Экологияның тарихы, ұғымы және экожүйенің құрылымы мен функционалдық топтары


Экологияның даму тарихы

“Экология” гректің oikos - үй және logos - ғылым деген сөздерінің қосындысынан құрылған. Бұл сөздердің дәлме - дәл мағынасы экология - “өз үйіңдегі” организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни “организмдер мен қоршаған орта арасындағы жиынтықты” немесе олардың бір бірімен байланысының сипаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып - үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір бірімен өзара қарым - қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды.

Жер шарындағы ауа райының өзгеруі ондағы тіршілік ететін жан - жануарлардың, өсетін осімдіктердің әлеміне әсер тигізетіндігін, бір сөзбен қорыта айтқанда, қоршаған ортадағы жансыз және жанды құрауыштардың өзара тығыз байланысты екендігін XVIII ғасырда Ресей ғалымдары да өз еңбектеріне өзек етті. Мысалы, орыстың атақты ғалымы М. В. Ломоносов “Жер қыртысы туралы” трактатында “ . . . адамдардың көбісінің табиғатта көргеннің бәрі жаратушының құдіретімен жасалған деп ойлаулары бекер . . . ” деп атап көрсетті. Ол табиғаттағы өзгерістер тек өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тікелей қатысуының нәтижесі деп санады.

“Экология” деген терминді ғылымға алғаш рет еңгізу неміс ғалымы Э. Геккельдің (1834 - 1910) еншісіне тиді. Ол экология мынандай анықтама берді: “Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді - жануалармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық әреккетерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз”.

Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп, организмдер мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана шектелген болса, қазіргі заманда экологияның шеңбері одан әрі кеңіп, көптеген ғылымдармен, атап айтқанда, география, геология, агрономия, химия, математика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның барлық салаларымен араласы кетті.

Осылай қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен дамып келе жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор маңызы бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүріуі осы ғылымның тікелей үдемелі дамуына байланысты болуы да мүмкін деуге жатады.

Экологиялық жүйелер

Эклогияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Функциялы тұрақтылығы аз уақытқа созылса да қарым - қатынаста болатын құрауыштары бар кез - келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологы А. Тенсли. АТенсли экожүені құрамына организмдер де, абиоталық ортада кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Былайша айтқанда, экожүйе заттектердің айналымы мен энергия тасымалдануы жүретін табиғи бірлік. Экожүйеде заттектер айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сіңімділік түрде белгілі қоры және организмдердің үш функционалды әртүрлі экологиялық топтары:продуценттер, консументтер, редуценттер болуы қажет.

Продуценттерге өздерінің денелерін бейорганикалық қосылыстар есебінен құратын автотрофтық организмдер жатады. Олар өздерінің тіршілік етуіне қажетті органикалық заттектерді күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттектерден немесе бейорганикалық заттектердің тотығуынан өздігінен өндіре алатын тірі организмдер. Афтотрофты организмдерге фотосинтезге қабілетті жасыл өсімдіктер, балдырлар мен фототрофты бактериялар жатады.

Консументтер - бұлар гетеротрофты организмдер, подуценттер немесе басқа консументтер өндірген органикалық заттектерді қорек көзі ретінде пайдаланатын немесе оларды жаңа түрге трансформациялайтын организмдер. Бұларға барлық жануарлар, саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің көбі, паразиттік және жәндік қоректі өсімдіктер жатады. Консументтер бірінші және екінші реттік болып бөлінеді:

  • Бірінші реттік консументтер(фитофагтар) - тек қана өсімдіктекті қорекпен тіршілік жасайтын жануарлар, көптеген жәндіктер(бұғы, қой, піл, қаз, көк шегіртке, өсімдік биті) ;
  • Екінші реттік консументтер(зоофагтар) - жануарлармен қоректенетін организмдер, жыртқыштар.

Редуценттер өлі органикалық заттектермен қоректенеді, оларды ыдыратып қайтадан бейорганикалық қосылыстарға айналдырады. Редуценттер арқылы экожүйе ортасына молекулалық азот, минералды элементтер және көмір қышқыл газы қайтарылып отырады.

Редуценттерге негізінде өліктер мен экскременттерде мекендеп, оларды біртіндеп ыдырататын микороорганизімдер (бактериялар, ашытқы микроорганизімдері, саңырауқұлақтар- сапрофиттер) жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйенің құрылымы мен қызметі: деңгейлері, трофикалық құрылымы және энергия-зат айналымы
Экожүйенің өнімділік пирамидасы, энергия ағыны және қоректік құрылымы
Экологияның қалыптасу тарихы мен қазіргі құрылымы және халықаралық қоршаған ортаны қорғау ұйымдары
Экологияның қалыптасу тарихы, қазіргі құрылымы және халықаралық қоршаған ортаны қорғау ұйымдары
Органикалық қосылыстардың жіктелуі, функционалдық топтары мен номенклатурасы
Экологияның қалыптасу тарихы, қазіргі құрылымы және қоршаған ортаны қорғау институттары мен құқықтық негіздері
Экологияның тарихы, қазіргі құрылымы және халықаралық қоршаған ортаны қорғау ұйымдары
Экологияның шығу тарихы, геоэкология және орман экожүйесінің дамуы мен тұрақтылығы
Жалпы экологияның тарихы мен даму кезеңдері
Биоценоз, биотоп және биогеоценоз: құрылымы, функционалдық топтары және экологиялық қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz