Экономикалық өсу жағдайында елдегі адам ресурстарының еңбек потенциалын пайдалану



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық өсу жағдайында елдегі адам ресурстарының еңбек потенциалын
пайдалану және адам капиталы.

Жұмыс күші – адамның еңбекке деген қабілетін, яғни оның физикалық,
интеллектуалды, кәсіби сапасының жиынтығын болса, адам капиталы да
жұмыскерлердің еңбек өнімділігі деңгейін анықтайтын жеке ерекшеліктер
жиынтығын құрайды және ол табыс көзі болып табылады. Бұл категорияларды
қарастырғанда адам дамуы процесінің жалпы көрсеткіші ретінде еңбек
потенциалын атауға болады.
Еңбек потенциалы бір-бірімен тығыз байланысты сапалық және сандық
факторларға тәуелді. Мысалы: еңбекке жарамды тұрғындар саны, денсаулық
жағдайы, жалпы білім деңгейі, кәсіби білім деңгейі, тәжірибе, адамдардың
белсенділігі.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде еңбек потенциалы түсінігіне түрлі
анықтамалар берілді. Кейбір экономистер еңбек потенциалын еңбек
ресурстары термминімен байланыстырады, бірақ бұл ұғым елдің еңбекке
жарамды тұрғындармен бірге потенциалды түрде олардың көлемі мен сапасын
өзгерте алатын жандарды да есепке алады. Мысалы, елдің немесе аймақтардың
еңбек потенциалы еңбек ресурстарының сандық және сапалық даму
көрсеткіштерімен айқындалады [30].
Біздің көзқарасымыз бойынша еңбек потенциалы еңбекке жарамды
өндірісте қолданылатын ресурстың жеке факторы ғана, қарастырғанда оның
мазмұны толық ашылмайды, өткені тәжірибеде еңбекке жарамды халықтың сапалы
құр-ң іске асады. Басқа бөлігі белгілі бір уақытқа қажетсіз болып, ғылыми-
техникалық прогрестің, өндірістік күштердің және еңбек қатынастарының
дамуымен жүзеге асуы мүмкін.
Еңбек потенциалы өндіріс жағдайларымен өзара тәуелді, еңбектің
техникалық жарақталуымен, механизация деңгейімен, яғни өндіріс неғұрлым
дамыса еңбек потенциалын іске асыру жағдайлары жоғары және еңбек
потенциалының жоғары болуымен оған деген шарттар да көбейеді [31].
Еңбек потенциалы түсінігі адам капиталы түсінігімен тығыз
байланысты. Адам капиталы құнының көлемінің өсуі, жұмыс күшінің сапасының
жоғарылауы нәтижесінде іске асады, яғни жылдар бойы жинақталған білім,
тәжірибе, біліктілік деңгейімен байланысты.
Экономикалық теорияға сәйкес адам капиталы- бұл тек әдеттер,
білімдер, біліктілік жиынтығы ғана емес, нақты жылдар бойы жинақталған
білім, тәжірибе, тәсілдер қоры болып табылады.
Гари Беккердің ойы бойынша адам капиталының талдауы еңбек
нарығындағы және тұтас экономикадағы көптеген заңдылықтарды түсіндіруге
көмек берер еді. Адам капиталы теориясының жалпы теориясын құруға болады.
Бұл құбылыстың макроэкономикалық аспектілерін фирма, индевид деңгейінде
қарастыратын еді [35]. Адам капиталына инвестициялар, ең алдымен білім беру
санасына өнімдірек болады. Ертерек бөлінген салымдар көлемінің жоғары
болуымен материалдық.
Адам капиталына деген инвестициялардың қайтарысдылық нормасы
жоғарылауы мүмкін. Беккердің есептеуі бойынша АҚШ-ғы жинақталған капиталдың
үстем екі бөлігінен астамы адам капиталына салынған-ғылыми және зерттеу
орталықтарына, білім ошақтарына, мамандардың тәжірибелері мен
жаңалықтарына.
Адам капиталының дамуы және қалыптасуына кеткен шығындар нәтижесінде
нақты экономикалық нәтижеге қол жеткізуге, мысалы, тауарлар мен қызметтерді
өте көп көлемде және жоғары сапада өндіріп, ақшалай табыстың жоғарылауына
жол беретін, яғни адамзаттың капитал салымдарының барлығы, адам капиталына
бағытталған инвестициялар болып табылады.
Адам капиталына келесі түрлерді жатқызуға болады:
- адам капиталы көлемін көбейтетін жалпы білім беру кәсіптік дайындыққа
инвестициялар;
- адам денсаулығын сақтауға кеткен салымдар, соның ішінде еңбек
қауіпсіздігі мен адам өмірін ұзартуға көмек беретін қызмет түрлері;
- балаларды тәрбиелеу шығындары;
- жұмыс күші мобильділігінің жақсаруы және жұмыс табуға кеткен шығындар;
- адам капиталы салымдарының тәуекелділігін төмендетудің факторы ретінде
бағалар мен табыстар ақпараттарды іздеуге кеткен шығындар;
Инвестициялау субъектілеріне тәуелді адам капиталын дамыту және
қалыптастыру шығындары келесі түрде топталады, жеке салымдар немесе
индивидтің өзінің денсаулығын нығайтуға кеткен шығындар, білім мен тәжірибе
жинау (білім алу және өз бетімен білім алу); миграция, медициналық қызмет,
жанұялық инвестициялар, ата-аналардың балалары еңбекке қабілетті болғанға
дейінгі тәрбиелеуге және білім беруге кеткен шығындарды, жеке фирмалардың;
шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың біліктілікті жоғарылатумен кәсіби
дайындыққа кеткен шығындар, мемлекеттік инвестициялар, яғни мемлекеттік
бюджеттен білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларына бөлінген
шығындар.
Еңбек нарығында жұмыс күшін бәсеке қабілетті ететін оның сапасы.
Экономикалық әдебиеттерде жұмыс күшінің сапасы түсінігі адам капиталы
түсінігімен салыстырылады. Дж. Эренберг және Р. Смиттің анықтамасы бойынша
адам капиталы жұмыскерлердің білімі мен тәжірибесі және білім алу мен
кәсіби дайындыққа қатысты қолға алынған қасиеттердің жиынынан тұрады [37].
Осылайша адам капиталы бірінше кезекте жылдар бойы жинақталған
біліктілік болып табылады. Ол жұмыс күшінің негізгі ерекшелік қасиеті.
Жұмыс күшінің сапасы кешенді түсінік, ол өзінің құрамына біліктілік,
кәсібилік, жеке ерекшеліктер, яғни физиологиясы, әлеуметтік-технологиялық
қасиеттер, өзгерістер бейімделу қабілеттілігі, сонымен бірге мобильділік,
ынталылық, жаңашылдық, кәсіби біліктілік, кәсіби жарамдылық.
Өндіріс тиімділігінің жеке экономикалық өсудің негізгі факторы адам
капиталының дамуы болып табылады.
Жұмыс күшінің сапасы білім беру қызметінің деңгейінен тәуелді. Алайда
ұлттық білім беру процестерін ұйымдастырудағы әрқилылығы, мамандық
стандарттарының сәйкессіздігі халықаралық жұмыс күші нарығының дамуына
кедергі болады. Бұл мәселені шешу үшін Еуропалық білім беру қоры орталық
және Шығыс Европа, ТМД елдері үшін білім берудің біркелкі стандарт жүйесін
қалыптастыруды қолға алуда.
Білім берудің жоғарғы сапасы өнім өндірудің, еңбектің, жұмыскерлердің
биіліктілігінің сапасы кепілдігі болуы тиіс.
Кәсіби білім берудің стандарты еңбек операцияларының жиыннан тұрады.
Білім беру стандартарының қазіргі факторларды (экономикалық жағдай, кадр
саясаты, еңбек нарығы шарттары, білім берудегі саясат) келесі принциптерге
негізделеді:
- сәйкес бағдарламаларды меңгеру деңгейінің бағасын растайтын кәсіби
білімнің сапасы;
- процестің барлық қатысушылары үшін ашық болуы тиіс (білім алушылар,
оқытушылар тапсырыс берушілер)
- алынған құжаттардың салыстырмалылығы (ұлттық бағдарламалардың
мазмұнының сәйкес келуі)
- қолданудың міндетті болуы (ұлттық білім беру жүйесі шегінде бұл
принцип міндетті түрде сақталады, халықаралық стандартта қосымша
нормативтік құжаттар қажет, ол болмаған жағдайда тек рекомендательный
характерге ие болады)
- пайдаланудың ұзақтығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек потенциалын қалыптастырудың теориялық негіздері
Еңбек ресурстарын ұйымдастыру
Қазіргі кездегі жұмысшы күшінің миграциялық тартылуы және негізгі орталықтары мен ауқымы
«Казиндустрия» ЖШС персоналының еңбек потенциалының қалыптастыру, бағалау және оны дамыту мақсатындағы іс-шаралар жүйесін талдау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері
Жұмысшы күшінің Қазақстандағы жағдайы
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік сала: қызметі, қаржы көздері
Экономикалық өсу - экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші
Адам потенциялының даму аспектісі және оның көрсеткіштері
Жұмысшы күші миграциясының мәселелері
Пәндер