ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАР ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАР ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР.
Барлық экономикалық құбылыстар мен процестер экономикалық заңдардың
әсері арқылы дамып отырады. Экономикалық заң дегеніміз не? Ол қоғамның
экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің
байланыстары. Олар өндіріс, болу, айырбас және тұтыну қатынастарының даму
заңдары.
Қоғамның даму заңдарының — экономикалық заңдар мен табиғат заңдарының,
ортақ белгілері және сонымен қатар айырмашылықтары болады.
Бұларға ортақ белгілер, ол экономикалық заңдар, табиғат заңдары
сияқты, объективтік заңдар, яғни,олар адамдардың еркі мен санасынан
тәуелсіз жаратылып , әрекет етеді. Ал айырмашылықтарына келейік.
Экономикалық заңдар адамдардың іс-әрекет, қызметін билейтін заңдар.
Олар адамдардың еңбек-қызметтерінің процесінде туып, осы процесс арқылы
жүзеге асырылады. Ал табиғат заңдары (мысалы, әлемдік тартылыс заңы)
адамдар қоғамынан тыс жағдайда да әрекет етеді.
Экономикалық заңдар (табиғат заңдарынан ерекшілігі), олар мәңгілік,
ұзақ мерзімді емес. Экономикалық заңдар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде
туып, өзгеріп, жойылып кетіп отырады. Экономикалық заңдардың жойылуы
адамдар санасынан тәуелсіз, қоғамдағы объективтік Экономикалық хал-ахуалдық
процестердің өзгерісімен тікелей байланысты болады.
Экономикалық заңдарды ашып қолдану адамдардан белгілі күш салып
тырысуды тілейді, өйткені қоғамдағы реакцияшыл, керітартпа күштер осы
заңдарды қолданып пайдалануға жол бермеуге бар күшін жұмсайды.
Экономикалық заңдар объективтік сипатта болады дедік. Осыған
байланысты сұрақ туады — адамдар осы заңдарды талдап, танып біліп,
экономиқалық өмірде пайдалана алама? Сөзсіз, адамдар экономиқалық
құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып, олардың даму заңдарын
ашып, әрекет ету механизімін түсініп біледі. Қоғам саналы түрде осы
заңдардың талабын жүзеге асырады.
Экономикалық теория экономикалық заңдармен қатар экономикалық
қатегорияларды зерттейді.
Экономикалық категориялар — қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық
тұрғыдан сипаттайтын логиқалық түсініктер. Мысалы: сұраныс, ұсыныс, қаржы,
несие, меншік, жалақы, нарық, пайда, тауар, ақша т.б.
Экономикалық заңдардың жиынтығы, қоғамның даму заңдылықтарын
белгілейтін, экономикалық заңдар жүйесін құрайды. Бұл жүйені құратын
заңдарды негізгі, басты, басты емес деп бөлуді дұрыс деуге қиын. Қоғам
өмірін талдауда, жүйелік әдісті қолдану керек жағдайда, барлық заңдар
маңызды, өзара байланысты болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның функциясы
Экономикалық теория қызметі
Экономиканың негізгі элементтері. Экономикалық заң
Экономикалық категориялар мен заңдар. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
Экономикалық ой - пікірлердің қалыптасуы. Мектептен және сыныптан тыс іс- тәжірибеден өту есебі
Экономикалық теория және экономикалық саясат
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы ақпарат
Экономикалық теория: пән ерекшелiгi және даму тенденциясы туралы
Экономикалық тәрбие беру
Экономика теориясының қоғамда дамуындағы рөлі мен орны, оның пәні мен әдістері
Пәндер