Экстремизм мен күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы


ІІ. 1. Экстремизм мен күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы.
2001- жылғы, 11 - қыркүйекте АҚШ - тағы болған зұлымдық актіден кейін лаңкестікпен күрестің бұрынғы тарихта болмаған жаңа кезеңі басталды. Бүкіл дүние жүзінде лаңкестік және экстремизм құбылыстары жөніндегі ұғым түбірінен өзгерді. Осы қауіп-қатерге қарсы күресте бүкіл әлемдік қауымдастықтың бірлескен әрекеті қажет болды.
Бұрын адамдар соғыс болып жатқан аймақтан қауіптенетін болса, енді кез-келеген уақытта қауіп-қатер күтуге болады. Оны болжап айту өте қиын. Соңғы жылдары лаңкестік және онымен күрес мәселелері туралы көптеген авторлардың, еңбектері жарық көргені мәлім. Республикада халықаралық ғылыми - практикалық конференцияның материлдары қазіргі жағдайдағы лаңкестікпен күрес мәселелері көкейкесті күйінде қалып отыр. Ол әліде болса жан - жақты ғылыми зерттеуді қажет етеді. Бұл мақалада лаңкестікпен күрестің жаңа кезеңі және оның ерекшеліктері зерттеледі.
Лаңкестік дегеніміз - этикалық, әлеуметтік топтардың, мемлекеттердің және жекелеген адамдардың өз мүдделерін қорғауға бағытталған, бірақ ешқандай ақтауға болмайтын қорқыныш пен үрей идиялогиясы және күштеу іс-әрекеті лаңкестікті кішкентай мемлекеттер мен топтар өзінен күштілерге қарсы лажсыздықтан, ал мықты мемлекеттен мен әртүрлі топтар өздеріне жақпайтындарға қарсы колданады. Оның обьективті және субьективті факторлары бар.
Лаңкестіктің жаңа кезеңінің бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол халықаралық лаңкестікке байланысты. Халықаралық лаңкестік, әсіресе, қайсыбір мемлекеттердің қолдауымен жүзеге асырылуда. Яғни мемлекеттер мен мемлекеттер арасындағы соғыс халықаралық лаңкестікке қарсы соғыс түрінде жүргізіледе. Барлық лаңкестік түрлерінің ішінде мемлекеттік лаңкестік бірінші орын алады. Сондықтан да мемлекеттік лаңкестік өте қауіпті. Түрлі экстремистік топтар қайсы бір мемлекеттің қолдауын тауып отыр. Ондай топтар бомбылау, басқа да операцияларды жүзеге асыра алады.
Халықаралық лаңкестікпен күрес ісінің де өзіндік ерекшеліктері айтарлықтай. С. Алексеев айтқандай, халықаралық лаңкестікпен күрес формуласы бәрі де «болады» дегенге келіп тірелуде: егеменді мемлекетке қарсы превентивті соғыс жүргізуге «болады». Өзге мемлекеттің азаматын түтқындау және оларды алыс жаққа алып кетуге «болады». Әлеуметтік құрылымды өзгерту жөнінде үзілді-кесілді талап қоюға «болады».
Екіншіден, лаңкестікпен күрестің жаңа кезеңінде АҚШ - әлемнің әртүрлі аймақтарындағы «тентек», «лаңкес» елдердің тізімін жасап, өз мүддесін жүзеге асыру үшін, әскери соққы беруде. Осының бір дәлелі АҚШ-президентінің соңғы кездегі лаңкесшіл мемлекеттер ретінде 11-елді атауы болып табылады. Сөйтіп, ол бұрынғы аталған үш елге (Ирак, Иран, Солтүстік Корея) қоса басқа да мемлекеттерді атай бастады. Одан кейін, тіпті болмай бара жатқан жағдайда, атом қаруын пайдалануымыз мүмкін деп мәлімдеді. Керек болса, атомдық соққы беретін елдер қатарында Қытай мен Ресей де болуы мүмкін деп соқты. Жанжалдың ушығып бара жатқанын сезген Буш алғашқы мәлімдемесін біраз жұмсартып, атом қаруын жай қару ала алмайтын бекіністерге, үңгірлерге, терең жер астындағы шұңқырларға тығылған лаңкесішілдерге қарсы қолданылуы мүмкін деді. Осының бәрі, бір жағынан авантюралық қорқыту, қоқан - лоқы еді. Бұны өздерінше Американың ерекше миссиясы деп көрсетуге тырысады. Ал шындығында, ағылшын газеті «Гардианның» (cuardian) жазғанындай, бұл әрекеттер қаншама «бүркемеленіп», «лаңкестікке қарсы соғыс» деп аталғанымен, отарлау немесе империалистік саясаттан басқа ештеңе емес. Вашингтон біраз аймақтарда өз әскери күштерін көптеп орналастырып алды. Сөйтіп, өз әскери базаларын Қырғызстан, Тәжікістан, Өзбекстанда құрап алды. Ондағы мақсаты - бұл аймақта ұзақ мерзімге қалып қою. Мұндай саясат Қытайдың, Ресейдің наразылығын тудыруда. Бірақ бұған Америка құлақ асатын емес. Қайта, оның үстіне, лаңкестікке қарсы соғыс желеуімен, АҚШ- өз қарулы күштерін Кавказ аймағында да пайдаланбақшы. Оған Грузия президенті Шевернадзе келісім беріп те үлгерді. Бұл жерде АҚШ-тың түпкі мақсаты Ауғанстан мен Кавказға дейінгі географиялық аймақты бақылауға алып, мұнай мен газға байланысты экономикалық мүдделерін қорғау болып табылады. Осыдан кейін халықаралық жағдайдың ушыға түсетіні, түрлі қақтығыстарыдың орын алатыны баршаға аян.
Соңғы уақытта БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі де әлемдік проблемалардан тыс қалып, есесіне, бұл ұйымның бұрын атқарған функцияларын НАТО біржолата уысына жиып алғаны аңғарылады. «Өгей елдер» мәселесі қауіпсіздік кеңесінде қарала қалған күннің өзінде. Соғысу жөнінде әйтеуір сылтау табылып, өктемдік АҚШ-тың қолына шоғырлануда.
Үшіншіден лаңкестікке қарсы күрестің жаңа кезеңі әлемдік саясатқа ықпалын мүлде өзгертіп жіберді. АҚШ-тың қазіргі саясаты патриотизм ұғымын өз шегінен шығарды. Соқыр сезімге негізделген ашынып қорғану Американдық патриотизм толқынында жүзеге асырылуда. Ол, өз халқының қауіпсіздігін қорғау емес, әлемді иелену. Халықаралық өшпенділік, жеңуге деген құштарлық немесе кек алушының халықтың ожданын улап, патриотизм ұғымын бұрмалап жіберді. Ол ол ма, демократиялық құқықтарды шектеуге қарсы бірде-бір сөз айтылмауда. «Антилаңкестік операция» негізіндегі мемлекеттік «әділ жаза» беру саясатының өзі жауыздық пен зұлымдылыққа айналып отыр. Бұл өркениетті құқыққа сай келмейді.
Төртіншіден, АҚШ-тың дүние жүзіне үстемдік жолындағы қантөгіске апаратын саясатына оған әріптес мемлекеттердің біразының саясаты біркелкі емес, екіұшты. Американың қантөгіске апаратын саясатына қарсылық күшейтіп, миллиондаған демонстранттар алпыстан астам мемлекеттерде өз наразылықтарын білдіргеніне қарамастан, АҚШ - оларды көзге ілмегені белгілі. Мәселені бейбіт жолмен шешу керек дейтін мемлекеттердің өзі АҚШ-тың ықпалынан шыға алмай қалғаны да жасырын емес. Мысалы, Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрі Тоқаевтің сөзіне сенсек, егер Иракта қырып жоятын қару табылған жағдайда, бұл елге қарсы әскери акция жасау дұрыс болып шығады екен. Оны өз сөзімен берсек: «Если в Ираке будет обнаружена оружие массового паражения, то военная акция против этом страны будет оправданна». Бейбіт халық қырылатын болса, біздіңше, оған ешқандай ақтау болуы тиіс емес. Тоқаевтың пікірімен салыстырғанда, басқа кейбір мемлекеттердің тарапынан болған ұсыныстар, біздіңше, әлдеқайда әділеттірек.
Иракқа қарсы АҚШ-тың әскери соққы беруіне өзгеде, араб елдерінің көзқарастары мынадай: біріншіден, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі қырып-жоятын қару табылса, ресми түрде мәлімдеме жасайды және Ирак оны инспекторлардың бақылауына өз еркімен береді. Онда әскери соққы берілмеуі тиіс.
Екіншіден, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі жаппай - қырып жоятын қару өндірісіне бағытталған бақылауды инспекторлардың қалыпты жұмыс жағдайында жалғастыруы туралы шешім қабылдайды. Сондай-ақ жаппай қырып жоятын құралдар өндіріледі деген күдіктегі барлық объектілерді бақылауға алу жалғасады. Мұндай жағдайда, әскери дау-жанжал тоқтатылуға тиісті. Осы пікірлерді салыстырып қарайтын болсақ, лаңкестікке қарсы күрес саясатында біраз айырмашылықтардың барын байқау қиын емес.
Үшіншіден, АҚШ саясатына лаңкестікке қарсы күрес желеуімен басқа елдерді өз айтқанына көндіруге бағытталған. Олай болса, өзін сыйлайтын әрбір егеменді мемлекет ондай үстем пікірден құтылудың ажалын қарастыруы тиіс. Ол жол - мықты деген мемлекеттермен тең дәрежелі өмір сүруге қол жеткізу. Мықты мемлекеттер айтты екен деп, оның айтқанын қайталай салмай, теріс болса, теріс деп айта алу терезесі тең мемлекетке лайықты. Қазақстанның көп векторлы саясатын осыған бағыттамай болмайды.
Буш әкімшілігі АҚШ - сенаты мен конгресінен Иракқа қарсы соғыс операцияларын жүргізуге келісімін алған кезде, өз операцияларын БҰҰ - Қауіпсіздік Кеңесінің қарары аясында жүргіземіз деп сендірді. Бірақ Иракқа қарсы АҚШ - әкімшілігінің жүргізген операциялары аса қиынға түсті. Әлемге әмірін жүргізгісі келетін АҚШ - әкімшілігінің халықаралық қауымдастықпен арақатынасы алшақтай түсті.
Төртіншіден, антилаңкестік операция халықаралық қауіпсіздік проблемаларын толық шешіп бермегенімен, АҚШ-тың Орталық Азияда, Таяу Шығыста орнығуына мүмкіндік туғызды. Ал оның салдары, біздіңше, одан да күшті. Е. Кариннің сөзімен айтсақ, бір жағында АҚШ-тың, екінші жағында Қытай мен Ресейдің арасындағы байқала бастаған геосаяси тепе-теңдік бұзылып, Вашингтон аймаққа егестің жаңа деңгейін ашып келуі мүмкін.
Бәрі де тыныш, бәрі де бейбіт сияқты. Бірақ Каспий аймағы Москва мен Вашингтонның қатты бәсекелес арнасы болып тұр. Бұл екеуінің арасында Грузиядағы лаңкестікке байланысты мәселе тұр. Грузия бір жағынан Каспий аймағындағы мұнай-газ байлығының қақпасы болып табылады. Ал Ресей болса, осы байлықтардың Грузия арқылы Батысқа қарай айдалуына қарсы. Оны Ресей аумағы арқылы жібергісі келеді. Бұл үлкен бәсекелестік.
Москва мен Вашингтон арасындағы бәсекелестік Орталық Азиялық бес мемлекетке байланысты. Себебі, бұл мемлекеттер өз аумағын ядролық қарусыз өңір деп мәлімдегені белгілі. Ал бұл дегеніміз - Ресей мемлекетінің ядролық қаруды одан әрі таратуға үлкен кедергі. Москва айқай-шусыз осы Орта Азия мемлекеттері аймағында тактикалық ядролық қаруды орналастырып алғысы келеді. «Орыстар дейді, - «Вашингтон пост» (Waschington Post) газеті, - жоғарыдағы аталған ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа наразы, өйткені ол Ресейдің еркін қимыл жасауына кедергі келтіреді».
Сонымен, лаңкестік қауіп-қатер де Азияның төрінен көрініс берді. Үндістанның ядролық қаруға ие болуы елімізге қауіп төндіреді деген желеумен Пәкстан ядролық қаруға ие болды. Орталық Азия аймағына таяу жатқан Ауғанстантандағы жағдайдың ушығуы, Таяу Шығыс елдеріндегі түрлі қақтығыстар Азияны оқ-дәрі қоймасына айналдырып, орта Азия республикаларына, оның ішінде Қазақстанға да, қауіп төндіріп отыр. ТМД - кеңістігіндегі мемлекеттер арасында да өзара шешілмеген мәселелер аз емес. Өзбекстан мен Қырғызстанның, Өзбекстан мен Түркіменістанның, Өзбекстан мен Қазақстанның арасындағы толып жатқан шешімін таппаған мәселелер бар. Ол мәселелер ушыққан жағдайда, саяси күштердің арандатуымен эксиремистік топтардың жандануы мүмкін.
130-дан астам этнос өкілдері тұратын Қазақстанда аталған салада біраз жетістіктер болғанымен, әзірге тоқмейілсуге болмайтынын зерттеулер көрсетіп отыр. Иракқа қарсы соғыстан кейін Ауғанстан мәселесі артта қалды. Бірақ Ауғанстандағы жағдай осыдан кейін ауырмауы мүмкін. Орта Азия республикаларына теріс ықпалы да болмай қоймайды. Иракқа қарсы соғыстың өзі Орталық Азия аймағына қарай экстремистік топтар әрекетінің белсенділігін арттырады.
Әлемдік қауымдастықтың көз алдында лаңкестік соғыстың стратегиясы мен тактикасын жаңаша жолға қойған «белгісіз бір ұйым» жер жүзін дүрліктіріп жіберді. Қазіргі лаңкестік соғыстың ерекшеліктері негізінен мынаған саяды: ғаламдық дәрежедегі белсенділік; жергілікті экстрелистік топтардың ынтасын қолдау мақсатында әртүрлі мемлекеттердегі дау - жанжалдарды кеңінен пайдалану; үлкен қаржылық қорларының болуы; магиттерді (өз басын өлімге тігушілерді) белсенді пайдалану; жоғары дәрежедегі құпиялық; жақсы барлау және контразведка; жетілген RP - менеджмент. Осы айтылғандардың бәрі лаңкестік соғыстың кең тарауына толық негіз бар деген сөз. Олай болса, Қазақстан аумағындағы экстремистік ұйымдарды жақтаушылардың жандануы да мүмкін. Оның үстіне, Каспий маңындағы жағдай да республика үшін қауіпті. Ол аймақтағы кез-келген диверсиялық актінің айтарлықтай салдары болуы мүмкін. Атап айтқанда: мемлекетаралық қақтығыстар: бюджеті мұнай экспортына байланысты мемелекеттердің экономикалық қауіпсіздігіне соққы; инвестицияның құлдырауы; лаңкестік жарылыстардың нәтижесінде экологиялық жағдайдың нашарлауы және т. б. Мұндай фактілер халықаралық жағдайда талай рет кездескені мәлім.
Діни экстремизм мен тұрақсыздықтың негізгі ошағы Орта Азияда Ауғанстан мен Тәжікстан еді. Ол кейінгі кезде Өзбекстан мен Қырғызстанды да қамтып отыр. Діннің радикалды тармақтарының билікке ұмтылмайтыны жасырын емес. Ондайлар өз мақсатына жету үшін дінді әсірелейді, оған халықтың бәрін бас июге көндіру арқылы қол жеткізгісі келеді. «Шын мәнінде билік құруға тиісті - дін» дейтін ұран көтереді. Енді бұған қарама-қарсы жау көнгісі келмейді. Өркениетті адами жолды ұстануға шақырады. Осыдан келіп бұл екеуінің арасында текетірес басталады. Оның аяғы - лаңкестік. Ал оған қарсы соғыс ешқандай ережеге сүйенбейді, гуманизм талаптарын мойындамайды. Көрші мемлекетке ағылған босқындар арасында Өзбекстан Ислам қозғалысының, Әл-Каеданың немесе басқа лаңкестік ұйым мүшелерінің жүрмегеніне ешкім кепілдік бере алмайды. Босқындарға шекарасын ашқан мемлекеттердің ендігі күші бейбіт халықты «ислам жауынгерлерінен» айырып ашуға жұмсалмақ. «Жаңа діндарлардың» дені - шет ел идеологиясына уланып қалған жастар мен біздерге қарағанда діндарлау көрінгісі келетін шет жер топырағын басып келетіндер жөнінде Құдияр Біләл былай дейді: «Бұларды аздау болған елемеуге де болар еді, бірақ бұл топ жастарының сауатты екендігін, ал ересектерінің соңына қарақұрымды ерте алатындай беделі бар екенін қатерден шығармау керек. Оның үстіне, бұлар таза ваххабистік көзқарастағы адамдар». Құдияр Біләлдің бұл пікірлерінің негізінде шындық жатыр. Әлі күнге дейін босқындар мәртебесіне байланысты арнайы заңның жоқ екендігі Қазақстанды паналаған босқындармен жұмыс істеуді қиындатады. Соңғы 3-4 жылда олардың саны ел ішінде күрт өскені байқалады. 1997-жылы республика аумағында 4-мың босқын тіркелсе (Қызыл Крест ұйымының мәліметі), 2000-жылдың соңында олардың саны 20, 5-мыңға жеткен (БҰҰ-босқындар мәселесі жөнінде басқармасының мәліметі) . Олардың тек 915-і ғана босқын мәртебесін алған. Осыған байланысты ұсыныстарға келетін болсақ, оның біразы кеден ісіне, біразы ар-ождан бостандығы туралы заңға байланысты. Мысалы, «Қандай шығармаларды Қазақстан Республикасына сырттан әкелуге және одан сыртқа шығаруға тыйым салынады?» деген сұраққа «Қазақстан Республикасының кеден ісі: сұрақтар мен жауаптары» атты еңбекте мынадай жауап беріліпті: «Республиканың аумақтық тұтастығын бұзуға саяси тәуелсіздігіне, мемлекеттік егемендігіне қатер төндіруге бағытталған, сондай-ақ соғысты, терроризмді, күш көрсетуді, нәсілшілдікті (сионизм, антисемитизм, фашизм), ұлттық ерекше артықшылықты және діни өшпенділікті насихаттайтын әдебиеттерді, порнографиялық және тұрпайы эротикалық материалдарды Қазақстан Республикасына сырттан әкелуге тыйым салынады».
«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» ҚР-ның заңында радикалды күштердің дін атын жамылып, елге еніп, еркінсіп кетуіне жол беретін орынсыз бағыттар бар. Оны, біздіңше, жөндеу қажет. Үзінді келтірейік, 13-баптың діни әдебиет және діни мақсаттағы заттарға қатысты 2-тармағында былай делінген: «Діни бірлестіктердің діни мақсаттағы заттарды, құдайға құлшылық ету әдебиеттерін және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды басып шығаруға, шет елден әкелуге және таратуға құқығы бар».
Тағы бір көңіл аударуға тұрарлық мәселе, 13-баптың 3-тармағында айтылғандай: «Діни бірлестіктер құдайға құлшылық ету әдебиетін шығару және діни мақсаттағы заттар өндіру жөніндегі кәсіпорындар құруда айрықша құқықты пайдаланады» делінген. Қазіргі әлемдік саяси ахуалдың шиеленісіп кеткендігін ескерсек, оның үстіне, республикамыздың аумағына босқындардың лап қою қаупі әлі тоқталмай тұрған кезде, діни экстремистік ұйымдардың бос қарап жатпасы анық. Олардың өз уағыздарын кеңірек таратып қалуға бар күштерін салып болатындары белгілі. Жалпы адамзаттың мәдени-рухани игіліктерді бет перде етіп ұстаған радикалды пиғылдағы ағымдар еш нәрседен тайынбайды. Сондықтан тыныштығымызды бұзып алмайық десек, жоғарыда айтылғандай жат пиғылдағы діни әдебеттер мен уағыздардың еліміздің шекарасынан бері өтіп кетпеуіне баса назар аударуымыз керек. Кеден қызметкерлерінің кедендік іс-әрекеті барысындағы құқықтық, экономикалық талаптарға сай қирағымызымен қоса, рухани жауапкершілігін арттыруға барынша көңіл бөлінуі қажет. Дінтанушы деп саналатындардың да өзара жігін ажырата білу керек. Әйтпесе, бүгінгі «дінтанушының» беймәлім бір сектаның «сыйымен соғушысы» болып шыға келуі ғажап емес [5] .
Әдетте экстремистік ұйымдар жайында сөз болғанда, олар орын алған күштер арасалмағын ахуалды тұрақсыздандыру көздейтін арқылы іс-шаралар арқылы өзгертуге мүдделі белгілі бір сыртқы және ішкі саяси күштердің қолындағы құрал ретінде қаралады.
Өзбекстан ислам қозғалысының (ӨИҚ) саяси ұйытқысы Сауд Арабиясынан, Ауғанстаннан және Пәкістаннан келген уәкілдер 1987-жылы Наманғандағы «Күмбез» мешітінде құрған «Исламды өркендету» партиясы болғаны мәлім. Жалпы аталған елдерді экстромистік ұйымдар және олардың таласында тұрған тұрған күштер Өзбекстанда экстремистік - лаңкестік ұйымдар құру, оларға қолдау жасау ісінде елеулі белсенділік көрсетті. Бұған дәлел ретінде мынадай дәйектер бар.
Біріншіден, Ташкенттегі мағлұмат көздерінің пайымдауынша, Наманғани мен Юлдаш топтарына белгілі халықаралық лаңкес Усама бен Ладен көмектесіп отыр. Бұл хабарды ӨИҚ өкілі растайды. Оның айтуынша, Усама бен Ладен ұрыскерлер жетекшілеріне Өзбекстан жерінде лаңкестік іс-шара жүргізуге арнап бірнеше жүз мың доллар бөлген.
Екіншіден, Наманғали мен Юлдаш «Талибан» жерінде қуғындаудан бай тасалап қана қоймай, солардың арада жүруімен насихаттау және пәрменді алға жылжу мүмкіндігіне ие болған.
Ресми Ташкенттің пікірінше, Өзбекстанды әлсірету және елдегі жағдайды тұрақсыздандыра түсуге ынталы тағы бір күштер болып отыр. Мұның дәлелі ретінде мынадай дәйектерге жүгінуге болады.
Біріншіден, Өзбекстан Сыртқы Істер Министрі Абдуләзиз Камилов ресми ұстанымды жария ете келіп, Тәжікстан ұрыскерлерімен сыбайлас деген кінә тақты - «Тәжікстанның билік құрылымдарына енген бұрынғы біріккен тәжік наразы топтарының бірқатар қайраткерлері Ауғанстандағы экстремистік топтармен тұрақты түрде байланыс жасап отыр деуге толық негіз бар».
Екіншіден, Наманғани жасақтары белгілі бір уақыт бойында көптеген мүшені қазіргі Тәжікстан басшылығы қатарына енген тәжік наразы топтары жағында әскери қимылдарға қатысқан кезінде олардың ұрыскер топтарының арғы бетке өтуіне көмек көрсеткен олар енді келіп қарымта көмек алса несі бар.
Үшіншіден, бұған дейін айтып өткеніміздей, Өзбекстан мен Тәжікстан арасында көптен бері белгілі бір қырғи қабақтық, принципті мәселелер бойынша келіспеушілік орын алып келеді. Бұл жағынан келгенде, ресми Душанбе Өзбекстанды әлсіретудің реті келіп қалған мүмкіндігін пайдаланатынын жоққа шығаруға болмас.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, күштердің екінші тобы исламшылардың Өзбекстанға басып кіруін ынталандыру және көмек беру қимылдары арқылы мынадай мақсат көздеп отыр деп тұжырымдауға болады:
- Орталық Азия аймағында орын алған геостратегиялық күштер ара-салмағы өзгерту;
- Аймақтық стратегиялық ресурстарына көруді көздеп, Орталық Азия Республикаларына өз билігін орнату, басқа ірі бәсекелестерін (мысалы Ресейді) ығыстырып шығару;
- Орталық Азия Республикаларын және соның ішінде Өзбекстанды әлсірету.
Өзбекстанды тиетін салдар: сірә, өзбек биік орындары қалай болғанда да ұрыскерлердің жалпы кесуге қол жеткізе алар. Бірақ өткен оқиғалардың ел үшін ықтимал салдары сан алуан болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz