Экстремизм - адамзатқа деген өшпенділігі мен қиянат


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қорытынды.

Экстремизм бұл- тек Исламға қатысты ұғым емес, Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап өткендей бұл- «Ислам дінінің өңін сыртына» айналдырып өз мақсаттарына бұрмалаушы ұйымдар. Терроризм- бұл экстремизмнің асқынған көрінісі. Террорлық жарылыстың шығу төркініне көз жүгіртіп, ең алғашқысы қайда болып еді ?- деген сұрақпен бас қатырсақ, мұсылмандардан мүлдем аулақта, Англиядан тәуелсіздігін алмаққа ұмтылған Ирландықтардың «көсемі» Ираның жасағанынан, терроризмнің «авторы» өзгелер екеніне көз жеткіземіз(15) .

Терроризм бүгінгі таңда ғана пайда болған жоқ. Тарихқа жүгінсек біздің заманымыздың бірінші ғасырынан өзінде-ақ Иудейде шкарилер сектасы әрект еткен. Олар римдіктермен қызметтес болған, яғни отарлаушылармен ауыз жаласқан Еврей ақсүйектерінің өкілдерін өлтіріп отырған. Сонау Фома Аквинский және Христиан шіркеулерінің басшылары халыққа қас басқарушыны өлтіру идеясын қолдаған.

Ал, 20-ғасыр экстремизм мемлекеттік деңгейге жетті. Ал, бүгінде терроризм халықаралық, ғаламдық сипатқа еніп отыр. Бұдан 40-50 жыл бұрын терроризм жөнінде аймақтық құбылыс деп атауға болар еді, ал 20- ғасырдың 80-90 жылдарынан бастап ол әмбебап құбылысқа айналды және бүгінгі экстремизм ғаламдық көлемдегі табыс берер бизнес көзі болып отыр. Оның бір ғана мақсаты- билікті басып алу. Қазіргі экстремизм «қоғам игілігі» жөнінде сөз етпейді. Билікті тартып алу экстремизмнің құмарлық мақсатына айналды. Бұл тек үкіметке қарсы күресте ғана емес, жиі жағдайда өкіметтің де өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру жолындағы қуатты қару, мықты құралына айналып отыр.

Экстремизм- қоғам терең дағдарысқа ұшырағанда, ең алдымен идеологиялық және мемлекеттік құқықтық жүйесі дағдарысқа ұшырағанда пайда болады. Мұндай қоғамда өмір сүріп жатқан өкіметтің заңдылықтарына, оның бүкіл басқару жүйесіне күдікпен қараған түрлі саяси-әлеуметтік, ұлттық, діни оппозициялық топтар өз мақсатына заңдылық жолдармен жете алмаймыз десе, онда олар өз мүддесін күштеу, қорқыту, яғни терроризм арқылы жүзеге асыруға тырысады. Мұндай жағдайда экстремистер өзінің іс-әрекетін ақтау үшін болашақ мақсаттарының жоғары маңыздылығына ерекше мән береді.

Қорыта келгенде, экстремизм бұл- адамның бауырына, белгілі топтардың адамзатқа деген өшпенділігі мен қиянаты. Лаңкестердің қолынан ешбір жазығы жоқ халықтар қырылуда. Экстремистер қатігез, олар өз мақсаттарына жету үшін, алдына бөгет болғандарды аяусыз қырып жоюдан тайынбайды. Сол себепті экстремизмді ешқашан ақтауға болмайды. Онымен күресудің барлық жақтарын қарастырған жөн. Қазір «ұйымдық келісім шарт» бойынша Қазақстан, Ресей және Орта Азия елдері экстремизмнің алдын-алу шараларын бірігіп жүзеге асыруда. Әлем халқының 5-пайызы, АҚШ-та тұрады, олар әлемдік қуат ресурстарының 42-пайызын, пайдалануда. Дегенмен, оларға жаңа шикізат көздері қажет болып отыр. Сондықтан олар өзінің мүддесіне қайшы келетін елдерді экстремистік тізімге қосуға құмар. Дамушы елдер табиғи байлықтарын тиімсіз шартта бөліскісі келмейді, сондықтан осылайша қарсылық көрсеткен шағын елдерге экстремистерді қолдаушы деген жазықсыз жала жабылуда.

Лаңкестердің әрекеті кейінгі кезде жазықсыз адамдарды құрбандыққа ұшыратып, мемлекеттер арасында қайшылықтар туғызуда. Соңғы уақыттың өзінде террорлық әрекеттен Палестина, Югославия, АҚШ, Ресей, Израйль, Алжир, Үндістан, Мысыр, Түркия, Жапоия, Испания, Франция тағы да басқа елдер адам және заттай шығынға ұшырауда. Қазір дүние жүзінде 500-ден астам террорлық ұйымдар әрект етуде.

«Саясат» журналының 2001-жылғы, қыркүйек айындағы санында 1968-1995 жылдар аралығында халықаралық терроризм құрбандарының сан 9000-мың адамға жеткенін хабарлайды. Ал, кейінгі бес жылда олардың қатарына тағы 5000- адам қосылды. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «сындарлы он жыл» атты еңбегінде әлем бойынша тек 2002-жылдың 8-айында, 390- терракті оқиға болған, оның салдарынан 4776- адам қазаға ұшыраған.

Қазіргі кезде дүние жүзілік қауымдастық терроризм актілеріне қарсы әрекет жасау мәселесінде жаңа халықаралық құқық тәртібін орнатуды қолға алды. Терроризмді тек бірлесе отырып жеңу мүмкін екендігін бәрі ұғынып отыр. Оның негізінде бірнеше халықаралық конвенциялар қабылданды. Атап айтсақ:

- «Әуе кемелеріне жасалған қылмыстық және басқада әрекеттер туралы конвенция» 1963-жыл;

- «Азаматтық авиация қауіпсіздігіне бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенция» 1971- жыл;

- «Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция» 1991-жыл.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дінінің түсу мақсаты
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизммен күресу
Рухани бірлік пен діни тұтастығымыздың негізін қалайтын дәстүрлі діни танымымыздың мәнін ұғыну
Аймақтық және әлемдік діни экстремизммен күрес
Діни тәрбие
Қатер қайдан демеңіз немесе экстремизм, терроризм және радикализм туралы пайымдау
Діндер аралық диалогтың тағы бір ұстанымы оған қатысушылардың ашықтығы
Ізгілікке бейіл ислам діні
Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz