ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ МЕН ҚҰРЫЛЫМДЫК, ӨЗГЕРІСТЕР САЯСАТЫ


2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ МЕН ҚҰРЫЛЫМДЫК, ӨЗГЕРІСТЕР САЯСАТЫ
Экономикалық өнімнің циклдік ауытқуын тежеудің белгілі мағынада құрылымдық сипаты бар деуге болады. Эконо-микалық өсудің циклдік ауытқуьш тежеу - ел экономикасының тепе-теңдігін сақтауға бағытталады. Экономикалық тепе-теңдіктің сақталуы елдегі экономикалық экспансия саясатын жүргізу шамасына байланысты. Экспансионистік саясат -халықтың сатып алу қабілетін, мемлекеттік шығындарды, айналымдағы ақша массасын ұлғайту, ситықты шектеуге, өндірісті кеңейтуге бағытталған шаралар. Нарық субъектілерінің басым санының экспансиясы экономикалық өсудің өзі екені белгілі. Яғни, егер ішкі өндіріс орындарының көбінде өндіріс көлемі өсетін болса, онда жалпы ұлттық экономика тез өсетін болады. Жалпы алғанда бұл процесс экономика жүйесінің ішкі заңдылығымен анықталады. Бірақ белгілі бір жағдайларда бұл сфераға мемлекеттің араласуы қажет болады.
Әлем нарығына тартылған елдердегі нарық жүйесінің даму деңгейі, ұлттық өндіріс өнімділігінің өсуі, экономикалық кеңістіктің шектеулі болуы және ондағы тығыздылықтың артуына, кеңею мүмкіндігінін жойылуына байланысты жағдайлар мемлекеттің құрылымдық саясатын анықтайды.
Әлем шаруашылығы субъектілері арасындағы бәсекелестіктің асқыну жағдайында әр елдің үкіметі ұлттық өндіріс орындарының артықшылығын қамтамасыз етуге ұмтылады Дамыған мемлекеттердің әрекеттері әлем нарығындағы басқа әріптестерінің мүдделері есепке алынып құрылады. Бірақ бұл белгілі бір жағдайларға байланысты келеді. Әлем нарығына 1 шыкқан әріптестер өзара тиімді қатынастар қалыптастыруға ұмтылады. Солай болғанда әлем нарығына тартылған елдердегі ңарық жүйесінің дамуы да әлем нарығында экономиканың көп жағынан әріптесінен әрқашан мүмкін болғанша алда болуға ұмтылуы қажет. Бүгін бәсекелестіктің табиғатына байланысты бұл іс жүзінде мүмкін болмай қалды: әр экономика субъектісінің жетекші болуға, басымдыльщқа ұмтылуы басқалардың тәжірибесін, білімін, басқару технологиясын қабылдауға итермелейді. Асыра мол нарық жағдайында, қарқынды түрде асқындаған бәсекелестік кезінде мемлекет өзінің қолдау саясатын жалпы экономикалық өсу мәселесімен шектемей, ұлттық экономиканың нақты түрлеріне бағыттайды. Алдымен, экономикалық өсудің жалпы қарқыньша ықпал жасау үшін мемлекеттің қабылдай алатын іс-шараларын қарастырамыз. Бұлар тікелей және жанама әсер ететін іс-шаралар болуы мүмкін. Бірінші жағдайда ұлттық экономика шеңберінде ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру қадамдарын айтуға болады. Мысалы, ҒТП-ні ынталандыру келесі бағыттарда жүргізіледі: негізгі ғылыми зертеулерді қолдау; орта және жоғары білім беру жүйесін қаржыландыру және жетілдіру. Батыс елдерінде ғылыми зерттеулер әртүрлі институшюналдық бағыттарда, айталық, аралас меншік формасындағы ғылыми зерттеу институттарында, университеттерде және фирмалардың ғылыми-зерттеу орталықтарында жүргізіледі.
Әдетте мемлекет келесі тәртіпті ұстанады: бюджеттен қаржыландыру ең алдымен ұлттың білімі мен біліктілігін көтеруге бағытталады, ал бұл білім беру жүйесін дамытуды қажет етеді. Нарықта артықшылыққа ие болу үшін ғылымда қолданбалы нәтижелерге жсту қажет, ал бұл жеке сектордың міндеті.
Құрылымдық өзгерістер ауқымындағы экономикалық саясат, ең алдымен, салааралық және ішкі салалық езгерістерге ықпал жасау іс-әрекеітер жиынтығы болады. Осы бағыттың максаты: ғылыми-техникалық прогресті ынталандыру, ұлттық экономиканың бәсекелестік шамасын артгыру, біркатар әлеу-меттік мәселелерді шешу.
Осы саясаттың іске асу түрлері - белгілі өндіріс салалары мен түрлеріне таңдаулы түрде қолдау болады. Құрылымдық саясатты кең және тар мазмұңды түрде қарастыруға болады. Бірінші жағдайда экономиканың барлық проблемалары қамтылады: салааралық, аймақтық және ұйымдық-институционалдық пропорцияларды қайта құрып, оптималдау, екінші жағдайда мемлекеттің жанама түрде тек қана фирмалардың көлеміне әсер етуі, өндірістің ұсақ, орташа және ірі түрлерінің оптималды құрамдық үлесін анықтауы туралы сөз болады. Инфрақұрылымды қалыптастыру да кең мағынада құрылымдық саясатқа жатады. Құрылымдық саясаттың шектеулі мағынасы - ол ішкі салалық және салааралық пропорцияларға ықпал жасау. Ел экономикасында құрылымдық өзгерістер коптеген жағдайларға байланысты келеді. Жаңа өндірісаралық пропорцияларды құру үшін белгілі бір өндіріс түрлерінің дамуын жеделдету қажет болады және құрылымдық өзгерістердің әлеуметтік салдарын жою мақсатында бұл процеске мемлекет араласады.
XX ғасырдың бас кезінен экономиканың құрылымдық дамуына мемлекет араласа бастағаны белгілі. Бірінші және екішлі дүниежүзілік соғыс кездеріңде эскери өндірістің дамуын мемлекет қаржылай және басқа да іс-шаралар арқылы бел-сенді түрде қолдап отырған. Соғыстан күйреген экономиканы котеруге де мемлекет белгілі құрылымдық іс-шаралар арқы-лы қолдау корсеткен. «Құрылымдық саясат» деген ұгым тек 1940 жылдардан бастап кең қолданылатын болды. Осы кезде мемлекетгің экономика макропорцияларына ықпал жа-сау іс-шаралары жүйелі сипат алды. Экономикалық саясат-тың бұл бағыты ГФР және Францияда белсенді болды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz