Экономикалық циклдің түрлері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Экономикалық циклдің түрлері

Кіріспе

1. Экономикалық цикл, Циклдық дамудың ерекшеліктері.

2. Экономикалық өсудің түрлері.

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Экономикалық цикл - бұл дағдарыстарарасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Фазаның бірінші (бастапқы) циклы - өндіріс құлдырауының дағдарысы. Дағдарыс құбылысының болуы сұраным төлем қабілеттілігімен салыстырғанда тауарды артық өндірумен түсіндіріледі.

Дағдарыс кезеңінде өткерілмеген өнім саны тез ұлғайып, жұмысшылар босатылады, жұмыссыздық ұлғайып, несие - ақш байланыстары бұзылып, құлдырау толқыны ұлғаяды және кәсіпорындар құлдырап, жойыла бастайды.

Экономикалық циклдың келесі фазасы депрессия ("depressio" - латын сөзі, төмендеу, тереңдеу дегенді білдіреді) . Бұл фазапа өндірістің құлдырауы тоқталады. Жайлап болса да запастағы тауарлар өткеріледі және еркін, капиталы пайда болады.

Келесі фаза - тірілу, бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек пайда бар деген сөз. Ол кезегінде өндірістің дамуын ынталандырады. Цикл; кезекті фазасы - өрлеумен алмасады.

Өрлеу өнім өндірудің қарқындылығымен сипатталады және ол дағдарыс алдындағы деңгейден жоғары, жұмыссыздық тартылады, қарыз капитал ұсынымы ұлғаяды және банк пайызының (%) нормасы төмендейді.

Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себепте экономикалық теориида қалыптасқан бірнеше теориялық көзқарастар бар.

Мәселен, К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдың оқтын - оқтын жаппай жаңаруы мен қарастырған.

Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз (%) мөлшері ара - қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана бол егер пайда мөлшері ("шекті тиімділік") пайыз (%) мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді: кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.

Қазіргі Дж. Кейнетін ізбасарлары - "неокейнстіктер" - мәселен американ экономисі - Пол Самуэльсон былай дейді: нарық экономиканың циклдық сыйпаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс - әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі каржы тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оң немесе теріс әсер етіп, өндірістің өсуінен оның қысқаруына бет бұрыс жасайды.

Американ экономисі Милтон фридмен басқарған "монетаристік мектеп" өкілдері "неокейнстіктердің" айырмашылығы олар нарықтық экономиканың цикллық дамүынын басты себептеріне ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы apaсындағы алшақтық жөне тұрлаусыз ақша ұсынымы нарықтық экономика тұрақсыздығының себебі болып табылады.

Монетаристік мектептің негізін қалаушы Милтон Фридменнің ойынша, дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатын нашар жургізуінен туындайды. Сондықтан мемлекеттің араласуы ақша массасын шектеу мен тұрақтандыруға бағытталуы қажет. Осы ойларын Милтон Фридмен өзінің АҚШ -ның монетарлық саясаты" еңбегінде баяндаған. Бұл жұмыс 1963 жылы шыққан болатын.

Нарықтық экономиканың циклдық дамуын жою жолдары немесе жұмсарртуды жоғарыдағы аталған әртүрлі мектеп өкілдерінің ойлары мынаны әкеледі: мемелекет антициклдық бағдарламаларға қатысуы немесе экономиканы тікелей реттеуі қажет.

Мәселен, Ф. Энгельстің пайымдауынша, нарықтық анархияны «өндірісті қоғамдық - жоспарлы реттеу» арқылы жоюды алға тартады. Дж. Кейністің пайымдауынша, стихиялы нарықтық экономика олқылықтарын мемлекттің араласуы арқылы жоюға болатындығын айтады. Мемлекетттің құлдырауын жеке күрдел қаржыландыруды өзі ынталандыруы болдырмау үшін қажет.

Циклдық дамудың ерекшеліктері

Қазіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктер, бар. Олар екінші дүние жүзілік соғыстың, ғылымиыми - техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық рөлінің өсуімен туындаған. Экономикалық дағдарыстар тым жиіледі және тереңдей түсті, сонымен қатар депрессия ұзақтығының ұлғаюымен ерекшеленді. Мұндай құбылыстар 1974 және 1980 - 1982-ші жылдардағы экономикалық дағдарыстар кезеңінде байқалды. Бұл құбылыстар көптеген индустриалды - дамыған елдердің экономикасын қамтыды.

Дағдарыс кезені сыйпатында жаңа құбылыс - инфляция пайда болды. Дағдарыс құбылысының инфляциямен қосылуы стагфляция деп ҒТР жағдайында, әлемдік қауымдастықтағы көптеген елдерде экономиканың салалық құрылымында өзгерістер болуда.

Бір жағынан макроэкономиканың ғылым сіңіргіш жана салалар - приборлар құрау, робот құрау қарқынды дамуда, екінші жағынан дәстүрлі салалар - көмір, металлургия, тоқыма және т. б. құлдырады, бұл олардың техникалық, технологиялық артта қалуымен түсіндіріледі. Осылай құлдырауы құрылымдық дағдарыс деп аталады.

Экономикалық өсудің түрлері

Кейбір экономистер (Макконнель, Брю) экономикалық өсуді екі жолмен есептеледі деп санайды.

1) жалпы ұлттық өнімді өсуін есептеу (немесеұлттық өнім)

2) осы көрсеткіштердің халықтың жан басына шаққанда өсуі.

Ал кейбір экономистер экономикалық өсуді: өнім мен өндірістік фактордың тек сандық қана емес, сапалық өсуі деп көрсетті.

Экономикалық өсудің үш түрі бар: экстенсивті, интенсивті, аралас (нақты) .

Экстенсивті өсу дегеніміз - қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. Мысалы: 50 жылдары СССР - де бидай дәнінің өнімінін көбеюі Қазақстанда және Сібірде тың және тыңайған жерлерлерді игерумен байланысты іске асырылды.

Интенсивті өсу дегеніміз - техника және технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. Нақты өмірпе өсудің не ана түрі, не бұл түрі болуы мүмкін емес. Олар аралас түрінде келеді.

Аралас (нақты) өсу - өндіріс куатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларының пайдаланушы санының өсуі және техника және технологияның жетілуі.

Қорытынды

Экономикалық өсуді есептеу - проценттік жылдық өсу қарқынымен есептейді

ЖҰӨ 1 = есепті жылғы ұлттық өнім ЖҰӨ О = базисті жылғы ұлттық өнім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны
Бос оператор
Экономикалық цикл: түсінігі, түрлері, фазалары, себептері, факторлары
Ғимараттарды жинақтау
Экономикалық цикл теориялары
Экономикалық даму
Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция
Экономикалық тұрақсыздар: Инфляция
«Мектеп» ақпараттық жүйесі
Отбасын жоспарлау мәселелері туралы кеңес берудің негізгі принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz