Эксперименталды психология. ДӘРІСТІК КЕШЕН



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ДӘРІСТІК КЕШЕН

1. Бөлім: Эксперименталды психологияға кіріспе. Эксперименталды психология
курсының пәні мен міндеттері.

1 тақырып: Психологиялық зерттеулердің методологиясы.

Мақсаты: Экспериментальды психология курсының міндеттерімен пәнімен,
теорияларын, даму тарихын меңгеру.

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Эксперименталды психологияға кіріспе.
2. Эксперименталды психология курсының пәні мен міндеттері.
3. Эксперименттік психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орны.
4. Эксперименттік психологияның даму тарихы.
5. Ж. Пиаже, Г. Эббингауз, Э.Торндайк, В. Вунд тұжырымдамалары.
Эксперименталды психология пәні және оның психологиялық білімдер
жүйесінде алатын орны. Эксперименталды психологияның міндеттері.
Психологиялық ғылымдар мен практика және эксперименталды психология.
Эксперименталды психологияның құрылу тарихы. Ғылымдвр жүйесіндегі ең
алғашқы психологиялық эксперименттер. Психология ғылымындағы
эксперименталды және эксперименталды емес әдістер және олардың әртүрлі
қазіргі жаңа психология облысындағы арақатынас. Психология ғылымының
зерттеу әдістері, оларға қойылатын жалпы талаптар: теориялық және
практикалық мақсаты, зерттеу бірлігін анықтау жолдары. Психологиялық
зерттеулердің ерекшеліктері. Зерттеу объектісі психиканың ерекшелігі.
Психикалық процесстердің дамуы мен қалыптасуын зерттейтін объективті
әдістер.
Психологиялық зерттеулердің методологиясы. Методология, әдіс,
әдістеме жайлы түсініктер. Методологияның деңгейлері: философиялық, жалпы
ғылыми, нақты ғылыми. Зерттеу пәні ретінде психиканың ерекшеліктері.
Эксперимент және ғылыми психологияның қалыптасуы.
Методикаларға қойылатын талаптар. Валидтілік, ішкі, сыртқы
валидтілік, сенімділік, объективтілік, репрезантивтілік және нәтижелердің
дәлдігі. Психологиялық зерттеулердің жалпы принциптері: жоспарлау,
протоколдау.
1980 жылдың басында біздің елдегі психология ғылымы өз шыңында
тұрған, төкерілген приамиданы еске түсіреді. Ұлы психологтардың көбі
оқыту жұмыстарымен айналысты, аз бөлігі қолданбалы өңдеумен, ал
кейбіреулері ғана адамдарға психотерапевтік консультация мен
психидиагностикалық көмек көрсетті.
Гуманиарлы психологияда тәжірибелік психологияға қызығушылық АҚШ-та
кең етек ала бастады. МГУ-дің ғылыми қызметкерлері Ч.А. Измайлов пен В.В.
Петуховтің аударған Р. Готтсданкердің әпсихологиялық эксперимент
негіздері атты кітабы жарық көрді. Сонымен қатар Д. Кэмбеллдің
әлеуметтік психология және қолданбалы зерттеу экспериментінің моделі
деген монографиясы кешенді оқуға арналған оқулық ретінд қарастырылмады.
Эксперимент ұғымының төрт мәні бар:
- Эскпериментальды психологияда адам мен жануралдың мінез-құлқын
зерттеу экспериментал негізінде алынған білім жүйесі ретінде түсінеді.
Ғылыми психология эксперименталды психологияға теңестіріледі және
философияның интроспективті, гуманитарлы бағытға қарсы қойылды.
Осындай көзқарасты жақтағандар П. Фресс, Ж. Пиаже.
- Экспериментальды психология кейде нақта зерттеулердегі эксперимент
әдісі мен әдістемелер жүйесі ретінде айтылды. М.В. Мэтлиннің
адамның эксперименталды психология атты еңбегі кең қолданды.
- Эксперименталды психология термині бүкіл психологиялық
зерттеулердің әдістер мәселесімен айналысатын ғылыми пәннің сипаты
үшін кеңейтілген мәнде қолданды.
- Эксперименттің ортақ ғылыми теориясын бағалайтын соның ішінде жобасы
мен мәліметтірн өңдеуді қоса алғандағы эксперименталды зерттеу
астында психологиялық эксперименттің теориясы ғана түсіндірілді.
Дж. МакГиганың эксперименталды психологиясы қолданды.
Эксперименттік психологияны Жане Пиаже бойынша, эксперименттік
психологияны жалпы ғылыми психологиялық білім жүйесі ретінде
қарастырады да, оның негінде жануарлардың тәртібі мен адамның мінез-
құлықтарын эксперименттік түрде талдайды, оны ғылыми психологиялық
эксперимент арқылы тексереді де гуманитарлық бағытқа қарсы қояды.
Эксперименттік психология психологиялық зерттеулердің әдістер жүйесі
ретінде қарастырылады да нақты зерттеулерде ғана іске асады.
Эксперименттік психология жалпы психологиялық мәселені шешуде
қолданылады. Эсперименттік психологияда психологиялық теория негізінде
жасалған қорытынды тексеруге, оның мәнін ашуға бағыттайды.
Г. Эббингауздың эксперименттік мәліметтерінде бір уақытта адамның
еске сақтап, жаттап алатындығы жазылған. Бұл болашаққа зерттеушілерге
еске сақтау және үйрету деген екі ұғымды бір-бірімен тығыз
байланыстыруына себеп болған.
Э.Торндайк Х1Х ғасыр соңында үйретудің сол кездегі негіз бола алатын
теорияларының бірі – істеп көру және қателесу теорияларын ашқан.
В. Вунд (1832-1920) әлемде бірінші рет экспериментльды психология
лабораториясын ашты. (1879), кейін ол институтқа айналды. Физиологиямен
айналасып жүріп ол психология ғылымын физиология мен философиядын бөліп
алып жеке қарастырды. В.Вунд өзінің ең алғашқы еңбегінде жануарлра мен
адамдар сезім мүшелері мен қимыл-қозғалыс мүшелеріне байланысты
материалдарға сүйене отырып, эксперименттік психология туралы ойларын
адамдар мен жаунарлар жүрегі туралы лекциясында білдірді.
В.Вунд болйынша, эксперименттік психологияның міндеті:
1. Сараптама арқылы алынған элементтерді шығру;
2. Нәтижелерді бір-бірімен байланыстыра отырып сәйкестендіру;
3. Байланыста ережені табу.
В. Вундтің концепцияларына сүйенетін болсақ, әр сезім кеңістікке
ие: қанағаттану-қанағаттанбау; күшену-босану; қозу-тынышталу т.с.с. Бұл
концепция көптеген тәжірибеде адамның эмоциялық жағдайын ескере отырып
көптеген қызықты зерттеулерлердін негізін құрады..

2 тақырып: Экспериментальды психология ғылымының методологиясы.

Мақсаты: психологиялық зерттеулердің методологиясымен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Психологиялық зерттеулердің методологиясы.
2. Л.С. Выготский тұжырымдамалары.
3. Методология, әдіс, әдістеме жайлы түсініктер.
4. Методологияның деңгейлері: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми
деңгейлері.

Психологиядағы зерттеу методологиясының негізі философиядан, яғни
жаратылыстану ғылымдарынан басталады. Психология философиядвн 1879 жылы
ғана бөлініп шықты. Методология грек тілінен аударғанда зерттеу жолы
немесе таным жолы деген мағынаны білдіреді. Методология практикалық іс-
әрекеттің теориялық қағидаларын қарастырып, жүйелі түрде ұйымдастыру
принципі мен жолдарын қарастыратын ғылым саласы. Ретінде, яғни осы
айтылған мәселелердің жүйесін талдайтын ғылым. Методология ғылыми
зерттеулердің жұмысын атқаруда ғана емес, адамзаттық техникалық
педагогикалық саласы қызметтерін атқарған қажет.
XVII ғасырдың басынан адамдардың өндірістік қызметтерінің дамуына
байланысты методологиялық ілімнің де орны өзгеріске ұшырады. Психология
ғыдымында мтодология адамдардың рефлексия физиоллогиялық құбылыстарына
ене бастады.
Ең алғаш психологиялық методологиянық құрылымын Л.С. Выготский
Исторический смысл психологического кризиса деген жұмысында тоқталған.
Ол метьодологиялық зерттеулерді қазіргі кездегі психологиялық теориялар
жүзінде жүзеге асырды. Арнайы методолгиялық зерттеулер жүргізе отырып,
келесіде қорытындыға келегн: Психологияның ғылым ретінде мүмкіншіліктері
методолгиялық мәселелер болып табылады... деген.
Л.С. Выготскийдің ойынша, психология методолгияны қажет етеді,
өйткені ол оған шынайы ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Осы ойдың
астарында дилактикалық ойдың тезисі жатыр, яғни методолгия ғылымы
методолгиялық іс-әрекеттің бейнесі болып табылады. Ал методологиялық
психологияның өзі ол – жалпы психология, яғни Л.С. Выготский бойынша
психологиялық диалектика ретінде құрылып, қозғалысты жалпы формадағы
ғылым, психологиялық диалектика мен адам диалектикасымен психологиялық пән
ретінде бірге жүреді.
Егер психология ғылым болса онда психологиялық әдіс – ғылым әдісі
болып саналады. Ғылым – бұл бүкіл адамзаттың көзіне шынайы көрінетін
еңбектің нәтижесі дп те атауға болады. Ғалым ол ғылым жұмыскері, жан-жақты
білетін білімді адам, оның жұмысында шыншылдық пен күмәндәләк қатар жүріп
дәлелдер табылуып отыруы керек. Ғылым мен білім ол қатар бірге жүретін
систематика. Парадигманың болуы ол ғылымының алға жылжып, жоғарылапй түсуі
болып табылады.
Ғылым әдістемесіне ХХ ғасырдың аяғында үлкен үлес қосқандан: К.
Поппер, И. Лантос, Г. Ферйбрнд, П. Холтон осы кезеңде ескі теориялар көп
зерттелініп тексерілді.
Енді теория тек уақытша алданғыш ол жоққа шығарылуы мүмкін. Ғылымға
критериялар тағайындалды: ғылымдар көзқарасын жоққа шығарып эмпирикалық
зерттеулер жасала бастады. Әр теория ол тек мүмкін болатын жайттар, оны
жоққа шығару әбден мүмкін. К. Поппер бойынша, Біз білмейміз – біз тек қана
болжай аламыз.

3 тақырып: Методикаларға қойылатын талаптар.

Мақсаты: Эксперименттік жұмыстар жүргізу үшін негізгі қойылатын талаптарды,
жоспарларды және алған нәтижелерді сипаттауды меңгеру.

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Валидтілік, ішкі, сыртқы валидтілік, сенімділік,объективтілік,
репрезантивтілік және нәтижелердің дәлдігі
2. Психологиялық зерттеулердің жалпы принциптері: жоспарлау, протоколдау.
3. Эмпирикалық мәліметтерді алу процедуралары және суреттеу тәсілдерінің
жалпы сипаттамалары.

Психологиялық зерттулердің соның ішінде тестердің валидация мәселесі
дифференциалды психометрикада негізгі мәселелердің бірі. Ол статистикалық
аппаратқа байланысты емес, дифференциалды психологияның теориялық
аппараттарының даму деңгеймен байланысты.
Валидтілік және сенімділік. Валидтілік немесе негіздеме барлық өлшеу
процедуларынан алынған нәтижелерінің өлшенетін объектілер қаситіне
қатысты бір жақты орыны болып табылады. Валидтіліктің сенімділіктен
айырмашылығы мынады - өлшеудің объектісі пен пән ұғымдарын айырумен
байланысты түсіну керек. Сенміділік объектіге қатысты өлшеу
процедурасының орнықтылығымен сиптталады. Сенміділік міндетті түрде
валидтілікті болжамайды. Психологияда зерттеуші лдымен өлшеу процедурасын
ұсынады, оның сенімділіг көрсетеді де валидтілік мәселесі ашық қалады,
яғни валидтілік сенімділікті арттыра алмайды, оларды тура пропорционалды
деп түсінуге болмайды.
Эмпирикалық валидтілік. Тестің валидтілдігі эксперт есебімен жүрсе
тест тапсырмасының мазмұнына сәйкестігін орнату эмпирикалық валидтілік
статистикалық коррелеяция көмегімен жүзеге асады, мәндердің екі қатарының
корреляциясы есептелінеді, тест бойынша балдар мен валидтілік
критериясы ретінде алынған сыртқы параметрі бойынша балдар көрсеткіші
есептелінеді. Егер корреляцияның мәнде коэффиценті алнатын болса она екі
мәселе шешіледі. Сонымен қатар әлеуметтік прагматикалық критерийлер
валидтілік тиімділігін өлшеуге мүмкіндік береді.
Конструктивті валидтілік. Берілген қасиеттерді өлшеуде белгілі
валидтілікпен поцедура жүргізілсе, онда нәтижесі оң болады. Бірақ осындай
жағдай сирек кездесі, зерттеу болдамы өлшенетін қасите жайлы теориялық
түсініктер негізінде қойылады.
Конвергентті және дикримантты валидтілік.
Экспертті эмпирикалық валидтілік.

4 тақырып: Психологиядағы бақылау әдісі.

Мақсаты: Байқау-бақылау әдісінің түрлрімен, жүргізу процедураларын меңгеру.

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Бақылауды эмпирикалық мәліметтер жинау тәсілі және зерттеу негізі
ретінде түсіну.
2. Бақылауды қолданудың негізгі облыстары және шектеулілігі,
мүмкіндіктері.
3. Бақылау түрлерінің классификациясы.

Мақсатты түрде объектінің мінез-құлқын тіркеп, ұйымдастырылған
қабылдауды байқау деп атаймыз. Байқау, өзін-өзі бақылау сияқты
психологиялық зерттеулердің ежелден келе жатқан әдісінің бірі. Ғылыми
эмпирикалық әдіс ретінде байқау Х1Х ғасырдың соңында кең қолданысқа ие
болды, онда клиникалық, әлеуметтік, педагогикалық-психологиялық, даму
психологиясын бағытда қолданды. ХХ ғасырдың басында еңбек психологиясы
саласында, яғни адамның табиғи жағдайдағы мінез-құлық ерекшеліктерін
фиксациялау, эксперименттік психологияда адамның қоршаған ортамен табиғи
қатынасын көрсете алу қиынға соғады. Сондықтан байқауға сыртқы
валидтілік маңызы зор.
Жүйелі және жүйелі емес байқаудың түрлрі бар.
Жүйелі емес байқау этнопсихологияда, даму психологиясында, әлеуметтік
психологияда қолданылады. Мұнда, себептерін тәуелділік емес, құбылысты
жалпы суреттейді. Белгілі бір жағдайдағы индивидтің немесе топтың жалпы
суреттемесі келтіріледі.
Жүйелі байқауда – ол алдын ала анықталған жоспар бойынша жүзеге асады.
Зерттеуші белгілі бір тіркелген мінез-құлық ерекшеліктерін байқайды, оған
сыртқы орта қалай әсер ету факторларын тіркеп жүйелейді. Жүйелі байқаудың
жоспары квазиэкспериментті немесе корреляциялық зерттеулердің жоспарымен
сәйкес келеді.
Жалпы және таңдамалы байқау түрлері. Жалпы байқау түрінде зерттеуші
байқау процесінде көрінетін мінез-құлықтың барлық түрлерін тіркеп отырады,
ал таңдамалы байқау түрінде - мінез-құлқтың белгілі бір параметрлерін
ғана бақылап тіркеп отырады. Мысалы, агрессияның пайда болу жиілігін,
анасы мен баласының қтынасының уақытын т.с.с. байқайды.
Байқау арқылы жүргізілген эксперименттердің келесідей деңгейлері бар:
1. байқау пәнін анықтау (мінез-құлық), объект – индивид немесе қандай
бір топ, жағдай;
2. Байқау жолдары таңдаланып алынып, нәтижелерді тіркеу;
3. байқау жоспары жасыланды (жағдай-объект-уақыт);
4. Нәтижелерді қорытындылау жолдарының әдісі белгіленеді;
5. Алынған ақпараттарды нәтижелеу процедурасы.
Байқау пәні ретінде, яғни зерттеуші келесі құбылыстарды байқай алады:
- сөйлеу актісі(мазмұны, бірізділіг, сөйлеу жиілігі, ұзақтығы,
интенсивтілігі т.с.с.);
- қимыл-қозғалысының мәнерлілігі, түрінің, көзінің, днесінің
экспрессиясы;
- қозғалысының жылдамдығы, қозғалыссыз күйдегі жағдайы;
- физикалық әсерлер т.с.с.

II бөлім. Эмпирикалық мәліметтерді алу процедуралары.

5 тақырып: Эмпирикалық мәліметтерді алу процедуралары және суреттеу
тәсілдерінің жалпы сипаттамалары.

Мақсаты: Эксперимент ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшеліктік психологияның әдіснамалық негізі
Вильгельм Вундт
Топ психологиясының ғылыми таным жүйесіндегі орнын түсіну
Кәсіптік оқыту студенттерінің тігін технологиясы арқылы эстетикалық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Психология пәні және оның психологиялық білімдер жүйесінде алатын орны
Балалар стоматологиясы пәнінен дәрістер
Рнр технологиясының электронды оқулығын жасау
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
МАГИСТРАНТТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Пәндер