ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

«050103 - Педагогика және психология» мамандығының күндізгі және сыртқы

бөлім студенттеріне арналған

3 - кредит Семестр: 6

Шымкент-2009

«ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ» пәнінен лекция жинағын дайындаған кафедрасының аға оқытушысы Н. М Шарапова.

«ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ПСИХОЛОГИЯ» пәнінен лекция жинағы кафедра мәжілісінде мақұлданған: « 28___ » _ 08 __ 2009 ж. Хаттама № ___ 1

Кафедра меңгерушісі:пс. ғ. к., доцент Хамракулов Т. Х.

1 - апта

Тақырып №1. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері

Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері. Эксперименталды психология тарихы. Ғылыми зерттеу оның теориялары мен принциптері. Ғылыми зерттеудің құрылымы

Эксперимент - термині латын сөзі экспериментум - тәжірибе, сынау, бақылау, көру деген мағынаны білдіреді. Эксперименталды психология пәні психологияның теориялық және эмпирикалық бөлімі туралы мәселелерді, психологияның эксперименттік өзіне тән ерекшеліктерін, іс-әрекеттердін эксперименттік психологиясын оның түрлерін және адам сапасының психологиясын қарастырады.

Эксперименталды психологияның міндеттері: психологиялық эксперименттің зерттеу теориялары мен құрылымын, ғылыми мэселелердің ерекшеліктерін қарастырады, шешеді. Сондай-ақ-психологиялық эксперименттің психологиялық заңдылықтарын зерттеуші мен экспериментатордың жеке басы мен олардың эксперимент кезіндегі әрекеттері туралы, эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру мен оларды өткізудің процедуралары туралы мәселелерді адамға зерттеу жүргізудегі этикалық талаптарды қарастырады. Эксперименталды психологияның эксперименттік және эксперименттік емес жоспарды, эксперементке дейінгі және кейінгі жоспарды корреляциялық зерттейді.

Тақырып №2. Эксперименталды психологияның даму тарихы

Зерттеу туралы негізгі ойлар ежелден-ак келе жатыр. Алғашкы адам заты зерттеу мәселері Қытай империясында туындаған. Ежелгі Грецияда зерттеу адамның дене жетілуі, ойлау және талдау өнерін, бағалау ретінде қарастырылады. Платон ұсынған әскери кабілеттерді зерттеу экспериментінің алғашқы элементтері болып табылады. Біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген Аристотель философ әрі табиғатты зерттеуші болған.

А. Македонский өзінің бұл ұстазына өзінің жаулап алған; аймағындағы өсімдіктер мен жануарларды зерттеуді бұйырған Осындай түрлі факторларды жинай отырып тірі организмдер тіршілігіне талдау жасалды. 16 ғасырда өмір сүрген француз «Бекон» Англияда империзм ғылымының методологияға жаңа идеялар енгізді.

Габс Локк адам санасының пайда болуының жағдайларына тәжірибе жүргізеді.

Рене Декард теория мен тәжірибені өзара байланыстырушы өкілдердің бірі.

Вебер, Вехнер, Дондер, Гельмголс және т. б. физиолог, философ ілімдерінде сананы зеттей отырып бір қатар тәжірибелік зерттеу жұмыстары жүргізілді.

В. Вунт алғашқы психологиялық эксперименттің түрлі зерттеулер арқылы психология ілімін философия ілімінен бөліп алды. Ол алғаш рет Лейпциг қаласында 1879 жылыпедагогикалық институт ашады. Онда 136-неміс, 16-американ, 10-ағылшын, 6-поляк, 3-орыс, 2-француз оқыды және бұлар экспериментатордың ұрпақтары болып саналады. Бүл институт түлектері (О. Кюльпе 1962-1915) Вюрлубут, Францияда (Брентона 1838-1917 ) өз мектептерін аша бастап эксперимент зерттеулердің тамырын жая бастады.

Вунттың лобараториялық кабинеттерінде ғылымдағы жан құбылыстарын терең тану үшін арнайы приборларды қолданып арнайы эксперимент жүргізді. Мұнда қолданылған алғашқы әдістер интраспекция әдісін қолданды. Алгашқы рет ақыл-ойды эксперименттік негізін зерттеген Кеттел. Ол өзінің докторлық диссертациясын Вунттың эксперименттік лобараториясында жүргізді. Кейінгі уақытта 1888 жылы Кембриджде Ф. Гальтонмен бірлесе жүмыс істей отырып адамдардың индивидуалдык өзгешеліктерін анықтауға көп көңіл бөлді. Кеттелдің басқа зерттеуден өзгешелігі ол өте күрделі психикалық функцияларды зерттеді. Осы бағыттағы Крепелин зерттеуі қарапайым арефметикалық негізінде шешуге, ойлауға арналады.

Француз дәрігер, психолог, педагогтары А. Бине және Анрин зерттеу жұмыстары эмпирикалық зерттеу мәселелеріне бір қатар жаңалыктар енгізеді.

Сонымен эксперименталды психологияның туындауына ассосация ілімінің өкілдерінің еңбектері себеп болды. Эксперименталды психологияның Греция өкілдері, ойшылдары: Платон, Арестотель болған. Эксперименталды психологияның міндеттері: психологиялық эксперименттің зерттеу теориялары мен құрылымын, ғылыми мәселелердің ерекшеліктерін қарастырады, шешеді.

Сондай-ақ-психологиялық эксперименттің психологиялық заңдылықтарын зерттеуші мен экспериментатордың жеке басы мен олардың эксперимент кезіндегі әрекеттері туралы, эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру мен оларды өткізудің процедуралары туралы мәселелерді адамға зерттеу жүргізудегі этикалық талаптарды қарастырады. Эксперимент психологмясы эксперименттік эксперименттік емес жоспарды, эксперементке дейінгі және кеиінгі жоспарды коореляциалық зерттейді.

2 - апта

Тақырып №3. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы

Психологиялық эксперимент-экспериментатор мен зерттелінушінің бірлескен өзара іс-эрекеті. Бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру және оны іске асыру процесі қарым-қатынас болып табылады. Психологка өзінің өмірлік жоспары мен мотивтері экспериментке қатынас мақсатымен әртүрлі адамдар келеді. Сондықтан зерттеудің нәтижесіне эксперимент кезіндегі экспериментатор мен зерттелушінің арасында туындаған қарым-қатынас, қарым-қатынастарда байқалған жеке түлғалық қасиеттер әсер етеді.

Экспериментатор мен зерттелушінің жеке басы және олардың экспериментт кезіндегі эрекеттері туралы ой-пікірлер хх ғасырдың 20-30 жылдарында балалардың интелекттерін зерттеудегі Бине Симон тесті балалардың жанүясының әлеуметтік статусына тэуелді екенін анықтаған.

Көптеген психологтар экспериментт ситуациясын және оны ұйымдастырушылардың зерттеу нэтижесіне әсерінің маңызын мойындайды. Эксперимент сетуациясы ересек балаларға көп зсер ететік: анықталған. Ал бұл балалардың психикалык еректеліктеріне байланысты түсіндіріледі. Мысалы: 1-ден ересектерге карағанда балалар эмоционалды келеді. Ересек бала үшін үнемі психологиялық үлкен мэні бар объект ьолып табылады. Балалар таныс емес ересектерге ұксағысы келеді немесе керісінше олармен қарым-қатынас жасаудан қашады. Балалардың экспериментаторга қатынасы экспериментке қатынасынан көрікеді. 2-ден балалардың жеке басының ерекшеліктерінің көрінуі ересектерге қараганда көп деңгейде сетуацияға байланысты болып келеді. Ситуация - қарым-қатынас жасау барысында жинақталады. Бала экспериментатермен нэтижелі қатынас құру керек. Оның сұрактарын және талаптарык түсіну қажет. Ол әдеби немесе қарапайым тілде сөйлеу, ал және экспериментатор әдеби, ғылыми тілде сөйлей отырып балаға тэрбие беруі керек. 3-ден бала ересектерге экспериментаторға қарағакда көбіне шындықты тірі қиял ретінде игереді.

Психологиялық эксперименттің элеуметтік психологиялық аспектісін алғаш негізін салушы С. Розенцвейг болды. 1933 жылы бастап шыққан еңбегі эксперименттің нәтижесін бүзудың қарым-қатынасы негізгі факторын көрсетті.

  1. фактор: Бақылаушыға қатынас құрудағы қателер. Олар реакцияны таңдау негізіндегі зерттеушінің шешімді қабылдау принциптерін шешуге байланысты.
  2. фактор: зерттеушінің мотивациясына байланысты қателер. Зерттелінуші экспериментатор-дың мақсатына сәйкес емес эксперименттің максаты мен міндетіне өз түсінңг бойынша сэйкес эрекет жасауы мүмкін, не болмаса зерттеушінің көрсе қызарлығы, көкіректігі атак құмарлығы себеп болуы мүмкін.
  3. фактор:зерттелушінің, экспериментатордың жеке басын қабылдауына байланысты жеке түлгалардың әсеріндегі қателер.

Экспериментатордың тұрақты мінез-қүлық тенденциясы. Зерттелінушілердегі түрлі мінез-кұлық ерекшеліктеріне қарай бірқатар нәтижелі көрсеткіштер кездеседі. Бүлардың көп кездесетіндері:

1. «Плацебо» эффектісі 2. «Хотторн» эффектісі 3. «Аудитория» эффектісі

І. Плацебо эффектісі - медиктерге табылған зерттелінушіге препарат және дәрігер әрекеті оның саулығына сәйкестенетіндігін сезсе оларда денсаулығының жақсарғандығы байқалады. Әрекет деген-сенім, өзін-өзі сендіру механизмдеріне негізделген.

2. Хотторн эффектісі- фабрикаларда, әлеуметтік, психологиялык зерттеу жүргізген кезде көрінген. Психологтардын өткізген экспериментке тарту, қызықтыру зерттелінушінің жеке өзіне деген көзқарасын, бағыттылығын зерттелінушілер экспериментатор күткендей етіп өздерін ұстаған.

3. Аудитория эффектісі- немесе фацилитация күшті эффектілерін Г. Зайонц үсынған. Кез келген сыртқы бақылаушылардың болуы; экспериментатордың және пациценттің болуы зерттелушінің орындайтын кез-келген жұмыстарынан адамның мінез-қүлқы өзгереді.

Эксперимент нормасы оны өткізу қүрылымы объективті болуы керек. Яғни нәтиже экспе-риментатордың кәсіби шеберлік әрекеттеріне сыртқы орта жағдайына байланысты болуы тиіс.

Экспериментатордың жеке іс-эрекеті бойынша негізгі екі мәселені қараған жөн.

  1. Эксперимент нормаларың, еріксіз шығып кету кабілеттерін. Мұны кейде жөндеуге болады.
  2. Эксперимент сетуациясы барысына әсер ететін және санасыз психикалық әрекет бағытына әсері болып табылады.

Тақырып №4. Эксперименталды психологияның дамуының негізгі бағыттары

Педагогикалық іс-эрекеттерге психологиялық көмекті қажет еткен көп деген мэселелер бар. Психологиялық әдебиеттерде бұл мәселені үлкен 6 топқа жіктейді.

1. Балалардың және ересектердің психологиялық дамуын жеделдету мэселелері. Бұл мэселелердің мэні мынада:қазіргі кезде эр түрлі жастағы адамдарға қатысты психологиялық даму резервтердің барлығы қолданылмайды. Бұл резервтер әлі толық айқындәлмаған. Аталмыш мэселені шешу қазіргі кезде психологияның алдында тұрған міндет.

2. Жасерекшелік дағдарыстарын анықтау және оны жеңу мәселслері Бұл мэселелердің мэңі мынадай сұрақтан тұрады:Әрбір дағдарыстың басталу кезеңін қалай анықтауға болады? Дағдарысты күні бұрын анықтауға болады ма? Егер ол басталса оны қалай жеңуге болады? Әрбір дағдарыс қаншалықты азды көпті шиеленісте өтеді.

З. Дамудағы сензитивтік кезеңді диагностикалау және оны басқару мәселелері. Бүл мэселелердің мэні мынадай сұрақтарға жауап табуда:

  • Бала өмірінде сензитивтік кезеңдер нешеу?
  • Олар қашан және қандай жағдайда басталады.
  • Дамудың сензитивтік кезеңінің нақты басталуының бір қалыпты жеткілікті индиви-дуалды версиясымен уақытша шегі болады ма?
  • Сензитивті кезеңнің басталуының басы мен соның реттеуге болады ма?
  • Оның басталғанын және аяқталғанын қандай белгіге қарай болжауға болады?

4. Балалардың психологиялық дамуындағы мүмкіндіктері мен перспективикасына сэйкес оқу материалдары, оқулык мазмұкы баланың даму мүмкіндіктріне лайық кұрылған ба? Күрделі мазмұнды үлкен көлемді материалдарды балаға меңгертуге болады ма? Оқулықтарды қиындату арқылы балалардың интелектуалды мүмкіндіктерін жетілдіре аламыз ба?

5. Оқулықтың әдістері мен құралдарын психикалық мағынада дамытушылыққа айналдыру, яғни адамның танымын, жеке бастық және өзара жеке бастың дамуының деңгейін жоғарылату мәселелері. Қазіргі уақытта ғылыми техникалық реввалюция заманында оқытудың көптегек әдістері мен құралдары қолданылады. Осы әдістер мен кұралдар бала мүмкіншілігіне лайықты ма? Оны жедел дамитыкдай етіп жақсартуға болады ма?

6. Оқытушылар мен тэрбиешілердің кәсіби психологиялық дайындығы мен мамандықты жетілдіру мэселелері.

3- апта

Тақырып №5. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістері

Нағыз ғылыми зерттеу жұмысы ұзақ мерзімді қажет етеді. Эксперимент алдын ала мұқият дайындықтан өтіп, зерттеу түрін анықтап алу қажет.

Зерттеу-салыстырмалы және лонгитюдті жүргізілуі . мүмкін. Кейбір зерттеу болса да экспериментке мынадай талаптар мен міндеттер қойылады. Көз алдымызға дипломдық жұмысты елестетеміз.

1. Зерттеу тақырыптарын белгілеу және зерттеу мэселелерін алдын-ала болжау

2. Тақырыпқа сэйкес әдістерді іріктеу және оларға тзлдау жасау.

Әрбір аталған эксперименттік дайындық кезеңі ұйымдастыру жүргізу кезеңі болады.

І. Бейнелік аналитикалық зерттеу

2. Теориялық зерттеу

З. Бейнелік критикалық зерттеу

4. Эмперикалық бейнелік зерттеу

5. Эмперикалық түсіндірмелі зерттеу

6. Әдістік зерттеу

Бейнелік аналитикалык зерттеу -таңдалған тақырыпка зерттеуші жан-жақты қарастырып эдебиеттерге жүйелі талдау жасайды. Өмір тәрбиеде кандай қандай деңгейде екеніне баға береді. Әдебиеттердің кемегімен мәселелердің шешімін аныктап, жауаптары бар сүрақтарды белгілеп. әрі жауатары жок сұрактарды анықтайды. Алынған мәліметтерді жазбаша мэтін ретінде эксперимент сипаттамадағы жұмыс ретікде көрсетеді. Бейнелі аналитикалық зерттеу басқа зерттеуге қарағанда анағұрлым күрделі.

Себебі оларға мынадай негізгі талаптар қойылады.

1. Пайдаланылған әдебиетердің мазмұны таңдалған тақырыпка сэйкестігі болуы қажет.

2. Оқытылған эдебиеттердің тізімінің толықтылығы болу керек. З. Берілген әдісті мәліметтің жүйелі талдануы болу қажет.

Бейнелік критикалық зерттеу -зерттеу сипаттарымен ерекшеленелі . Бұл жағдайда міндетті бейнелік аналитикалық бәліктен басқа онда мэселе бойынша. жасалған аргумен-термен сәйкес керісінше қорытындылар болуы мүмкін.

Теоретикалық зерттеу-деп қойылған мэселелердін шеіпілучие бағытталған әдістердің бейнелік және критикалық талдауыпан басқа автордың өзінің теориялық ұсыныстары бар зерттеулерді айталык. авторлардың шешілетін теориясына қосқан үлесі.

Теориялық зерттеуде келесі міндеттер қойылады.

1 . Қолданылған түсініктердің өзара анықтыгы. Мұңдай зерттеулер әде анықталған әдіс жинағының және фактілерді талдауының қолданылуымен жүргізіледі.

Эмпирикалық зертеу-қажетті фактілер жинауы мен аныктау жасалады. Осындай эмперикалық зерттеуді экспериментатор жасыраді

Тақырып №6. Психологиялық теория және оның құрылымы

Ғылыми зерттеу жұмысы тұтас болу үшін жұмыс төмендегідей жүйелікпен жүреді.

1. Сөздіктерді, энцеклопедияны пайдалана отырып қарастыратын тақырыш байланысты негізгі ұғымға анықтама беріледі.

2. Жүйелі каталогтың көмегімен қарастырылатын тақырып бойынша библиография қүру қажет.

З. Ағылшын басылымдары көмегімен зерттелетік тақырыптарға сәйкес мэселенің мән-жайымен тағы да танысып өту қажет. Журналдардың сон шыққанын қолданған жөн.

4. Психологиядан басқа қоғамдық ғылымжардың сөздіктері мен басылымдарымен танысу.

Библиографиялық дайындық жүргізу арқылы оқушының зерттеу мәселесі блйынша шығарылған ғылыми еңбектердің саны туралы, сол мәселеге ғалымдардың көзқарасы туралы және белгілі авторлардык алуға машықтанады. Оқуды ең атакты авторлардан оқудан бастаған жөн. Себебі, сол такырып жөнінде алғашкы сөз қозғаған ғылыми еңбектер күнды болып келеді. Кітапханалардағы ең маңызды, ең қажетті фрагменттерін тауып окып үйрекгек дүрыс.

Библиографиялық зерттеу түтас болу үшін конспектінің әрбіз фрагменті кітаптың қай бетінде екенін көрсеткен жен.

Зерттеу жүмысын конспектілеуде- экспериментатор экспері-імент" сапасын ескеру қажет. Жинақталған материалдың хөмегімен еліміздегі және шет елдегі ғылымдардың осы мэселе бойынша зерттеулері белгі бір кезеңмен баяндалуы қажет. Зерттеу мэселелерінің сипаты логикалы түрғыда күрылған болуы тиіс! Әдебиетке шолу құрылымы төмендегіде болуы мүм«ін. г

І. Фонетикалық сипаттау-яғни зерттеу мәселелерінің көріну сипаты. Айталық бұл мэселе қаншалықты жүйелікте зертелген, бұл мәселе қандай сипаттарды, қай уақыттан бастап зерттеген жәке қаншалықты қарқынды зерттеп жатыр.

2. 3ертеу мэселелерінің басқа психикалык процестердің ілімінен алатын орны. Олармен өзара байланысын оған әсер етет факторлардьг сипаттау қажет.

З. Зертеу мәселелерінің ең негізгі жақтарын жуйелі түрде тұтас өзара байланыстырып құру кажет.

4. 3ерттелген мэселелердің табиғатын, мәнін жан-жақты ашу қажет.

5. 3ерттеу мәселесіне бағытталған заңдылықтарын көрсету кажет.

6. Зерттеу мәселелерінің қолданбалы жақтарын көрсету қажет.

Ұсынылып отырған эдебиеттерге шолу жасау негізінде таңдап алынған зерттеу мәселелердің зерттелетін дәрежесіне сипаттала беруі қажет.

Ғылыми мәселелердің құрылымы мынадай.

  1. Осы мэселелердің дифицит екенін көрсету қажет
  2. Дифециттің қажетін түсіндіру қажет
  3. Проблемалық ситуацияларды қарапайым тілде сипаттау қажет.
  4. 3ерттелген мәселелерді ғылыми терминде жинақтау қажет.

4 - апта

Тақырып №7. Психологиядағы ғылыми зерттеудің әдістерін жіктеу

Психологиялық эксперимент әдістеріне басқа әдістерге қойылатын талаптар сияқты эксперименттік зерттеулерге ғылыми талаптар мен нақты ережелер қойылады.

Эмпирикалық материалды жинақтауда қолданылатын барлық әдістер 2-ге бөлінеді.

І. Активті 2. пассивті әдістер

Активті әдістерге -лобараториялық эксперимент және оның түрлі модивикациясы квазиэксперимент жатады. Бұлардың активті әдіске жататын себебі зерттеу объектісіне күшті әсер ете отырып, оны қалайда өзгертуге тырысады.

Пассивті әдістерге -бақылау, клиникалық, іс-әрекеттің нэтижесін талдау әдісі, өлшемдік және коореляциялық зерттеулер, мәліметті жинақтау әдісі жатады.

Бұлардың пассивті әдіс деп аталу себебі әдісте объект табиғи процесте жүреді

Эксперименттік зерттеуде: көп жағдайда өлшеу құралдары қолданылады. Мысалькбакылау әдісі инструментальды болады. Себебі бақылау кезінде диктофон, жасырын камерасы т. б. колданылады. Дегенмен эксперименттік зерттеу өлшемдік корреляциялық зерттеуден өзгешелігі -өлшемдік зерттеде зерттелінуші ешқандай құрал мен эрекет жасамайды, тек алынған мәліметтер өңделеді, талданады. Зерттеуді ұйымдастыру үшін бір қатар эксперименттік зерттеу әдістері қолданылады.

1. Эксперименттік зерттеулер, жүйелі бақылау, коореляциялық зерттеу Мұнда экспериментатор сыртқы өзгерістерді бақылай отырып, негізгі өзгерістер арасындағы себеп-салдарды, коореляциялық байланыстарды анықтауға тырысады. Ол үшін экспериментатор алдын-ала мақсат қоя отырып мақсатқа бағытталған индевиттер тобын жинақтайды, өзінің жүргізетін эрекетін жоспарлайды.

2. табиғи эксперимент, клиникалық, әңгіме, ситуацияларды талдау. Бұл әдістер адамның мінез-қүлық ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Бұл әдістер кейін теориялық қорытынды жасау үшін, критикалық экспериментті зерттеу үшін эмперикалық қорытынды жасау үшін және зерттеудің негізгі болжамын жасау үшін маңызы зор.

З . Квазинэксперимент-«аралык эксперимент» деп те аталады. Бұл зерттеуді жүргізудің табиғи әдісі мен өзгерістерді қатаң түрде тексеруде қолданылатын әдіс. Квазий эксперимент бақылау арасындағы аралық жағдаймен байқауға көмектеседі. алғашқы екі зерттеуден алынбаған мәліметтің орнын толтырады. эдетте эксперименттік зерттеу болуы үшін жеткіліксіз нэрселер болған жағдайда эксперименттік емес зерттеулер қолдана аламыз.

Эксперименттік емес зерттеулер деп -эксперименттік зерттеуге қарама-қарсы зерттеу. Мак Дуган эксперименттік емес зерттеулерге мынаны жатқызады:

І. Классикалық, клиникалық әдіс

2. Табиғи бақылау

З. Сұрақ-жауап

4. Архивтік зерттеу

5. Коореляциялық байланыс кұру

6. Квазий эксперимент

М. Э. Метлин эксперименттік зерттеуге қарама-қарсы әдістер деп мынаны көрсетті.

1. Табиғи бақылау және табиғи эксперимент

2. Сұрақ-жауап

З. коореляциялық зерттеу

4. архивтік зерттеу

5. кейбір ситуациялық жағдайды зерттеу

Ізденістік эксперименттік зерттеулер: А) тәуелді, В) тәуелсіз арасындағы байланыстардың болатынын немесе болмайтынын «іздейді» Эксперименттік зерттеуде зерттеулер негізгі және бакылау топ болып бөлінеді.

Эксперименттік емес зерттеулерде барлық топ бірдей. Сондықтан оларды салыстыру үшін жүргізуді В тэуелсіз өзгерістер арасындағы себептің бар болуы және жоқ болуы туралы гипотезаны тексеруге бағытталады. Егер екі өзгерістің арасындағы сапалы өзгерістер туралы информация болса бүл қандай байланыстар туралы гипотеза жасалады. Бүл жағдайда зерттеуші тэуелсіз және тэуелді өзгерістер арасындағы сандык байланысты құратын бекітуші эксперимент жүргізіледі. Зерттеу алгаритм былайша сипатталады:

І. Және Б сапалы себептік байланыстар туралы гипотеза жасалынады.

2. анықтаушы зерттеу эксперименті жүргізіледі

З. гипотеза бекітілмей қалған жағдайда басқа сапалы гипотеза жасалынады да жаңа анықтаушы зерттеу эксперименті жүргізіледі. егер сапалы гипотеза бекітілсе сандық функционалдық гипотеза жасалынады.

4. бекітуші эксперимент жүргізіледі.

5. Өзгерістер арасындағы байланыс түрі туралы гипотеза мақылданады, нақтыланады немесе шығарылады. Лісихологиялық зерттеу тэжірибесінде эксперименттік зерттеудің әртүрлі" түрін сипаттайтын мынадай терминдер қолданылады.

1 . «Критикалық»

2. «Пилотат» эксперимент

3. «Далалық» полевое эксперимент

Критикалық эксперимент- барлық мүмкіншілікті гипотезалар бір

мезгілде тексерілу үшін қолданылады.

Пилотат эксперимент-алғашқы экспериментті тексеріп көру үшін қолданылады.

Далалық экспериментте- зерттеу күнделікті тұрмыстық өмірдегі, шындықтағы өзгерістер арасындағы байланысты зерттеу үшін жүргізіледі.

Психологиялық зерттеудің негізгі кезеңдері -Зерттеу тақырыбын аньіқтау -зерттеу проблемас төңірегіндегі мәселелерді таңдау -зерттеу пәйін -зерттеу объектісін -Зерттеу әдістерін таңдап алу Осы мәселеге байланысты қаралмай қалған фактілер мен заңдылыкт; түсіндіру, бір-біріне қарама-қайшы келетін теорияларды түсіндіру. Эмперикалық зерттеу негізгі 3 жағдайда жүргізіледі.

І. Құбылыстың болуы туралы гипотезаны тексеру

2. Құбылыстың бар екендігі туралы гипотезаны тексеру

З. тәуелділік туралы гипотезаны тексе

Тақырып №8. Бақылау әдісі

Статистикалық мәселелер бұл талдауға жататын негізгі элементтер. Эксперименттен алыеған мәліметтер психиканың сапалық қасиеттерін ғана көрсетпейді, сандық қорытындылар да болуы мүмкін. Сандық қорытындылар алынған мәліметтерді математика өңдеу жолымен категорияларға бөлініп, классификациялайды.

1. Сандық мәліметтер - нақты өлшеу барысында алынады. Мысалы: тестілеу нәти-жесінде алынған сандық шамалар уақыт жас мөлшері қатысушылар саны т. б.

  1. Сандық мәліметтер -қандай болмасын немесе таңдау тобы элементтері қасиеттері-нің сипаты. Оларды өлшеу мүмкін емес, дегенмен олардың бір ғана сандық бағалауы болуы мүмкін. Ол сол қасиеттің кездесу жиілігі. Мысалы: адамның мінез - қүлқын зерттеудегі мінез типтерінің кездесу жиелігі.
  2. Реттік мәліметтер -элементтердің өсу реті бойынша орналасқандағы сәйкес орны. Мысалы: 1, 2, 3, 4 т. б. қандай да бір топтың жалпы сандық заңдылықтарын сипаттауда түрлі жиындықтарды салыстыру мақсатында көп немесе мынадай статистикалық есептеу мәндері қолданады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық психологияның қалыптасу тарихы жайлы ақпарат
Эксперименталды психология пәні бойынша лекциялар жинағы
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Ғылыми зерттеу әдістері пәнінің лекциялары
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Психология тарихының әдістері
Психологияға кіріспе
Психология ғылымының салалары, әдістері
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Психология пәні, мақсаты, міндеттері мен әдістері Психология пәні, міндеттері мен әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz