Экономикалық пен әлеуметтіктің өзара байланысы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Экономикалық әлеуметтану

1. Экономикалық әлеуметтану 20- ғ пайда болған деп есептейді. Шындығына келгенде экономикалық әлеуметтанудың ұзақ қалыптасу және даму тарихы Батыспен байлансты. Тіпті әлеуметтану ғылымының қалыптасуымен біргше экономикалық ғылым пайда болды десек те қателеспейміз. Конттың социологиясын есімізге алар болсақ, Конттың өзі әлеуметтанудың шаруашылықты зерттеу керектігін айта отырып, экономистерді схоластиктер мен метафизиктер деп айыптаған. Конт экономиканы зерттей алатын тек бір ғылымды - әлеуметтануды мойындаған. Бұл идея француз әлеуметтанулық мектебінде 90- ы жылдары жалғасын тапты. Дюркгейм экономикалық адам мен қоғам бейнесі үшін экономистарды сынауды жалғастыра келе экономикалық әлеуметтануды қоғамтанудың бір саласы ретінде құру идеясын ортаға салды. Германияда шаруашылықтың әлеуметтік концепциясы саяси экономиканың неміс тарихи мектебінің өкілдерімен ертеректе қарастырылған болатын, сондықтанда 20- ғ басында Вебер мен Зомбарттың әлеуметтік шаруашылық идеясы бойынша экономикалық әлеуметтану экономика ғылымына қарсы қалыптасқан жоқ, керісінше әлеуметтануды, тарихты, экономиканы біріктіруші сала ретінде қалыптасты. Экономикалық пен әлеуметтіктің өзара байланысы жайлы мәселе марксистер мен бірқатар ғалымдар арасында пікір таласты тудырды. Аталған ғалымдар экономикалықтың орнына әлеуметтік дамуды таңдаса, марксистер экономикалық пен әлеуметтіктің бірлігін қолдады. Р. Арон К. Марксты «Социолог болғысы келетін экономист» деп атйтын. Т. Парсонс және Н. Смелзер жүйелер теориясы позициясына экономикамен социология арасында анлиз жасауға тырысады. Н. Смелзердің 60 жылдарда шыққан «экономикалық өмірдің социологиясы» деген арнайы кітабы болады. Автор экономикалық социологияны әлеуметтік өмірдің экономикалық және экономикалық емес аспекттер арасында қатнастарды зерттейтін пән деп атады. А. Маршал біруақыттарда айтқандай - әрине ортақ қоғамдық ғылымның болғаны дұрыс, біріақ бұл әзірше мүмкін емес дейді.

Қазіргі таңда эконом - әлеуметтанушыларды көбінесе қандай мәселе толғандырады. Зерттеулер көрсеткендей әлеуметтанудың әйгілі мәселелерінің бірі - кәсіпкерлік болып табылады. Егер 90- ы жылдардың басында кәсіпкерлік іс - әрекеттің ерекше түрі ретінде танылып, оның әлеуметтік қызметі, кәсіпкерлік әрекет және де мотивация жайлы әңгіме болған болса, қазір біраз уақыт өткен соң кәсіпкерлікке деген қызығушылық жасырын экономика ны зерттеумен байланысты. Экономикалық әлеуметтануда үлкен назар нарық экономикасының әлеуметтануы мен нарықтық реформаларға, өндірістік әлеуметтану мен өнеркәсіпке, айырбас және ақша әлеуметтануына, тұтыну және жекеменшік әлеуметтануына аударылады.

2. Экономикалық әлеуметтану қоғамды өмірдің экономикалық саласындағы әлеуметтік мәселені зерттейді. Экономикалық заңдар мн заңдылықтар әлеуметтік өмірдің барлық салаларына өтіп кететін адамдардың қоғамдық қимыл - әрекеті арқылы жүзеге асады Экономика әлеуметтік құбылыс ретнде - бұл адамдарды меншік, өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну жөнінен өзара әрекет ететін жүйесі болып табылады. Экономикалық әлеуметтану қоғамды тұтастай оқып зерттеу тұрғысынан экономиканы қарастырады. Экономикалық әлеуметтанудың пәні - экономика емес, ал экономиканың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік заңдылықтары және әлеуметтік факторлардың экономикаға әсер етуі, оның әлеуметтік нәтижелері ондағы өзгерістердің салдары. Белгілі Америка социологы Н. Смелзер әлеуметтану экономикалық мінез - құлықты жалпы әлеуметтік мінез - құлықтың нақты оқиғасы ретінде, әлеуметтік ұйымдар мен ролдерді комплексі ретінде зерттейді деп көрсетеді. Экономика әлеуметтануының негізгі зерттеу объектісі экономика емес, адамдарады қажеттіліктері мен мүдделері, олардың құндылықтары мен әрекеттерінің себептері, еңбекке көзқарастары, т. б. орын алады. Мысалы өте қымбат тұратын пәтерлерді, қала сыртындағы үйлерді, автомашина, қымбат асыл бұйымдарды,, сатып алу тек экономикалық акт ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның құндылыққа байлыққа ұмтылуынынң көрінісі, оның моральдық нормаларының өзін - өзі тануға ұмтылуының, өзінің жеке мәртебесін көтеруінің көрінісі. Экономика әлеуметтануы экономика мен саясаттың, экономика мен құқықтың, экономика мен моральдың т. б. бір - біріне ықпал етуін қарастырады. Ол экономиканы басқарудың мақсатын зерттейді, жетістіктері мен кемшіліктерін табады, жеке тұлғаның, әлеуметтік топтардың әр алуан жүйедегі әсерін көрсетеді. Экономика өндірісті тауарлар мен қызметтерді, ұсыныс пен сұранысты, адамның экономикалық іс - әрекетін, ақшаны пайдалану мен капиталды зерттейді. Әлеуметтану болса, өз кезегінде әр түрлі топтардың экономикалық іс - әрекеттерінің моделін жасауға және де адамдардың өміріне әсер ететін экономикалық күштерді зерттеуге тырысады. Әлеуметтанудың экономикалық негіздермен дәстүрлі түрде тығыз байланысты. Марк пен Вебер осы байланыстарды зерттеушілердің ең әйгіліліре болып табылады. Көптеген әлеуметтанушылар, әсіресе бұрынғы социалистік елдердегі осы экономика саласынан шыққан болатын. Марксистік әлеуметтану және де тарихты марксистік тұрғыда түсіну тұрғысынан адамдардың қоғамдық болмысының мәні олардың әр түрлі материалдық және де басқа да қажеттіліктері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы
Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері түралы түсінік
ХАРИЗМА МЕН ЛИДЕРЛІКТІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Символикалық интеракционизм теориясы
Жеке адам және әлеуеттендіру процесі
Философия-дүниетанымның тарихи типі ретінде
Педагогикалық тәрбие туралы ғылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz