтарын аса көп пайдалануға әекліп соқты. Түрлі
химиялық қосылыстарды тауып, жасанды заттарды өндіру кезеңі басталды.
Мұның салдарынан дүние танымдық көзқарас өзгереді. Енді дүниенің пайдасы
менқажеттілігіне аса көңіл бөлінеді. Бірақ, қажеттілікке пайдаланған
заттың орнын тролтыру, кемшілігін жетілдіру, пайдалыларын көбейту және
зиянсыз өндіу, ортаны қорғау жақтары өз дәреесінде жүзеге аспады. Бұл
қоғамдағы білім беру саласының жіберіп отырған кемшілігінен туып отыр.
Адам табиғатты жақсы пайдалана білгенімен, оны қалпына келтіру жолын
меңгере алмай келеді. Дайын табиғат байлығын өндіру қиынға соқпағанмен,
оның қасиетін толық меңгеріп, қайта қалпына келтіру үшін ғылым салаларының
жетістігі, мәдени деңгейдің жоғарылығы, дүниеге деген сапалы көзқарас
қажет.
Буржуазиялық қоғамда “ табиғатты жаулап алу , бағындыру” мақсаты
басым болса, ұзамай- ақ, бұл көз қарастың қате екендігі байқалады. Адмның
білімі, мәдениті, табиғатпен қарым – қатынасын күшейтіп, оған жасайтын
әрекетті молайған сайын өзін қоршаған сан алуан дүниенің бір- бірімен
байланыста,сабақтастықта екендігін жете түсіне бастады. Табиғат тек
материялдық қажеттілікті ғана өтейтін орта емес, ол эстеттикалық
талғамның, интелектуалдық деңгейдің өзі екенін білді. Күн сайын табиғатқа
деген қажеттіліктің күшеюі дүниенің сан алуан бөліктерінің болмайтынын
түсінуге әкеліп соқты. Адам дүние таымның деңгейі оның біліміммен
мәдениеттілігіне тікелей байланысты екендігі айқындалады.
Қазіргі таңда көтеріліп отыған проблемалар адамның дүние танымдық
деңгейін өзгертті. Дүниені тек пайдаланып қана қоймай, оны қалпына
келтіру, қорғау, экологиялық талаптарды қамтамассыз ету тұрғысынан қарау
етек алуда.
Қоғам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды теориялық тұрғылар
Дене тәрбиесі сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Қазіргі кезеңдегі дәстүрлі емес оқыту технологиясы арқылы экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Оқушыларға экологиялық мәдениетті оқыту
Шет тілін оқыту үдерісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу (ағылшын тілі материалы негізінде)
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Пәндер